Электроқауіпсіздік
Электр қауіпсіздігі туралы түсінік.
Электр тогымен зақымдану себептері:
Электр тогының адам ағзасына әсері
Электрожарақат себептері:
Электрожарақат түрлері:
Электрлік күйіктер:
Электрлік белгілер
Терінің металдануы
Электроофтальмия
Электр тоғының соққысы
Электр соққыларының жіктелуі (шартты)
Жергілікті және жалпы электр жарақаттары
Электр тогының адам ағзасына әсер ету түрлері:
Электр тогымен зақымдану қауіптілігіне әсер ететін факторлар:
Адам ағзасына әсеріне қарай токтардың жіктелуі:
Токтың шамасы мен түрінің әсері:
Токтың өту ұзақтығының зақымдану дәрежесіне әсері:
Токтың өту жолының зақымдану дәрежесіне әсері
Токтың жиілігі мен түрінің зақымдану дәрежесіне әсері    
Айнымалы ток жиілігінің әсері
Адамның жеке ерекшеліктерінің зақымдану дәрежесіне әсері
Адам денесінің электрлік кедергісі
Адам денесінің электрлік кедергісіне әсер ететін факторлар:
Адам денесінің кедергісінің берілген кернеуге тәуелділігі
Қоршаған орта параметрлерінің әсері
Нейтраль жұмысының режимінің электр тогымен зақымдану дәрежесіне әсері  
Нейтраль жұмысының режимдері
Тікелей жерге қосылған нейтралі бар төрт сымды желідегі фазалық өткізгішке адамның жанасуы
Тікелей жерге қосылған нейтралі бар желінің кемшіліктері
Оқшауланған нейтралі бар желідегі өткізгішке адамның жанасуы
Оқшауланған нейтральі бар электр желілерінің сипаттамалары
Тікелей және жанама жанасудан қорғану шаралары  
Тікелей жанасу - Прямое прикосновение
Жанама жанасу -Косвенное прикосновение
Қадам кернеуі - Напряжение шага
Напряжение шага
Қадам кернеуі - Напряжение шага
Тікелей жанасудан қорғау шаралары
Ток өткізгіш бөліктерге жанама жанасудан қорғау шаралары
Диэлектрлік қорғаныс құралдары
Диэлектрлік қорғаныс құралдарының жіктелуі
Негізгі және қосымша қорғаныс құралдары
Негізгі қорғаныс құралдары
Қосымша қорғаныс құралдары
Оқшаулағыш штангалардың түрлері
Оқшаулағыш штангалар
Оқшаулағыш қысқыштар
Ток өлшейтін қысқыштар
1000 В-тан жоғары кернеу көрсеткіштері
Жоғары кернеу көрсеткішімен жұмыс істеу
1000 В-қа дейінгі кернеу көрсеткіштері
Диэлектрлік қолғаптар
Диэлектрлік етіктер
Диэлектрлік кілемшелер
Жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық шаралар
Кернеуді алып тастау арқылы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық шаралар
Кернеуді алып тастау арқылы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық шаралар
Кернеуді алып тастау арқылы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық шаралар
Кернеуді алып тастау арқылы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық шаралар
Кернеуді алып тастау арқылы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық шаралар
Кернеуді алып тастау арқылы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық шаралар
Группы по электробезопасности и условия их присвоения
Электрқондырғыларда жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге жауапты тұлғала
11.92M

Электроқауіпсіздік 2026 ААС

1. Электроқауіпсіздік

2. Электр қауіпсіздігі туралы түсінік.

Электроқауіпсіздік – адамдарды
электр тогының, электр доғасының,
электромагниттік өрістің және
статикалық электрдің зиянды әрі
қауіпті әсерінен қорғауды қамтамасыз
ететін ұйымдастырушылық және
техникалық шаралар мен құралдар
жүйесі.

3.

Қазіргі электр техникасының ең маңызды
мәселесі – қауіпсіз электр қондырғыларын
жасау.
Электр тогының соғуынан болатын өлім
жағдайларының ең жоғары деңгейі
құрылыс және тау-кен өндірісі
салаларында, монтаждау, техникалық
қызмет көрсету және жөндеу, сондай-ақ
ғимараттар мен аумақтарды тазалау және
күтіп ұстау салаларында байқалады.

4.

Қазақстанда электр энергетикасында өндірістік
жарақаттану деңгейі жоғары (мысалы, 2022 жылы
электр желілік ұйымдарда өлім-жітім 33,3%-ға өскені
байқалды).
Электр жарақаттары өндірістегі өліммен аяқталған
жағдайлардың жалпы санының шамамен 12–13%-ын
құрайды.
2022 жылы Қазақстанда өндірісте 2449 жазатайым оқиға
тіркелді, оның ішінде 1465 жұмысшы зардап шекті, ал
202 адам қаза тапты. Негізгі себептер: өрескел
абайсыздық (33,9%), жұмыстарды қанағаттанарлықсыз
ұйымдастыру (29%) және қауіпсіздік ережелерін бұзу.
Жарақаттану деңгейі 1000 жұмысшыға шаққанда 0,22
болды.

5.

Қазақстан Республикасында (ҚР) 2023–2026
жылдар аралығындағы өндірістік
жарақаттану талдауы жалпы өндірістегі өлімжітім деңгейінің төмендеуіне қарамастан, электр
жарақаттары әлі де ауыр және өлімге әкелетін
жағдайлардың маңызды себептерінің бірі болып
қала беретінін көрсетеді, әсіресе энергетика
секторында және өнеркәсіптік өңірлерде.
Өндірістік жарақаттану статистикасы (жалпы):
2023 жыл: 2670 жазатайым оқиға тіркелді, оның
ішінде 251 жұмысшы қаза тапты.
Жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды (496
жағдай) және Ұлытау облыстарында байқалды.

6.

2024 жыл: 2023 жылмен салыстырғанда зардап
шеккендер саны 4,5%-ға төмендеп, 1408 адамды
құрады, оның ішінде 202 адам қаза тапты.
2025 жыл (1 қазанға): 934 зардап шеккен тіркелді,
оның ішінде 133 адам қаза тапты. Жазатайым
оқиғалардың жалпы саны азайғанына қарамастан
(есептік кезеңге байланысты 3,4–16,8%-ға), қауіп
деңгейі жоғары күйінде қалып отыр.
2026 жыл (17 наурызға): энергетика
кәсіпорындарында электр тогымен зақымдану
фактілері тіркелген.

7. Электр тогымен зақымдану себептері:

Кернеу астындағы ток өткізгіш бөліктерге жанасу
Өшірілген, бірақ кернеу болуы мүмкін бөліктерге
жанасу:
қалдық заряд болғанда
қате қосылғанда
қызметкерлердің келісілмеген әрекеттерінде
найзағай әсерінен
Металл бөліктерге жанасу (корпус, қоршау) – кернеу
өтіп кеткен жағдайда
Қадам кернеуі әсерінен зақымдану
1 кВ жоғарыда электр доғасынан зақымдану
Қауіпті жақындау
Найзағай разрядтары
Кернеу астындағы адамды босату

8. Электр тогының адам ағзасына әсері

Электрожарақат – электр тогы
немесе доға әсерінен болатын
жарақат.

9. Электрожарақат себептері:

Адам кернеудің бар-жоғын анықтай алмайды
Ток тек жанасқан жерде емес, бүкіл ағзаға әсер
етеді
Қадам кернеуі арқылы да зақымдану мүмкін

10. Электрожарақат түрлері:

Электрлік күйік
Электрлік белгілер
Терінің металдануы
Электроофтальмия
Электр соққысы

11. Электрлік күйіктер:

Электрлік күйіктердің екі түрі бар:
токтық (жанасу)
доғалық
Токтық күйік – ток өткізгішпен жанасудан
болады.
Көбіне 1–2 кВ дейінгі кернеуде жеңіл өтеді.

12.

Доғалық күйік – жоғары температурасы
мен үлкен энергиясы бар электр доғасының
адам ағзасына әсер етуінен пайда болады.
Бұл күйік әдетте кернеуі 1000 В-тан жоғары
электр қондырғыларында туындайды және,
әдетте, ауыр сипатта болады.
Электр доғасы дененің кең аумағын
күйдіріп, тіндердің терең қабаттарына дейін
күйіп кетуіне әкелуі мүмкін.

13. Электрлік белгілер

Электрлік белгілер – ток әсеріне ұшыраған
адамның тері бетінде пайда болатын сұр немесе
бозғылт-сары түсті, анық шектелген дақтар.
Белгілердің пішіні дөңгелек немесе сопақша
болып, ортасында ойық болады.
Олар сызат, ұсақ жара немесе көгеру, тері
астына қан құйылу және сүйел түрінде кездесуі
мүмкін.
Кейде олардың пішіні зардап шегуші жанасқан
ток өткізгіш бөліктің пішініне сәйкес келеді.

14.

Көп жағдайда электрлік белгілер
ауырсынусыз болады.
Оларды емдеу әдетте сәтті аяқталады: уақыт
өте келе терінің жоғарғы қабаты өзінің
бастапқы түсін, серпімділігін және
сезімталдығын қалпына келтіреді.
Электрлік белгілер токтан зардап
шеккендердің шамамен 20%-ында кездеседі.

15. Терінің металдануы

Терінің металдануы – электр доғасының
әсерінен балқыған металдың өте ұсақ
бөлшектерінің терінің жоғарғы
қабаттарына енуі.
Бұл келесі жағдайларда болуы мүмкін:
– қысқа тұйықталу кезінде;
– жүктеме астында ажыратқыштар мен
рубильниктерді өшіргенде..

16.

Зардап шегуші зақымданған жерде мыналарды
сезінеді:
– теріде бөгде дененің болуына байланысты керілу;
– теріге енген металдың жылуынан пайда болатын
күйік салдарынан ауырсыну.
Уақыт өте келе зақымданған тері түсіп, зақымдалған
аймақ қалыпты күйіне келеді және ауырсыну
сезімі жойылады.
Көз зақымданған жағдайда емдеу ұзақ әрі күрделі
болуы мүмкін.

17. Электроофтальмия

Электроофтальмия электр доғасы
тудыратын ультракүлгін сәулелердің көзге
қарқынды әсер етуі нәтижесінде пайда
болады.
Электроофтальмия кезінде көз күйігінен
кейін 6–8 сағат өткен соң конъюнктиваның
қатты тітіркенуі байқалады, ол өткір
ауырсынумен және жас ағумен қатар
жүреді.

18. Электр тоғының соққысы

Электр тогының соққысы – ағза арқылы
өтетін электр тогының әсерінен тірі
тіндердің қозуы, бұлшықеттердің
жиырылуымен қатар жүреді.
Токтың ағзаға әсер ету нәтижесі әртүрлі
болуы мүмкін – қол саусақтарының әлсіз,
әрең сезілетін тырысуынан бастап, жүрек
немесе өкпе қызметінің тоқтауына дейін,
яғни өлімге әкелетін зақымдануға дейін.

19. Электр соққыларының жіктелуі (шартты)

I дәрежесі: зардап шегуші есін біледі,
бұлшықеттердің қысқа мерзімді тырысуы
байқалады;
II дәрежесі: есінен тану, бұлшықеттердің
тырысуы, жүрек және тыныс алу жүйесінің
қызметі сақталған;
III дәрежесі: есінен тану, жүрек қызметінің немесе
тыныс алудың бұзылуы (немесе екеуі де бірге);
IV дәрежесі: клиникалық өлім.

20.

Клиникалық өлім жағдайындағы адам:–
тыныс алмайды;
– жүрегі жұмыс істемейді;
– ауырсыну тітіркендіргіштеріне ешқандай
реакция бермейді;
– көз қарашықтары кеңейген және жарыққа
реакция жоқ.
Алайда осы кезеңде ағзаның барлық тіндерінде
ең төменгі өмір сүру қызметін сақтау үшін
қажет әлсіз зат алмасу процестері жалғасады.

21.

Клиникалық өлімнің ұзақтығы
жүрек қызметі мен тыныс алудың
тоқтаған сәтінен бастап ми
жасушаларының өле бастауына дейінгі
уақытпен анықталады, көп жағдайда
ол 4–5 минутты құрайды.

22.

Клиникалық өлім жағдайында тыныс алу
және қан айналымы мүшелеріне әсер ету
арқылы әлсіреп бара жатқан немесе жаңа ғана
тоқтаған қызметтерді қалпына келтіруге
болады, яғни өліп бара жатқан ағзаны қайта
тірілту мүмкін.
Одан кейін биологиялық өлім басталады – бұл
қайтымсыз құбылыс, ол ағзаның жасушалары
мен тіндеріндегі биологиялық процестердің
тоқтауымен және ақуыздық құрылымдардың
ыдырауымен сипатталады.

23. Жергілікті және жалпы электр жарақаттары

Жалпы электр жарақаттарына электрлік соққы
жатады, бұл кезде әртүрлі бұлшықет топтарының
қозуы тырысуларға, тыныс алудың және жүрек
қызметінің тоқтауына әкелуі мүмкін.
Жүректің тоқтауы фибрилляциямен байланысты
— жүрек бұлшықетінің жекелеген
талшықтарының (фибриллалардың) ретсіз
жиырылуы.
Жергілікті электр жарақаттарына мыналар
жатады:
– күйіктер;
– электрлік белгілер;
– терінің металдануы;
– механикалық зақымданулар;
– электроофтальмия.

24.

Өнеркәсіпте электр тогынан болатын
жазатайым оқиғалардың аталған электр
жарақаттары бойынша шамамен бөлінуі
төмендегідей:
– 20 % – жергілікті электр жарақаттары;
– 25 % – электрлік соққылар;
– 55 % – аралас электр жарақаттары, яғни
бір мезгілде жергілікті электр
жарақаттарын және электрлік соққыны алу.

25. Электр тогының адам ағзасына әсер ету түрлері:

– термиялық әсері – тіндердің қызуы,
күйіктердің пайда болуы;
– электролиттік әсері – қан мен басқа да
сұйықтықтардың құрамының өзгеруі,
химиялық бұзылыстар;
– биологиялық әсері – жүйке және бұлшықет
тіндерінің қозуы, тырысулар;
– механикалық әсері – тіндердің жыртылуы,
зақымдануы (электр доғасының немесе күрт
жиырылудың әсерінен).

26.

Термиялық әсері ағза тіндері мен биологиялық
орталардың қызуынан тұрады, бұл бүкіл
ағзаның қызып кетуіне әкеліп, соның
салдарынан зат алмасу процестерінің
бұзылуына және онымен байланысты
ауытқуларға себеп болады.
Электролиттік әсері қанның, плазманың
және ағзаның басқа да физиологиялық
ерітінділерінің ыдырауынан тұрады, соның
нәтижесінде олар өз функцияларын орындай
алмайды.
Биологиялық әсері жүйке талшықтарының
және басқа мүшелердің тітіркенуі мен
қозуымен байланысты.

27. Электр тогымен зақымдану қауіптілігіне әсер ететін факторлар:

28. Адам ағзасына әсеріне қарай токтардың жіктелуі:

~ 50 Гц (айнымалы ток) | тұрақты ток
Сезілетін ток:
0,6–1,5 мА | 5–7 мА
Жібермейтін ток:
10–15 мА | 50–70 мА
Фибрилляциялық ток: 100 мА | 300 мА

29.

Электр тогымен зақымданудың ауырлығы
көптеген факторларға байланысты:
– ток күші;
– кернеу;
– адамның денесінің электрлік кедергісі;
– токтың әсер ету ұзақтығы;
– токтың түрі мен жиілігі;
– токтың өту жолы;
– қоршаған орта жағдайлары;
– нейтраль жұмысының режимі.

30. Токтың шамасы мен түрінің әсері:

Электр тогымен зақымдану
кезіндегі симптомдар:
50 Гц
(айнымалы ток
Тұрақты ток
0,50 – 0,75 мА
1 – 1,25 мА
Жеңіл шаншу
1,1 мА
6 мА
Қолдың саусақтарында
ауырсыну сезімі
3 – 5 мА
6 – 10 мА
8 – 10 мА
10 – 25 мА
Сезілмейді
Ауырсынудың күрт күшеюі,
ауырсыну бүкіл қолға
таралады

31.

Электр тогымен зақымдану
кезіндегі симптомдар:
50 Гц (айнымалы
ток
Тұрақты ток
Қол бұлшықеттерінің тырысуы.
Қолды электродтардан ажырату
қиын
11 – 15 мА
25 – 50 мА
Қатты ауырсыну. Тыныс алудың
қиындауы. Жүрек жұмысының
бұзылуы
15 – 25 мА
50 – 80 мА
Тыныс алудың салдануы. Жүрек
қарыншаларының дірілдей
бастауы
50 – 70 мА
200 – 300 мА
Тыныс алудың салдануы. Ұзақ
әсер еткенде (3 секундтан
артық) жүректің
70 – 380 мА
300 – 1600 мА

32. Токтың өту ұзақтығының зақымдану дәрежесіне әсері:

Токтың әсер ұзақтығ
етуінің рұқсат
ы
етілген
уақыты, с
Токтың
шамасы, мА
1
До 30
1
0,5
0,2
0,1
6
50
100
250
500

33. Токтың өту жолының зақымдану дәрежесіне әсері

34.

Адам ағзасындағы токтың өту жолдары (ток
ілмектері) өте көп.
Алайда тәжірибеде жиі кездесетін, тән болып
саналатындары — алдыңғы слайдта
көрсетілген 15-тен аспайтын ток ілмектері.
Ең жиі токтың адам денесі арқылы өтуі «оң
қол – аяқтар» жолы бойынша болады.

35.

Алайда, егер адам денесі арқылы ток өтуінің
еңбекке қабілеттілікті 3 жұмыс күнінен артық
жоғалтуға әкелетін жағдайларын ғана
қарастырсақ, ең жиі кездесетіні «қол – қол»
жолы болып табылады, ол шамамен 40 %
жағдайда кездеседі.
«Оң қол – аяқтар» жолы екінші орында – 20
%.
Басқа ток ілмектері одан да сирек кездеседі.

36. Токтың жиілігі мен түрінің зақымдану дәрежесіне әсері    

Токтың жиілігі мен түрінің зақымдану
дәрежесіне әсері
Токтың түрі (тұрақты немесе айнымалы)
500 В-қа дейінгі кернеулерде адамның
электр тогымен зақымдану қауіптілігіне
әсер етеді.
Тұрақты ток 50 Гц жиіліктегі айнымалы
токқа қарағанда шамамен 4–5 есе қауіпсіз.
500 В және одан жоғары кернеулерде
тұрақты және айнымалы токтың әсерінде
айырмашылық байқалмайды.

37. Айнымалы ток жиілігінің әсері

Ток жиілігінің зақымдану қауіптілігіне әсерін
анықтауға жүргізілген зерттеулер 50 Гц
жиіліктегі айнымалы токтың ең қауіпті екенін
көрсетті.
Жиілік 50 Гц-тен жоғарылаған сайын сезілетін
және жібермейтін токтардың шамасы артады.
Мысалы, 200 Гц жиілікте фибрилляциялық ток
шамамен екі есе өседі, ал 400 Гц жиілікте — 50
Гц жиіліктегі фибрилляциялық токпен
салыстырғанда шамамен 3,5 есе артады.

38. Адамның жеке ерекшеліктерінің зақымдану дәрежесіне әсері

Адамның жеке ерекшеліктерінің көрінісі
ағзаның физикалық және психикалық
жағдайымен сипатталады:
– жоғары немесе төмен белсенділік;–
назардың шоғырлану деңгейі;
– ауруға байланысты ағзаның әлсіреуі;
– шаршау, алкогольдік масаң күй және т.б.

39.

Бір адамға тек әлсіз әсер ететін ток, басқа адам
үшін жібермейтін болуы мүмкін.
Бірдей ток мәнінде әсер ету сипаты жүйке
жүйесінің жағдайына, жалпы ағзаның күйіне,
сондай-ақ адамның салмағы мен физикалық
дамуына байланысты.
Әйелдер үшін токтың шекті мәндері ерлерге
қарағанда шамамен 1,5 есе төмен екені
анықталған. Бұл әйелдердің физикалық
дамуының салыстырмалы түрде әлсіздігімен
түсіндіріледі.

40. Адам денесінің электрлік кедергісі

Адам денесінің негізгі кедергісін терінің жоғарғы
мүйізді қабаты құрайды, оның қалыңдығы 0,05–0,2
мм.
Құрғақ, зақымдалмаған теріде осы қабаттың
кедергісі 10–100 кОм-ға дейін жетуі мүмкін.
Жалпы дене кедергісі терінің жоғарғы қабатының
кедергісі есебінен жеткілікті жоғары болады, бірақ
бұл қабат зақымданған кезде оның мәні күрт
төмендейді (тесілу кернеуі шамамен 50 В).
Электр қауіпсіздігіне байланысты есептеулерде
адам денесінің кедергісі 1 кОм (1000 Ом) деп
қабылданады.

41. Адам денесінің электрлік кедергісіне әсер ететін факторлар:

Адам денесінің электрлік кедергісі кең
шектерде өзгереді және мыналарға
байланысты:
– терінің күйі (құрғақ, ылғалды, таза,
зақымдалған және т.б.);
– ток жүретін бөліктермен жанасу тығыздығы;–
жанасу ауданы;
– берілген кернеу шамасы.

42. Адам денесінің кедергісінің берілген кернеуге тәуелділігі

43.

40–45 В кернеуде терінің сыртқы қабатында
едәуір электр өрісінің кернеулігі пайда болады,
соның әсерінен терінің мүйізді қабаты толық
немесе ішінара тесіліп (пробой), адам денесінің
жалпы электрлік кедергісі төмендейді.
Терінің мүйізді қабатының тесіліуі онда пайда
болған электр өрісінің кернеулігі оның
электрлік беріктігінен асқан жағдайда болады,
ал тәжірибелер көрсеткендей, бұл мән 500–
2000 В/мм-ге тең.

44.

Демек, терінің мүйізді қабатының тесіліуі шамамен
50 В және одан жоғары кернеуде мүмкін.
Сондықтан 50 В-тан аспайтын кернеу деңгейлерін
шартты түрде қауіпсіз деп санауға болады.
Алайда ылғалдылық болған жағдайда адам
денесінің кедергісі күрт төмендейді, сондықтан
қауіпсіз кернеу тек 12 В-қа дейін деп есептеледі.
Кернеу артқан сайын адам денесінің жалпы
кедергісі азаяды және 100–140 В кернеуде ішкі
ағзалардың кедергісіне дейін төмендейді, ол
шамамен 700–1000 Омды құрайды.

45. Қоршаған орта параметрлерінің әсері

Электр қауіпсіздігі жағдайлары қоршаған орта
параметрлеріне байланысты:
– ылғалдылық;
– температура;
– ток өткізгіш шаңның болуы;
– ток өткізгіш еденнің болуы;
– химиялық белсенді ортаның болуы.

46. Нейтраль жұмысының режимінің электр тогымен зақымдану дәрежесіне әсері  

Нейтраль жұмысының режимінің электр тогымен
зақымдану дәрежесіне әсері
ГОСТ 24291-90 сәйкес нейтраль деп
электр жабдықтарының жұлдызшаға
қосылған фазалық орамдарының
(элементтерінің) ортақ нүктесі аталады.
Электр желісіндегі нейтраль жұмысының
режимі деп осы желіні қоректендіретін
күштік трансформатордың немесе
генератордың нейтралының жерге
тұйықтау құрылғысымен қосылу тәсілі
түсініледі.

47. Нейтраль жұмысының режимдері

Нейтраль жұмысының режиміне байланысты
үш фазалы электр желілері келесі түрлерге
бөлінеді:
– оқшауланған нейтралі бар желілер;
– тікелей жерге қосылған (глухозаземленная)
нейтралі бар желілер.
Тікелей жерге қосылған нейтраль деп
трансформатордың немесе генератордың
нейтралының жерге тұйықтау құрылғысына
тікелей қосылғанын айтады.

48.

Оқшауланған нейтраль деп
трансформатордың немесе генератордың
нейтралының жерге тұйықтау
құрылғысына қосылмаған немесе оған
үлкен кедергі арқылы қосылған түрін
айтады.
1 кВ-қа дейінгі кернеулі желілерде, егер онда
электр, өрт және жарылыс қаупі жоғары
қондырғылар болмаса, тікелей жерге
қосылған нейтралі бар төрт сымды жүйе
кеңінен қолданылады.

49. Тікелей жерге қосылған нейтралі бар төрт сымды желідегі фазалық өткізгішке адамның жанасуы

50.

Бұл сызба тікелей жерге қосылған нейтралі бар
желіде адам фазалық өткізгішке тиген кезде не
болатынын көрсетеді.
Көрсетілгендер:
– A, B, C — фазалық өткізгіштер
– N — нейтраль (жерге қосылған)
– r₀ — нейтральді жерге қосу кедергісі
– r₃ — ағып кету кедергісі (мысалы, жер арқылы
немесе оқшаулау зақымданғанда)
– Rч — адам денесінің кедергісі
– Iч — адам арқылы өтетін ток
– I₀, I₃ — жерге ағатын токтар

51.

Процестің мәні:
Адам фазалық өткізгішке тиеді→ ол электр тізбегінің бір
бөлігіне айналады.
Ток адам денесі арқылы өте бастайды (Iч)→ фазадан →
адам арқылы → жерге.
Одан әрі ток қайтып келеді:
– жер арқылы
– жерге қосылған нейтральге (N)
– қайтадан көзге (трансформаторға)
Яғни тұйық тізбек пайда болады, сондықтан ток адам
арқылы өтеді. Фазаға мұндай желіде тиген кезде адам іс
жүзінде тізбекті жерге тұйықтайды.Сондықтан мұндай
жанасу өте қауіпті және электр тогымен зақымдануға әкелуі
мүмкін.

52. Тікелей жерге қосылған нейтралі бар желінің кемшіліктері

Тікелей жерге қосылған нейтралі бар
желілердің кемшіліктері:
– бір фазаның жерге тұйықталуы кезінде
жанасу кернеуінің және қысқа тұйықталу
токтарының жоғары болуына байланысты
адамдарды электр тогымен зақымдау
қаупінің жоғары болуы;
– өрт қаупінің жоғары болуы;
– жарылыс қаупінің жоғары болуы.

53. Оқшауланған нейтралі бар желідегі өткізгішке адамның жанасуы

54. Оқшауланған нейтральі бар электр желілерінің сипаттамалары

Оқшауланған нейтральі бар желілерде қалыпты
жұмыс режимінде фазалардың біріне жанасқан
адам үшін қауіптілік мыналарға байланысты:
фазалық өткізгіштердің жерге қатысты
кедергісіне;
кедергі артқан сайын қауіптілік төмендейді.

55.

Мұндай желілерде бір фазаның жерге
тұйықталуы қысқа тұйықталу болып
саналмайды, ол аз токтардың (ағып кету
токтарының) өтуімен жүреді, бұл
тұтынушылардың жұмысына іс жүзінде әсер
етпейді.
Оқшауланған нейтральі бар желілердің
электрқауіпсіздігі желінің жерге қатысты
оқшаулау кедергісіне байланысты.

56.

Оқшауланған нейтральі бар желілер тек
оқшаулауды үздіксіз бақылау құрылғылары
болған жағдайда ғана тиімді жұмыс істейді,
яғни оқшаулау кедергісі рұқсат етілмейтін
деңгейге төмендеген кезде желі автоматты
түрде ажыратылуы тиіс.
Оқшауланған нейтраль кеңінен қолданылады:
кернеуі 1 кВ-қа дейінгі желілерде, егер оларда
электрқауіптілігі, өрт және жарылыс қаупі
жоғары электрқондырғылар болса;
кернеуі 6–35 кВ желілерде, жерге
тұйықталудың сыйымдылық тогы аз болған
жағдайда.

57. Тікелей және жанама жанасудан қорғану шаралары  

Тікелей және жанама жанасудан қорғану шаралары
Тікелей жанасу — кернеу астында тұрған
ток өткізгіш бөліктермен адамның
электрлік жанасуы.
Жанама жанасу — оқшаулаудың бұзылуы
нәтижесінде кернеу астында қалған ашық
өткізгіш бөліктермен адамның электрлік
жанасуы..

58. Тікелей жанасу - Прямое прикосновение

59. Жанама жанасу -Косвенное прикосновение

60. Қадам кернеуі - Напряжение шага

Бұл — жер бетінде бір-бірінен 1 м
қашықтықта орналасқан екі нүкте
арасындағы кернеу, ол адамның қадам
ұзындығына тең деп қабылданады.

61. Напряжение шага

62. Қадам кернеуі - Напряжение шага

Қадам кернеуінің әсер ету радиусы:
• ашық жерде — 8 метр
• ғимарат ішінде — 4 метр
Қадам кернеуінің тітіркендіргіш әсерін сезген
кезде:
• аяқтарыңызды біріктіріңіз;
• бұрылыңыз;
• тұйықталу орнынан қысқа қадамдармен
қозғалыңыз.

63. Тікелей жанасудан қорғау шаралары

ток өткізгіш бөліктердің негізгі
оқшаулауы;
қоршаулар мен қаптамалар;
тосқауылдар орнату;
қол жетпейтін аймаққа орналастыру;
өте төмен (шағын) кернеуді қолдану.

64.

Негізгі оқшаулау — ток өткізгіш
бөліктердің оқшаулауы, ол тікелей
жанасудан қорғауды қамтамасыз етеді.
Қосымша оқшаулау — кернеуі 1 кВ-қа
дейінгі электрқондырғыларда негізгі
оқшаулауға қосымша орындалатын
тәуелсіз оқшаулау, ол жанама жанасудан
қорғау үшін қолданылады.
Өте төмен (шағын) кернеу — айнымалы
ток үшін 50 В-тан және тұрақты ток үшін
120 В-тан аспайтын кернеу.

65.

Кернеуі 1 кВ-қа дейінгі
электрқондырғыларда, ПУЭ талаптары
болған жағдайда, тікелей жанасудан
қосымша қорғау үшін номиналды ажырату
дифференциалды тогы 30 мА-дан аспайтын
қорғаныш ажырату құрылғыларын (УЗО)
қолдану қажет.

66. Ток өткізгіш бөліктерге жанама жанасудан қорғау шаралары

қорғаныш жерге тұйықтау;
қорек көзін автоматты ажырату;
потенциалдарды теңестіру;
потенциалдарды теңгеру;
қос немесе күшейтілген оқшаулау;
өте төмен (шағын) кернеу;
тізбектерді қорғаныш электрлік бөлу;
оқшаулағыш (өткізбейтін) үй-жайлар,
аймақтар, алаңдар.

67.

Жерге тұйықтау — желінің,
электрқондырғының немесе жабдықтың
қандай да бір нүктесін жерге тұйықтау
құрылғысымен әдейі электрлік қосу, ал
қорғаныш жерге тұйықтау —
электрқауіпсіздік мақсатында
орындалатын жерге тұйықтау.
Қорғаныш автоматты ажырату —
электрқауіпсіздік мақсатында бір немесе
бірнеше фазалық өткізгіштерді (қажет
болған жағдайда нөлдік жұмыс өткізгішті
де) тізбектен ажырату.

68.

Потенциалдарды теңестіру — өткізгіш
бөліктерді олардың потенциалдарын
теңестіру үшін электрлік қосу, ал қорғаныш
потенциалдарды теңестіру —
электрқауіпсіздік мақсатында орындалатын
теңестіру.
Потенциалдарды теңгеру — жердің немесе
еденнің бетінде қорғаныш өткізгіштерді
(жерге, еденге немесе олардың бетіне төселген
және жерге тұйықтау құрылғысына
қосылған) қолдану арқылы немесе арнайы
жабындарды пайдалану арқылы
потенциалдар айырмасын (қадам кернеуін)
азайту.

69.

Қос оқшаулау — кернеуі 1 кВ-қа дейінгі
электрқондырғылардағы негізгі және
қосымша оқшаулаудан тұратын оқшаулау,
ал күшейтілген оқшаулау — кернеуі 1 кВқа дейінгі электрқондырғыларда электр
тогымен зақымданудан қорғау деңгейі қос
оқшаулауға тең болатын оқшаулау.
Қорғаныш электрлік тізбектерді бөлу —
кернеуі 1 кВ-қа дейінгі
электрқондырғыларда бір электр тізбегін
басқа тізбектерден келесі тәсілдер арқылы
бөлу:

70.

қос оқшаулау;
негізгі оқшаулау және қорғаныш экран;
күшейтілген оқшаулау.
Оқшаулағыш (өткізбейтін) үй-жайлар,
аймақтар, алаңдар — жанама жанасудан
қорғау еден мен қабырғалардың жоғары
кедергісі арқылы қамтамасыз етілетін және
жерге тұйықталған өткізгіш бөліктері жоқ
үй-жайлар, аймақтар, алаңдар.

71. Диэлектрлік қорғаныс құралдары

Диэлектрлік қорғаныс құралдары —
электрқондырғыларда жұмыс істейтін
персоналды электр тогымен зақымданудан,
электр доғасының әсерінен, жану өнімдерінен
және т.б. қорғауға арналған тасымалды
аспаптар мен құрылғылар.

72. Диэлектрлік қорғаныс құралдарының жіктелуі

Диэлектрлік қорғаныс құралдары
Негізгі
До
1000 В
Выше
1000 В
Қосымша
До
1000 В
Выше
1000 В

73. Негізгі және қосымша қорғаныс құралдары

Негізгі қорғаныс құралдары — оқшаулауы
электрқондырғылардың жұмыс кернеуіне сенімді
төтеп беретін және олардың көмегімен кернеу
астында тұрған ток өткізгіш бөліктерге жанасуға
рұқсат етілетін қорғаныс құралдары.
Қосымша қорғаныс құралдары — берілген кернеуде
өздігінен электр тогымен зақымданудан
қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайтын, негізгі
құралдарға қосымша қорғаныс шарасы болып
табылатын қорғаныс құралдары.

74. Негізгі қорғаныс құралдары

1000 В-тан жоғары
электрқондырғылар
да
жедел және өлшеу
штангалары;
оқшаулағыш және ток
өлшейтін қысқыштар;
кернеу көрсеткіштері;
жөндеу жұмыстарына
арналған оқшаулағыш
құрылғылар мен
құралдар.
1000 В-қа дейінгі
электрқондырғылар
да
диэлектрлік қолғаптар;
оқшауланған тұтқалары
бар құралдар;
кернеу көрсеткіштері.

75. Қосымша қорғаныс құралдары

1000 В-тан жоғары
электрқондырғылар
да
1000 В-қа дейінгі
электрқондырғылар
да
диэлектрлік қолғаптар; диэлектрлік галоштар;
диэлектрлік етіктер;
диэлектрлік
кілемшелер;
диэлектрлік
кілемшелер;
оқшаулағыш тұғырлар.
оқшаулағыш тұғырлар.

76. Оқшаулағыш штангалардың түрлері

Оқшаулағыш штангалар
Жедел
Өлшеуіше
Жөндеу

77. Оқшаулағыш штангалар

78. Оқшаулағыш қысқыштар

Оқшаулағыш қысқыштар — кернеу астында
сақтандырғыштарды орнату және алу,
ажыратылған айырғыштардың пышақтарына
қорғаныш қалпақтарды кигізу және шешу және
т.б. үшін арналған.

79. Ток өлшейтін қысқыштар

Ток өлшейтін қысқыштар — тізбекті үзбей және
оны жұмыстан шығармай, өткізгіштегі токты
жылдам өлшеуге арналған.

80. 1000 В-тан жоғары кернеу көрсеткіштері

1000 В-тан жоғары кернеу көрсеткіштері —
электрқондырғылардың ток өткізгіш
бөліктерінде кернеудің бар немесе жоқ екенін
тексеруге арналған.

81. Жоғары кернеу көрсеткішімен жұмыс істеу

82. 1000 В-қа дейінгі кернеу көрсеткіштері

1000 В-қа дейінгі кернеу көрсеткіштері —
электрқондырғылардың ток өткізгіш
бөліктерінде кернеудің бар немесе жоқ екенін
тексеруге арналған.

83. Диэлектрлік қолғаптар

84. Диэлектрлік етіктер

85. Диэлектрлік кілемшелер

86. Жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық шаралар

Электрқондырғыларда жұмыстардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық шараларға
мыналар жатады:
жұмыстарды нарядпен, өкіммен немесе ағымдағы
пайдалану тәртібімен орындалатын жұмыстар тізбесі
бойынша рәсімдеу;
Жұмысқа рұқсат құжатымен жіберу (допуск к работе);
жұмыс барысында қадағалау;
жұмыстағы үзілісті, басқа орынға ауыстыруды,
жұмыстың аяқталуын рәсімдеу.

87. Кернеуді алып тастау арқылы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық шаралар

Кернеуді алып тастап жұмыс
орнын дайындау кезінде келесі
техникалық шаралар белгіленген
тәртіппен орындалуы тиіс:

88. Кернеуді алып тастау арқылы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық шаралар

1. Қажетті ажыратулар жүргізіліп, коммутациялық
аппараттардың қате немесе өздігінен қосылуы
салдарынан жұмыс орнына кернеудің берілуіне жол
бермейтін шаралар қабылдануы тиіс.

89. Кернеуді алып тастау арқылы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық шаралар

2. Коммутациялық аппараттардың қолмен басқару
жетектерінде және қашықтан басқару кілттерінде
тыйым салушы плакаттар ілінуі тиіс.

90. Кернеуді алып тастау арқылы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық шаралар

3. Адамдарды электр тогымен зақымданудан
қорғау үшін жерге тұйықталуы тиіс ток өткізгіш
бөліктерде кернеудің жоқтығы тексерілді.

91. Кернеуді алып тастау арқылы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық шаралар

4. Жерге тұйықтау орындалды (жерге тұйықтау
пышақтары қосылды, ал олар жоқ жерлерде
тасымалды жерге тұйықтаулар орнатылды).

92. Кернеуді алып тастау арқылы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық шаралар

«Жерге тұйықталған» көрсеткіш плакаттары
ілінді, қажет болған жағдайда жұмыс орындары
мен кернеу астында қалған ток өткізгіш бөліктер
қоршалды, ескерту және нұсқаушы плакаттар
ілінді.

93.

Қауіпсіздік плакаттары мен белгілері
• Ескерту: Тоқта! Кернеу, Жақындама! Өлім
қаупі бар, Сынақ! Өмірге қауіпті;
• Тыйым салушы: Қоспа! Адамдар жұмыс
істеп жатыр, Қоспа! Желіде жұмыс
жүргізілуде, Ашпа! Адамдар жұмыс істеп
жатыр, Кернеу астында жұмыс! Қайта қоспа;
• Нұсқаушы: Осында жұмыс істе, Осында
көтеріл;
• Көрсеткіш: Жерге тұйықталған

94. Группы по электробезопасности и условия их присвоения

95.

96.

97.

98. Электрқондырғыларда жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге жауапты тұлғала

наряд беруші, өкім беруші;
жұмыстардың жауапты жетекшісі;
жұмысқа рұқсат беруші;
жұмыс өндіруші
бақылаушы;
бригада мүшелері.
English     Русский Правила