Похожие презентации:
12 апта 22 лекция
1. Дәріс 22. Тәрбие жұмысы процесінде педагогикалық қолдаудың әдістемесі
2. Жоспар
1. Педагогикалық қолдаудың мәні2. Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары
3. Педагогикалық қолдаудың әдістері мен
тәсілдері
Лекция мақсаты: Тәрбие жұмысында
педагогикалық қолдаудың мәні, тиімді
жағдайлары, әдістері мен тәсілдері туралы білім
негіздерімен қаруландыру, танымдық
қабілеттерін дамыту.
3. Педагогикалық қолдау – бұл:
а) тәрбиеленуші сенімінен шығу;б) көбіне педагогикалық қолдау
қажеттігін өзі сезбейді, бірақ оған
мұқтаж болған тәрбиеленушілерге
қол ұшы жәрдемін беріп және
қолдау.
4.
Оқушының тұлға ретінде өзіне тәнқабілеттерін дамытуға бағытталған тәрбие
жүйесінің маңызды бөлігі мұғалімнің балаға
психологиялық-педагогикалық қолдау жасап,
баланың маңызды проблемаларын шешуде
көмек көрсетуі болып табылады.
5. Педагогикалық-психологиялық қолдау технологиясының көкейтестілігі ретінде мыналарды атауға болады:
Педагогикалық-психологиялық қолдаутехнологиясының көкейтестілігі ретінде
мыналарды атауға болады:
баланың жеке қабілеттерін дамыту өмір талабы; себебі күннен күнге алға қарыштап
дамыған заман өзіне лайықты тұлға талап етеді.
өзіне-өзі сенімді, өзін-өзі бағалай алатын, тұрақты
көзқарасы бар тұлға қалыптастыру –
кез келген мұғалімнің маңызды проблемасы.
алдымызға келген бала қабілеттерін
дер кезінде бағамдап, көмек көрсете білуімізден жеке
тұлғаның дамуына бағытталған педагогикалық әсердің
табыстылығы анықталады.
6. Педагогикалық-психологиялық қолдау технологиясының жүзеге асырылуына оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара
Педагогикалық-психологиялық қолдаутехнологиясының жүзеге асырылуына
оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара әрекетінің
кезеңдері арқылы анықталады:
диагностикалық кезең – баланың қызығушылығын, мінез-құлқын,
жеке басында болатын проблемаларын зерделеу кезеңі;
зерттеу кезеңі – оқушымен бірлесе отырып, анықталған проблеманы шешу
жолдары қарастырылып, зерттеледі;
келісім кезеңінде кез келген формада бала мен мұғалім
арасында келісушілік, ортақ пікір, келісім жобасы жасалады;
қызмет кезеңі – оқушы мен мұғалімнің өзара әрекетінің негізінде
анықталған проблемаларды шешу, түзету, белсенді көмек көрсету, қолдау, яғни
нағыз нәтижеге бағытталған жұмыс осы қызмет кезеңінде жүргізіледі;
рефлексивтік кезеңде –
баламен бірге қол жеткен табыстар мен сәтсіздіктер сараланады,
өмірлік тәжірибеге қорытынды жасалады.
7. Педагогикалық-психологиялық қолдау технологиясы бойынша қызмет ұйымдастырудың өзіндік әдістері мен ерекше тәсілдері
Педагогикалық-психологиялық қолдаутехнологиясы бойынша қызмет ұйымдастырудың
өзіндік әдістері мен ерекше тәсілдері бар. Олар:
- анықталған проблема бойынша жұпта
немесе шағын топта әңгімелесу, ойтолғау;
- «Сенің ойың» - әр оқушының проблеманы өз
көзқарасы, түсінігі бойынша талқылауы;
- «Менің ойым» көзқарастың, түсініктің әралуандылығы, бұл
жерде проблема бойынша мұғалімнің көзқара
сының да маңызы өте зор;
- «Белсенді тыңдау»
әдісі: анықталған проблема бойынша тиімді
жұмысқа қатысу, мұғалімнің ақылын, түзетул
ерін тыңдау.
8.
Баланы қолдаубойынша
жұмыстың
тізбектілігі
Кешенді көмек
беру жоспарын
әзірлеу
Мәселені
шешуде
жоспарды іске
асыру
Мәселенің
қойылымы
Алынған
ақпараттың
сараптамасы
Қолдау қызметі
нәтижелерінің
мәнін ұғыну және
бағалау
9. Педагогикалық-психологиялық қолдау технологиясының нәтижесін мынадай табыс формуласынан көруге болады. Олар:
- оқушыда өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік пайда болады;- өзін-өзі дамытуда бала қоршаған ортаңың ерекшеліктеріне
икемделеді, себебі, ол жалғыз емес, қоғамда өмір сүреді.
Тұлға адамдар арасында түзелуге икемделеді;
- оқушы жеке шығармашылық қызметке қатысады;
- атқарылған жұмыс нәтижесінде тұлға өзін-өзі дамытады және
жетілдіреді.
10. Бұл технология бойынша өзара іс-әрекеттің принциптері мен мақсаттары үш негіз ата-ана, бала, ұстаз арасындағы
Бұл технология бойынша өзара ісәрекеттің принциптері мен мақсаттары үш негізата-ана, бала, ұстаз арасындағы
ынтымақтастықты қалыптастыруға бағытталады.
Бала
Ата ана
Ұстаз
11. Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары
жылы лебіз;құлақ сала білу, қажет
болса – кеңес беру;
оның құқығын қорғау;
тәрбиешінің балаға
болған қамқорлық
қатынасы;
тәрбиеленушіге сенім;
шәкірттің қандай да
табысын көре танып,
оған ұнамды баға
беруден жалықпау және
т.б.
12. Педагогикалық қолдау
1) тәрбиеленушілердің баршасынабағытталып, оларға деген қамқорлық пен
сенім қатынасында көрінумен өзара
сыйластық, түсіністік, қызметтестік көңілкүй жағдайын түзуге көмегін тигізеді;
2) жеке тұлғаға бағытталып, оның дамуына,
білім игеруіне, тәрбиелілігіне, өз басы
проблемаларын шешуге жәрдем көрсетіп,
азаматтың өзгерістерін диагностикалап
баруға мүмкіндік береді.
13. Жеке тұлғаға арналған педагогикалық қолдаудың мазмұны – адамды алда көздеген нəтижелерден алшақтататын кедергілерді жеңу
Жеке тұлғаға арналған педагогикалық қолдаудыңмазмұны – адамды алда көздеген нәтижелерден
алшақтататын кедергілерді жеңу жолдарын
қамтиды. Мұндай кедергілердің түрі:
субъектив
(тұлғалық)
«Мен» —
кедергілер: өз
бетінше дербес
шешім
қабылдауға
қажет
ақпараттың
болмауы
(ақпарат
толықса, кедергі
сол бойда
жойылады);
адамның
қосымша
еңбектенуінің
қажеттігі (қол
ұшы жәрдем
беріп, ынтасын
көтеру);
тұлғаны
күйзеліске
келтіретін
кемшіліктер
(тән-денелік,
психикалық,
арақатынастық
); білім және
тәжірибе
жетіспеуі;
объектив
(әлеуметтік)
«Олар» —
кедергілер:
(әлеуметтік орта
– мұғалімдер,
әкімшілік, досжарандар,
құрбы-қатарлар,
отбасы және
басқалар).
14. Қорытынды
Тәрбие жұмысы процесінде педагогикалық қолдау– оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен әлеуметтік
бейімделуін қамтамасыз ететін маңызды құрал. Бұл
әдістеме оқушыларға моральдық, психологиялық және
оқу жағынан көмек көрсетуге бағытталған. Педагог әр
баланың қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып,
жеке және топтық әрекеттерді ұйымдастырады. Қолдау
арқылы оқушылар өз ойларын ашық білдіріп, дұрыс
шешім қабылдауға үйренеді. Әдістеме сыныптағы
жағымды атмосфераны қалыптастырып, ынтымақтастықты
арттыруға ықпал етеді. Нәтижесінде педагогикалық қолдау
оқушылардың өзін-өзі дамытуы мен сыныптағы тәрбие
процесінің тиімділігін қамтамасыз етеді.
15. Бақылау сұрақтары:
1. Педагогикалық қолдаудың мәні2. Педагогикалық қолдаудың тиімді
жағдайлары
3. Педагогикалық қолдаудың әдістері мен
тәсілдері
4. Педагогикалық-психологиялық қолдау
технологиясының кезеңдері
16. Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:1. ҚР «Білім туралы» Заңы. А. 2007.
2. ҚР жалпы орта білім беру мазмұнының концепциясы. А. 1995.
3. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., т.б. Мектептегі тәрбие
жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. А. РБК. 1999.
4. Меңжанова А. Тәлім-тәрбие жұмысын ұйымдастыру. А. РБК. 1998
5. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі А. 2004
Қосымша:
1. Конвенция о правах ребенка. Учитель Казахстана. 5.07.1999.
2. Концепция этнокультурного образования в РК. А. 1998.
3. Кульневич С.В., Лакоценина Т.П. Воспитательная работа в
современной школе. Ростов-на-Дону. 2000.
4. Макарченков В. Поиски и находки новых методов воспитания и
обучения. Білім-Образование. №1, 2001, стр 72-76.