Бүгінгі сабақта:
Жаңа сөздер
Тыңда. Сұраққа жауап бер.
Оқиық
Айтайық
Жазайық
Кері байланыс Бүгінгі сабақ бойынша көңіл-күйіңді білдіретін суретті таңда
1.33M

2 класс Табиғатты қорғайық

1.

Сабақтың тақырыбы:
Табиғатты қорғайық!

2. Бүгінгі сабақта:

қашан? сұрағына жауап беруді;
не істейді? сұрағына сөйлем
құрауды үйренесің.

3. Жаңа сөздер

қоқыс
жинау
сенбілік
сындырма

4. Тыңда. Сұраққа жауап бер.

Көктем
Көзін аш бұлақтың,
Сарқырап су ақсын.
Қарасын күлімдеп
Көктегі шуақ Күн.
Сағыныш Намазшамова
Көктем айларын білесің бе?

5. Оқиық

Тыңда. Сұраққа жауап бер. Қашан?
сұрағына жауап беретін сөзді тап.
Мынау – аула. Аулада ағаштар, гүлдер бар. Бүгін
сенбілік. Оқушылар мектепке келді. Балалар ауланы
тазалады. Қоқыс, жапырақ жинады. Гүлдерге су құйды.
Аула таза болды.
Балалар табиғатқа қалай көмектесті?

6. Айтайық

Суретке қара. Бірнеше сөйлем құрап айт.
Ол не істеді?

7. Жазайық

Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып,
көшіріп жаз.
Ағашты сындыр...!
Қоқысты шаш...!
Жерді қаз...!
Көп сөйле...!
Сабаққа кешік...!
Терең суда жүз...!
ма, -ме
-па, -пе
-ба, -бе
-

8. Кері байланыс Бүгінгі сабақ бойынша көңіл-күйіңді білдіретін суретті таңда

English     Русский Правила