Похожие презентации:
Рефераттардың тақырыбы (көлемі 5-6 парақ)
1. Рефераттардың тақырыбы (көлемі 5-6 парақ)
1. Жердің пайда болуы туралы гипотезалар- Галактика
- Күн жүйесі
- Жер және басқа планеталар
- Ай. Дереккөздер (пайдаланылған әдебиеттер, интернет ресурстар)
2. Халықаралық хроностратиграфиялық (2020 ж.)
- Эондар (эратемалар) және эралар (эратемалар), олардың ұзақтығы.
- Дәуірлер (жүйелер) және ярустар (жікқабаттар), олардың ұзақтығы.
- Тараулардың түсі (бояуы).
3. Жерсілкіну
- Жерсілкінудің пайда болу себептері мен жіктелімі
- Жерсілкінуді тіркеу және зерттеу әдістері
- Жерсілкінуді болжау мүмкіндігі
- Цунами. Дереккөздер (пайдаланылған әдебиеттер, интернет ресурстар)
4. Қоршаған ортаны қорғау
- Геологиялық орта
- Техногенез (антропогенез)
- Ноосфера
- Техногенез салдарынан геосфералардың өзгеруі
- Геологиялық ортаны ұтымды пайдалану жолдары.
- Дереккөздер (пайдаланылған әдебиеттер, интернет ресурстар)
2.
3. 1. Жер қыртысының құрылысы мен типтері
I тип - континенттікII тип – мұхиттық
III тип - аралық
4.
5. Жер қыртысының әркелілігі
Жер қыртысының геологиялық құрылысы бойыншаәр түрлі типімен айрықшаланатын бөлікшелері
құрылымдық элементтер немесе құрылымдар деп
аталады.
I реттік (планеталық) құрылымдар:
• континенттер;
• мұхиттар
II реттік құрылымдар:
континенттерде: платформалар; таулықатпарлы алқаптар (геосинклиндер);
мұхиттарда: платформалар; мұхит орталық
жоталар.
II реттік құрылымдар одан да ұсақ (жоғары реттік)
құрылымдарға бөлінеді: III реттік (жаһандық), IV
реттік (аймақтық) және V реттік (жергілікті)
6. Жер қыртысының заттық құрамы
Жер қыртысы таужыныстардан тұрады. Таужыныс –минералдардың табиғи ассоциациясы. Ал
минералдар – химиялық элементтер немесе олардың
табиғи қосылыстары.
Жер қыртысының заты ұйымдасу дәрежесінің күрделілік
реті бойынша мынадай қатар жасайды:
химиялық элемент – минерал – таужыныс - формация
(таужыныстар комплексі).
Геохимияның деректері бойынша жер қыртысында 93
химиялық элемент анықталған (ғарышта – 97).
Жер қыртысының 16 км тереңдікке дейінгі химиялық
құрамын зерттеумен америкалық геохимик Кларк Франк
Уиглсуорт (1847–1931) айналасқан. Соның құрметіне
А.Е.Ферсман 1927 ж. жер қыртысындағы химиялық
элементтердің мөлшерін кларк деп атауды ұсынған.
7.
8. Жер қыртысының химиялық құрамы
А.П.Виноградов бойынша жер қыртысында негізіненмынадай химиялық элементтер таралған, %; О–47,2; Si–
27,6; Al–8,3; Fe–5,1; Са–3,6; Na–2,64; К–2,6; Mg–2,1; Ti–
0,6; Н–0,15; С–0,1. Сонымен осы 11 элементтің
үлесіне жер қыртысы массасының 99,99%-і тиеді, ал
қалған 82 элемент – тек қана 0,01%.
Әр түрлі химиялық элементтердің кларк мөлшерін
сараптау олардың жер қыртысында таралуында белгілі
бір заңдылық бар екенің көрсетті. Жер қыртысың
химиялық құрамы геологиялық уақыт ағымында өзгереді.
Оның негізгі себептері:
• радиобелсенді ыдырау процестері;
• метеорлық заттың ғарыштық тозаң түрінде түсуі;
• жер затының дифференциациялану процесі –
химиялық элементтердің бір геосферадан екіншісіне
жылыстауы.
9.
10.
Элементтердiң бiрқатар геохимиялық жiктелімдерi бар.Олардың ең қарапайымы әрi жалпы сипатқа иесi –
Г.Вашингтон ұсынған жiктелім. Ол барлық
элементтердi көлбеу сынық сызықпен бөлiп, кесте
жасаған.
Кестенiң жоғарғы бөлiгiне орналасқандары петрогендiк
элементтер (Si, O, Ca, K, Na, Mg, Al) деп аталған. Олар
жер қыртысының негiзгi массасын – таужыныс
массивтерi мен бейметалл кенорындар құрайды.
Ал кестенiң төменгi жағына түсетiн элементтердi
металлогендiк деп атау ұсынылған. Бұл элементтер
жер қыртысында мейлiнше шектеулi мөлшерде
кездесiп, негiзiнен руда кенорындарын құрайды (Cu,
Pb, Zn, Mo, т.б.).
Осы екi топтың шекарасына орналасқан элементтер
бөлiгi (Fe, Mn, т.б) табиғатта қосарланған рөл
атқарады: бiр жағынан, олар таужыныстардың
құрамына кiретiн минералдар жасауға қатысады;
екiншiден – металлогендiк элементтер ретiнде
ауыр металдардың кәдiмгi қосылыстарын бередi.
11. Жер қыртысының минералдық құрамы
Минералдар (латынша”минера” – кен кесегі) – табиғихимиялық қосылыстар, кейде сомтума элементтер.
Олар жер қыртысында немесе оның бетiнде өтетiн
әртүрлi физикалық-химиялық процестердiң табиғи
өнiмдерi болып табылады. Минералдардың
құрамын, құрылысын, қасиеттерiн, жаралу
жағдайлары мен практикалық қолдануын зерттеу –
минералогияның тақырыбы.
Минералогия, бiр жағынан, өзімен межелес
ғылымдардың (физика, химия, т.б.) жетiстiктерiмен
тығыз байланысты, ал екiншiден – практиканың
талаптарына (iздеу-барлау iсi, өнеркәсiп, т.б.)
байланысты. Минералогия экономикалық мәнге ие.
Жер қыртысында қазіргі кезде 4000 минерал түрі
анықталған (акад. А.Г. Бетехтин).
12.
Минералдардың жер қыртысында жаралуы эндогендiк жәнеэкзогендiк геологиялық процестер нәтижесiнде мынадай
жолдармен жаралады:
табиғи силикат балқыманың (магманың)
кристалдануы жолымен;
минералдық заттардың шынайы немесе коллоид
ерiтiндiлерден түзiлуі арқылы, бұл ерiтiндiлер ыстық
(гидротермалық ерiтiндiлер – олардан көптеген руда
минералдары жаралады) немесе салқын (мысалы,
тұзды көлдердiң ерiтiндiлерi) болуы мүмкiн;
диффузиялық процестер нәтижесiнде қатты заттардың
әртүрлi түрлену жолымен;
минералдардың газ тәрiздi күйден тiкелей кристалдану
жолымен, мысалы, жанартау кратерлерiнiң қабырғасында
күкiрттiң жанартаулық газдардан кристалдануы.
Көптеген минерал түрлерінiң арасында 70-ке жуығы ғана кең
таралған. Олар негізінен таужыныстар құрамына
кiретiндiктен таужынысжасаушылар деп аталады.
Пайдалы қазбалар құрамына кiретiн минералдарды
кенжасаушылар деп атайды.
13.
Минералдар табиғатта әдетте қатты күйде, яғникристалдар түрiнде кездеседi.
Кристаллография – кристалдардың жаралу
процестерiн, пiшiні мен физикалық-механикалық
қасиеттерiн зерттейтiн ғылым. Кристаллография
өнеркәсiппен тығыз байланысты.
Кристалл – табиғи немесе лабораториялық
жағдайларда көпжақтар түрiнде жаралатын қатты
зат. Кристалдың геометриялық элементтерi: жақ;
қыр; төбе. Кристалдардың геометриялық дұрыс
пiшiндерi олардың заңдылық бойынша орналасқан
iшкi құрылысына байланысты. Кристалдардың iшкi
құрылысы – кеңiстiктегi тор, ол түйiндерден
(төбелерге сәйкес келеді), қатарлардан (қырлар)
және жазық тордан (жақтар) тұрады.
Кристалл мысалдары: кварц, алмас, тұз, анартас, т.б.
Кристалдар табиғатта кең таралған.
14.
15.
Кристалдардың ең басты қасиеттерi мыналар:• бiркелкiлiк (изотроптылық). Бiркелкi деп
барлық көлемiнде бiрдей қасиеттерге ие
дененi айтады;
• анизотроптылық (әркелкiлiк). Анизотроп
деп параллель бағыттарда бiрдей
болғанымен, бейпараллель бағыттарда
жалпы алғанда әркелкi қасиеттерге ие
болатын бiркелкi дененi айтады;
• өз бетiнше қырлану қабілеті, яғни
қолайлы жағдайда еркiн өсу нәтижесiнде
бастапқы көпжақ пiшiнiне қайта келу;
• кристалдар симметриясы;
• кристалдардың көпжақты пiшiнi.
16.
Қарапайым пiшiн деп өзара симметрия элементтерi арқылыбайланысқан кристалдарды құрайтын жақ, қыр мен төбелер
жиынтығын айтады. Бiр қарапайым пiшiннiң жақтары
өздерiнiң физикалық және химиялық қасиеттерi бойынша
бiрдей болу керек, яғни кристалдар берiлген бір жақтан
симметрия элементтерi арқылы шығарылады.
Монокристалдар:
а – тастұз;
ә – кварц;
б – магнетит;
в – анартас
Кристаллографияда қарапайым пiшiндердiң небәрi 47 типi
болады: төменгі сингонияда – 7 тип, орташада – 25,
жоғарыда – 15.
Комбинация деп екi немесе одан да көп қарапайым түрлердiң
жиынтығын айтады. Комбинациялардың саны шексiз.
17. Минералдардың жiктелімi
Минералдардың химиялық құрамы формуламен бейнеленеді:эмпирикалық формула, мысалы СаСО3 және құрылымдық
(конституциялық) формула түрiнде – Са[СО3].
Қазіргі кезде минералдар кристаллохимиялық принцип, яғни
кристалдық құрылымы мен химиялық құрамы
ерекшеліктерінің негізінде кластарға жіктеледі.
Барлық минерал түрлерi бiр-бiрiнен өздерiнiң физикалық
(диагностикалық) қасиеттерi: түсi, түссызығы (дағы),
жылтырлығы, мөлдiрлiгi, қаттылығы, жiктiлiгi, омырылымы,
меншiктi салмағы (тығыздығы), магниттiлiгi, ерiгiштiгi,
қышқылмен реакциясы, дәмi, радиобелсендiлiгi,
созылғыштығы, морттығы, т.б. бойынша ажыратылады.
Минералдарды жүйелеген кезде әдетте белгілі бір химиялық
құрамымен және белгілі бір кристалдық құрылымымен
сипатталатын минералдық түр – негізгі жіктемелік бірлік
ретінде алынады. Сонымен қатар әр минералдың бірнеше
түрлесі болуы мүмкін. Мәселен, кварцта 10 шақты.
Минералдар кластары: сомтума элементтер, сульфидтер,
сульфаттар, галоидтар, оксидтер мен гидроксидтер,
силикаттар және басқалар.
18. Жер қыртысының петрографиялық құрамы
Минералдар таужыныстарды, яғни жер қыртысы депаталатын материялық ортаны құрайды.
Таужыныстарды жан-жақты зерттеумен өзiндiк геологиялық
ғылым – петрография (грекше “петрос” – тас, таужыныс;
“графо” – жазамын) айналысады.
Таужыныстар жер қыртысында дербес геологиялық
денелер жасайды.
Өздерін туындататын геологиялық процестерге байланысты
таужыныстар үш генетикалық типке бөлінеді:
1) магмалық – магмадан жаралады;
2) шөгінді – бұрын болған таужыныстардың қирау
өнімдерінен жаралады;
3) метаморфтық – кез-келген таужыныстың қайта
кристалдануының нәтижесінде.
Таужыныстар құрылымдық-бітімдік ерекшеліктерімен және
жер қыртысындағы жатыс жағдайларымен сипатталады.
19.
Таужыныстардың заттық құрамы. Көптегентаужыныстың басты құрамдас бөлiгi – минералдар.
Сонымен қатар әртүрлi генетикалық типтi таужыныстардың
заттық құрамына түрлi мөлшерде мыналар кiредi: 1)
минералдар түйiрi; 2) жанартау шынысы; 3) бұрынғы
минералдар мен таужыныстардың сынығы; 4)
органикалық қалдықтар; 5) ғарыш тозаңы.
Таужыныстарды құрайтын минералдар (таужынысжасаушы
минералдар) олардың құрамындағы өздерiнiң рөлi
бойынша басты және қосымша түрлерге бөлiнедi.
Таужыныстар өздерiн құрайтын минералдардың саны
бойынша мономинералды – бiр минералдан ғана тұратын
(кварцит, мәрмәр, лабрадорит, доломитит, т.б.), және
полиминералды – бiрнеше минералдан тұратын (гранит,
гнейс, габбро, т.б.) түрлерге бөлiнедi. Жер қыртысында
полиминералды таужыныстар кең таралған.
Таужыныстардың құрылысы – комплекстi түсiнiк. Ол
минералдық қаңқаның, кеуектiк кеңiстiктi және
таужыныстардың құрамдас бөлiктерi арасындағы
құрылымдық байланыстың сипатын бiрiктiредi. Минералдық
қаңқаның құрылысын оның құрылымы мен бiтiмi
сипаттайды.
20.
21.
22.
23.
24.
25.
26.
27.
Таужыныстардың жатыс пiшiндерi.Таужыныстардың әдетте табиғи жатыс
жағдайларында (далада) зерттелетiн маңызды
сипаттамасы – олардың жатыс пiшiндерi.
Таужыныстың жатыс пiшiндерi деп оның жер
қыртысында жасайтын геологиялық денелерiнiң
пiшiнiн айтады. Таужыныс жатысының пiшiндерiн
бiлу маңызды теориялық және практикалық мәнге
ие. Таужыныстар мен олардың комплекстерi
құраған геологиялық денелер пайдалы қазба
кенорындары немесе оларды сыйыстырушы орта
болып табылады.
Әрбiр нақты бөлiкшедегi жатыс пiшiндерінің
жиынтығы таужыныс массивiнiң геологиялық
құрылысын, оның қасиеттерiнiң кеңiстiктегi
көрсеткiштерiн, гидрогеологиялық және
инженерлiк-геологиялық жағдайларын анықтайды.
28.
Жер қыртысында таужыныстар, минералдар сияқты,геологиялық формациялар деп аталатын бiрбiрiмен тығыз байланысты бiрлестiктер жасайды.
Н.С. Шатский формацияларды таужыныстардың
табиғи комплекстерi, бiрлестiктерi немесе
ассоциациялары деп анықтаған. Олардың
жекелеген бөлiктерi жасы бойынша да, кеңiстiктегi
қарым-қатынасы бойынша да тығыз парагенезистiк
байланыста.
Формациялар таужыныстардың жаралу тегiне
байланысты (магмалық, шөгiндi, метаморфтық),
олардың петрографиялық құрамына (галогендiк,
карбонат, терригендiк), жер қыртысының
әртүрлi құрылымдық элементтерiнде
(геосинклиндiк, платформалық) орналасуына
қарай, сондай-ақ басқа кейбiр белгiлерi бойынша
бөлiнуi мүмкiн.
Астрономия