Келешек әлем: қиял мен шындық (Оралхан Бөкей «Қар қызы»)
1.
Бөлім атауы:«Келешек әлем: қиял мен шындық» бөлімі
Сабақтың тақырыбы: Оралхан Бөкей «Қар қызы» повесінен
үзінді. Қиялмен көмкерілген шындық.
Оқу мақсаттары :
10.О4. Түрлі ақпарат көздерінен (оның ішінде гиперсілтеме мен
түрлі навигациясы бар мультимодальды және электронды
мәтіндер) қажетті ақпараттарды алу, жинақтау, тұжырым жасау,
бағалау үшін оқылым стратегияларын қолдану.
10.Ж1. Бірнеше мәтіндегі негізгі ақпаратты жинақтап,
көзқарастарды (пікірлерді) талқылай отырып жазбаша шолу
жасау
2.
Сабақтың мақсаты:• Гиперсілтемесі бар мультимодальды және электронды мәтіндерден
қажетті ақпараттарды алу, жинақтау, тұжырым жасау, бағалау үшін
оқылым стратегияларын қолдану.
• Бірнеше мәтіндегі негізгі ақпаратты жинақтап, көзқарастарды талқылай
отырып жазбаша шолу жасау.
Бағалау критерийлері :
• Қажетті ақпараттарды дұрыс іріктейді, оқылым стратегияларын тиімді
қолданып, тұжырым жасайды.
• Мәтіндердегі негізгі ақпаратты дұрыс жинақтайды, көзқарастарды
талқылайды, жазбаша шолу жасайды.
3.
Оқылым алдындағы тапсырма«Инспекциялық оқу»
Оралхан Бөкей «Қар қызы» повесінен үзіндісі бойынша
Мәтінге көз жүгірту арқылы негізгі ақпараттар тізбегін
жаз. Түсінік бер.
1. Адам – жұмбақ, ғалам – жұмбақ.
2. -----------------------------------------3. ------------------------------------------
4.
ЖЖ. Оқылым тапсырмасыhttps://massaget.kz/uy_tapsyirmasyi/25015/
және https://massaget.kz/uy_tapsyirmasyi/24335/ сілтемелерін қолдану
арқылы тапсырмаларды орында
Дескриптор:
•Оқылым стратегияларын тиімді қолданады;
•Сұрақтар бойынша қажетті ақпарат жинақтайды;
•Шығарманың құрылымы мен тіліне қатысты тұжырым
жасайды.
ҚБ
Жұптар бір-бірін топ ішінде бағалайды.
5.
Мәтінді шолып оқу арқылы төмендегі сұрақтарға 1 сөйлеммен жауап жаз• Оралхан Бөкейдің шығармаларының сюжетінде уақыт пен кеңістік қалай суреттеледі?
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------• Оралхан Бөкейдің есімінің дүние жүзіне танымал болуының себебі неде?
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Әдебиет сыншыларының «Қар қызы» повесінің көркемдік әдісі туралы
пікірлерін оқып, дәлел келтір.
«Қар қызы» повесі - философиялық-романтикалық шығарма» (А.
Қодаров)
Дәлел:----------------------------------------------------------------------------------------------------------«Қар қызы» повесі - реалистік сипаты басым шығарма» (Ө.
Көзбеков)
Дәлел:-----------------------------------------------------------------------------------------------------------
6.
Оқылымнан кейінгі тапсырмаТ. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы жазушы стилінің
ерекшелігіне шығармадан дәлел келтіріп, сөйлемдерді жалғастырып,
тұжырымды ойларыңды айтыңдар.
Мәселен: Шығарманың идеялық-философиялық ойы тылсым күшке
деген сенімі. (оқушы өз ойын айтып, шығармадан дәлел келтіреді)
7.
Жазылымалды тапсырма:1-қадам:
Мәтіндерді оқып, көзқарастарды анықтаңдар, жұпта талқылаңдар,
сұрақтарға жауап беріңдер.
Мәтіндер бойынша талқылау сұрақтары:
1. Мәтіндерде қандай оқиғалар суреттелген?
2. Мәтіндерде қандай мәселелер көтерілген?
3. «Қар қызы», «Қар адамы» деген кімдер?
4. Өмірде қар адамы, қар қызы дегендер болуы мүмкін бе?
5. Ауылда неліктен «Қар қызы» туралы сыбыс тарады деп ойлайсың ?
6. Нұржанның қорықпауының себебі неде?
7. Жанары жанған қыз Нұржанды не себепті ауылдан кетуге үгіттеді?
8. Сенің ойыңша, бұл оқиғалар шындық па, қиял ма?
9. Қиял шындыққа айналуы мүмкін бе?
10. Қазіргі кезде қиялдан туған шындық ретінде нені айтар едің?
8.
Жазылымалды тапсырма:2-қадам:
Үзінділердегі идея мен көтеріліп отырған мәселелерді, көзқарастарды
салыстыр. Оқиға ретін сақтай отырып, қарапайым жоспар құр.
Үлгі:
1. Кіріспе бөлім: «Аңыз бен шындықты қалай ажыратамыз?»
2. Негізгі бөлім: «Қар адамы мен қар қызының ерекшелігі»
3. Қорытынды: «Қиялдан туған кейіпкерлер шын өмірде болуы мүмкін бе?»
9.
Жазылым тапсырмасы:Тақырыпқа сай сөз оралымдары мен көркемдегіш құралдарды орынды
қолданып, оқиға ретін сақтап, «Қардағы тылсым күштер»
тақырыбында мазмұндама жаз.
Тақырыпқа сай сөз оралымдары мен көркемдегіш құралдар:
«Қиялда елестете алғаныңның бәрі рас» (Пабло Пикассо); Әркімде бар бір қиял,ал қиялды
кім тияр (мақал); қиял қанатында, шындықты шырылдату, тылсым күштер, қиял бар
жерде шындық бар, келешектің кемесі, т.б.
Дескрипторлар:
• Тақырыпқа сай сөз оралымдарын түгел қамтыды
• Көркемдегіш құралдарды орынды қолданды
• Оқиға ретін сақтады
10.
Жазылымнан кейінгі жұмыс:«Бір сөйлеммен қорытынды» Әр оқушы өз мәтінінің идеясын бір
ғана әсерлі сөйлеммен айтады. (Мысалы: «Қар астындағы үнсіздік
кейде адамға көрінбейтін күштердің бар екенін сездіреді».)
Кері байланысы:
Маған ерекше ұнағаны.....
Сабақтан соң маған........келді.
......қиындық тудырды.
Педагогика