2.87M
Категория: МузыкаМузыка

ата туралы слайд

1.

Сариев Халел Бисенғалиұлы
( 1920-1998)

2.

Сариев Халел Бисенғалиұлы- 1920 жылы 15 маусымда
қасиетті Қошалақ өңіріндегі Ақжонас тауының етегінде
дүниеге келген.
Ауылда бастауыш мектепті бітіргеннен кейін,Ганюшкиннен
1940 жылы орта мектепті ойдағыдай аяқтайды.
Сол жылы бастауыш мектепте сабақ беріп жүргенде қараша
айында Қызыл әскер қатарына алынып,Котяевтан кемемен
Астраханьға барады.
Ханила деген жерде 181 атқыштар полкінде болып,бір жұма
карантиннен кейін кіші командирлер даярлайтын курсты
аяқтаған кезде Ұлы Отан соғысы басталып кетеді.
Ленинград,Арханьгелск,Петрозаводск қалалары арқылы
Вологда қаласына оқу-жаттығуға келеді.
1942 жылы Саратов қаласының маңында 85 танк құрамында
оралдық Айтжан Матжанов екеуі бір танктың үстінде қос
автоматшы болып,майданға аттанады.

3.

227 атқыштар дивизиясының 2 атқыштар
полкіндегі 3 батальонының 2 рота
станковый пулеметінде расчет командирі
болған.
2 рет жарақат алса да,өз бөлімшесінен
қалмай,1944 жылы Керчьті азат етуде өз
үлесін қосқан.
Талай рет катермен десант ретінде жауға
тұтқиылдан шабуыл жасаған.
Сол кездегі ерлігі үшін “Қызыл жұлдыз”
ордерімен марапатталды.
Керчь қаласын азат етуде оң құлағынан
жарақат алып,5543-ші госпитальге түсіп,
оған қарамастан майданға
қатысып,медальмен марапатталған.
Жазылып шыққаннан кейін,ЯссыКишкенев операуиясына
қатысып,Румыния жерінде соғысып,Ұлы
Жеңісті Венгрия жерінде Будапеште
тойлайды.

4.

1945 жылдың қараша айында елге
оралады.
Ауылға келгеннен кейін,Қошалақ
ауылдық кеңесінде хатшы,кейіннен
К.Маркс атындағы 7 жылдық мектепте
мұғалім болып жұмыс жасайды.
1946 жылы әжем (Ақлима) екеуі отау
құрып 7 қыз,3 ұл тәрбиелейді.
1951-1955 жылдары денсаулығына
байланысты мамандығынан қол үзіп,II
топтағы мүгедек болып,зейнеткерлік
жасқа шығады.
1980 жылға дейін Жамбыл,соңынан
Гагарин атындағы мектепте жемісті
еңбек еткен.

5.

Атамның өз қолымен жазған
өмірбаяны
Ұлы Отан соғысына қатысқаны
үшін алған медальдары

6.

Атамның марапаттары
English     Русский Правила