Похожие презентации:
DTT
1. DTT - Блоктарға бөліп оқыту әдісі
Ержанқызы Б.2.
Блоктарға бөліп оқыту әдісі (DTT) – үйретудің бірлігі жеке блок(trial) болып табылатын әдістеме. Әр блок нұсқаудан, реакциядан
(оқушының жауабынан) және салдардан тұрады: терапевт
нұсқауды дұрыс орындаған жағдайда мадақтайды, ал қате
орындаған жағдайда қате түзету процедурасын қолданады.
Дағдыны меңгерудің бастапқы кезеңінде блокқа қосымша түрде
түрткі (подсказка) енгізіледі.
Оқыту барысында бір ғана блок бірнеше рет қайталанып отырады.
DTT әдісін 1987 жылы Калифорния университетінің Лос-Анджелес
кампусында (UCLA) И. Ловас (Lovaas) әзірлеген. Блоктарға бөліп
оқыту әдісінің (DTT) теориялық негізі – қолданбалы мінез-құлық
талдауы.
3.
Негізгі қолдану салалары:Когнитивтік
даму
Коммуникаци
я
Әлеуметтік
өзара
әрекеттесу
4.
Әдістің бағытталатын нақты дағдылары:1
• Тыңдаушының мінез-құлқы (ауызша сөйлеуді қабылдау, сөйлеп тұрған адаммен
көз байланысын орнату, нұсқауды орындау, сұрау және т.б.)
2
• Имитация дағдылары
3
• Нысандарды олардың бейнелерімен сәйкестендіру
4
• Нысандарды функциялары, сипаттары, қасиеттері бойынша (ФХК) ажырату
5
• Сөйлеу дағдылары (сұрату, пікір білдіру, сұрақ-жауап)
6
• Ойын дағдылары
7
• Әлеуметтену дағдылары (құрдастарымен өзара әрекеттесу, эмоцияларды білдіру
және т.б.);
8
• Базалық оқу дағдылары (жазу, оқу, арифметика).
5.
Жасы:DTT әдісін 2 жастан бастап қолдануға болады, оқу процесі екі жылдан алты
жылға дейін жалғасуы мүмкін. Бұл әдіс ересектерді оқытуда өте сирек
қолданылады.
Әдісті қолдануға болатын баланың даму деңгейі:
Әдетте, әдісті қолдану жас балаларға немесе РАС бар төмен функционалды
деңгейдегі балаларға ұсынылады.
Әдісті қолданудың орынсыз екенін көрсететін балалардың ерекшеліктері:
– Функционалдық деңгейінің жоғары болуы.
6.
Базалық білімге қойылатын талаптар:Арнайы біліктілік талаптары жоқ.
DTT әдісін тек арнайы дайындықтан өткен мінез-құлық мамандары ғана емес, сондай-ақ атааналар, мұғалімдер және баланың әлеуметтік дамуы, тәрбиесі мен білім беруіне жауапты өзге де
адамдар қолдана алады.
Сертификацияланған курстар немесе тренингтерге қойылатын талаптар мен
ұсынымдар:
DTT әдісін үйрену қолданбалы мінез-құлық талдауының (ABA) аясында жүзеге асырылады. Атааналар немесе басқа мамандар міндетті түрде DTT бойынша сертификат алуы тиіс деген деректер
жоқ.
Алайда тәжірибелі маманнан (куратордан, супервизордан) кеңес алу — өте маңызды әрі
ұсынылады.
7.
Әдісті қолдану кезеңдері:Негізгі компоненттері: дискриминациялық стимул (SD) – қажетті жағдайда белгілі бір схема
бойынша ұйымдастырылған түрткілер тізбегі – мақсатты мінез-құлық – нығайту – келесі
тапсырманың алдында қысқа интервал.
Бала назарын шоғырландыру (баланың тапсырмаға бағытталуы).
Терапевттің (мұғалімнің) нұсқауды беруі.
Түрткі қолдану (қажет болған жағдайда).
Бала реакциясы (нұсқауға берген жауабы).
Жауапқа берілетін салдар (дұрыс реакцияны нығайту немесе қате түзету процедурасы).
Қысқа интервал (2–5 сек.) — салдардан кейінгі және келесі блоктың басталуына дейінгі уақыт.
8.
МысалыМаман нұсқауды айтады: «Мұрныңды көрсет». Оқушының реакциясы дұрыс болуы мүмкін: ол мұрнын
көрсетеді, демек, түрткі қажет емес. Жауап дұрыс болғандықтан, мадақтау немесе басқа да поощрение түрі
беріледі. Бұл тапсырмада материалдар қолданылмағандықтан, ешқандай затты алып тастау қажет емес.
Басқа сценарий: маман дәл сол нұсқауды айтады, бірақ бала қателеседі (бала жауап беруге әрекет жасамаса
немесе бұрылып кетсе, бұл да қате болып саналады). Бұл жағдайда нұсқау қайталанады және бір мезетте
түрткі беріледі (мысалы, баланың мұрнын көрсету арқылы). Түрткімен жасалған жауап үшін әдетте
поощрение дербес орындалған жауапқа қарағанда жеңілдетілген түрде беріледі. Түрткімен орындалған
нұсқаудан кейін проба қайта қайталанады, бұл ретте балаға қайтадан өз бетінше жауап беруге мүмкіндік
беріледі.
Бұл оқыту әдісі қолданбалы мінез-құлық талдауының қағидаттары негізінде құрылған, яғни қатаң ғылыми
принциптерге сүйенеді. Алайда дискреттік пробалар — мінез - құлықтық мамандар қолданатын жалғыз тәсіл
емес. Және, әрине, дискреттік пробалар қолданбалы мінез-құлық талдауының толық көрінісі болып
табылмайды.
9.
10.
11.
12.
Пайдаланылған дереккөздер:1. Lovaas, O. Ivar (1987). Behavioral treatment and normal educational and intellectual
functioning in young autistic children. Journal of Consulting and Clinical Psychology,
55(1), 3–9. doi:10.1037/0022-006x.55.1.3. ISSN 1939-2117.
2. Steinbrenner J. R. және басқалары. Evidence-Based Practices for Children, Youth,
and Young Adults with Autism. FPG Child Development Institute, 2020.
Психология