Похожие презентации:
Қарақытайлар (1128-1212 ж(1)
1. Қарақытайлар (1128-1212 ж.ж.)
Қарақытайлардың Жетісуға қоныс аударуының себептері:1. себеп: Орталық Азиядан батысқа қарай жылжыған
түрік тілдес тайпалардың қарақытай жерлерін жаулап
алуы.
2. себеп: Қарахан мемлекетінің әлсіреуі.
Қарахан билеушілері қарақытайларға шығыстағы
шекарасын қорғау қызметін тапсырды. Ол қызметі үшін
үлестік жерлер алып отырған.
2. Қытай деректері бойынша қарақытайлар : Моңғолия, Солтүстік Қытай, Маньчжурия өлкесін мекендеген тайпалар
3. - Х ғ Батысқа қарай жылжыған қидандардың бір бөлігінің мұсылман деректерінде Қарақытайлар деп айтылады. - Қидандар
тұңғұс-моңғол тілдес халық.- Парсы, араб деректерінде қидандар түркі тілдес
делінген.
- 924 жылы Алтайдан Тынық мұхитқа дейін қидандар
тарапынан құрылған ЛЯО мемлекеті 1125 жылы
құлағаннан кейін, ЕЛЮЙ ДАШИ бастаған 40 мың
түтін қидандар ЖЕТІСУҒА келіп қоныстанды.
4.
Елюй Дашы (1125-1143 ж.ж)Лауазымы: Гурхан. «хандардың
ханы»
Қарахандардың әлсіреуін пайдаланып, 1128 жылы
қарақытай әскерлері Жетісудың аудандарына кіріп,
Баласағұн қаласын басып алды. ХІІ ғ 40-жылдары Қарахан
мемлекетінің Орталық Азиядағы (Бұхара, Мауреннахр)
жерлерін басып алды. 1141 ж біріккен салжұқ- қарахан
әскерлерін талқандады.
Орталығы: Ғұз Орда (Баласағұн маңы) Шу өзені бойы.
Табуян (1143-1150 ж.ж.)
Қарақытайлардағы басқару ерекшелігі әйелдер де билеуші
титулына иеленді. Әйел жағының тегі хан тұқымынан
болуы маңызды болды.
Иле 1150 ж
Иле тұсында халық санағы жүргізілді. Ең алғашқы санақ
жүргізгендер-Қарақытай мемлекеті болды. 84 мың отбасы
жазылды делінген. Салықтың шектен тыс көп болуы. Иле
қайтыс болған соң, оның қарындасы Басұған отырды.
Чжилугу (1169-1203 немесе 1214
ж.ж. дейін)
Қарақытай мемлекетінің тарихындағы жаңа кезең басталды
. Езгінің күшеюі және феодалдық қырқыстар басталды.
5. Қоғамдық құрылысы:
Қарақытайлар Қарахан мемлекетінің ел басқару жүйесіне тимеді.➢ Өзінің вассалдары (бодан) етіп, алым-салық алумен шектелді.
➢ Қарақытайлар өздері жаулап алған қалалар мен отырықшы
қоныстарды қиратпаған.
➢ Әр үйден 1 динардан салық жиналды.
➢ Жетісудың егіншілері қарақытай билеушісіне 1/10 бөлігін төлеген.
➢ Ірі қалалар гурханға жыл сайын жер салығы ХАРАДЖ төледі.
➢ Қарақытай үлестік жерлерді иеленушілердің қолында арнаулы
ГРАМОТАЛАРЫ болды.
➢ Отырар,Тараз қалаларында алым-салықты гурханның арнайы
жіберген адамы жинады, басқа аймақтардан салықты жеткізу
жергілікті феодалдарға жүктелді.
➢ Салықтың шектен тыс жиналуы ХІІ ІІ-жартысынан бастап
көтерілістердің жиіленуіне әкеп соқты.
➢
6.
Саяси жағдайы:❑ 1137 ж Ходжент жанында қарақытайлар Қарахан әскерін
талқандады.
❑ 1141 ж Катуан даласында (Самарқанд маңы) қарахан-салжұқ
әскерлерін талқандады.
❑ Хорезмді жаулап алған соң, хорезмдіктер қарақытайларға 3000
алтын динар салық төлеп отырды.
❑ 1171-1172 ж.ж қарақытайлардың Хорезмге қайта жорық жасауы,
шақтың салық төлеуден бас тартуы болды.
❑ Хорезм шахы әл-Арслан қаза болған соң, оның балаларының
арасында таққа талас басталды. Тақ үшін таласта ТЕКЕШ
қарақытайлардың көмегімен билікке отырды.
7. Мемлекеттің құлауы:
ХІІ ғ соңында мұсылмандарды құдалау басталды.Жетісуда мұсылман қозғалысы басталды.
1198-1204 ж.ж қарақытайлардың Хорезм шахымен бірігіп
соғысқан Ауғанстан жеріндегі ГУРИД тайпаларымен соғысады.
Текештен кейінгі Хорезм шахы Мұхаммед Самарқан сұлтанымен
келісімге келіп, қарақытайларға қарсы шықты.
Одақтасынан айырылған қарақытайлар гурид тайпаларынан
жеңіліс тапты.
1208 жылы Күшлік бастаған наймандардан жеңіледі.
1210 жылы Хорезм мемлекеті қарақытайларға шабуыл жасайды.
1212 жылы Қарақытай мемлекеті құлады.