Сөз өнері
Сөз өнері
Сөз өнері эссе
Сөз өнері асыл өнер
Мақал мәтелдер
Сөз өнері туралы өлен
Назарыңызға Рахмет!
717.75K

Сөз өнері

1. Сөз өнері

2. Сөз өнері

Өнердің ішіндегі ең бір қадірлі де қасиетті-көркем әдебиет.
Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, солардың өмірге көзқарасын
қалыптастырады, мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне ықпал етеді. Әдебит қоғам
өміріндегі сан қилы шиеленіс, тартыстарды, қақтығыс пен күресті бейнелейді.
Әдебиет-ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы; көркем шығарма өзегішындық.
Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының рухани қайнар күші-әдебиет десек,сол
әдебиет халықтың ерте замандардан бергі тарихының, эсттикалық болмысының,
философиялық ойлауының, мәдениетінің жалпы рухани байлығының бастауы.
Бүкіл дүниежүзілік әдебиеттер тарихына қарап отырсақ, ең таңдаулы шығармалардың
бәрі әрқашан терең тартысқа құрылған. Келелі, қиын дәуірлік шындықтың сан иірім сыры
тек қана тартыс арқылы ашылады.

3. Сөз өнері эссе

Сөз өнері-жүректі толқытып, ақылды таразылап, тіл қисынын
қиюластырып, ойды бояуын қандыра өрнектеп жеткізетін ұлы
өнер. От тілді, орақ ауызды біздің данышпан бабаларымыз
өнердің осы түріне ерекше ден қойып, ауыз әдебиетінің сан
алуан түрлерімен келешек ұрпаққа терең тәрбие беріп, тектілік
тізгінін ұстата білді. Сондықтан да біздер үшін бұл өнердің
қасиеті тым ерекше.Әдебиеттің сөз өнері ретіндегі өзіндік
ерекшеліктері бар. Өмір құбылыстарын бейнелеу мүмкіндігінің
молдығы, себебі. Әдебиет туралы ғылымның үш саласы,
мақсаты, өзара байланысы. Әдебиеттің негізгі және жанама
салалары.
Әдебиет туралы ғылым негізінен, мынандай үш түрлі ғылыми
салаларға бөлінеді: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы және
әдебиет сыны
Олай болса, жалпы әдебиетті дамытудағы сыншының күші,
жазушыға тигізер сынның ықпалы оның оқырманға тигізер
әсеріне, қалың көпшіліктің көркемдік талғамын қалыптастыруға
тығыз байланысты.

4. Сөз өнері асыл өнер

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Өнердің ең алды сөз өнері деп
саналады. «Өнер алды – қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Мұны
қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білген соң
айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадырынша сөз
өнері атқара алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты,
я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән мен күй болсын, сөзбен
сөйлеп, суреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан
келмейді», – дейді.
Дәл айтылған сөз. Расында Құдай аузына сөз салмаса, бәрі бекер! Мың
толғанып, жүз ойлансаң да көңілдегі ойды қағазға түсіре алмай
қиналасың. Мақаланы ретін тауып бастағанымен негізгі желісін
дамытып жазу оңай шаруа емес, ал оны қорытындылаудың қиындығы
бір бөлек әңгіме. Бәрінен бұрын, сөз өнерінде ұлттық мінез, дара болмыс
қажет. Онсыз жазу-сызудың қажеттілігі қанша?!

5. Мақал мәтелдер

Сөз — адамның айнасы
Тіл — шекер, бала — кетер, байлық — бекер.
Тіл жүйріктен де озады.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
Сөз шыңды табар.
Сөз асылы мақал.
Сөз түбін сөз табар.
Тіземнен сүріндірсең, сүріндір, Тілімнен сүріндірме.
Өлең — алтын,Сөз — күміс

6. Сөз өнері туралы өлен

Сөз өнері бірдей екен дертпенен,
Күндіз-түні менің алау – өрт денем.
Батыс, шығыс, онтүстік пен солтүстік,
Боламын да, бір денемді төрт бөлем.
Қыран болып қиял ұшса қиянға,
Балапандай дірілдеймін ұямда.
Жер бетінде кейде тіпті жоқтаймын,
Бір тарының қауызына сыям да.

7. Назарыңызға Рахмет!

Жанғабыл Рахым 7C
English     Русский Правила