Похожие презентации:
Л2 Мемлекеттілікті ұйымдастыру нысаны
1. МЕМЛЕКЕТ ТЕОРИЯСЫ Адам және қазіргі мемлекет: мемлекеттілікті ұйымдастыру нысандары Сабақтың негізгі сұрағы: мемлекеттілікті
ұйымдастыру нысандары адамның құқықтық жағдайынжәне мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдерін қалай айқындайды?
ЛЕКЦИЯ 2
2.
Лекция 2: Адам және қазіргі мемлекет:мемлекеттілікті ұйымдастыру нысандары
Жоспар:
1. Адам құқықтары мемлекеттік билікті жүзеге
асырудың шегі ретінде.
2. Басқару нысаны.
3. Мемлекеттік-аумақтық құрылыс.
4. Саяси режим.
5. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен тұлғаның
жағдайы арасындағы байланыс.
3.
Сабақтың мақсатыМемлекет нысанының элементтерін адам құқықтары тұрғысынан талдау, басқару
нысаны, мемлекеттік-аумақтық құрылыс және саяси режим арасындағы байланысты түсіндіру,
мемлекеттік билікті ұйымдастырудағы өзгерістердің тұлғаның жағдайына ықпалын бағалау.
Күтілетін нәтижелер
Сабақ соңында студенттер:
•адам құқықтарының мемлекеттік билік үшін шек екенін түсіндіреді;
•мемлекет нысанының үш элементін ажыратады;
•басқару нысандарын белгіленген өлшемдер бойынша салыстырады;
•унитарлық мемлекет пен федерацияның ерекшеліктерін анықтайды;
•саяси режимді мемлекеттің ресми атауынан ажыратады;
•мемлекет нысаны элементтерінің өзара байланысын түсіндіреді;
•билікті ұйымдастыру тәсілінің адамның жағдайына ықпалын бағалайды;
•фактіні, құқықтық норманы және саяси-құқықтық бағалауды ажыратады;
•өз дәйектемесіне берілген P2P-рецензия негізінде мәтінін жетілдіреді.
4.
1. Кіріспе диагностикалық белсенділік«Бір мемлекет — үш сипаттама»
Студенттерге үш тұжырым беріледі:
1. Мемлекет басшысы тікелей сайланады және Үкіметті қалыптастыруға қатысады.
2. Мемлекеттің өңірлері дербес конституция қабылдай алмайды.
3. Азаматтар билікті сынай алады, тәуелсіз сотқа жүгінеді және бәсекелі сайлауға қатысады.
Жеке тапсырма
Әр тұжырым қандай мәселені сипаттайтынын анықтаңыз:
•басқару нысаны;
•мемлекеттік-аумақтық құрылыс;
•саяси режим;
•адамның құқықтық жағдайы.
5.
Диагностикалық сұрақтар:•Президенттің болуы мемлекетті автоматты түрде президенттік республикаға айналдыра ма?
•Федерация унитарлық мемлекетке қарағанда міндетті түрде демократиялық па?
•Конституцияда құқықтардың жазылуы олардың нақты қорғалуын білдіре ме?
•Бір басқару нысаны әртүрлі саяси режим жағдайында жұмыс істей ала ма?
•Мемлекет нысанының қай элементі азаматтың күнделікті өміріне көбірек әсер етеді?
Бастапқы қорытынды
Мемлекетті сипаттау үшін «республика», «унитарлық мемлекет» немесе
«демократиялық мемлекет» деген бір ғана атау жеткіліксіз. Мемлекет нысанының әр элементі
әртүрлі сұраққа жауап береді.
Элемент
Басқару нысаны
Негізгі сұрақ
Жоғары билік органдары қалай қалыптасады және өзара қалай
әрекеттеседі?
Мемлекеттік-аумақтық құрылыс Билік орталық пен аумақтар арасында қалай бөлінеді?
Саяси режим
Билік қандай әдістермен жүзеге асырылады?
Адамның құқықтық жағдайы
Азамат билікке ықпал етіп, өз құқығын қалай қорғайды?
6.
7.
Мемлекет нысаны түсінігі және оның элементтері.Мемлекет нысаны – бұл қоғамның басқару, мемлекеттік
құрылым және саяси режим нысандарынан құралған
құрылымдық ұйымдастырылу.
Басқару нысаны - бұл мемлекеттік биліктің жоғары
органдарының өкілеттіктерінің өзара қатынасы, олардың құрамы
мен құрылу тәртібі. Басқару нысаны жоғары билікті жалғыз
адамның немесе сайланбалы алқалық органның жүзеге асыруына
байланысты ерекшеленеді. Осыған сәйкес, басқарудың негізгі
түрлері болып монархия мен республика болып табылады.
8.
Монархия - бұл жоғары мемлекеттік биліктің бір тұлғада ғана –монархта - болуымен сипатталатын басқару нысаны. Монарх билікті
мұрагерлік бойынша өмір бойы иеленеді. Егер монарх мемлекеттік
биліктің жалғыз органы болып табылса, бұл монархия шектелмеген деп
аталады, ал жоғарғы билік монарх пен басқа бір органның арасында
бөлінсе, бұл монархия шектелген деп аталады.
Шектелген монархиялар, өз кезегінде, өкілдік (дуалистік) және
парламенттік болып екіге бөлінеді. Өкілдік монархияда монарх
атқарушылық билікті жүзеге асыра алады, ол үкіметті құру, министрлерді
тағайындау, вето және парламентті тарату құқықтарын иеленеді. Ал
парламенттік монархияда монархтың құқықтық жағдайы әлдеқайда
шектелген болады, монарх тағайындаған министрлер парламенттің
сенімсіздік вотумына тәуелді болады және монарх заңда көзделген
жекелеген жағдайларда ғана парламентті тарата алады.
9.
Республика - жоғары мемлекеттік билік белгілі бір мерзімгесайланатын сайланбалы органға тиесілі басқару нысаны. Халықтың қай
бөлігінің мемлекеттік биліктің жоғары органдарын сайлауға қатыса
алатынына
байланысты
республика
аристократиялық
және
демократиялық болып екіге бөлінеді.
Демократиялық мемлекеттер, өз кезегінде, төмендегідей түрлерге
бөлінеді:
1) Парламенттік - бұл мемлекетте саяси өмірдегі шешуші рөл
парламент сайлаған үкіметке тиесілі болады;
2) Президенттік - бұл мемлекетте сайланған ел басшысы үкіметтің де
басшысы болып табылады, сол себепті, ол үкімет мүшелерін
тағайындайды және оларды қызметінен босатады;
3) Аралас - бұл мемлекетте үкіметті президент пен парламент бірлесе
отырып құрайды.
10.
ӨлшемПрезиденттік
республика
Парламенттік
республика
Аралас республика
Үкіметті
қалыптастыру
Президенттің рөлі
басым
Парламенттік көпшілік
Президент пен
Парламент
Үкіметтің саяси
жауаптылығы
Президент алдында
басым
Парламент алдында
Екі институтпен
байланысты
Мемлекет
басшысының рөлі
Жоғары
Көбіне шектеулі
Елеулі
Атқарушы биліктің
тұрақтылығы
Жоғары болуы мүмкін
Коалицияға тәуелді
Қатынастарға тәуелді
Парламенттік
бақылау
Салыстырмалы
шектеулі
Күшті
Аралас
Негізгі тәуекел
Биліктің шоғырлануы
Үкімет тұрақсыздығы
Өкілеттік қақтығысы
Азамат ықпалының
негізгі арнасы
Президент және
Парламент сайлауы
Парламент сайлауы
Екі сайлау арнасы
11.
Мемлекеттік құрылым нысаны - бұл мемлекеттіңаумақтық құрылымы, оның құрамдас бөліктерінің және
осы бөліктердің әрқайсының мемлекетпен қарымқатынасының сипаты.
Барлық мемлекеттер өздерінің мемлекеттік
құрылымы бойынша жай және күрделі болып екіге
бөлінеді.
12.
Қазақстан Республикасы13.
Жай немесе біртұтас мемлекет - бұл өз ішінде бөлінбейтін тұтасмемлекет, оның өз ішінде дербес мемлекеттік құрылымдар болмайды,
бұл мемлекетте жоғары органдардың біртұтас жүйесі, заңнаманың
ортақ жүйесі, ортақ сот жүйесі, ортақ азаматтығы мен салықтардың бір
каналды жүйесі болады.
Күрделі мемлекет - бұл белгілі бір дәрежедегі дербестікке ие
жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған мемлекет. Күрделі
мемлекеттерге
империялар,
федерациялар,
конфедерациялар,
достастықтар мен одақтастықтар жатады.
14.
Империялар күштеу арқылы құрылатын күрделі мемлекеттер,бұларда құрамдас бөліктердің жоғары билікке бағыныстылық деңгейі
әртүрлі болады. Империялардың басты ерекшелігі – олардың құрамдас
бөліктерінің ешқашан ортақ мемлекеттік-құқықтық мәртебесі
болмаған.
Конфедерация империяға қарағанда ерікті негізде құрылады. Бұл
нақты бір тарихи кезең шегінде белгілі бір мақсаттарға жету үшін
құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құраған
егеменді мемлекеттер халықаралық-құқықтық қатынастар субъектісі
болып қала береді, оларда өз азаматтығы, билік, басқару және сот
әділдігі органдарының жүйесі болады.
15.
Федерация - бұл күрделі, одақтас мемлекет:- оның бөліктері мемлекеттік құрылымдар болып табылады және
белгілі бір дәрежеде мемлекеттік егемендікке ие болады;
- федерацияда жоғарғы федералдық органдар мен федералдық
заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен
заңнамасы да болады;
- федерацияда салықтың екі каналды жүйесі пайдаланылады, оның
белгілерінің бірі қосазаматтық болып табылады.
Федерациялар аумақтық
бойынша құрылуы мүмкін.
немесе
ұлттық-мемлекеттік
қағида
16.
Достастық - бұл ортақ белгілермен, біртектіліктің белгілі бірдеңгейімен сипатталатын мемлекеттердің ұйымдастырушылық бірлестігі.
Оларды біріктіретін белгілер экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке,
дінге қатысты болуы мүмкін. Достастықтың мүшелері - бұл толығымен
тәуелсіз,
егеменді
мемлекеттер,
халықаралық
қатынастардың
субъектілері.
Одақтастық - бұл қоғамды мемлекеттік ұйымдастырудағы ауыспалы
нысан. Одақтастықтың негізінде көп жағдайда мемлекетаралық шарт
болады. Ол одақтастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық
байланыстарын күшейте түседі және оларды конфедеративтік бірлестікке
қарай итермелейді.
17.
Саяси режим - бұл мемлекеттік биліктіжүзеге асыруға жәрдемдесетін тәсілдер мен
әдістер.
Мемлекеттік биліктегі тәсілдер мен әдістердің
жиынтығына қарай екі түрлі режимді бөліп
атауға болады - демократиялық және
антидемократиялық режимдер.
18.
Демократиялық режимнің белгілері:1) халық мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тікелей (азаматтардың
референдумға қатысуы) және өкілдік (халықтың билікті өзі сайлаған өкілдік
органдар арқылы жүзеге асыруы) демократия арқылы қатысады;
2) шешімді көпшілік азшылықтың мүдделерін ескере отырып қабылдайды;
3) мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының сайланбалы
және ауыспалы түрде болуы, олардың сайлаушыларға есеп беруі, жариялық;
4) сендіру, келісу, келісімге келу әдістері жиі қолданылады;
5) қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы заңның үстемдігі;
6) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жарияланады және шын
мәнінде қамтамасыз етіледі;
7) саяси плюрализм, соның ішінде көппартиялық;
8) биліктің тармақтарға бөлінуі және т.б.
19.
Антидемократиялық режимнің бірнеше түрі болады: тирания, деспотизм,фашизм, тоталитарлық және авторитарлық режимдер.
Антидемократиялық режимге мына белгілер тән:
1) бір саяси партияның үстемдігі;
2) бір ресми идеологияның болуы;
3) бір меншік түрінің болуы,
4) саяси құқықтар мен бостандықтарды жоққа шығаруы;
5) қоғамның сословиелік, касталық және т.б. белгілер бойынша бөлінуі;
6) халықтың төмен экономикалық деңгейі,
7) мәжбүрлеу мен жазалау шараларының үстемдігі;
8) сыртқы саясаттағы агрессиялық сипаттағы әрекеттер және т.б.
20.
Үш элементтің байланысыМысалы, мемлекеттің республика болуы:
•Президент пен Парламенттің арақатынасын толық түсіндірмейді;
•орталық пен өңірлер арасындағы өкілеттік бөлінісін көрсетпейді;
•сайлаудың бәсекелі немесе бәсекесіз екенін білдірмейді;
•соттың нақты тәуелсіздігін дәлелдемейді;
•азаматтардың құқықтары іс жүзінде қорғалатынын көрсетпейді.
Сондықтан мемлекетті ғылыми талдау үшін:
басқару нысаны + аумақтық құрылым + саяси режим +
адамның нақты құқықтық жағдайы бірге қарастырылуы керек.
21.
ӨлшемДемократиялық режим
Авторитарлық режим
Тоталитарлық режим
Сайлау
Еркін және бәсекелі
Бәсекесі шектеулі
Формалды немесе жоқ
Сөз еркіндігі
Қорғалады
Ішінара шектеледі
Қатаң бақыланады
Оппозиция
Заңды қызмет етеді
Қысымға ұшырауы
мүмкін
Жойылады
Сот
Тәуелсіздікке негізделеді
Азаматтық
қоғам
Еркін
Шектеулі
Тәуелсіз түрде
болмайды
Жеке өмір
Қорғалады
Араласу қаупі жоғары
Кең көлемде
бақыланады
Мемлекеттік
мәжбүрлеу
Заңмен және сотпен
шектеледі
Бақылау әлсіз болуы
мүмкін
Жаппай саяси құралға
айналады
Атқарушы билік ықпалы
Саяси билікке бағынады
болуы мүмкін
22.
3. Адам құқықтары мемлекеттік биліктің шегі ретінде3.1. Мемлекеттік билік не үшін шектеледі?
Мемлекеттік билік қоғам үшін қажетті:
•жалпыға міндетті шешімдер қабылдайды;
•салық жинайды;
•мәжбүрлеу шараларын қолданады;
•құқықтар мен міндеттерді белгілейді;
•қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
•дауларды шешеді.
Алайда биліктің қажетті болуы оның шексіз болуын білдірмейді.
Құқықтық мемлекетте билік адамның қадір-қасиетімен, Конституциямен
және құқықтарымен шектеледі.
23.
3.2. Адам құқықтарының негізгі қызметтеріҚорғау қызметі
Мемлекеттік органның адамның өміріне, бостандығына, меншігіне және жеке өміріне негізсіз
араласуына тыйым салады.
Шектеу қызметі
Мемлекеттік биліктің өкілеттігінің құқықтық шекарасын белгілейді.
Міндеттеу қызметі
Мемлекеттен адамды құқыққа қайшы әрекеттерден қорғауды талап етеді.
Қатысу қызметі
Азаматқа сайлауға; референдумға; мемлекеттік басқаруға; қоғамдық талқылауға; бейбіт
жиналысқа; мемлекеттік органға жүгінуге мүмкіндік береді.
Бақылау қызметі
Азамат мемлекеттік органның шешіміне шағым жасап, оның заңдылығын тексерте алады.
24.
3.4. Құқықты шектеудің өлшемдеріМемлекеттік орган құқықты шектеген жағдайда мына сұрақтар қойылады:
1. Шектеудің нақты құқықтық негізі бар ма?
2. Ол заңды мақсатты көздей ме?
3. Шектеу шын мәнінде қажет пе?
4. Жеңілірек шара қолдануға бола ма?
5. Шектеу мақсатқа мөлшерлес пе?
6. Ол кемсітусіз қолданыла ма?
7. Шешімге тәуелсіз органға шағымдануға бола ма?
Негізгі қағида: Мемлекет адам құқықтарын жай жариялаумен шектелмей,
оларды билікті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың өлшеміне айналдыруы керек.
25.
Мемлекет нысандарының салыстырмалы картасыТоптық тапсырма (AI-0)
Әр топ бір мемлекеттілікті ұйымдастыру моделін алады:
1. президенттік унитарлық мемлекет;
2. парламенттік унитарлық мемлекет;
3. президенттік федерация;
4. парламенттік федерация;
5. конституциялық монархия;
6. авторитарлық республика.
Топ төмендегі картаны толтырады. Таныстыру шарты: топ мемлекеттің атауын
айтпай, тек модельдің белгілерін ұсынады. Басқа топтар оның басқару
нысанын, аумақтық құрылысын және ықтимал саяси режимін анықтайды.
26.
ӨлшемМемлекет басшысы қалай қалыптасады?
Үкіметті кім қалыптастырады?
Үкімет кімнің алдында жауапты?
Парламенттің бақылау мүмкіндігі қандай?
Орталық пен өңірлер арасында өкілеттік
қалай бөлінеді?
Азамат билікке қандай жолмен қатысады?
Құқықтарын қалай қорғайды?
Модельдің негізгі артықшылығы қандай?
Негізгі құқықтық тәуекелі қандай?
Сипаттама
27.
11. Өзгерістің тұлғаға ықпалын талдауНегізгі тапсырма
әрқайсысы
бір
Топтардың
өзгерісті
талдайды:
1-нұсқа
Президенттік
республика
парламенттік республикаға ауысты.
2-нұсқа Унитарлық мемлекетте өңірлерге
кең бюджеттік және әкімшілік өкілеттік
берілді.
3-нұсқа Аралас сайлау жүйесі толық
пропорционалды жүйеге ауысты.
4-нұсқа Екі палаталы Парламент бір
палаталы органға айналды.
5-нұсқа Демократиялық режимде төтенше
жағдайға байланысты азаматтардың кейбір
құқықтары шектелді.
6-нұсқа Жергілікті әкімдерді тағайындаудың
орнына тікелей сайлау енгізілді.
Талдау сұрақтары:
1. Бұрынғы модель қандай болды?
2. Қандай элемент өзгерді?
3. Қай органның өкілеттігі күшейді?
4. Қай органның ықпалы әлсіреді?
5. Шешім қабылдау жылдамдығы қалай
өзгереді?
6. Бақылау мен жауаптылық қалай өзгереді?
7. Азаматтың саяси қатысу мүмкіндігі өзгере ме?
8. Құқықтарды қорғау тетігіне әсері қандай?
9. Негізгі оң мүмкіндік қандай?
10. Негізгі құқықтық тәуекел қандай?
28.
ӨлшемБилікті қалыптастыру
Өкілеттіктерді бөлу
Есептілік
Саяси қатысу
Құқықтарды қорғау
Өңірлік өкілдік
Шешім қабылдау
Негізгі тәуекел
Өзгеріске дейін
Өзгерістен кейін
Адамға ықпалы
29.
12. Практикалық кейсКейс фабуласы
Мемлекетте басқару реформасы жүргізілді. Бұрын Үкімет Парламенттегі көпшілік негізінде құрылып, Парламент
алдында жауапты болатын. Реформадан кейін Президент Үкімет басшысын дербес тағайындау және Үкіметтің
негізгі саяси бағытын айқындау құқығына ие болды.
Сонымен қатар Президент:
•Парламент қабылдаған заңдарға вето қоя алады;
•жоғары лауазымды тұлғаларды тағайындайды;
•төтенше жағдай кезінде арнайы өкілеттіктерді қолданады.
Парламент Үкімет мүшелерінің есебін тыңдай алады, бірақ Үкіметке сенімсіздік білдіру рәсімі күрделенді. Сот
судьяларын тағайындауда да Президенттің рөлі артты.
Сұрақтар
1.Басқару нысаны қандай бағытта өзгерді?
2.Қай мемлекеттік органның өкілеттігі күшейді?
3.Тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесіне қалай әсер етуі мүмкін?
4.Азаматтардың саяси ықпалы қалай өзгеруі ықтимал?
5.Адам құқықтарын қорғау үшін қандай институттар тәуелсіз болуы керек?
6.Реформаның мүмкін артықшылығы қандай?
7.Негізгі құқықтық тәуекелі неде?
30.
13. P2P-рецензиялау. Әр студент немесе топ өз дәйектемесін басқа студентке береді.Рецензент тексеретін өлшемдер
1. Ұғымдық дәлдік
•басқару нысаны, аумақтық құрылыс және режим ажыратылған
ба?
•«республика» мен «демократия» бір ұғым ретінде
қолданылмаған ба?
•мемлекеттік органның құзыреті мен саяси ықпалы
ажыратылған ба?
2. Себеп-салдар байланысы
•өзгерістің тұлғаға қалай әсер ететіні түсіндірілген бе?
•тек «әсер етеді» деп айтылмай, нақты тетік көрсетілген бе?
3. Дәлел
•тұжырым нақты белгіге, нормаға немесе институтқа сүйене ме?
•дәлел қорытындыға сәйкес келе ме?
4. Теңгерімділік
•оң мүмкіндік көрсетілген бе?
•құқықтық тәуекел көрсетілген бе?
•біржақты баға берілмеген бе?
5. Адамның жағдайы
•саяси қатысу;
•құқықтарды қорғау;
•мемлекеттік қызметтерге қолжетімділік;
•теңдік;
•жергілікті мәселелерге ықпал ету
қарастырылған ба?
P2P-рецензия формуласы
• Негізгі тезисіңіз: …
• Сәтті дәлеліңіз: …
• Дәлелдеуді қажет ететін тұс: …
• Араластырылған ұғым: …
• Ескерілмеген құқықтық тәуекел: …
• Ұсынылатын түзету: …
31.
3-аптадағы міндетті қысқа жазбаша жұмысБұл жұмысқа балл қойылмайды, бірақ оны орындау БШ №1-ге дайындықтың міндетті
бөлігі болып саналады.
Ұсынылатын уақыт: 15 минут.
Тапсырма
Төмендегі тұжырымдардың бірін таңдаңыз:
1. «Президенттік республика адамның құқықтарын парламенттік республикаға қарағанда әлсіз
қорғайды».
2. «Федерация азаматтардың жергілікті шешімдерге қатысуына унитарлық мемлекетке қарағанда
көбірек мүмкіндік береді».
3. «Мемлекеттің демократиялық деп жариялануы демократиялық режимнің бар екенін дәлелдеуге
жеткілікті».
4. «Мемлекеттік биліктің орталықтануы басқару тиімділігін арттырғанымен, аюадамның саяси
ықпалын әлсіретуі мүмкін».
Таңдалған тұжырымға 150–180 сөз көлемінде дәлелді құқықтық жауап жазыңыз.
32.
Міндетті құрылым1. Тезис
Тұжырыммен келісетініңізді, келіспейтініңізді
немесе ішінара келісетініңізді көрсетіңіз.
2. Негізгі ұғым
Талдауда қолданылатын кемінде бір негізгі
ұғымға анықтама беріңіз.
3. Екі дәлел
Әр дәлелде:
•мемлекет нысанының нақты элементін;
•билікті жүзеге асыру тетігін;
•адамның жағдайына ықпалын көрсетіңіз.
4. Қарсы уәж
Өз позицияңызға қарсы кемінде бір орынды
уәжді көрсетіңіз.
5. Қорытынды
Бастапқы тезиске нақты жауап беріңіз.
Ұсынылатын жазу формуласы
Бұл тұжырыммен толық/ішінара келісуге
болады, өйткені…
Біріншіден, …
Бұл адамның жағдайына … арқылы әсер етеді.
Екіншіден, …
Қарсы тарап … деп дәлелдей алады. Бұл уәж
орынды, алайда…
Сондықтан…
33.
Балл қойылмайтын жұмыстың диагностикалық критерийлеріКритерий
Орындалды
Жетілдіру керек
Сұраққа нақты позиция берілген
□
□
Негізгі ұғым дұрыс қолданылған
□
□
Кемінде екі дәлел келтірілген
□
□
Әр дәлелде тұлғаға ықпал
көрсетілген
□
□
Қарсы уәж берілген
□
□
Қарсы уәжге жауап берілген
□
□
Басқару нысаны, құрылыс және
режим шатастырылмаған
□
□
Қорытынды тезиске сәйкес
□
□
Мәтін белгіленген көлемде
□
□
Диагностикалық нәтиже. Жұмысқа сандық баға қойылмайды. Оқытушы мына белгілерді қолдана алады:
•Дайын — дәйектеме құрылымы қалыптасқан;
•Толықтыру қажет — дәлел немесе қарсы уәж жеткіліксіз;
•Қайта қарау қажет — негізгі ұғымдар араластырылған немесе сұраққа жауап берілмеген.
34.
Келесі сабақтағы типтік қателерді талдауОқытушы студенттердің аты-жөнін атамай, ағын бойынша жиі кездескен қателерді көрсетеді.
Ықтимал елеулі қателер
Республика мен демократияны теңестіру
Қате: Республика болғандықтан, мемлекет міндетті түрде демократиялық.
Түзету: республика — басқару нысаны, демократия — саяси режимнің сипаты.
Федерацияны демократияның кепілі деп санау
Қате: Федерацияда өңірлердің құқықтары болғандықтан, ол міндетті түрде демократиялық.
Түзету: аумақтық құрылыс билік бөлінісін көрсетеді, бірақ саяси режимді автоматты түрде анықтамайды.
Құқықтың жариялануын оның қорғалуымен теңестіру
Қате: Конституцияда құқық бар, демек ол толық қорғалған.
Түзету: құқықтың нақты қорғалуы сотқа қолжетімділікке, құқық қолдануға және шешімдердің орындалуына тәуелді.
Өзгеріс пен салдардың арасындағы тетікті көрсетпеу
Әлсіз: Парламенттің күшеюі азаматтарға жақсы әсер етеді.
Нақты: Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіру өкілеттігі күшейсе, Үкіметтің сайланған орган алдындағы
есептілігі артып, азаматтардың сайлау арқылы атқарушы саясатқа жанама ықпалы кеңеюі мүмкін.
Тек артықшылықты немесе тек тәуекелді көрсету
Құқықтық талдау өзгерістің: ресми мақсатын; оң мүмкіндігін; құқықтық тәуекелін; іске асыру шарттарын бірге
қарастыруы керек.
35.
Әлсіз фрагментті түзету тапсырмасыБастапқы әлсіз фрагмент
Президенттік республикада Президент күшті болады. Сондықтан мұндай мемлекетте
адамдардың құқықтары нашар қорғалады. Парламенттік республика әрдайым демократиялық
болады, өйткені билікті Парламент жүзеге асырады.
Түзетуге берілетін уақыт: 5–10 минут.
Түзету талабы
•кемінде екі ұғымды нақтылаңыз;
•абсолютті тұжырымдарды алып тастаңыз;
•себеп-салдар тетігін көрсетіңіз;
•қарсы уәж қосыңыз;
•80–100 сөз көлемінде қайта жазыңыз.
36.
ЖИ қолдануға арналған тапсырмаТапсырма
ЖИ көмегімен президенттік және парламенттік республикалардың адамның саяси қатысуына
ықпалын салыстырыңыз.
Бастапқы промт
Президенттік және парламенттік республикаларды адамның саяси қатысуы тұрғысынан
салыстыр. Үкіметті қалыптастыру, саяси жауаптылық, Парламент бақылауы, сайлаушының
ықпалы және құқықтарды қорғау өлшемдерін қолдан. Әр модель бойынша оң мүмкіндік пен
құқықтық тәуекелді көрсет. Басқару нысанын саяси режиммен теңестірме.
Нақтылау промты
Алдыңғы жауаптағы тұжырымдарды тексеру кестесіне айналдыр.
Әр тұжырым бойынша: факт немесе теориялық тұжырым, қажетті құқықтық дереккөз, ықтимал
қарсы мысал және қорытындының шегін көрсет.
Нақты мемлекет аталмаса, ойдан шығарылған Конституция баптарын немесе статистиканы
қолданба.
37.
ЖИ жауабын тексеру өлшемдері•басқару нысаны мен саяси режим ажыратылған ба?
•бір модель автоматты түрде «жақсы» деп бағаланбаған ба?
•азаматтың ықпалы қандай тетік арқылы жүзеге асатыны
көрсетілген бе?
•Парламент пен Үкіметтің жауаптылығы дұрыс түсіндірілген бе?
•құқықтарды қорғауда соттың рөлі ескерілген бе?
•абсолютті және дәлелсіз тұжырымдар бар ма?
•дереккөздер нақты көрсетілген бе?
38.
ҚорытындыМемлекеттілікті ұйымдастыру нысандары мемлекеттік биліктің құрылымын ғана емес, адамның билікпен
қатынасын да айқындайды.
Басқару нысаны:
•жоғары органдарды кім қалыптастыратынын;
•Үкіметтің кімге жауап беретінін;
•азаматтың мемлекеттік саясатқа қалай ықпал ететінін көрсетеді.
Мемлекеттік-аумақтық құрылыс:
•шешімнің қай деңгейде қабылданатынын;
•өңірлердің дербестігін;
•жергілікті мәселелерге азаматтардың қатысу мүмкіндігін анықтайды.
Саяси режим:
•биліктің іс жүзінде қандай әдістермен жүзеге асырылатынын;
•сайлау мен саяси бәсекенің жағдайын;
•адам құқықтары мен сот тәуелсіздігінің нақты деңгейін көрсетеді.
Негізгі формула: Мемлекет нысанының сапасы биліктің қалай құрылғанымен ғана емес, адамның билікке
қаншалықты ықпал ете алатынымен және өз құқығын қаншалықты тиімді қорғай алатынымен өлшенеді.
Бір басқару нысанын немесе аумақтық құрылысты барлық мемлекет үшін мінсіз модель деп тануға болмайды.
Нәтиже құқықтық шектеулерге, институттардың тәуелсіздігіне, саяси мәдениетке, қоғамдық бақылауға және құқық
қолдану тәжірибесіне байланысты.
39.
Назарларыңызға рақмет!Teaching Professor, з.ғ.к., A. К. Комекова
40.
Үлгілі түзетілген нұсқаПрезиденттік республикада Президенттің атқарушы билікті қалыптастыруға және
мемлекеттік саясатты анықтауға ықпалы жоғары болуы мүмкін.
Бірақ бұл адамның құқықтары міндетті түрде нашар қорғалады дегенді білдірмейді.
Нәтиже Парламент бақылауына, сот тәуелсіздігіне, еркін сайлауға және Президент
өкілеттігінің құқықтық шектеріне байланысты.
Парламенттік республикада Үкіметтің сайланған Парламент алдында жауапты болуы
азаматтардың саяси ықпалын күшейте алады.
Дегенмен партиялық бәсеке әлсіз немесе сот тәуелсіз емес болса, парламенттік модельдің
өзі демократиялық режимге кепілдік бермейді.
Сондықтан басқару нысаны саяси режиммен және құқықтарды қорғау институттарымен
бірге бағалануы керек.
Право