Похожие презентации:
6 Қылмыстық құқық
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқық негіздері
Қазақстан Республикасының Қылмыстықкодексі 2014 жылы 3 шілдеде қабылданды
2.
Қылмыстық құқық – бұл қылмыс жасаған адамдарғақандай жауапкершілік жүктелетінін және оларды
қандай жазаға тарту керектігін реттейтін құқық
саласы. Ол қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді
(қылмыстарды)
анықтайды,
олар
үшін
қолданылатын жазаларды белгілейді және жазалау
тәртібін реттейді.
3.
Қылмыстық құқықтың негізгі бөлімдері:1. Жалпы бөлім – қылмыстық заңнама, қылмыс ұғымы,
қылмыстық жауапкершілік негіздері, жазаның түрлері мен
тағайындау тәртібін қарастырады.
2. Ерекше бөлім – нақты қылмыс түрлерін сипаттайды,
олар үшін қарастырылатын жазаларды белгілейді (мысалы,
кісі өлтіру, ұрлық, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық және
т.б.).
4.
Қылмыстық құқықтың негізгі қағидаттары:Заңдылық – қылмыс пен жаза тек заңда белгіленген болуы керек.
Әділеттілік – жаза қылмыстың ауырлығына сәйкес болуы қажет.
Кінәлі жауапкершілік – тек кінәлі адамдар ғана жауапқа тартылады.
Гуманизм – адамгершілік қағидаларын сақтау, қылмыскердің
құқықтарын ескеру.
Қылмыстық заңнаманың негізгі міндеттері:
Қоғам мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Құқықтық тәртіпті сақтау және қылмыстық әділеттілікті орнату.
5.
Қылмыстық жаза – қылмыс жасаған адамға мемлекет атынан сотүкімі бойынша қолданылатын заңда белгіленген мәжбүрлеу
шарасы.
Жаза
қылмыстық
құқық
бұзушылыққа
жауап
ретінде
тағайындалады
және
қылмыскердің
құқықтары
мен
бостандықтарына шектеу қояды.
Қылмыстық жазаның мақсаты:
Қылмыскерді жазалау және оның әрекеттеріне әділ жауап беру.
Жаңа қылмыстардың алдын алу (жалпы және жеке ескерту).
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру.
Қылмыскерді түзеу және қайта әлеуметтендіру.
6.
Қылмыстық жазаның түрлері (ҚР Қылмыстық кодексі бойынша):1. Айыппұл – мемлекет пайдасына белгілі бір мөлшерде ақша төлеу.
2. Белгілі бір лауазымды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан айыру – белгілі бір
мерзімге кәсіптік қызметпен айналысуға тыйым салу.
3. Қоғамдық жұмыстарға тарту – сотталушыны ақысыз қоғамдық пайдалы еңбекке тарту.
4. Түзеу жұмыстары – сотталушының жалақысының белгілі бір бөлігін мемлекетке аудару арқылы
жазалау.
5. Қамаққа алу – қысқа мерзімге бас бостандығынан айыру (әдетте 1 айдан 6 айға дейін).
6. Бас бостандығын шектеу – сотталушыға тұрғылықты жерін тастап кетуге, белгілі бір орындарға
баруға тыйым салу.
7. Бас бостандығынан айыру – белгілі бір мерзімге немесе өмір бойына еркіндігінен айыру.
8. Өлім жазасы – ерекше ауыр қылмыстар үшін тағайындалатын ең қатаң жаза (Қазақстанда 2021
жылдан бастап өлім жазасына мораторий енгізілген).
7.
Қылмыстың құрамы – бұл қылмысты сипаттайтын заңдабелгіленген объективтік және субъективтік белгілер жиынтығы.
Бұл белгілер болмаса, адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту
мүмкін емес.
Қылмыстың құрамының маңызы:
Қылмыстың бар-жоғын анықтау үшін қажет.
Қылмыстық жауапкершіліктің заңдылығын қамтамасыз етеді.
Әділ жазаны белгілеуге көмектеседі.
Егер қылмыстың осы төрт элементі толық болмаса, онда адам
қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
8.
Қылмыстың құрамының негізгі элементтері:1. Объект – қылмыстық әрекет арқылы бұзылатын қоғамдық
қатынастар немесе заңмен қорғалатын мүдделер.
Мысалы, кісі өлтірудің объектісі – адамның өмірі, ұрлықтың
объектісі – меншік.
2. Объективтік жақ – қылмыс жасаудың сыртқы көрінісі.Бұған
қылмыстық әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамға қауіпті зардап,
олардың арасындағы себепті байланыс, қылмыс жасау тәсілі, орны,
уақыты, жағдайлары жатады.
Мысалы, кісі өлтіру кезінде адамға қасақана зиян келтіріп, оның
өліміне себеп болу объективтік жаққа жатады.
9.
3. Субъект – қылмыс жасаған адам.ҚР заңнамасы бойынша 16 жастан бастап, кейбір ауыр қылмыстар үшін 14
жастан бастап қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Субъекттің ақыл-есі дұрыс болуы, қылмыс жасаған кезде өз әрекеттеріне есеп
беру қабілеті болуы керек.
4. Субъективтік жақ – адамның қылмыс жасауға қатысты ішкі психологиялық
қатынасы.Бұған кінә (қасақана немесе абайсыздық), ниет (мақсатты әрекет),
мақсат (қылмыстық әрекеттің түпкі нәтижесі) жатады.
Мысалы, адамды алдын ала жоспарлап өлтіру – тікелей қасақана кінәнің
белгісі.
10.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес, қылмыстарқоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәліге тағайындалатын жаза түріне
байланысты төрт санатқа бөлінеді:
1. Онша ауыр емес қылмыстар
Белгілері: Қасақана немесе абайсыздықпен жасалған, ең жоғарғы жаза ретінде
бас бостандығынан айыру 5 жылдан аспайтын қылмыстар.
Мысалы: Ұсақ ұрлық, жеңіл дене жарақатын салу, қызметтік салғырттық.
Жазасы: Айыппұл, қоғамдық жұмыстар, түзеу жұмыстары, бас бостандығын
шектеу немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.
11.
2. Ауырлығы орташа қылмыстарБелгілері: Қасақана жасалса – жаза 5 жылдан 12 жылға дейінгі
бас бостандығынан айыру;
абайсызда жасалса – 7 жылдан аспайтын қылмыстар.
Мысалы: Қаржы жымқыру, алаяқтық, орташа ауыр дене
жарақатын салу.
Жазасы: Айыппұл, бас бостандығынан айыру (12 жылға дейін).
12.
3. Ауыр қылмыстарҚасақана жасалған және жаза 12 жылдан 17 жылға дейінгі бас
бостандығынан айыруды көздейтін қылмыстар.
4. Аса ауыр қылмыс
Топпен немесе жеке қасақана жасалған қылмыстық жаза өмір
бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Кейбір елдерде
бұндай жаза үшін өлім жазасы қолданылады.
Право