Сабақтың тақырыбы: Шынықсаң, шымыр боласың
Бүгін сабақта:
Жаңа сөздер
Тыңдайық
Оқиық
Айтайық
Жазайық
1.70M

2 класс Шынықсаң шымыр боласың (1)

1. Сабақтың тақырыбы: Шынықсаң, шымыр боласың

2. Бүгін сабақта:

қимылды білдіретін
сөздерді қолдануды;
дене мүшелері туралы
айтуды үйренесің.

3. Жаңа сөздер

жарыс
жетістік
жаттықтырушы
шымыр

4. Тыңдайық

Тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Жарыс
Мектепте
спорт
түрлерінен
жарыс
өтті. Оқушылар күреске және футболға
қатысты.
Жарысты
көруге
ата-аналар
келді. Олар балаларының жетістіктерін
көріп
қуанды.
Жаттықтырушылар
оқушыларға алғыс айтты. Жарыс өте
қызықты болды.
Жарыс қайда өтті?
Оқушылар қандай спорт түріне қатысты?

5. Оқиық

Оқы. Сұраққа жауап бер.
Әділеттің әкесі ерте тұрды.Ол денесін
шынықтыра бастады.
- Әділет, кел, бірге шынығайық,-деді.
- Жақсы, әке!-деді Әділет. Ол әкесімен
бірге жүгірді.
- Шынықсаң, шымыр боласың!-деді әкесі.
- Әке, сіз қандай күштісі!- деп қуанды.
Әділеттің әкесі қандай?

6. Айтайық

• Өлеңдегі жаттығуды айтып орында.
Бойды бүкпей, тік ұста,
Еркін тұрып тыныста.
Жай оң қолды оң жаққа,
Жай сол қолды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай,
Екі шеңбер сызғандай.
Бір жаттығып байқа да,
Он шақты рет қайтала.
Мұзафар Әлімбай

7. Жазайық

Кестені толтыр. Дәптерге көшіріп жаз.
Дене
мүшелері
қол
аяқ
бас
Жаттығу
оңға, солға айналдыр
English     Русский Правила