Похожие презентации:
1-сабақ
1. Лексикалық тақырып: Ар-ождан бостандығы. Дін және діни таным. Діни мерекелер Грамматикалық тақырып: Көмекші етістік
2.
Көмекші етістікКөмекші етістік – толық лексикалық
мағынасы жоқ, жеке тұрып сөйлем
мүшесі бола алмайтын, тек негізгі
етістіктермен,
есім
сөздермен
тіркесіп қолданылатын етістіктер.
Қазақ тілінде 4 көмекші етістік бар: е
(еді, екен, емес), жазда, ет, де (деді,
деген, десе, дейді).
3.
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.Қазақстан Республикасы Конституцияға сәйкес дінді
мемлекеттен ажырату қағидасы бекітіліп, діни сенім
бостандығы жарияланған зайырлы мемлекет болып
табылады. ҚР Конституциясының 22 бабында:
1. Əркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар.
2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы
адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет
алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе
оларды шектемеуге тиіс.
1991 жылдан бергі кезең ішінде Қазақстандағы діни жағдай
күрделі өзгерістерді бастан кешірді. Діни бірлестіктер
санының тұрақты негіздегі өсімі байқалуда. 2009 жылдың 1
наурызындағы жағдай бойынша, Қазақстанда 3993 діни
бірлестік әрекет етсе, 2011 жылдың 1 қаңтарындағы ресми
статистикалық мәліметтер бойынша олардың саны 4222
жеткен.
4.
2-тапсырма. Сұхбаттыжалғастырыңыз.
Адамның
ар-ождан бостандығы дегенді
қалай түсінесің?
Қазақстанда балалардың
құқығы қалай
қорғалады?
Жастарды жұмыспен,баспанамен қамтамасыз
ету үшін қандай жағдайлар жасалған?
5.
3-тапсырма. Берілген сөздерменкөсемшенің болымсыз түрінде
сөйлем құрастырыңыз.
Ар, намыс, ұят, тәрбие, үлгі,
жауапкершілік, заң, қамқорлық,
көмек, қорғау.
6.
4-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарқұрастырыңыз.
Дүниеге көзқарас дегеніміз шындық дүние және адам
туралы, адамның мінез–құлқымен іс -әрекеттері туралы ең
жалпы ұғымдарды айқындап беретін пікірлермен
тұжырымдардың
жиынтығы.
Дүниеге
көзқарастың
философиядан бұрынғы әлеуметтік–тарихи типтеріне
мифология мен дін жатады.
Мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне
формасы. Онда бастамасы, діни сенімнің бастамасы,
өнермен адамгершілік қатынастар бейнеленді. Миф (аңыз,
ертегілер) сананың әлі жіктелмеген біртұтас формасы
болды.
Дін - дүниеге көзқарастың шындық дүниені бұрмалап
бейнелендіруші
формасы.
Философиямен
діннің
жақындығы сол, ол екеуіде дүниеге көзқарастың қоғамдық
тарихи формалары ретінде дүниені түсіндірудің және
адамдардың санасымен мінез-құлқына ықпал жасаудың
ұқсас міндеттерін шешеді. Алайда олардың бір–бірінен
айырмашылықтарыда орасан зор.
7.
5-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Мәтіндегі ойдыжалғастырыңыз.
Қазақстан
Республикасы әрбiр адамның наным
бостандығы құқығын құрметтейтiн демократиялық,
зайырлы мемлекет болып табылады, азаматтар діни
сеніміне қарамастан тең құқылы, Қазақстан халқының
рухани мұрасымен үйлесетін дiндердiң мәдени және
тарихи құндылығын және конфессияаралық келiсiмнiң
маңыздылығын, дiни төзiмдiлiктi және азаматтардың
дiни нанымдарын құрметтейді.
Елімізде 2011 жылдың 11қазанында қабылданған
Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни
бірлестіктер туралы» Заң адам құқықтары туралы
халықаралық актiлер мен келiсiмдерде баянды етiлген
азаматтардың дiни сенiм бостандығы жөнiндегi
құқықтарын iске асыруға кепiлдiк береді.
8.
6-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.Рамазан —Хижра күнтізбесінің тоғызыншы айы. Бұл
айда мұсылман бір ай бойы ораза тұтады. Яғни, таң
сәреден күн батқанша ішіп-жеуден, түрлі жаманшылықтан
сақ болу керек. Рамазан сөзі «күйдіру, өте ыстық» дегенді,
яғни өткен күнәларды күйдіріп, өшіруші деген мағына
білдіреді.
Құрбан айт - мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол
«ораза айттан»кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге
созылады.
Бұл
күндер
Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері
құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл
мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі.[1]
Құрбан айттың бірінші күні маңызды болып саналады. Бұл
күні мешіттерде айт намазы оқылады. Айттың осы бірінші
күнінде адамдар бір-бірін құттықтап, бір-бірінің үйінен
дастарханнан дәм татады.Бұл күні әр мұсылманның үйінде
дастархан жайылады.
9.
7-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз.- Құрбан айт мерекесінде неше күн
демаламыз?
- Құрбан айтта жағдайы нашар
адамдарға қамқорлық жасау керек
- Құрбандық шалу дегенді қалай
түсінесің?
10.
Үй жұмысы:1-тапсырма. Еліміздегі діни бірлестіктер
туралы мәлімет дайындаңыз.
2-тапсырма.«Жастар және діни экстремизм»
тақырыбына сұхбат құрастырыңыз.
3-тапсырма. Көсемшенің жұрнақтарымен
етістіктің болымсыз түрінде сөйлемдер
құрастырыңыз.
4-тапсырма. Діни мерекелер туралы
презентация жасаңыз.
5-тапсырма. Ораза айт туралы қысқаша
мәтін жазыңыз.
Психология