1.50M

5-лек

1.

5-дәріс
Тақырып:
Литосфера жəне жер бедері

2.

• Жердің ең сыртқы қатты қабаты жер қыртысы
(литосфера) деп аталады. Латынша «литос» тас
деген мағына береді. Литосфераның орташа
қалыңдығы 5-80 шақырым, кейбір ғалымдар 250
шақырымға жетуі мүмкін дейді.
• Биік таулы аудандарда жер қыртысының
қалыңдығы 70-80 км-ге дейін жетеді. Жер
құрлысы: жер қыртысы, мантия, ядро. Жердің ішкі
құрылысын анықтауда жер сілкіну толқындарының
таралуын бақылаудың маңызы зор.
• Жердің орталық өзегін ядро алып жатыр. Ядро
темір мен никельден тұрады. Ядро сыртқы және
ішкі ядро болып бөлінеді. Сыртқы ядро балқыған
күйде, ішкі ядро қатты шар түрінде болады. Жер
қыртысынан 2900 км-ге дейінгі аралықты мантия
қабаты алып жатыр.

3.

Жердің ғарыштан түсірілген алғашқы
фотосуреті (Г. С. Титов, 1961 ж.)

4.

5.

Жер тобына жататын планеталардың құрылысы

6.

Жер қыртысының (материктік және мұхиттық), мантияның,
ядроның (сыртқы және ішкі) химиялық құрамы

7.

8.

Г.Н. Каттерфельд бойынша шардың, екі осьті
геоидтың және кардиоидтың арақатынасы:
.
1 – шар, 2 – геоид, 3 – кардиоид

9.


Г.Н. Каттерфельд бойынша шар, геоид және кардиоид
1 – Шар
Шар – Жердің ең қарапайым геометриялық моделі. Бұл жағдайда Жердің барлық нүктелері
орталықтан бірдей қашықтықта орналасқан деп есептеледі. Шардың радиусы тұрақты
болады. Алайда Жердің нақты пішіні шарға толық сәйкес келмейді.
2 – Геоид
Геоид – Дүниежүзілік мұхиттың орташа деңгейіне сәйкес келетін және материктердің астында
да шартты түрде жалғасатын Жердің физикалық бетінің математикалық моделі. Ол Жердің
ауырлық күшінің таралу ерекшеліктерін ескереді. Сондықтан геоидтың беті тегіс шар немесе
эллипсоид сияқты мінсіз геометриялық фигура емес, біршама ирек болады.
Геоидтың пішініне Жердің ішкі құрылысы, тау жоталары, мұхит шұңғымалары және Жер
қойнауындағы массаның біркелкі таралмауы әсер етеді.
3 – Кардиоид
Кардиоид – Жердің пішінін одан да нақтырақ сипаттауға қолданылатын модельдердің бірі.
Оның атауы гректің kardia – «жүрек» деген сөзінен шыққан, себебі оның көлденең қимасы
жүрекке ұқсас пішінге ие.
Кардиоидтық модельде Жердің солтүстік және оңтүстік жарты шарларының пішіндері бірдей
емес екені ескеріледі. Яғни Жердің нақты пішіні тек экватор маңында ғана емес, полюстер
бағытында да белгілі бір асимметрияға ие.
Неліктен үш пішін салыстырылады?
Жердің пішінін біртіндеп нақтылау үшін:
Шар → эллипсоид → геоид → кардиоид
түрінде қарастыруға болады. Шар – ең қарапайым модель, ал геоид пен кардиоид Жердің
нақты физикалық және гравитациялық ерекшеліктерін көбірек ескереді.
Г.Н. Каттерфельд ұсынған салыстыру Жердің нақты пішінінің қарапайым шардан
айырмашылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Шар – идеалдандырылған модель, геоид –
Жердің ауырлық өрісіне негізделген физикалық-математикалық бет, ал кардиоид – Жердің
солтүстік және оңтүстік бөліктерінің асимметриясын ескеретін күрделірек модель.

10.

• Мантия грекше жамылғы деген мағына береді.
Мантия жер көлемінің 83%-ын, жалпы салмағының
67%- ын құрайды.
• Литосфералық тақталар мантияның беткі қабаты
астеносфера бетімен баяу жылжып, орнын
ауыстырады. Литосфералық тақталардың қозғалу
теориясын неміс ғалымы А.Вегенер ұсынған.
• Жерсерік арқылы зерттеп өлшеген жұмыстарының
нәтижесінде тақталардың жылына орташа есеппен
2-5 жылдамдықпен қозғалатындығы анықталған.
Жер қойнауын толтырып жатқан заттарды тау
жыныстары деп атайды. Тау жыныстары шығу тегіне
қарай үшке: шөгінді, магмалық, метаморфты болып
бөлінеді.

11.

• Жер астындағы балқып жатқан отты заттан пайда
болған тау жыныстары магмалық деп аталады. Магма
(грекше былғама) – жердің терең қойнауында жоғары
қысым мен температура жағдайында түзілетін отты
қоймалжың зат. Магмалық жолмен пайда болған тау
жыныстарына базальт, гранит жатады.
• Жер қыртысының бетінде су, жел, т.б. сыртқы күштердің
әсерінен пайда болған жыныстар шөгінді жыныстар
деп аталады. Шөгінді жыныстар органикалық, кесек,
химиялық болып бөлінеді. Судағы және құрлықтағы
жануарлардың қалдықтары органикалық шөгінділерді
құрайды. Өсімдіктердің шірімей және көміліп қалған
қалдықтарынан шымтезек пен таскөмір, теңіздегі өте
майда жәндіктердің қалдықтарынан бор құралады.

12.

• Жердің терең қабатына батқан магмалық және
шөгінді жыныстар үстіңгі тау жыныстарының
салмағына және жоғары температураның әсеріне
ұшырап, өзгереді. Осындай өзгерістердің
нәтижесінде пайда болған тау жыныстары
метаморфты жыныстар деп аталады (грекше
метаморфоза –өзгеру). Метаморфозаның әсерінен
әктас – мәрмәрға, құмтас – кварцитке айналады.
• Жанартау – көмейінен қоймалжың отты зат – лава
тасып төгілетін конус формалы тау. Жанартаудың
көмейі, кратері болады. Кратер жанартау көмейінің
жоғары бөлігіндегі тостаған тәріздес шұңқыр.
• Жер шарында 800-ден астам сөнбеген жанартау
бар, олардың басым көпшілігі мұхит табанында
шоғырланған.

13.

• Жер бедері дегеніміз – жер бетінің тегіс емес,
ойлы-қырлы болып келуінің жиынтығы.
Мысалы, таулы жер бедері немесе жазықты
т.б. жер бедерінің түрлері кездеседі. Жер
бедері пішіндерінің қалыптасуына ішкі және
сыртқы күштер әсер етеді.
• Ішкі күштерге (эндогендік): тау түзілу, жер
сілкіну, жанартаулық атқылаулар,
тақталардың ғасырлық тербелмелі
қозғалыстары жатады. Сыртқы күштерге
(экзогендік): күн сәулесі, климат, су ағыны,
үгілу.

14.

• Жер бедерін зерттейтін ғылым геоморфология деп
аталады.
• Тау – айқын байқалатын етегі, беткейі, шыңы бар
жазықтардан оқшау жатқан жер бетінің көтеріңкі
бөліктері. Таулар биіктігіне қарай үшке бөлінеді:
аласа, орташа, биік. Биіктігі 500-1000 м-ге дейінгі
таулар аласа таулар, биіктігі 1000- 2000 м-ге дейінгі
таулар орташа таулар, 2000 м-ден жоғары таулар
биік тауларға жатады.
• Жер шарындағы ең биік тау шыңы Гималай
тауындағы Джомолунгма шыңы. Биіктігі 8848 м. Бұл
шыңды адамзат баласы 1953 жылы бағындырған.
Джомолунгма непал тілінен аударғанда «таулардың
ана құдайы» деген мағына береді.

15.

• Джомолунгма шыңын Қ.Уалиев басқарған
альпинистер тобы 1982 жылы бағындырған.
• Жер бетінің аз тілімденген, тегіс немесе
белесті болып келетін кең алқабы жазық деп
аталады. Жазықтардың негізгі екі түрі болады:
тегіс және төбелі. Абсолют биіктігіне қарай
жазықтар үшке бөлінеді.
• Теңіз деңгейінен есептегенде биіктігі 200 мден төмен жазық ойпат деп аталады.
Ойпаттар физикалық карталарда жасыл
бояумен көрсетіледі. Мысалы: Амазонка,
Каспий маңы ойпаттары.

16.

• Жер шарындағы ең үлкен ойпат – Амазонка
ойпаты. Амазонка ойпаты Оңтүстік Америка
материгіндегі Бразилия мемлекетінің аумағын алып
жатыр.
• Абсолют биіктігі 200 м-ден 500 м-ге дейінгі
жазықтар қыраттар деп аталады. Мысалы: Жалпы
Сырт қыраты. Абсолют биіктігі 500 м-ден астам
биіктіктегі жазықтар таулы үстірттерге жатады.
Мысалы: Бетпақдала, Торғай, Орта Сібір таулы
үстірттері.
• Күн сәулесі мен соған сәйкес климаттық өзгерістер
жер бедерінің өзгерістерінің басты қозғаушы күші
болып саналады. Қазіргі жер бедерінің
қалыптасуына ішкі және сыртқы күштердің ұзақ
уақыт аралығындағы өзара әрекетінің нәтижесі әсер
еткен.
English     Русский Правила