АҒЫЗЫНДЫ СУЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
І АҒЫЗЫНДЫ СУЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ Ағызынды сулардың экологиялық жағдайының негізгі сипаттамасы
Мұнайдың судағы 1 мг/м3 мөлшері, өзінің улылық қасиетін білдіре бастайды. Ал, мұнайдың концентрациясы 200-300 мг/ л болғанда, судағы экологиялық
Ағызынды сулардың экологиялық жағдайының маңызы
ІІ АҒЫЗЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАЛАУ ӘДІСТЕРІ 2.1 Ағызынды сулардың экологиялық жағдайын жақсарту жолдары  БАЗ беттік активті заттар (детергенттер-
2.2 Ағызынды сулардың экологиялық жағдайын жақсартуға жүргізілетін жұмыстар
ҚОРЫТЫНДЫ
554.07K
Категория: ЭкологияЭкология

Ағызынды сулардың экологиялық жағдайы

1. АҒЫЗЫНДЫ СУЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

2.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Ағызынды сулардың экологиялық жағдайының негізгі сипаттамасы
1.2 Ағызынды сулардың экологиялық жағдайының маңызы
1.1
ІІ
АҒЫЗЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАЛАУ ӘДІСТЕРІ
2.1
Ағызынды сулардың экологиялық жағдайын жақсарту жолдары
2.2 Ағызынды сулардың экологиялық жағдайын жақсартуға жүргізілетін
жұмыстар
2.3 Ағызынды сулардың экологиялық жағдайын жақсартуға жүргізілетін
жұмыстар нәтиежесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

3.

Зерттеу жұмысының мақсаты:
Ағызынды сулардың экологиялық
жағдайын теориялық тұрғыда негіздеп,
оның ерекшеліктеріне, табиғи ортаға
әсеріне баға беру.

4.

Зерттеу жұмысының міндеттері:
Ағызынды сулардың ерекшеліктері;
Ағызынды суларға экологиялық баға беру;
Ағызынды сулардың табиғи ортаға әсерін анықтау;
Ағызынды сулардың экологиялық жағдайын
болдырмаудың алдын ала шараларын дұрыс
ұйымдастыра білу және қалыптасқан экологиялық
проблемаларды шешу жолдарын нақты білу;

5.

Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егер ағызынды сулардың
экологиялық жағдайы жақсартса,
қалыптасқан экологиялық
проблемалар аз болар еді.

6. І АҒЫЗЫНДЫ СУЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ Ағызынды сулардың экологиялық жағдайының негізгі сипаттамасы

Ағынды сулардың құрамының сапалық және
сандық мөлшері, компоненттердің оларға
технологиялық процестердің мерзімділігіне тәуелді
болады және сол өндірістің ерекшелігін көрсетеді.

7.

Өндірістік ағынды сулар химиялық құрамына
байланысты 3 топқа бөлінеді:
минералды заттармен ластанған
органикалық заттармен ластанған
минералды және органикалық заттармен ластанған.
Өндіріс салаларының сипатына байланысты,
өнеркәсіп ағынды сулардың химиялық құрамы
әркелкі болып келеді.

8.

Суды ең көп пайдаланушы және соның нәтижесінде
ағынды суларды көп шығарушы ең негізгі өндірістер
мыналар: мұнай өндеуші, металлугиялық, химиялық
және целлюлозды - қағаздық. Мысалы: 1 тонна шойын
150 - 200 м3, қағаз 65-110 м3, целлюлоза 175-400 м3
және мұнай өнімдерін 2-20 м3 өндіру кезінде су
жұмсалады. Кейбір фабрикалармен заводтардан өзен
көлемімен тең ағынды сулар шығарылады. Мысалы:
целлюлозды - қағаздық комбинаттан су көлемі - 10000 м
3 /сағ болса, синтетикалық каучук және гидролизді
спирт фабрикаларынан-50000 м3/сағ ағынды су
шығарылады.

9.

Өндірістік ағынды сулардың құрамында дисперсті
заттардан басқа да, әр түрлі құрамды химиялық
қоспалар кездеседі. Оларға органикалық заттар
(қышқылдар, спирттер, фенолдар, гербицидтер,
детергенттер және т.б.) және бейорганикалық
қосылыстар (тұздар, қышқылдар, сілтілер), мұнай
өнімдері, өткір улы заттар (цианиттер, мышьяк,
мыс, сынап, мырыш тұздары және т.б.) және өткір
иісті заттар, радиоактивті элементтер және т.с.с (
кесте 2).

10.

Кесте 2 Мұнай өндеуші заводтардың су құрамы

11. Мұнайдың судағы 1 мг/м3 мөлшері, өзінің улылық қасиетін білдіре бастайды. Ал, мұнайдың концентрациясы 200-300 мг/ л болғанда, судағы экологиялық

12.

Кесте 3 Су бетіне төгілген мұнай пленкасының
сипаттамасы

13.

Су ресурстарын ластаушы тағы бір көзі
целлюлозды - қағазды өндірісі. Оны өндіру
кезіндегі сульфитті және сульфатты әдістер
нәтижесінде сілті пайда болады, оны басқа да
қосымша заттар алу үшін утилизация процесінен
өткізеді, бірақ бұл өндіріс саласының ағынды
суларында үлкен көлемде органикалық заттар
болады. Төтенше жағдай кезіндегі сілтілерді
шығарылуы судың өте үлкен территорияларын
ластайды, судағы өсімдіктер және басқа да тірі
организмдер зардап шегеді.

14.

Кесте 4 Коксхимиялық заводтардың ағынды суларының құрамы

15. Ағызынды сулардың экологиялық жағдайының маңызы

Қазіргі кезде біздің елімізде мал шаруашылығы өндірісі
жақсы дамыған, сондықтан су ресурстарының бұл
өндіріс ағынды суларымен қатты ластану қауіпі төніп
отыр.
Мал шаруашылығынан қалдық ретінде шығатын азот,
фосфор, органикалық заттар, ауыл шаруашылығына
тыңайтқыш ретінде қолданады деп саналып, суларды
ластаушылардың қатарына кірмейді деп есептелінген.
Бұл өндірістен шығатын қалдықтардың биогенді және
органикалық заттарды есептеген кезде негізгі
көрсеткіштері мал басының саны, әр малдан шығатын
калдық көлемі. Барлық мал шаруашылығының
қалдықтарының 20% - азот, 2% - фосфор болып келеді.

16.

Су қоймалары ластануының спецификалық және
қауіпті түріне улы химикаттармен (инсектицидтер,
фунгицидтер, гербицидтер және т.б.) ластануы
көбейіп келе жатыр, себебі ауыл шаруашылығында
арам шөптермен және зиянкестермен күресу үшін
оларды соңғы кезде пайдалану артуда. Олар өте
канцерогенді, токсикалық және адам организімінде
жиналатын қасиеті бар сол себептен су
қоймаларына түсуі үлкен қауіп төндіреді.

17. ІІ АҒЫЗЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАЛАУ ӘДІСТЕРІ 2.1 Ағызынды сулардың экологиялық жағдайын жақсарту жолдары  БАЗ беттік активті заттар (детергенттер-

18.

Ағынды суларды тазарту – құрамындағы заттарды,
сондай – ақ патогенді микроорганизмдерді жоюға
немесе ажыратуға әкелетін әдістер жүйесі. Су
қоймаларының өз - өзін табиғи жолмен тазарту
барысында ағын сумен бірге түскен затарды да
бұзылуға ұшырауы мүмкін. Бұл процесс барысында
заттар концентрациясы, құрылымы және құрымы
уақыт пен кеңістік бойынша өзгеріске ұшырайды.
Сондықтан су қоймаларда табиғи тазарту
қондырмалардың маңызы зор.

19.

Ағын суларды тазарту схемасын жасау көптеген
факторларға байланысты. Бұл схема тазартылған
судың қанша мөлшері өндірісті сумен жабдықтауға
және қанша мөлшері суқоймаларына
құйылатындығын есептеу үшін қолданылады. Ағын
суларды тазартуда бірнеше қондырғы типтері
пайдаланылады:
Локальды (цехтік)
Жалпы (зауыттық)
Аудандық (қалалық)

20.

Жалпы тазалау қондырғылары тазарту
жұмыстарының бірнеше сатыларын біріктіреді:
Бірінші (механикалық)
Екіншілік (биологиялық)
Үшіншілік (тазалауға дейінгі)

21. 2.2 Ағызынды сулардың экологиялық жағдайын жақсартуға жүргізілетін жұмыстар

Ағын суларды биологиялық жолмен тазарту
процестерінің 2 әдісі бар:
Аэробты – микроорганизмдер заттарды тотықтыру
үшін оттегі пайдаланады.
Анаэробты – микроорганизмдер бос күйіндегі
еріген оттегімен де, сондай – ақ нитратиондарыны
электрондарының артық акцепторларымен
баййланысқа түсе алады.

22.

Биологиялық тазартуға тек бактериялар ғана емес,
сондай – ақ бір клеткалы органнизмдерден – су
саңырауқұлағынан, қарапайымдылардан (амеба,
кірпікшелі және талшықты инфузориялар),
микроскопиялық жануарлардан (жалпақ құрттар –
нематодтар, су кенесі) және т.б. тұратын күрделі
биологиялық ассоциация қатысады. Бұл
биологиялық ассоциация биологиялық тазалау
кезінде активті тұнба немесе биопленка түрінде
түзіледі.

23.

Активті тұнба - өлшенген суда
микроорганизмдердің, соның ішінде
бактериялардың колониясын түзетін, мөлшері 3150мкм болатын қоңыр сары түсті үлпек.
Биопленкалар кілегейлі капсула – зооглея түзеді.
Яғни биопленка дегеніміз – тірі микроорганизмдер
көмегімен тазаланған қондырғының беткі сүзінді
қабатында қалыңдығы 1-3мм болатын кілегейлі
өсінділердің пайда болады.

24.

Тамшылы биофильтр – ағын суларды тазартуда
кеңінен кеңінен қолданылатын қозғалмайтын
биопленкасы бар биореактор. Шын мәнісінде бұл
реактордың қозғалмайтын қабаты сұйық пен ауаны
өткізбейді. Жұқа қабықтық бетінде биомасса өседі.
Сүзгіш қабықтың ерекшелігі бетінде
микроорганизмдер көбейеді және ұсақ тесікті
болып келеді. Ұсақ тесіктер арқылы ауа мен сұйық
зат өтеді және ол реакторға газодинамикалық
қасиет береді.

25.

Биофилтрлерді пайдалану соншалықты күрделі
жүйе емес. Биофилтрлердің жұмысы нәтижелі
болуы үшін қойылатын негізгі талап, қондырғыны
ластанудан сақтау үшін алдын ала ағынды суды
тазалау қажет. Биофильтрлерді қолданған уақытта,
жағымсыз кезеңдер болады; яғни фильтрдің бетінде
шыбын-шіркейлер көбейеді, жаман иіс, микробты
массаның артық мөлшерде түзілуі.

26.

Қазіргі уақытта Америка мен Еуропаның 70%-ға
жуық тазалағыш қондырғылары тамшылы
биофильтрлерден тұрады. Мұндай
биореакторлардың жұмыс істеу ұзақтығы 10жылдан
артық (50жылға дейін).

27. ҚОРЫТЫНДЫ

Экология департаментімен құмды алқап шегінде мұнай өндіруді жүзеге асыратын
кәсіпорындардың санитарлық қорғау аймақтары шегінде Ембі, Темір өзендерінің жер
үсті суларының жағдайына аналитикалық бақылау жүргізіледі. 130 су сынамасы
алынып, 1494 анықтау орындалды. Оның ішінде 596 анықтама Темір өзені, 714
анықтама Ембі өзені бойынша және 184 анықтама Атжақсы өзені бойынша
нәтижесінде, ластағыш заттардың жоғары болуының 210 фактісі анықталды.
«Қазгидромет» РМК Ақтөбе облысы аумағындағы жер үсті суларының ластануын
бақылауды 12 су объектісінде жүргізді: Елек өз., Ор өз., Ембі өз., Темір өз., Қарғалы өз.,
Қосестек өз., Ырғыз өз., Қара Қобда өз., Үлкен Қобда өз., Ойыл өз., Ақтасты өзені және
Шалқар көлі.
Елек және Орь өзендері – Жайық өзенінің көпсулы сол жақ салалары. Ембі өзені
Мұғалжар тауынан бастау алады және теңіз жағасындағы тұзды шалшықтарда тоқтап
қалады ал, су мол жылдары Каспий теңізіне дейін ағады.
Су сапасы келесідей бағаланады: суы «орташа ластанған» - Қосестек, Ақтасты
өзендері; суы «ластанудың жоғары деңгейі» - Елек, Ойыл, Үлкен Қобда, Қара Қобда,
Қарғалы, Ор, Темір, Ембі, Ырғыз, Шалқар көлі.
2014 жылмен салыстырғанда Елек, Қарғалы, Ойыл, Қара Қобда, Ырғыз, Ақтасты, Ембі,
Ор, Темір өзендеріндегі, Шалқар көліндегі су сапасы айтарлықтай өзгермеген,
Қосестек өзенінде су жағдайы жақсарды, Үлкен Қобда өзенінде – нашарлады.

28.

Су ресурстарының ластануы және ағынды
сулармен ластағыш заттардың ағызулары
Ластағыш заттар мен тазартылмаған ағынды
суларды, мұнай және мұнай өнімдерін Ақтөбе
облысы аумағындағы ашық су қоймаларына
рұқсатсыз тура ағызу фактілері соңғы үш жылда
анықталмады. Су ағызудың нақты көлемдері
туралы ақпарат 4.2.3-ші кестеде ұсынылған.

29.

4.2.3-ші кесте. Су ағызудың нақты көлемдері
туралы ақпарат

30.

Экология департаменті сүзу алаңдары бар табиғат
пайдаланушыларды бақылап отырады: бақылау,
кәсіпорындардың сүзу алаңдары карталарына
технологиялық қызмет көрсету (тазалау және
жырту) сызбаларын әзірлегенін, ағын суларды
қабылдау объектілерінің орналасуы
қанағаттанарлық техникалық жағдайда екенін,
жасанды су қоймаларының (биотоғандар, сүзу
алаңдары, жинақтап булатқыш және т.б.) ағын
суларымен толу деңгейі жобалық белгілеулерден
төмен екенін бақылайды.

31.

Қорытындылай келе антропогенді күштердің әсерінен
аймақтық және жергілікті экологиялық проблеманың
пайда болуы, қоғамға қауіпсіздік жол және қолайлы
экологиялық орта құру деген мақсатымызды алға қоя
отырып мынандай міндеттерді қарастырған
болатынбыз:
Ағызынды сулардың ерекшеліктері;
Ағызынды суларға экологиялық баға беру;
Ағызынды сулардың табиғи ортаға әсерін анықтау;
Ағызынды сулардың экологиялық жағдайын
болдырмаудың алдын ала шараларын дұрыс
ұйымдастыра білу және қалыптасқан экологиялық
проблемаларды шешу жолдарын нақты білу; Бұл
міндеттер: Егер ағызынды сулардың экологиялық
жағдайы жақсартса, қалыптасқан экологиялық
проблемалар аз болар еді деген болжамымыздың
растығын дәлелдейді.
English     Русский Правила