Модуль 9 ҮЙДЕГІ ОРТА ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК
Модуль мақсаты
Бұл тақырып біз үшін неліктен маңызды? Ойлар
Негізгі ақпарат
«Бала» және баланың қауіпсіздікке құқылы болу ұғымдарының анықтамасы
Өзін-өзі бағалау әлемде жарақаттанудан қаза табу ауқымы туралы білу
Ма
Ересектерге қарағанда балалар жарақаттануға көбірек бейім. НЕГЕ? (5 мин)
Есіңізде болсын!
Өзін-өзі бағалау Дұрыс немесе бұрыс
Балаларда жиі кездесетін жарақат түрлері
Балаларда жиі кездеседі және қаза табуына жиі себепші болады:
Құлаумен байланысты жарақаттар.
Ойлану
ҚҰЛАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЖАРАҚАТТАР КЕЗІНДЕ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ
Суға бату
Ойлану
СУҒА БАТУ КЕЗІНДЕ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ
Күю және ыстық суға күю
Өзін-өзі бағалау Дұрыс немесе бұрыс
Ойлану
КҮЮДЕН ЖӘНЕ ЫСТЫҚ СУҒА КҮЮДЕН ТУЫНДАЙТЫН ЖАРАҚАТТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ  
Төтенше жағдайда не істеу керек
УЛАНУ
Үйде болатын у түрлері
УЛАНУ Өзін-өзі бағалау. Дұрыс немесе бұрыс
Ата-аналарға келесілерге қатысты қандай кеңес берер едіңіз:
АТА-АНАЛАРҒА ҮЙРЕТІҢІЗ!
БУЛЫҒУ, ҚЫЛҚЫНУ ЖӘНЕ ТҰНШЫҒУ
Өзін-өзі бағалау Дұрыс немесе бұрыс
БУЛЫҒУДЫН АЛДЫН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?
Төтенше жағдайда не істеу керек?
Негізгі идеялар
КЕРІ БАЙЛАНЫС
657.12K

Модуль 9 Домашняя среда и безопасность_Kz

1. Модуль 9 ҮЙДЕГІ ОРТА ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК

2. Модуль мақсаты

• Балалар өмірінің алғашқы жылдары орын алатын жарақаттардың
кең таралған себептерін және қалай алдын алу керек екенін білу
• Үйге барып қарау кезінде балаларға жарақаттану қаупі төнетін
жағдайларды және орындарды көре білу
• Ата-аналармен үйдің қауіпсіздігін талқылай білу және оны қалай
арттыруға болатыны туралы ұсыныс-кеңестер бере білу, әрі
балалар үшін қауіп тудыруы мүмкін мінез-құлық түрлерін
талқылай білу

3. Бұл тақырып біз үшін неліктен маңызды? Ойлар

• Учаскелеріңізде жарақаттану және жазатайым оқиғалары
кездесті ме?
• Ата-аналар оқиғаның себептері туралы сізге не айтты?
• Қалай ойлайсыз, ондай оқиға неге орын алды?
• Оның алдын алуға болатын ба еді? Әлде, кездейсоқтық па?

4. Негізгі ақпарат

• Жарақаттардың көпшілігі (ал кей жағдайда балалар өлімі де) абайсыздан орын алады және олардың
АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ.
• Мұнда аса маңызды рөлді патронаж мейірбикесінің үйге келіп қарау шаралары атқарады.
• Осы мәселелер бойынша кәсіби дайындықтан өткен мейірбике:
• Ата-аналардың білімі мен мүмкіндіктерін кеңейте алады және оларға жарақаттанудың алдын
алуда қолдау көрсете алады
• Ата-аналарға кіші жастағы балалар арасындағы жарақаттанудың алдын алу бірінші кезекте
баланы емес, оны қоршаған ортаны қадағалауды білдіретінін түсінуге көмексете алады.
• Балаларды жарақаттанудың болдырмау ережелеріне үйрету керек, бірақ ШЕШУШІ ШАРТ – БАЛА
АЙНАЛАСЫНДА ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
• Ата-аналарға балалар – кішкентай ересектер емес екенін, бала ағзасында оларды бәрінен бұрын
ересектерге арналған әлемдегі жарақаттарға ерекше ұрымтал ететін ерекшеліктері бар екенін
түсінуге көмектесе алады.
• Ата-аналарға төтенше жағдайда тиісінше әрекет етуге көмектесетін сарамандық білім мен
дағдылар бере алады.

5. «Бала» және баланың қауіпсіздікке құқылы болу ұғымдарының анықтамасы

• БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясы «бала – 18
жасқа толмаған кез-келген адам» деген анықтама береді.
• Сонымен қатар, Конвенция бүкіл әлемдегі балалар
иеленуі тиіс негізгі адам құқықтары ретінде
жарақаттардан және зорлық-зомбылықтан, қауіпсіз
қоршаған ортаға құқылы болуын атайды.

6. Өзін-өзі бағалау әлемде жарақаттанудан қаза табу ауқымы туралы білу

1. Еуропада өлім мен мүгедектікке және балалар арасында теңсіздікке алып
келетін негізгі себеп қандай?
• Отбасының әлеуметтік-экономикалық орны
• Әртүрлі тұқым қуалайтын сырқаттар
• Абайсызда жарақаттану
• Созылмалы сырқаттар
• Жұқпалы аурулар
2. ДДСҰ Еуропалық бюросының мәліметтерінше жыл сайын Еуропалық Одақ
аумағында абайсызда жарақаттану нәтижесінде 0-19 жас аралығында ажал
құшатын балалар саны:
• Шамамен 5000
• Шамамен 21 000
• Шамамен 42 000

7. Ма

Мәселе ауқымы: Еуропа аумағында жарақаттану салдарынан орын
алатын өлім-жітім
Ма
<1
1-4 жас
5-9 жас
10-14 жас
15-19 жас
Перинаталдық жағдайлар
50%
Жарақаттар (барлық
себептер)
27%
Жарақаттар (барлық
себептер)
27%
Жарақаттар (барлық
себептер)
37%
Жарақаттар (барлық
себептер)
64%
Туа біткен даму
кемістіктері 26%
Туа біткен даму
кемістіктері
16%
Обыр
26%
Обыр
20%
Обыр
10%
Тыныс алу жолдарының
сырқаттары
4%
Обыр
14%
Жүйке жүйесінің
сырқаттары
12%
Жүйке жүйесінің
сырқаттары
11%
Жүйке жүйесінің
сырқаттары
6%
Жүйке жүйесінің
сырқаттары
3%
Жүйке жүйесінің
сырқаттары
10%
Туа біткен даму
кемістіктері 10%
Туа біткен даму
кемістіктері
6%
Қан айналымының
бұзылуы
5%
Жарақаттар (барлық
себептер)
3%
Тыныс алу жолдарының
сырқаттары
8%
Тыныс алу жолдарының
сырқаттары
5%
Қан айналымының
бұзылуы
6%
Тыныс алу жолдарының
сырқаттары
3%

8. Ересектерге қарағанда балалар жарақаттануға көбірек бейім. НЕГЕ? (5 мин)

9.

Ересектерге қарағанда балалар
жарақаттануға көбірек бейім.
НЕГЕ?
Кішкентай балалардың
терісі ересектердікіне
қарағанда жұқарақ және
оңай жарақаттанады
Ересек адамға
қарағанда, балалардың
басы жұмсағырақ және
дене массасымен арақатынаста үлкенірек
Балалар
қорғануды біле
бермейді – әлі
үйреніп
үлгермеген
Балалардың қолдары,
аяқтары, білектері,
табандары және
саусақтары кішкентай,
кішкентай тесіктерге
және саңылауларға
кіріп кетуі мүмкін
Ересектерге
қарағанда,
балалар кішірек,
оларды
байқамай қалуға
болады
(мысалы, жол
үстіндегі
жүргізушілер)
және олардың
өздеріне де не
болып жатқанын
көру қиын

10.

11. Есіңізде болсын!

• Ауқатты және тұрмысы нашар отбасылар арасында да үлкен
айырмашылық бар. Яғни, кедей отбасынан шыққан балаларда
қауіпсіз ортада өсу мүмкіндіктері азырақ. Профилактикалық
ағарту шаралары жарақат алу қаупін төмендете алады.
• Патронаж қызметкері ретінде сізге ата-аналарға жарақаттар
жайдан-жай болмайтынын, кездейсоқ тағдыр бұйрығы емес
екенін және әрдайым оларды тудыратын себептер болатынын
түсіндіру қажет.

12. Өзін-өзі бағалау Дұрыс немесе бұрыс

1. Ересектерге қарағанда, балаларда жарақаттану
ықтималдығы жоғары, себебі, олар ессіз, ешкімді
тыңдамайды және өздерін күтпейді.
2. Не істесек те, жазатайым оқиғалалар бәрібір бола
береді.
3. Жарақаттанудың алдын алу үшін бізге балалардың
мінез-құлқын қадағалау керек.
4. Барлық жас топтарында қыздарға қарағанда, ұлдар
арасында жарақаттану деңгейі жоғары.

13. Балаларда жиі кездесетін жарақат түрлері

1. Себептері қандай?
2. Олардың алдын алу үшін нақты не істеу керек?
3. Бала жарақаттанса, ата-ана нені білуі және не
істей алуы тиіс?

14. Балаларда жиі кездеседі және қаза табуына жиі себепші болады:

1.
2.
3.
4.
5.
Құлаумен байланысты жарақаттар
Суға бату
Күю және ыстық суға күю
Улану
Булығу (асфиксия), қылқыну және тұншығу

15. Құлаумен байланысты жарақаттар.

• Балалардың жарақаттануының негізгі себебі.
Еуропа аумағындағы елдерде 0-4 жас
аралығындағы балалар арасында жылына 660
өлім орын алады
• Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Өзбекстан
елдерінде жарақаттану көрсеткіштері төмен
елдермен, мысалы, Швециямен, Нидерландымен
және Ұлыбританиямен салыстырғанда құлаудан
көз жұму қаупі 22 есе жоғары
• Жиі себептері: сәбилер арасында жөргек
ауыстыру үстелі, биік орындықтар және төсектер
сияқты тұрмыстық жиһаздан құлау
• Бөбекжай жасында балалар көбінесе
баспалдақтан, жиһаздан, терезеден, балконнан
және супермаркет арбаларынан құлайды

16. Ойлану

Үйге барып қарау кезінде құлаумен байланысты
жарақаттанудың алдын алу үшін сіз назар аударатын
заттар тізімін жасаңыз.

17. ҚҰЛАУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЖАРАҚАТТАР КЕЗІНДЕ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ

Егер бала бас-ми жарақатын алса немесе ес-түссіз жатса, дереу
жедел жәрдем шақыру керек. Егер омыртқасындағы сүйектердің
бірі сынды деп ойласаңыз, құлаудан жарақаттанған баланы
қозғалтпаңыз. Жедел жәрдем келгенше, ес-түссіз жатқан баланы
қырынан, басының астына қолыңызды қойып жатқызыңыз.
Осылайша жатқызу тілдің көмейге түсіп кету және тыныс алуды
басу қаупін азайтуға көмектеседі

18. Суға бату

Өзін-өзі бағалау
1. Бала батып кетуі мүмкін су тереңдігі кем
дегенде:
А.1 м
В. 15 см
С. 5 см
2. Көбінесе суға батып кетуге болатын
орындар:
А. Теңіз
В. Өзен немесе көл
С. Ванна, бақтағы тоғандар және хауыздар
сияқты таныс орындар
3. Суға кеткен бала су бетіне шықпайтын
уақыт шамамен:
А. 5 минут
В. 20 минут
С. 1 сағат
Суға бату – ДДСҰ Еуропа аумағында балалар
арасында абайсызда қаза болудың басты
себептерінің бірі, жыл сайын 0-4 жастағы
балалар арасында 2400 астам өлім орын
алады.
Ауқатты отбасыларға қарағанда, ең кедей
отбасынан шыққан балалар суға батып
кетуге 11 есе ұрымтал, ең төмен және ең
жоғары суға бату көрсеткіштері бар елдер
арасындағы өлім-жітім айырмасы – 20 есе.
Суға батып кететін балалардың 70%-дан
астамы – ұл балалар және 1-4 жас
аралығындағы балалар. Тіпті өлмесе де,
балалар жоғары дәрежелі мүгедектікке
шалдығуы және өмір бойы қаржылық және
медициналық көмекті талап етуі мүмкін.
Баланың үйде жүріп суға батып кетуі әдетте
тым тез орын алады және барлығының
күтпеген жерден үстінен түседі.

19. Ойлану

Кішкентай балалары бар отбасыларды есіңізге түсіріңіз.
Төменде көрсетілген жерлерде суға батып кетуге алып келуі
мүмкін себептердің тізімін жасаңыз:
• Үйде
• Аулада
• Табиғат аясына шыққанда
Ата-аналарға қандай кеңес бере алар едіңіз?

20. СУҒА БАТУ КЕЗІНДЕ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ

• Ата-аналарға төтенше жағдай бола қалса, тез табу үшін
телефонды судың жанында ұстауға кеңес беру керек. Олар
жергілікті құтқару қызметтерінің телефон нөмірін білетініне көз
жеткізіңіз.
• Егер мүмкін болса, ата-аналарға алғашқы көмек көрсету бойынша
негізгі дәрістерге және төтенше жағдайда не істеу керек екені
туралы қосымша ақпарат алу үшін жүрек-өкпені тірілту
дәрістеріне баруға кеңес беріңіз

21. Күю және ыстық суға күю

• Бай отбасыларға қарағанда, ең кедей
отбасынан шыққан балалар 38 есе
ұрымтал. Ертеректе айтқанымыздай,
ересектерге қарағанда, баланың терісі
жұқарақ болатындықтан, күйіп қалу қаупі
жоғарырақ.
• Ыстық суға күю балаларды тым ыстық су
толтырылған ваннаға отырғызғанда
немесе оларға ванна шүмегінен ыстық су
тамып тұрғанда немесе олардың үстіне
шай, сорпа немесе кофе сияқты ыстық
сұйықтықтар төгілгенде орын алады.
• Тіпті 15 минут өтсе де, кеседегі шай бала
күйіп қалатындай ыстық болуы мүмкін.
• Ыстыққа күю дымқыл қызудан және
ыстық будан да болуы мүмкін.

22. Өзін-өзі бағалау Дұрыс немесе бұрыс

1. Ыстық сұйықтықтар, сіріңкелер және оттықтар туралы сөз
болғанда, ата-аналар балаларын қашықтан жеткілікті түрде
қадағалай алады.
2. Күю мен ыстыққа күю жайттарын азайту үшін әлдеқайда төмен
су температурасы шешуші маңызға ие.
3. Ваннадағы жоғары су температурасы балаларды қатты күйдіре
алмайды.
4. От шашу – балалар арнайы іс-шараларда қолдана алатын қауіпсіз
және ұнамды ойыншықтар.

23. Ойлану

Кішкентай балалары бар отбасыларды есіңізге түсіріңіз.
Күюге немесе ыстық суға күюге алып келуі мүмкін себептердің
тізімін жасаңыз.
Ата-аналарға қандай кеңес бере алар едіңіз?
Нені қадағалайсыз?

24. КҮЮДЕН ЖӘНЕ ЫСТЫҚ СУҒА КҮЮДЕН ТУЫНДАЙТЫН ЖАРАҚАТТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ  

КҮЮДЕН ЖӘНЕ ЫСТЫҚ СУҒА КҮЮДЕН
ТУЫНДАЙТЫН ЖАРАҚАТТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ
• Ата-аналарға су жылытқышты 50°C-тан аспайтын температураға
қоюға кеңес беріңіз. Егер олар жылытқыш температурасын
өзгерте алмаса, термостатикалық су араластырғыш қақпақша
(шүмектен шығарда су температурасын төмендетеді) орнатуға
кеңес беріңіз.
• Балаларды алдымен суық суды қосуға, артынан баяу ыстық су
қосуға және ыстық суды бірінші өшіруге үйрету керек

25. Төтенше жағдайда не істеу керек

• Күйікті немесе күйген жерді суық суға салып немесе кем деген 10 минут
бойы ағыны қатты емес суық судың астында ұстап тұрып салқындатыңыз.
Лосьон немесе иісмай жағуға болмайды. Кез-келген кішігірім күлдіреген
орындарды тығыз емес етіп таңыңыз немесе таспасы бар дәкемен ораңыз.
• Егер күйік бетте, қолда немесе жыныс мүшелерінде болса немесе олар
кішігірім күю немесе суға күюден біршама үлкен болса (егер күйік терең
болып көрінсе – тері ақ немесе қоңыр және құрғақ болуы мүмкін),
дәрігерге көріну немесе ауруханаға немесе ең жақын жерде орналасқан
медицина орталығына бару керек!
• Егер күйіктер дененің оннан бір немесе одан көп бөлігін алса, суық
компресс басуға болмайды; жедел жәрдем келгенше, бала көмек келіп
жеткенше қатты тоңып қалмауы үшін үстін таза төсенішпен немесе
жамылғымен жауып қойыңыз.

26. УЛАНУ

• Тәжірибеңізде қандай улану оқиғаларын
кездестірдіңіз?
• Әдетте үйде болатын улар тізімін жасаңыз

27. Үйде болатын у түрлері

Ата-аналар қадағалап отыруы тиіс кейбір тұрмыстық улар келесілер:
• Дәрі-дәрмектер. Ата-әжелердің, туыстардың және достардың үйлеріне,
соынмен қатар, олар үйіңізге қонаққа келсе, сөмкелерінде/жүктерінде болуы
мүмкін дәрі-дәрмектерге ерекше мұқият болу керек.
• Ванна бөлмесі: тазартқыштар, спрейлер, әтірлер, шашқа арналған лактар, ауыз
шаюға арналған сұйықтықтар.
• Тұрмыстық бұйымдар: тазартқыштар, жалтыратқыштар, еріткіштер және
құрамында сілтілер және қышқылдар немесе шам майы бар өнімдер.
• Гараж, жұмыс бөлмесі: жәндіктерге қарсы спрейлер, керосин, оттықтарға
арналған сұйықтықтар, скипидар, бояулар, желім, аккумуляторлар, шиналарға
арналған сұйықтықтар және антифриз.
• Кір жуу бөлмесі: жуғыш құралдар, ағартқыш, мата жұмсартқыштар, сұйық
ендірмелер және жануарларған арналған өнімдер.
• Аулада: тыңайтқыштар, пестицидтер, кейбір өсімдіктер, саңырауқұлақтар
және жидектер.

28. УЛАНУ Өзін-өзі бағалау. Дұрыс немесе бұрыс

• 1) Барлық улану оқиғаларының 90% астамы балалармен үйден тыс
болады.
• 2) Улану салдары балалар үшін ересектерге қарағанда әлдеқайда
ауыр.
• 3) Егер ата-ана баласының уланғанынан күдіктенсе, оған сүт немесе су
ішкізуі керек.
• 4) Егер ата-ана баласының уланғанынан күдіктенсе, оны құстыруға
тырыспауы керек.
• 5) Егер мүмкін болса, ата-ана ең жақын жерде орналасқан
токсикологиялық орталыққа немесе жедел жәрдем қызметіне барып,
сонда берілген нұсқауларды орындауы, білсе, баланың қандай у
ішкенін айтуы керек, дәрігерге ең тиімді емдеу тәсілі туралы шешім
қабылдауға көмектесу үшін удың үлгісі қажет болуы мүмкін.

29. Ата-аналарға келесілерге қатысты қандай кеңес берер едіңіз:

• Улы заттарды қалай сақтау керек?
• Тұрмыстық жуғыш құралдарды, химиялық заттарды және
дәрілерді қалай қолдану және сақтау керек?
• Химиялық заттарды азық-түлікке немесе сұйықтықтарға арналған
ыдыстарда қалай сақтау керек?

30. АТА-АНАЛАРҒА ҮЙРЕТІҢІЗ!

• Телефон аппарттарыңызда Токсикология орталығының немесе
жедел жәрдем қызметтерінің телефон нөмірлерін сақтап
қойыңыз.
• Уланған жағдайда дереу Токсикология орталығына немесе жедел
жәрдем қызметіне жүгініңіз (егер тіпті баланың жағдайы жақсы
болса да, уақыт өте келе нашарлауы мүмкін), оларға бала ішіп
қойған улы зат, көлемі және баланың жасы туралы мәлімет
беріңіз. Улану жағдайларының көпшілігін маман телефон арқылы
кеңес берген шараларды қолдану арқылы реттеуге болады.

31. БУЛЫҒУ, ҚЫЛҚЫНУ ЖӘНЕ ТҰНШЫҒУ

Булығу кішкентай балалардың жаңа заттарды зерттеу үшін үнемі аузына салып
көретіндіктерінен орын алуы мүмкін.
• Булығу – баланың тыныс алу жолдарының бітелуі (азық-түлік өнімдері, тәттілер,
жаңғақтар, драже, кішкентай ойыншықтар немесе олардың бөлшектері)
• Тұншығу - әлдене тыныс алу жолдарындағы ауа ағынын сырттан бұғаттайды
(пластик қап немесе баланың ауа кірмейтін кеңістікке түсуі, мысалы,
ойыншықтарға арналған жәшік немесе ескі тоңазытқыш, жұмсақ жастыққа
немесе көрпеге оратылу, егер анасы төсекте жатып қатты ұйқыға кетсе, емізу
кезінде баланы жаншу)
• Қылқыну – бала тамағы қысылғаннан оттегі ала алмай қалғанда орын алады
(балалардың киімге, бауға, төсек торына, жалюзиге немесе перделердің
бауларына және т.б. шырмалып қалуы)

32. Өзін-өзі бағалау Дұрыс немесе бұрыс


Балалар аузына салатын ойыншықтардың, азық-түлік өнімдерінің
және заттардың пішіні, көлемі және қаттылығы булығу қаупін
арттыратын факторлар болып табылады
Балалар ата-аналарымен бірге бір төсекте ыңғайлы және қауіпсіз
ұйықтай алады.
Ойын алаңдары ойын барысында балалардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ететіндей және тұншығу қаупі төнбейтіндей етіп
жобаланған.

33. БУЛЫҒУДЫН АЛДЫН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

• Баланы емізу кезінде қылқынуды болдырмауға қатысты атааналарға қандай кеңес берер едіңіз?
• Тұншығу қаупін азайту үшін ата-аналарға киім-кешекке қатысты
қандай кеңес берер едіңіз?

34. Төтенше жағдайда не істеу керек?

• Қылқыну және тұншығу жағдайында жедел жәрдем қызметіне
хабарласыңыз. Тексеруді бастаңыз (тыныс жолдары, тыныс алу,
қан айналымы). Егер бала ес-түссіз болса, тыныс алмаса және
тамыры соқпаса, жүрек-өкпені тірілтуді бастаңыз.
• Мүмкін болса, сондай-ақ, булығумен, қылқынумен немесе
тұншығумен байланысты төтенше жағдайда қалай әрекет ету
керек екені туралы қосымша ақпарат алу үшін алғашқы көмек
көрсету бойынша негізгі дәрістер алған жөн
• БУЛЫҒУ (ТЫНЫС АЛУ ЖОЛДАРЫНА ӨТКІР БӨГДЕ ДЕНЕ ТҰРЫП
ҚАЛУЫ) КЕЗІНДЕ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ ҮЙРЕТІҢІЗ

35. Негізгі идеялар

• Жарақаттанудың алдын алу және балаларға қауіпсіз орта
қалыптастыру саласында ата-аналардың білімі мен
мүмкіндіктерін кеңейту
• Кіші жастағы балалар арасындағы жарақаттанудың алдын алу
бірінші кезекте баланы емес, оны қоршаған ортаны
қадағалауды білдіреді. Балаларды даму деңгейіне сәйкес
жарақаттануды болдырмау ережелеріне үйрету керек.
• Балалар – кішкентай ересектер емес, жас шамасы, даму кезеңі
және тәуелділік дәрежесі сияқты көптеген факторлар оларды
бәрінен бұрын ересектерге арналған әлемдегі жарақаттарға
ерекше ұрымтал етеді.
• Отбасыларға төтенше жағдайда тиісінше әрекет етуге
көмектесетін сарамандық білім мен дағдылар беру керек.

36. КЕРІ БАЙЛАНЫС

Өзіңіз үшін қандай жаңа мәлімет білдіңіз?
Жарақаттардың және жазатайым оқиғалардың
алдын алу үшін жұмысыңызда қандай әдістәсілдер қолдануға дайынсыз?
Ойыңызбен және сезімдеріңізбен бөлісіңіз.

37.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА, ШЫДАМДЫЛЫҚ
ТАНЫТҚАНДАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
English     Русский Правила