Похожие презентации:
1 сынып ата -аналар жиналысы (4)
1.
Ата – аналаржиналысына қош
келдіңіздер!
2026 – 2027 оқу жылы
2. Кошеметова Мейрамкул Каукарбаевна – білім саласында 32 жылдық педагогикалық еңбек өтілі бар,педагог – сарапшы, тәжірибелі әрі
ізденімпаз бастауыш сыныпмұғаліммін. Ұстаздық жолын бала жүрегіне
жол табудан бастап, саналы ұрпақ
тәрбиелеуді басты мақсатыма айналдырған
өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын,әр
оқушының қабілеті мен мүмкіндігін ашуға
ерекше көңіл бөлемін. Көп жылғы тәжірибем
барысында заманауи білім беру талаптарын
тиімді пайдаланып, оқушылардың білім
сапасын арттыруға, шығармашылық
қабілетін дамытуға және өздігінен білім алуға
ынталандыруға бағытталған әдіс –
тәсілдерді ұдайы жетілдіріп келемін.
3.
«Балаға қолдау көрсету – ортақміндетіміз»
Мақсаты: мектеп пен ата – ана
арасындағы ынтымақтастықты
қалыптастыру.
4.
Жаңа кезеңЖаңа орта
Жаңа достар
Жаңа талаптар
Жаңа жауапкершілік
Өз бетімен әрекет етуге үйрену
5.
Баланың мектепке бейімделуіАлғашқы күндері шаршауы мүмкін.
Көңіл – күйі өзгеруі мүмкін.
Мектепке барғысы келмейтін кездері
болуы мүмкін
Бұл кезеңде балаға түсіністік пен жылы
қолдау қажет
6.
Ата – ананың басты қолдауыБаланы тыңдау
Жетістігін мадақтау
Қателігі үшін ұрыспау
Үй тапсырмасын бірге жоспарлау
Күн тәртібін сақтау
7.
Бірінші сынып оқушыларының күнтәртібі
Уақытында ұйықтау
Таңғы ас ішу
Мектепке қажетті құралдарын алдын ала
дайындау
Демалысқа уақыт бөлу
Таза ауада серуендеу
Ұйқыға ерте жату
8. Үй тапсырмасын орындау
Баланың орнына тапсырманы орындамаңыз.Қиналған кезде бағыт беріңіз.
Өздігінен орындауына мүмкіндік беріңіз.
«Сенің қолыңнан келеді!» деген сөзді жиі айтыңыз.
9. Бағадан маңыздысы – баланың талпынысы
Басқа балалармен салыстырмауКішкентай жетістігін де бағалау
Қызығушылығын қолдау
10. Сыныптағы негізгі тәртіп
Сабаққа уақытында келуМектеп формасын сақтау
Қажетті оқу құралдарын әкелу
Бір – бірін сыйлау
Мұғалімнің талабын орындау
11. Ата – аналарға маңызды өтініш
мұғалімді жамандамау;сыныптастарымен салыстырмау;
мектеп туралы жағымсыз пікір айтпау;
12. Баламызға бірге айтайық!
«Мектеп – сенің екінші үйің. Мұнда сен білім аласың,достар табасың, арманыңды жүзеге асыруға
алғашқы қадам жасайсың. Біз әрқашан сенің
жаныңдамыз!»
13. Мектеп пен ата –ана ынтымақтастығы
Мұғалім + ата – ана + оқушы =жақсы нәтиже
14.
Ата-ананың жеке басының әсері балағакүн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір
нәрсемен ауыстыру мүмкін емес
.Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан
жүрек жылуын аямай балаға бір сәт
болса да, бала көзімен қараңыз дей
отырып бүгінгі ата -аналар жиналысын
аяқтаймын.