Похожие презентации:
Терең тарихтан - жарқын болашаққа
1.
Терең тарихтан – жарқын болашаққа2.
Терең тарихтан – жарқын болашаққа3.
ІІІ кезеңТұлғаны таны
4.
12
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
5.
Ол Қазақ ханы, ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшысы және дипломатыБалалық шағында Төле бидің түйесін бағып «Сабалақ» деген лақап ат алған.
Аңырақай шайқасында Жоңғардың батыры Шарышты жекпе-жекте жеңіп үлкен
беделге ие болған ұлы тұлға
6.
Абылай хан (1711-1781)7.
Атақты Шыңғыс ханның 27-інші ұрпағы, Абылай ханның немересі, қазақ халқыныңсоңғы ханы, XIX ғасырдың 30-40 жылдарындағы ұлт-азаттық қозғалыс басшысы.
1847 жылы Қырғызстанның Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік – Сеңгір
аңғарында шәйіт болған тұлға
8.
Кенесары Қасымұлы (1802-1847жж)9.
Ол 1803 ж Ішкі Бөкей ордасы, Нарын құмы, Жасқұс жерінде дүниеге келген.1836-1838ж Бөкей Ордасындағы шаруалар қозғалысының жалынды жыршысы,
ұйымдастырушысы. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем
тап өкілдерінің озбырлық бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел
басындағы ауыртпалықты күйзеле айтты
10.
Махамбет Өтемісұлы 1803-184611.
Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалындыкөсемсөз шебері, либералды-демократияшыл зиялылардың бірі. 1909 жылы
Петербургте М. Дулатұлының "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді.
«Оян қазақ» сол кездегі ұлттық манифестке айналды
12.
Міржақып Дулатұлы13.
Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ (шын аты Мұхаммедханафия)Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі,философия, этнография, тарих,
экономика, құқық, география,ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері,
пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығыменжарқырай берері сөзсіз. Қырғыздың «Манас»
жырын қағазға түсіріп, «Қашғарға саяхаты» оны әлемге әйгілі етті
14.
Шоқан Уәлиханов15.
Ол - бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениеттіелдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақынжазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін
елдің"желкілдеп өскен көк шөптей" жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге,қазақ жерінде жаңа үлгідегі
мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне
үйретуге арнаған.
16.
Ыбырай Алтынсарин17.
Ол Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысыҰлы Отан соғысы басталысымен даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен
Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға
аттанып, батальон, полк командирі қызметтерін атқарған. 1941 жылғы Мәскеу түбіндегі күзгі,
қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет
қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды.
18.
Бауыржан Момышұлы19.
Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторыатанған ол өзінің алдындағы Шоқан,Ыбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық
бағыттарынжалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды. 19131918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік
істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге,
ілгері ұмтылуға шақырады.
20.
Ахмет Байтұрсынұлы21.
Ол көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысыныңтеориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және
Алашорда үкіметінің төрағасы
22.
Әлихан Бөкейханұлы23.
Кеңес мергені, ефрейтор, Кеңес Одағының батыры. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында 2-ші Балтық жағалауыфронтында, 22-ші әскердің 54-ші арнайы атқыштар бригадасында қызмет еткен. Шығыс әйелдері ішінен
тұңғыш Кеңес Одағы батыры атағын алған мерген қазақтың батыр қызы
24.
Әлия Молдағұлова25.
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР-ның 1960-1986жбірінші хатшы қызметін атқарған. Алматы қаласының гүлденуіне, мәдени орталыққа айналуына үлкен үлес
қосқан Медеу мұз айдынының салынуына мұрындық болған Қазақ КСР басшысы
26.
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев27.
Геолог-ғалым,минерология ғылымдарының докторы,профессор, академик. Қазақ КСР Ғылым академиясынұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және
Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.
28.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев29.
Қазақтың әйгілі актері, режиссер. 1964ж КСРО-ның халық артісі Оның қойған көркем фильмдері: «Махаббаттуралы аңыз» (1953), «Алдар көсе» (1965), «Атамекен» (1966), «Найзатас баурайында» (1968). Көрермен
қауымның ой-талғамынан шыққан «Біздің сүйікті дәрігер» (1958) мен «Тақиялы періште» (1969) фильмдері
ұлттық кино өнерінде комедиялық жанрды дамытудағы соны ізденістерімен ерекшеленді.
30.
Шәкен Айманов31.
Қазақстанның мемлекеттік туының авторы. 1992 жылыол Қазақстан, ТМД, Түркия, Германия, Моңғолия елдерінен 1200-ге тарта суретші қатысқан
конкурста жеңіп шыққан дарынды суретші
32.
Шәкен Ниязбеков33.
Ақын, тілтанушы, саясаткер, 1989 ж ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы«Невада-Семей» қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі. 1999ж «Жазу тілі» кітаптарының
авторы. Төтенше және Өкілетті Елші. Қазақстанның Еңбек Ері
34.
Олжас Сүлейменов35.
Ол ежелгі Отырар қаласында туған. Математика, риторика, музыка, арифметика ғылымсалаларынды іргелі еңбектер жазып қалдырды. Музыканың теориясы мен тарихы жөніндегі
зерттеулерінде көптеген ойшылдардан асып түсті. Түркі ойшылдарының ең атақтысы
36.
Әбу Насыр Әль-Фараби37.
ІV кезеңКапитандар сайысы
Әрі қысқа, әрі нұсқа
38.
ІV кезең1 минут ішінде Команда капитандарына
тарихи ақпарат оқылады, сол ақпараттық
ақиқат/жалған екенін анықтап ия/жоқ деп
жауап береді.
39.
V кезеңТарихи сыр сандық