Дәріс 4 Құрылыс конструкциялары
Жүктемелер мен әсерлер (Loads and Actions)
Беттік жүктемелердің түрлері (Surface Loads)
Құрылыс конструкцияларына әсер ететін жүктемелердің жіктелуі
Жүктемелердің түрлері: тұрақты, уақытша және ерекше
Нормативтік жүктемелер
Есептік тұрақты және уақытша жүктемелер
Есептік жүктемелер
Есептік тұрақты және уақытша жүктемелер
Жүктемелердің үйлесуі
Арнайы үйлесулер және өлшем бірліктері
433.71K
Категория: СтроительствоСтроительство

Жүктемелер мен әсерлер және құрылыс конструкцияларын есептеу негіздері

1. Дәріс 4 Құрылыс конструкциялары

Дайындаған: Ниетбай С.Е.

2. Жүктемелер мен әсерлер (Loads and Actions)

• Теориялық механика курсынан белгілі болғандай,
жүктемелер көлемдік және беттік болып бөлінеді.
• Көлемдік жүктемелер конструкцияның әрбір бөлігіне
(денесіне) әсер етеді. Оларға:
ауырлық күші (гравитация),
инерция күштері жатады.
• Беттік жүктемелер конструкция элементтерінің өзара
түйісу, тірелу беттерінде немесе машиналар мен
механизмдердің конструкциямен жанасу орындарында
әсер етеді.
• Жердің тартылыс күші конструкцияға әсер еткен жағдайда,
ол өз салмағы деп аталады.
Қарапайым инженерлік есептерде ғимараттар мен
көпірлердегі инерция күштері көбінесе ескерілмейді.

3. Беттік жүктемелердің түрлері (Surface Loads)

• Беттік жүктемелер конструкция элементтерінің
тірелу (қосылу) орындарында пайда болады және
келесі түрлерге бөлінеді:
• Шоғырланған жүктемелер – жанасу ауданы өте
аз болған жағдайда
(мысалы, балканың қабырғаға немесе колоннаға
тірелуі);
• Бірқалыпты бөлінген жүктемелер, егер
жүктеме:
• сызық бойымен берілсе — сызықтық
(погонды) жүктеме;
• бет арқылы берілсе — аудан бойынша
бөлінген жүктеме
(мысалы, іргетастың топыраққа тірелуі).
• Шоғырланған жүктемелер әдетте бас әріптермен
(N, F, G),
ал бірқалыпты бөлінген жүктемелер кіші
әріптермен (p, q және т.б.) белгіленеді.
• Жүктемелер әсер ету сипатына қарай:
• статикалық (біртіндеп әсер етеді),
• динамикалық (үдеумен немесе соққымен әсер
етеді)
болып бөлінеді.
• Бұл курста негізінен статикалық жүктемелер
қарастырылады.

4. Құрылыс конструкцияларына әсер ететін жүктемелердің жіктелуі

Құрылыс
конструкцияларын
а әсер ететін
жүктемелердің
жіктелуі
Құрылыс конструкцияларына әсер ететін жүктемелер әсер ету ұзақтығына
қарай жіктеледі және құрылыс нормаларына (есептеу стандарттары) сәйкес
қарастырылады.
Жүктемелердің негізгі топтары:
Тұрақты жүктемелер
Уақытша жүктемелер
• ұзақ мерзімді
• қысқа мерзімді
• ерекше (арнаулы)
English     Русский Правила