Модуль 1. ТОПЫРАҚТАНУ НЕГІЗДЕРІ 4-тақырып ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫ (1 сағат)
Сұрақтар
Әдебиет
Қазақстанның жер ресурстары
Ол қасиеттер мен құбылымдар келесідей:
Топырақтың жоғарыда көрсетілген қасиеттері мен құбылымдары оның құнарлылығының қалыптасуына әсерін бағалай отырып, келесідей
Топырақ құнарлылығының түрлері.
Топырақ құнарлылығының түрлері.
Топырақ құнарлылығының түрлері.
Әр түрлі топырақ құрамындағы қоректік заттардың мөлшері
Солтүстік Қазақстан топырақтарының жыртылатын қабатындағы қарашірінді, азот және фосфор мөлшері
Қазақстан топырақтарының агрохимиялық қасиеттері
Қара топырақтардың агрохимиялық сипаттамасы
Қара қоңыр топырақтардың агрохимиялық сипаттамасы
Боз топырақтардың агрохимиялық сипаттамасы
Қоректік элементтердің шығарылуы
1.20M

Дәріс 4 - Топырақ құнарлылығы

1.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С. СЕЙФУЛЛИН атындағы
ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТОПЫРАҚТАНУ ЖӘНЕ АГРОХИМИЯ
Астана - 2023

2. Модуль 1. ТОПЫРАҚТАНУ НЕГІЗДЕРІ 4-тақырып ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫ (1 сағат)

МОДУЛЬ 1.
ТОПЫРАҚТАНУ НЕГІЗДЕРІ
4-ТАҚЫРЫП
ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫ
(1 САҒАТ)

3. Сұрақтар

СҰРАҚТАР
1. Қазақстанның жер ресурстары, оларды
қолдану.
2. Әр түрлі топырақ құрамындағы
қоректік заттардың жалпы және
өсімдікке сіңімді түрлерінің мөлшері.
3. Қазақстан топырақтарының
агрохимиялық сипаттамасы.
3

4. Әдебиет

ӘДЕБИЕТ
Топырақтану және геология негіздері: Оқулық. / Тайжанов Ш.,
Амралин А., Қошқаров Н., Кенжеғұлова С. – Астана: Фолиант,
2014. – 392 бет.
http://ecatalog.kazatu.kz/jirbis2/components/com_irbis/pdf_view/?524
781
Кенжеғұлова С.О. Топырақтану практикумы. – Астана: КазАТУ,
2016. – 106б.
Тазабеков Т. Жалпы топырақтану. - Алматы, 2018.- 180 б.
Топырақтану практикумы: Оқулық. / Ж.Е. Елемесов, С.Қ.
Қалдыбаев, Қ.М. Мұхаметкәрімов [ж.т.б.]. - Алматы: ҚазҰАУ,
2012. - 356б. http://library.kazatu.kz:2052/book/1014174
Апарин, Б.Ф. Топырақтану: Оқулық. - M.: Академия, 2015. - 256c.
http://library.kazatu.kz:2052/book/1169099,
http://rmebrk.kz/book/1169099
Вальков В.Ф., Казиев К..Ш., Колесников С.И. Почвоведение. -4 М.:
Юрант, 2012. - 527 с.

5. Қазақстанның жер ресурстары

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕР РЕСУРСТАРЫ
Жер қоры —мемлекеттің аумағындағы бүкіл жер құрамы. Қазақстан
Республикасы “Жер туралы” (2001) заңына сәйкес жер қоры нысаналы
мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді: 1) ауыл
шаруашылығы мақсатында пайдалануға жарамды жерлер; 2) елді
мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің)
жері; 3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл
шарушылығы мақсатына арналмаған жер; 4) ерекше қорғалатын
табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық
және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 5) орман қорының жері; 6) су
қорының жері; 7) босалқы жер.

6.

Қазақстанның “Жер туралы” заңы бойынша (1-бөлім, 1-бап) табиғи
жағдайларға байланысты республика аумағындағы жер қоры орманды
дала, дала, қуаң дала, шөлейт,шөл, тау етегіндегі шөлді дала,
субтропикалық шөлді дала, субтропикалық тау етегіндегі шөлді дала,
ортаазиялық таулы, оңтүстік-сібірлік таулы жер болып жіктеледі
Қазақстан аса зор жер қорына ие. Егістікке жарамды жердің
жалпы ауданы 30,2 млн. га болды. Жайылымдық және шабындық
жерлер 190 млн. га. Республикамыздағы жайылымдық жерлердің
негізгі бөлігі шөл және шөлейт зоналарында жатыр.
Қазақстан жер ресурстарына бай болғанымен, орманға бай емес.
Қазақстанның жалпы аумағында орман және бұталар алып жатқан
көлем небары 4,2%-ды құрайды. Оңтүстігінде көпшілік бөлігін сексеуіл
алып жатыр. Ал оңтүстік-шығысындағы орман таулы орманға жатады
(20%).

7.

Осы аймақтағы ормандарда
орман жемістері мен
жаңғақтары айтарлықтай
көлемде дайындалады. Еліміздің
батысы мен орталық бөлігінде
ауа-райы құрғақ болғандықтан,
орман жоқтың қасы. Сондықтан
орман қорының 80%-ға жуығы
солтүстік және солтүстік-шығыс
бөлігінде орналасқан, оның тең
жартысы Шығыс Қазақстан
облысындағықарағайлы және
майқарағайлы орманға жатады.
Мұнда негізінен орман
ағаштарын дайындау
жұмыстары жүргізіледі.

8.

Ауыл шаруашылығы
өндірісінде
пайдаланылатын жер
телімдері; табиғи
ерекшеліктері мен ауыл
шаруашылығына
пайдаланылуы бойынша
ерекшеленеді. Егістік,
жайылымдық және
шабындық деп бөледі.
Қазақстанда барлық
Ауыл шаруашылығы
жерлерінің көлемі,
шамамен, 215850,9 мың
га, оның ішінде егістік
жер 23230,4 мың га,
пішендік 4816,0 мың га,
жайылым 182358,1 мың
га болды.

9.

Жер ресурсы. Қзақстанның жер ресурсы
орасан зор,оның жалпы көлемі 270,1млн
га
млн га-ды құрайды.Мұндағы жер
көлемінің 82-ы ауыл шаруашылығына
жарамды жер.Оның
жайылым мен
шабындыққа жарамдысы-190млн га,ал
жыртылған жер көлемі -36млн га.Бірақ
еліміздің рыноктық эканомикаға көшіуінің
қиындықтарымен байланысты жыртылған
жердің көлемі біртіндеп азаюда.Қазақстан
дүниежүзі бойынша жыртылған жер
көлемі жөнінен алтыншы орында,ал
жайылым мен шабындықтан төртінші
орында
тұр.Республиканың
әрбір
тұрғынына 15га ауыл шаруашылығы
жерінен,соның
ішінде,2
Ресейде
бұл
көрсеткіш 0,87-га,Канадада 1,7 –га ,АҚШта 0,54-га,Жапонияда 0,03а,-ға тең.

10.

өзгеріп
отырады.
Климат
жағдайының
құрғақтығына байланысты егістікті суландыру
үшін өзен суының маңызы зор.Республикада су
ауыл
шаруашылығында
(80)
егістік
суаруға,өндірістік
және
коммуналдық
қажеттіліктерге
пайдаланылады.Елімізде ішкі су
ресурсы
3
115,3млрд м –ты құрайды.Оның 60,4млрд м 3 су
қоры республика аумағында, ал 54.9 млрд.м3 су
қоры көршілес аумақтардан келеді. Су қорының
жиналуы еліміздің географиялық жағдайымен
тығыз байланысты.Қазақстан аумағындағы ішкі су
қорының 62% –ы Оңтүстік Қазақстанға,30%-ы
Солт. Қазақстанға, ал қалғаны басқа аймақтарға
тиесілі.
Қазақстанда жалпы саны 85 мыңға жуық өзен, 48
мыңнан астам көл бар. Көптеген өзендер
сортаңдар
мен
құмдарға
сіңіп,
ізін
жоғалтады.Көлдердің жалпы ауданы-45мың км.2,
оның
94%-ның
ауданы
1км.2
–ден
аспайды.Балқаш,Зайсан, Алакөл, Теңіз, Сілеті
теңізі, Сасықкөл,Құсмұрын,Марқакөл, т.б. ірі
көлдерге жатады.
Елімізде 4 мыңнан астам тоған мен су қоймалары

11.

Еліміздегі өсімдіктердің 5700 дей түрі кездеседі,оның
14%тек Қазақстанға тән. Осы өсімдіктердің 279 түрі
Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
Республика аумағы орманға өте тапшы.Орман
алқабы бар болғаны- 13 млн. Га.Бұл барлық
аумақтың 4% ғана құрайды.Қазақстан орманының
басым бөлігі- Сексеуіл ағашы. Ол көбіне шөлді
аумақтарда өседі.Қылқан жапырақты ормандар
Тянь- Шань,Жонғар Алатауы,Алтай тауларында
кездеседі.
Жануарлар дүниесінде сүтқоректілердің 155 түрі,
құстардың 480 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 49
түрі, балықтардың 150 түрі бар.Биологиялық
ресурстардың ішіндегі негізгісі-балық ресурсы.
Каспий теңізінен қымбат бағаланатын қызыл
балықтың 90% ауланады.
Қазақстанның табиғат ресурстарымен қамтамасыз
етілуі өте жоғары және шаруашылықтың өзінің
ресурсы негізінде дамытуға мүмкіндік зор.
Табиғат ресурстарына жауапкершілікпен қарау,
еліміздің табиғат байлықтарын сақтау, яғни табиғи
ортаны
қорғау, оның ресурстарын ұтымды
пайдалану әрбір азаматтың міндеті.
Еліміз аумағындағы табиғат ресурстарының алуан

12.

Топырақтар
Жазықтық
Таулы өлке
Ормандық сұр
топырақ
Кәдімгі қара топырақ
76,0
440,8
Барлық топырақ
жамылғысынан үлесі,
%
0,2
9297,9
1199,8
4,5
11346,9
955,5
5,2
-
310,9
0,1
Оңтүстік қара
топырақ
Сілтісізденген қара
топырақ
Күлгінденген қара
топырақ
Күңгіт қара-қоңыр
-
424,9
0,2
21380,4
4602,3
11,0
Нағыз қара-қоңыр
18007,5
1,8
7,7
Ашық қара-қоңыр
29249,1
2343,6
13,5
Қоңыр топырақ
33539,2
457,3
14,6
Сұр -қоңыр топырақ
27230,6
654,8
11,9
Тақыр және тақыр
8085,4
118,4
3,5

13.

Топырақтар
Жазықтық
Таулы өлке
Боз топырақтар
-
7729,9
Барлық топырақ
жамылғысынан
үлесі, %
3,3
Сұр-күрең
топырақ
Күрең топырақ
-
1235,1
0,5
-
539,4
0,2
Таулық
топырақтар
Шалғындық қара
топырақ
Шалғындық
қара-қоңыр
топырақ
Шалғындық
қоңыр топырақ
Шалғындық боз
топырақтар
-
7623,6
3,2
1653,5
65,6
0,7
9272,8
278,6
4,1
1535,6
29,5
0,7
-
2641,1
1,1

14.

www.ZHARAR.com
Топырақтың өсімдіктерді қажетті мөлшерде минералды элементтермен, сумен, оның тамырларын ауамен, жылумен қамтамасыз
етіп, өсімдіктің өсіп, өнім беруіне мүмкіндік бере алатын қасиетін
оның құнарлылығы дейміз. Осы қасиетімен топырақ тау
жыныстарынан,табиғаттың басқа туындыларынан ерекшеленеді.
Топырақтың құнарлылығы оның негізгі және ерекше қасиеті
болып саналады. Жер бетіндегі адамзаттың, жануарлардың,
өсімдіктердің тіршілігі топырақтың осы қасиетімен тығыз
байланысты. Өйткені, топырақ құнарлылығы жоғары болса,
өсімдіктерден алынатын өнім жоғары болып, адамзатқа қажет
азық-түлік, жануарларға керек жем-шөп қоры молаяды. Сонымен
бірге өсімдіктердің белсенді дамуы олардың атмосфера
құрамынан өз бойына көмірқышқыл газын сіңіруін және ауаға
оттегінің бөлінуін жақсартып, атмосфералық ауаның құрамының
теңдестігін сақтауға әсерін тигізеді.

15.

www.ZHARAR.com
Құнарлы топырақта заттар мен энергия алмасу
құбылыстары, микроағзалардың дамуы, қызметі
қарқынды боладыжәне оның санитарлық қорғау
қасиеттері жақсы дамыған болып келеді.
Сондықтан топырақ құнарлылығының жер
биосферасында экологиялық маңызы аса зор деп
бағалаймыз.
Топырақ құнарлылығы туралыілімді дамытуда
орыс ғалымы В.Р. Вильямс үлкен жұмыстар
атқарды. Ол құнарлылықтың қалыптасуы мен
дамуын,
оның
топырақтың
қасиеттерімен
байланысын зерттеп, топырақ құнарлылығын
арттырудың негізгі жолдарын, бағыттарын
анықтады.
Құнарлылықтың жерде табиғи топырақ түзілу
процесінің жемісі, ал егістік жерде ол, сонымен
бірге,
адамдардың
өндірістік
әрекетінің
(топырақты
өңдеуінің,
баптауының,
тыңайтуының), яғни мәденилендіруінің нәтижесі
болып саналады.

16.

www.ZHARAR.com
Топырақ
құнарлылығының
қалыптасуының факторлары және
жағдайлары
бар.
Құнарлылық
факторлары болып қоректік элементтер,
ылғал, ауа және жылу мөлшері
есептеледі, яғни олар – өсімдіктер өсіпөнуініңжер бетіндегі факторлары. Ал
құнарлылықтың
қалыптасуының
жағдайларына топырақтың қасиеттері
және құбылымдары жатады.

17. Ол қасиеттер мен құбылымдар келесідей:

– физикалық (топырақтың
гранулометриялық құрамы,
түйіртпектігі, тығыздылығы,
кеуектілігі, жылулық,
ылғалдылық қасиеттері және
құбылымдары);
ОЛ ҚАСИЕТТЕР МЕН ҚҰБЫЛЫМДАР КЕЛЕСІДЕЙ:
www.ZHARAR.com
– химиялық (қарашірінді
күйінің сипаттамасы,
минералдық және химиялық
құрамы, тиімді қоректік заттар мен зиянды заттар
мөлшері);

18.

– биологиялық
(микроағзалар мөлшері,
нитрификациялау және
азотты байланыстыру,
топырақтың тыныстануы,
ферменттік белсенділігі,
фитосанитарлық жағдайы).
www.ZHARAR.com
– физикалық-химиялық
(топырақ реакциясы,
тотығу-тотықсыздану
потенциалы, сіңіру көлемі,
алмаспалы сіңген катиондар
мөлшері және олардың
құрамы және т.б.);

19. Топырақтың жоғарыда көрсетілген қасиеттері мен құбылымдары оның құнарлылығының қалыптасуына әсерін бағалай отырып, келесідей


құнарлылықтың
қалыптасып
байқалуы топырақтың қасиеттері мен
құбылымдарының
өзара
күрделі
байланысының
және
әсерінің
нәтижесі;
www.ZHARAR.com
– әр түрлі өсімдіктер (өсімдік топтары)
топырақтың
қасиеттері
мен
құбылымдарына әр түрлі талап
қояды;
ТОПЫРАҚТЫҢ ЖОҒАРЫДА КӨРСЕТІЛГЕН ҚАСИЕТТЕРІ МЕН
ҚҰБЫЛЫМДАРЫ ОНЫҢ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА
ӘСЕРІН БАҒАЛАЙ ОТЫРЫП, КЕЛЕСІДЕЙ БАСТЫ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІ АТАП КӨРСЕТУІМІЗ КЕРЕК:

20.


топырақтың
қасиеттері
және
құбылымдары
сандық
мән
көрсеткіштерімен сипатталына алады;
www.ZHARAR.com

топырақтың
қасиетттері
және
құбылымдары өзгермелі болып келеді.

21.

www.ZHARAR.com
Құнарлылықтың қалыптасуы топырақтың қасиеттері мен
құбылымдарының өзара күрделі қатынасы мен әсерінің мысалы ретінде
топырақтың қоректік заттар құбылымының қалыптасуын қарауға болады.
Топырақтың қоректік заттар құбылымы оның құрамындағы
минералды заттардың күрделі өзгерістерінің және органикалық
заттардың минералдану және қарашірінділену процестерінің,
микроағзалардың белсенді қызметінің, ылғал, ауа және жылу
құбылымдарының өзара қатынасының әсерінен қалыптасады.

22.

www.ZHARAR.com
Топырақтың басты қасиетінің бірі түйіртпектігі оның ылғалдылық, ауа және
тотығу-тотықсыздану құбылымдарына әсерін тигізеді. Ал осы түйіртпектіліктің
қалыптасуы топырақтағы қарашірінді мөлшеріне, топырақтың
гранулометриялық және минералдық құрамына, физикалық-химиялық
қасиеттеріне байланысты. Топырақ құнарлылығына әр түрлі өсімдіктер (өсімдік
топтары) әр түрлі талап қояды. Сондықтан бір өсімдікке жарамды, құнарлы
болып есептелінетін топырақ, келесі бір өсімдікке жарамсыз, құнарсыз болуы
мүмкін. Мысалы, шай бұтасы өсімдігі реакция ортасы қышқыл топыраққа
бейімделген, сондықтан қышқыл топырақта жақсы өніп-өседі. Ал бұршақ
тұқымдас өсімдіктер реакциясықышқыл топырақта өспейді. Сондықтан шай
бұтасы өсімдігіне құнарлы болыпсаналатынтопырақ бұршақ тұқымдас
өсімдіктерге құнарсыз болыпесептелінеді. Яғни, топырақ құнарлылығы
салыстырмалы түрде сипатталады деп есептеуге болады.

23.

www.ZHARAR.com
Топырақ құнарлылығы сандық мән көрсеткішімен сипатталына алады. Оған
экономикалық және биологиялық баға беруге болады. Топырақ құнарлылығына баға
беру негізі болып оның мәдени немесе табиғи өсімдіктер өнімділігімен тікелей
байланысы бар қасиеттерін салыстырмалы түрде ұпай арқылы бағалау саналады. Бұндай
баға беруді бонитировкалау деп атайды. Ал экономикалық баға беру үшін бонитировка
ұпайына сәйкес әр гектар топырақтың бағасы теңге арқылы белгіленеді.
Топырақ құнарлылығына биологиялық баға беру үшін өсімдіктердің жылына орташа
есеппен осы топырақта өніп-өскенде қанша биологиялық өнімділік түзе алатын мәні
өлшеніп, топырақтың өсімдік фотосинтезі өнімділігін қуаттай алатын қасиетін көрсетеді.
Топырақ құнарлылығын сипаттайтын қасиеттер мен құбылымдар уақыт ағымына,
жыл мерзімдері ішінде топырақ түзелу үрдісінің құбылыстарына және адамзаттың
топырақты ауыл шаруашылығында қолдануына байланысты өзгерістерге ұшырайды.
Осыған орай топырақ құнарлылығын реттеу шараларын жүзеге асыру қажеттілігі
туындайды.

24. Топырақ құнарлылығының түрлері.

ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ.
www.ZHARAR.com
Табиғи құнарлылықтың жер
топырағына тән және ол адам
әсері тимеген, табиғи жағдайда
қалыптасып дамиды. Оның
мәнін жабайы өсімдіктердің
өнімділігі сипаттайды.
Топырақтың
жасанды
құнарлылығы
адамдардың
өндірістік әсері тиген, өңделіп,
бапталған,
тыңайтылған
топырақтарға тән.

25. Топырақ құнарлылығының түрлері.

www.ZHARAR.com
Жасанды
құнарлылық
дәрежесі
ғылым
мен
техниканың
дамуының
деңгейіне,
топырақтың
табиғи құнарлылығын толық
пайдалану
мүмкіндігін
адамдардың қолдана алуына
байланысты.
ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ.

26. Топырақ құнарлылығының түрлері.

ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ.
www.ZHARAR.com
Тиімді құнарлылық – топырақты
ауыл
шаруашылығында
қолданғанда оның табиғи және
жасанды құнарлылығының бірлесе
әсер етуі нәтижесінде ауа райы мен
агротехникалық
жағдайға
байланысты
өсімдіктердің
өнімділігінің белгілі бір дәрежесін
қалыптастыруымен сипатталады.

27.

www.ZHARAR.com
Жоғарыда көрсетілген
құнарлылық түрлерімен қатар
топырақтың потенциалды
құнарлылығы деп аталатын
ұғым бар. Ол топырақтың
табиғи және жасанды
құнарлылығын сипаттайтын
қоректік заттардың жалпы
мөлшері мол болуымен және
оның басқа қасиеттерінің
қолайлы жағдайда көптеген
жылдар бойы өсімдіктерді
қажетті түрде қоректік
заттармен қамтамасыз ете алуымен, тиімді құнарлылықты
жоғары дәрежеде
қалыптастыруымен
сипатталады. Мысалы,
Солтүстік Қазақстанда таралған
кәдімгі қара топырақ жоғары
потенциалды құнарлылығымен
ерекшеленеді, ал шөл
аймағында кездесетін сұрқоңыр топырақтың
потенциалды құнарлылығы
нашар болып келеді.

28.

Егіншілік шаруашылығы дамыған Қазақстанның
солтүстік
аймағының
топырақтарының
құнарлылығын сақтап, оны арттырудың басты
жолдары келесідей:
- егіншіліктің топырақты қорғау жүйесін
қолданып,
оның
басты
буыны-топырақты
жазықтілгіш
құралдармен
өңдеп,
топырақ
бетінде
өсімдік
қалдықтарын сақтау;
- жеңіл гранулометриялық құрамды топырақтарда дәнді
дақылдарды, парды және көпжылдық шөптерді топырақ
қорғау ауыспалы егісінде жолақтап орналастыру;
органикалық тыңайтқыштарды (көңді, жасыл
тыңайтқыштарды,
сабанды)
және
минералды
тыңайтқыштарды қажетті мөлшерде қолдану;
- көпжылдық шөп егілген танаптар ауданын арттырып,
оларды мерзімді түрде ауыспалы егістікке қосып отыру.

29. Әр түрлі топырақ құрамындағы қоректік заттардың мөлшері

ӘР ТҮРЛІ ТОПЫРАҚ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ҚОРЕКТІК
ЗАТТАРДЫҢ МӨЛШЕРІ
Топырақтар бір-бірінен минералдық бөлігінің құрамы және органикалық заттардың
мөлшері мен құрамы жағынан ажыратылады.
Сондықтан әрбір топырақта негізгі қоректік элементтердің мөлшері бірдей болмайды.
Топырақ неғұрлым қарашіріндіге бай болса, оның құрамында N пен P-дың жалпы
қоры көп болады.
Ал K-дің жалпы мөлшері топырақтың механикалық құрамымен айқындалады.
Атап айтқанда құм, құмдақ топырақтарда саз, саздақ топырақтарға қарағанда калий
мөлшері аз.
Топырақта қоректік заттардың көпшілік бөлігі өсімдік қабылдай алмайтын түрінде
кездеседі.
N негізінен күрделі органикалық заттардың (қарашірінді, белок т.б.), P-дың көп бөлігі
қиын еритін минералдық және органикалық қосылыстардың, K-дің басты бөлігі
ерімейтін алюмосиликат минералдардың құрамында болады.
29

30. Солтүстік Қазақстан топырақтарының жыртылатын қабатындағы қарашірінді, азот және фосфор мөлшері

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ТОПЫРАҚТАРЫНЫҢ ЖЫРТЫЛАТЫН
ҚАБАТЫНДАҒЫ ҚАРАШІРІНДІ, АЗОТ ЖӘНЕ ФОСФОР МӨЛШЕРІ
Топырақ
Жер
көле
мі,
млн.
га
Құрғақ топырақтың салмағына шаққанда
% мөлшері
Тюрин
бойынша
қарашірінді
Кьельдаль
бойынша
жалпы
азот
Мещеряков
бойынша
жалпы
фосфор
кәдімгі қара топырақ
~ 10
6-9
0,30-0,50
0,18-0,25
оңтүстік қара
топырақ
> 10
4-6
0,20-0,30
0,12-0,18
күңгірт қара қоңыр
> 21
3-5
0,15-0,28
0,10-0,15
қара қоңыр
>2
2-3
0,10-0,20
0,08-0,10
ашық қара қоңыр
>5
1-2
0,05-0,15
0,05-0,0830

31.

Топырақтағы қоректік заттардың жалпы қоры оның потенциалды
құнарлылығын анықтайды.
Өсімдіктің қоректенуіне топырақтағы қоректік элементтердің
жылжымалы түрлерінің мөлшері, яғни топырақтың тиімді
құнарлылығы маңызды рөл атқарады.
Элементтердің жылжымалы түріне олардың
суда,
әлсіз қышқылдарда еритін қосылыстары мен
алмаспалы күйдегі катиондар жатады.
Қиын еритін және ерімейтін қосылыстар микроағзалардың, физика-
химиялық, химиялық құбылыстардың әсерінен өсімдікке сіңімді түрге
ауысады.
Қоректік заттардың сіңімді түрінің пайда болуы қосылыс түріне,
климат жағдайларына, топырақ қасиеттеріне, агротехника деңгейіне
байланысты.
Сондықтан топырақтың тиімді құнарлылығын арттыруда органикалық
және минералдық тыңайтқыштар қолданудың маңызы зор.
31

32.

Тыңайтқыш қолдануда агрохимиялық
картограмманы пайдалану керек.
Агрохимиялық картограмма топырақтың
қоректік заттармен қамтамасыз ету
дәрежесін, тыңайтқышты қаншалықты қажет
ететінін көрсетеді.
Картограмманы аймақтың топырақ-климат
жағдайына сәйкес келетіндей етіп жасайды.
Топырақ құнарлылығының өзгеруін бақылау
үшін агрохимиялық картограмманы жасау
әрбір 3-4 жылда қайталап отырады.
А/х картограммаға очерк дайындалады. Онда
шаруашылықта өсірілетін дақылдарға
арналған тыңайтқыш қолданудың тәсілдері,
мөлшері, мерзімі көрсетіледі.
32

33. Қазақстан топырақтарының агрохимиялық қасиеттері

ҚАЗАҚСТАН ТОПЫРАҚТАРЫНЫҢ
АГРОХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Қазақстанның топырағы құрамы мен түрі жағынан сан
алуан.
Ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды тиімді пайдалану үшін әрбір
аймақ топырақтарының ерекшеліктерін жете білу керек. Ол ауыл
шаруашылығы дақылдарынан мол өнім жинауға кепілдік береді.
Топырақтың агрохимиялық қасиеттеріне оның құрамындағы
қарашірінді, қоректік заттардың жалпы және жылжымалы түрінің
мөлшері, реакциясы, сіңіру сыйымдылығы, негізбен қанығу дәрежесі,
механикалық құрамы жатады.
33

34. Қара топырақтардың агрохимиялық сипаттамасы

ҚАРА ТОПЫРАҚТАРДЫҢ АГРОХИМИЯЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
Топырақ
типшелері
Қара
шірін
ді,
%
Сілтісізденг
ен қара
8-10
Кәдімгі қара
5-6
Оңтүстік
қара
4,55,0
Қоректік
Реак- Сіңіру
элементтердің жалпы ция- сыйыммөлшері, %
сы, дылығы,
мгазот
фос- калий рН
экв/100
фор
г
0,42- 0,28- 2,1-2,5 6,845-50
0,56
0,33
7,1
0,250,28
0,220,25
0,120,17
0,130,15
1,5-2,2
1,5-2,1
7,17,4
6,87,0
30-37
34
27-30

35.

Қара топырақтың басқа топырақтарға қарағанда
табиғи құнарлылығы жоғары болады.
Сілтісізденген қара топырақта 8-9 % қарашірінді
мөлшері болады және оның мөлшері төменгі
қабаттарға қарай бірте-бірте азая береді.
Қарашірінді көп қабаттың қалыңдығы 50-60 см -ге
дейін жетеді.
Бұл топырақ қоректік элементтерге едәуір бай,
құрамында 0,5-0,6 % шамасында жалпы N, 0,3-0,4
% жалпы P болады.
35

36.

Кәдімгі қара топырақ ең құнарлы болып саналады.
Оның қарашірінді қабатының қалындығы 45-85 см -ге дейін жетеді.
Карбонат тұздары 40-50 см -ден басталады.
Бұл топырақ қоректік заттарға бай.
Жыртылатын қабатының 1 гектарында 130-160 тонна қарашірінді, 8-10
тонна N қоры бар екендігі анықталып отыр.
Кәдімгі қара топырақта жалпы және алмаспалы K мөлшері жоғары, ал
P-дың жалпы қоры біршама мол болғанымен жылжымалы түрі аз.
Сондықтан оған фосфор тыңайтқыштарын қолданудың маңызы орасан
зор.
36

37.

Оңтүстік қара топырақта қарашірінді
мөлшері аздау болады да, қарашірінді
қабатының қалыңдығы 40-50 см -ден
аспайды.
Ақ түйіршіктер түріндегі карбонаттар
топырақтың 60-70 см тереңдігінен бастап
анық көріне бастайды, ал 100-120 см
төмен гипс кездеседі.
Оңтүстік қара топырақ жағдайында
егіншіліктің тиімді жүйелерін қолдану
арқылы, егіске берілетін
тыңайтқыштардың тиімділігін арттырады.
37

38.

Қара қоңыр топырақ қара топыраққа
қарағанда құнарлылығы төмен болып
келеді.
Қарашірінді қабатының қалындығы 4050 см -ден аспайды, ал құрамындағы
қарашірінді 3-4 % мөлшерінде болады.
Қара қоңыр топырақтың да күңгірт қара
қоңыр, қара қоңыр, ашық қара қоңыр
сияқты түрлері кездеседі.
38

39. Қара қоңыр топырақтардың агрохимиялық сипаттамасы

ҚАРА ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТАРДЫҢ АГРОХИМИЯЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
Топырақ Қара Қоректік элементтердің Реак- Сіңіру
типшелері шірі
жалпы мөлшері, %
ция- сыйымнді,
азот
фос- калий сы, дылығы,
%
рН
мгфор
экв/100
г
Күңгірт
4-5
0,20- 0,1-0,2 2,97,018-20
қара қоңыр
0,25
3,8
7,2
Қара
қоңыр
3-4
0,150,20
0,1-0,2
1,83,4
7,17,5
17-24
Ашық қара
қоңыр
2-3
0,100,15
0,080,15
1,61,9
7,27,5
17-2039

40.

Күңгірт қара қоңыр топырақтың қарашірінді
қабатының қалындығы 35-45 см, оның
ішіндегі неғұрлым құнарлы, өсімдікке
пайдалы қарашірігінің қалындығы 12-15 см.
Карбонаттар негізінен 45-50 см тереңдікте
орналасқан. 100 г топырақта 30-35 мг/экв
алмаспалы негіздер болады.
Құрамында орта есеппен 0,2-0,3% N, 0,1-0,2%
P болады.
40

41.

Қара қоңыр топырақ өзінің барлық қасиеті жағынан күңгірт қара
қоңыр топыраққа ұқсас болғанымен құнарлылығы сәл төмендеу болып
келеді.
Құрамында қарашірінді аздау және оның қалыңдығы 25-30 см -ден
аспайды.
Механикалық құрамы жағынан әр түрлі болып келеді.
Әсіресе құм, құмдақ қара қоңыр топырақ қоректік заттармен нашар
қамтамасыз етілген.
Сондықтан мол өнім алу үшін топырақта ылғал жинау және тыңайтқыш
қолдану шараларын жүзеге асырудың маңызы үлкен.
41

42.

Ашық қара қоңыр топырақ қарашіріндінің
мөлшері, оның жалпы қоры, қалыңдығы
және қоректік заттардың шамасы жағынан
қара қоңыр топыраққа жақын.
Мұнда қарашіріндінің мөлшері 3% -дан
аспайды.
Ашық қара қоңыр топырақ K элементіне
бай, ал P -дың жалпы қоры көп
болғанымен өсімдікке сіңімді түрі аз.
42

43.

Қара қоңыр топырақ территориясының оңтүстігіне қарай, үлкен алқапты
боз топырақ аймағы алып жатады.
Боз топырақтағы қарашіріндінің мөлшері 0,7-1,5% болады, қабатының
қалындығы 10-12 см -ден аспайды.
Бұл топырақтың механикалық құрамы көбінесе орташа және ауыр саз
балшықты болып келеді.
Боз топырақты құрайтын аналық тау жынысы карбонатты және майда саз
балшықтардан тұратындықтан, олар көбінесе карбонатты болып келеді.
Боз топырақтың агрохимиялық өзгешелігі – K элементіне аса бай, ал N өте
аз болады. Бұл топырақ P -мен орташа дәрежеде қамтамасыз етілген.
Сондықтан, бұл жерлерде егіншілікке N және органикалық
тыңайтқыштарды пайдаланудың маңызы үлкен.
43

44. Боз топырақтардың агрохимиялық сипаттамасы

БОЗ ТОПЫРАҚТАРДЫҢ АГРОХИМИЯЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
Топырақ
типшелері
Қара
шірінді,
%
Қоректік элементтердің
жалпы мөлшері, %
азот
Күңгірт 1,5-2,5 0,28боз
0,29
Реакциясы,
рН
фосфор
калий
0,190,22
1,5-1,7
Сіңіру
сыйымдылығы,
мгэкв/100 г
7,4-7,7
15-18
Кәдімгі 1,1-1,8
боз
0,150,18
0,120,15
1,2-1,5
7,0-7,4
16-18
Ашық
боз
0,070,12
0,050,10
1,3-1,5
7,2-7,4
11-13
0,6-1,0
44

45.

Сор және сортаң топырақтар тұзды
болып келеді, қарашірінді мөлшері аз, әрі
оның қабаты жұқа, өсімдіктер үшін
қоректік заттары шамалы.
Тұздардың көптігі сонша, олар кейде жер
бетіне шығып қар сияқты ағарып жатады.
Сор және сортаң топырақтарды пайдалану,
өте күрделі мелиорациялық жұмыстарды
жүзеге асыруды талап етеді.
45

46. Қоректік элементтердің шығарылуы

ҚОРЕКТІК ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРЫЛУЫ
Қоректік
элементтердің
шығарылуы
биологиялық
шаруашылық
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!
(өсімдіктің
барлық
(егістіктен
алынатын негізгі
бөліктерімен топырақтан
және қосалқы өнімнің
қоректік заттарды
түсімімен қоректік
шығаруы)
заттарды шығару)
English     Русский Правила