Похожие презентации:
Лого тех №12
1. Дәріс №12 1.Артикуляциялық жаттығулар 2.Тыныс алу гимнастикасы 3.Саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту.
2.
Артикуляциялықжаттығулар
–
сөйлеу
мүшелерінің (тіл, ерін, жақ, жұмсақ таңдай)
қозғалыс икемділігін, күшін, дәлдігін және
үйлесімділігін дамытуға бағытталған арнайы
логопедиялық
әдістер
жиынтығы.
Бұл
жаттығулар сөйлеу тілі фонетико-фонемалық
дамуы кешеуілдеген, дыбыстарды дұрыс
артикуляциялай
алмайтын,
дыбыстарды
бұрмалайтын
немесе
айтылуы
нашар
балалармен жұмыста негізгі компоненттердің
бірі болып саналады. Сонымен қатар
дизартрия, ринолалия, дислалия, алалия, ОЖЖ
бұзылыстары бар балаларда да тиімді
қолданылады.
3.
Ерінге арналған жаттығулар• Жымию
Ерінді кең жайып, тістер
көрінетіндей етіп жымию.
Мақсаты: ерін
бұлшықеттерін созу.
• Түтікше
Ерінді алға созып, түтікше
тәрізді қалыпта ұстап тұру.
• Қоршау
Ерінмен тістерді айналдыра
қозғалту.
• Ерінді кезекпен көтеру
Алдымен жоғарғы, кейін
төменгі ерінді көтеріптүсіру.
• Ерінді ашып-жабу
Еріннің күшін арттыруға
бағытталған.
Тілге арналған жаттығулар
• Тәтті тосап
Тілді жоғары көтеріп, үстіңгі
ерінді «жалау».
Мақсаты: тіл ұшын көтеру
икемділігін арттыру.
• Сағат
Тілді оңға-солға баяу, кейін
жылдам қозғалту.
• Ат
Тілмен таңдайды
тарсылдату.
• Саңырауқұлақ
Тілдің ортасын көтеріп,
шетін түсіріп, таңдайға
жабыстыру.
• Кесе
Тілді «кесе» тәрізді жалпақ
қалыпқа келтіру.
4.
Жаққа арналғанжаттығулар
• Ауызды кең ашу
Айна алдында: ауызды
жай ашу, кең ашу, қайта
жабу.
• Жақты жанға жылжыту
Жақты оңға және солға
баяу қозғалту.
• Жақты алға шығару
Қауіпсіздік мақсатында
жеңіл ғана орындалады.
Жұмсақ таңдайға
арналған жаттығулар
• А-а-а жаттығуы
Ұзақ, анық «А»
дыбысын айту.
• Қысқа және ұзын дем
шығару
Тыныс пен дауыс
үйлесімділігін
арттырады.
5.
«Тәтті тосап» жаттығуыМақсаты: Жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін
және тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта ұстауын үйрету.
Қысқаша сипаттамасы: Жалпақ тілмен жоғары ерінді
жалап,ауыз қуысына кіргізу.
6.
«Тіс тазалау» жаттығуы• Мақсаты: Тіл ұшын астыңғы тіске тигізіп ұстауын, тіл
ұшын қимыл-қозғалыста дамыту.
• Қысқаша сипаттамасы: Күлімдеу, тісін көрсету, аузын
сәл қана ашып, тілдің ұшымен астыңғы және жоғарғы
тісті тазалау.
7.
«Күрекше» жаттығуы• Мақсаты:Тіл бұлшық еттерін дамыту.
• Қысқаша сипаттамасы: Тілімізді күрек
тәрізді жалпақ етіп шығару.
8.
«Саңырауқұлақ» жаттығуы• Мақсаты: Тіл бұлшық еттерін дамыту.
• Қысқаша сипаттамасы: Күлімдеу, ерінді сәл
ғана ашу, тілді қатты таңдайға тигізіп түсірмеу.
Ерін күлкі қалпында.
9.
«Әткеншек» жаттығуыМақсаты: Тілдің қалпын тез өзгерте білу дағдысын қалыптастыру.
Қысқаша сипаттамасы: Жымиып, тістерін көрсетіп, аузын ашып,
жалпақ тілді астыңғы тістердің артына (ауыз қуысының ішінде)
орналастыру. Осы қалыпта тілді жоғары көтеріп дәл осылай істеу
керек. Осылай тілдің қалпын 4-6 рет өзгертіп, жаттығуды қайталау
керек.
10.
«Ат шауып келеді» жаттығуы• Мақсаты: Тіл бұлшық еттерін қатайтып, тілді жоғары көтеріп
ұстауға үйрету.
• Қысқаша сипаттамасы:Ауызды кең ашып тілді таңдайға
жапсыру- айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек
әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.
11.
«Қоршау» жаттығуы• Мақсаты: Ерін бұлшық еттерін дамыту.
• Қысқаша сипаттамасы: Ерінді жымитып,
тістерімізді қатты жабамыз. Ерінді осы
қалыпта 10-15 секунд ұстау.
12.
«Кесе» жаттығуы• Мақсаты: Тіл бұлшық еттерін дамыту.
• Қысқаша сипаттамасы:Ауыз кең ашылады,
жалпақ қалыптағы тіл жоғары көтеріледі де, кесе
формасы беріледі. Тілдің шеттері тіске тимейді.
13.
«Ине» жаттығуы• Мақсаты: Бұлшық еттеріне күш түсіру арқылы, тілдің
ұшын жіңішке етіп ұстап үйрену.
• Қысқаша сипаттамасы:Aуызды кең ашып тілді алға
қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру
керек.
14.
«Түтікше» жаттығуы• Мақсаты: Ерін бұлшық еттерін дамыту.
• Қысқаша сипаттамасы: Тістерімізді бекітіп,
ернімізді түтікше тәрізді етіп алдыға шығару.
15.
«Бақа» жаттығуы• Мақсаты: Ерін бұлшық еттерін дамыту.
• Қысқаша сипаттамасы: Ерінді жымитып,үстіңгі
және астыңғы тістерді қабыстыру. Ерінді осы
қалыпта 10-15 секунд ұстау.
16.
«Тарақ» жаттығуы• Мақсаты: Жіңішке және жалпақ етіп тілді тістің ортасымен
алдыға шығару.
• Қысқаша сипаттамасы: Тісімізбен тілімізді тарау. Ерніміз
күлкі қалпында тісімізді қатты бекітеміз, тілдің ұшын осы тістің
ортасымен шығарамыз, тіл жіңішке әрі жалпақ болады. Осы
жаттығуды 3-4 рет қайталаймыз.
17.
«Сағат» жаттығуы• Мақсаты:Тілдің қозғалысын дамыту.
• Қысқаша сипаттамасы: Тілді жіңішкертіп
ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай
санап отырып 15-20 рет қайталау керек.
18.
«Мысық ашуланады» жаттығуы• Мақсаты: Тілдің артқы бөлігінің бұлшық еттерін дамыту.
• Қысқаша сипаттамасы: Күлімдеу, тілдің ұшын астыңғы тіске
бүгу. Тілдің арқасын- көтеріп тілді осы қалыпта 8-10 сек ұстау.
Жаттығу 5-6 рет қайталанады.
19.
«Футбол» жаттығуы• Мақсаты: Тіл қозғалысын дамыту.
• Қысқаша сипаттамасы: Ерін жабық тұрады,
тілдің ұшы кезекпен оң жақ бетке сол жақ
бетке тиеді.
20.
«Сылақшы» жаттығуы• Мақсаты: Тілдің жоғары көтеріліп қимылдауын дамыту.
• Қысқаша сипаттамасы: Ауызды ашып, тілдің ұшымен қатты
таңдайды жалау. Тілдің ұшын алдыға, артқа қимылдату.
21.
«Күркетауық» жаттығуы• Мақсаты: Тілдің ұшын жоғары көтеріп дамыту.
• Қысқаша сипаттамасы: Ауызды сәл ғана ашып, тілдің
ұшын жоғары ерінге тигізу. Алдымен жай қимылмен
бастап, одан кейін тездетіп және бп-бп дыбысын қосу.
22.
«Құймақ» жаттығуы• Мақсаты: Тіл бұлшық еттерін еркін ұстап, оны жалпақ
етіп алдыға шығару.
• Қысқаша анықтамасы: Ауызды сәл ғана ашып тілді
астыңғы ерінге тигізу. 5-10 сек осы қалыпта ұстау.
23.
«Қамыр» жаттығуыМақсаты: Тілдің бұлшық еттерін босаңсытып, оны жалпақ күйде
ұстауын үйрету.
Қысқаша сипаттамасы: Ауызды ашып, тілді төменгі ерінге
қойып «пя-пя-пя ...» деп айтқызу. Ауызды ашып тұрып тілді
жалпақ күйінде бірден беске–онға дейін санап, ұстап тұру.
24.
Практикалық тапсырмаКүрделі дыбыстарды (р, л, ш, ж)
қоюға
дайындық
ретінде
қолданылатын
артикуляциялық
жаттығулар
кешенін
құрастырыңдар.
25.
Тыныс алу гимнастикасы – сөйлеу кезінде тынысалу мен дем шығаруды дұрыс ұйымдастыруға
бағытталған
арнайы
логопедиялық
және
педагогикалық жаттығулар жүйесі. Дұрыс тыныс
алу сөйлеу аппаратының жұмысын белсендіреді,
дауыс күшін арттырады, сөйлеу қарқынын, дыбыс
шығару ұзақтығын реттейді.
Мақсаты
• Дұрыс сөйлеу тынысын қалыптастыру
• Өкпенің ауа сыйымдылығын арттыру
• Демді ұзақ әрі бірқалыпты шығару дағдысын
дамыту
• Дауыс күші мен тұрақтылығын реттеу
• Сөйлеу моторикасы мен тыныс үйлесімділігін
қалыптастыру
26. Тыныс гимнастикасының негізгі жаттығулары
Мұрын арқылы дем алу
Мұрынмен терең дем алып, ерін арқылы
баяу шығару.
Мақсаты: дұрыс тыныс ырғағын
қалыптастыру.
Шамды үрлеу
Қолға немесе үстелге қойылған қиялдағы
шамды жеңіл үрлеу.
Мақсаты: дем шығару күшін реттеу.
Үйрек
Еріндерді түтікше жасап, баяу дем
шығару.
Мақсаты: ерін және дем үйлесімділігін
дамыту.
Қағазды үрлеу
Қағаз қиындысын үрлеп қозғалту.
Мақсаты: тыныс бағыттылығын
қалыптастыру.
Кеме жүргізу
Жұқа қағаздан жасалған қайықты үрлеу
арқылы алға жылжыту.
Мақсаты: біркелкі ұзақ дем шығару.
Жапырақты әкету
Жұмсақ, ұзақ үрлеу арқылы мақтаны
немесе қауырсынды қозғалту.
Мақсаты: тыныс ұзақтығын арттыру.
Жел туннелі
Екі алақан арасынан дем шығару.
Мақсаты: демді бағыттау.
С дыбысына дайындық
Ұзақ, бірқалыпты «с-с-с» дыбысын айту.
Мақсаты: сөйлеу тынысын дыбыспен
үйлестіру.
Жаттығу «Велосипед»
Мұрынмен дем алып, 4 секунд ұстап
тұрып, ауызбен баяу шығару.
Мақсаты: тыныс бұлшықеттерін күшейту.
Диафрагмалық тыныс
Оқушының бір қолы кеудеде, бір қолы
іште. Тыныс алу кезінде іш қозғалып,
кеуде қозғалмауы тиіс.
Мақсаты: дұрыс сөйлеу тынысын
қалыптастыру.
27. Жаттығуларды орындаудағы қауіпсіздік ережелері - Терең тыныс алу кезінде бас айналу байқалса, жаттығуды тоқтату - Бала
шаршамауы үшін жаттығумөлшерін азайту
- Суық жерде жаттығуды жасамау
- Жаттығуды тамақтан кейін бірден
жасамау
- Мұрын жолдары ашық болуы керек
28.
Практикалық тапсырмаТыныс алу гимнастикасы тақырыбына 1
минуттық қысқа бейнеролик түсіріңдер
(Жұптық тапсырма).
29.
Ұсақ моторика – қолдың, саусақтардың,білектің
майда,
дәл
және
үйлесімді
қимылдары. Бұл қимылдар баланың жалпы
моторикалық дамуына, сөйлеу функциясына,
жазу
дағдыларына
және
когнитивтік
қабілеттеріне
тікелей
ықпал
етеді.
Нейропсихологиядағы зерттеулерге сәйкес,
саусақ қимылдарын басқаратын мидың
аймақтары сөйлеуді реттейтін орталықтарға
өте жақын орналасқан. Сондықтан ұсақ
моториканы дамыту – сөйлеуді, зейінді, есте
сақтауды, кеңістікте бағдарлау дағдыларын
қалыптастырудың маңызды бөлімі.
30.
Мақсаты• Саусақтардың икемділігін, күшін, дәлдігін
дамыту
• Қол бұлшықеттерін нығайту
• Қозғалыстарды үйлестіру және басқару
қабілетін жетілдіру
• Сөйлеу тілін жанама түрде ынталандыру
• Жазуға дайындықты қалыптастыру
• Баланың
шығармашылық
және
зерттеушілік қабілетін дамыту
31. Саусақтарға арналған негізгі жаттығулар
• Саусақтар амандасадыОң қолдың саусақтары сол
қолға кезекпен тиеді.
Мақсаты: қозғалыс
үйлесімділігін дамыту.
• Сағат
Бас бармақты айналдыра
қозғалту.
• Шырша
Саусақтарды бір-біріне
кезекпен біріктіру.
• Қоян
Екі саусақты жоғары көтеріп,
қалғандарын бүгу.
• Көбелек
Екі алақанды айқастырып,
саусақтармен «қанат қағу».
• Қарлығаш
Саусақтарды жоғары-төмен
еркін қозғалту.
• Жаңбыр тамшылары
Әр саусақты үстел бетіне
жеңіл соғу.
• Терезе
Саусақтарды төртбұрыш
формасына келтіру.
32.
Дамытушы ойындар• Мозаика құрастыру
• Лего және конструкторлар
• Моншақ тізу
• Түймелермен сұрыптау
• Қыстырғыштармен жұмыс
• Жіпке жапырақ, түйме тізу
• Кішкентай доптарды сұрыптау
• Саусақ театры
33.
Саусақ сурет өнері• Саусақпен бояу жағу
• Алақанмен сурет салу
• Дақтан бейне құрау
• Бояулы саусақпен өрнек салу
34.
Паркитикалық тапсырма• Мектепке дейінгі және бастауыш жастағы
балалар үшін 5–7 тиімді жаттығу
құрастырыңыз.
• Әр жттығу үшін мыналарды көрсетіңіз:
– Жаттығу атауы
– Жас ерекшелігі (ұсынылатын жас)
– Қолдану мақсаты
– Қажетті құрал-жабдықтар (егер қажет болса)
– Орындау әдісі (қадам бойынша сипаттау)
– Қысқаша түсіндірме (неге бұл жттығу
маңызды)
Образование