Бүгінгі сабақта:
Тыңдайық
Біліп ал!
Оқиық
Айтайық
Есіңе сақта!
Жазайық
...білдім
3.58M

2 класс Ауылға саяхат

1.

Сабақтың тақырыбы:
Ауылға саяхат

2. Бүгінгі сабақта:

сұраулы сөйлем құрауды;
өлең жаттауды үйренесіңдер.

3. Тыңдайық

1-тапсырма. Тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Жазда мен ауылға барамын. Ол жақта
менің атам мен әжем тұрады. Мен оларға
көмектесемін.
Көлге
барамын.
Балық
аулаймын, велосипед тебемін.
Ауылда кімдер тұрады?
Ол кімге көмектеседі?
Ауылда не істейді?

4. Біліп ал!

Сұраулы сөйлем:
Сендер саяхатқа шықтыңдар ма?
Сендер саяхатқа немен бардыңдар?

5. Оқиық

2-тапсырма. Өлеңді оқыңдар. Жаттап алыңдар.
Жаз
Жазды ыстық сүйемін,
Сайраңдап жүремін.
Суына шомылып,
Күніне күйемін.
Қабдыкәрім Ыдырысов

6. Айтайық

3-тапсырма. Суретке қара. Мәтін құрастырып айт.

7. Есіңе сақта!

Алақай, мен ауылға
барамын!

8. Жазайық

4-тапсырма. Толықтырып көшіріп жазыңдар.
Атам мен әжем ауылда тұрады.
Көлге ________________________________
Балық ________________________________
Велосипед ___________________________
Керекті сөздер: тебемін, аулаймын, барамын.

9. ...білдім

Бүгінгі сабақта
МЕН
...білдім
...үйрендім
....қайталадым
...айттым
...есте сақтадым
English     Русский Правила