Похожие презентации:
Қараүңгірдің баурайы,туған жерім-Обалым
1.
Тақырыбы: Қараүңгірдің баурайы,туған жерім-ОбалымЖұмыстың авторы:Хакимов Даниял Қайратұлы
Білім беру ұйымының мекенжайы: Ақмола облысы, Бурабай
ауданы, Первомай селосы
Жетекшісі: Әлібек А.С.
2016 жыл
2.
Первомай ауылы Ақмола облысы,Щучье ауданың оңтүстігінде 40шақырым қашықтықта орналасқан.
Шекарасы шығысында Ебекшілдер ауданы, батысында- Зеренді
ауданымен шектеседі.
Жер көлемі -4338га (орманды қоса есептегенде)
Халқы -785(2008ж. Санақ бойынша )
Халқы -590(2016ж. Санақ бойынша )
3.
Ертерек кезде ауыл маңында әр жерде қолмен үйілгентөмпешіктер көп болатын. Қарттардың айтуына қарағанда қазақ-қалмақ
соғысы жүріп өткен жерлерде осындай төмпешік-обалар көптеп пайда
болған. Бұл обаларға соғыста өлгендерді көмген, немесе елден тоналған
дүние –мүлікті сақтау үшін әдейі қазылған қоймалар. Кейінгі кездері
техникалар басып жылдан –жылға шөгіп, қазір жермен жексен болған.
Міне осыдан барып Обалы деп аталған екен, кейіннен ауыл да Обалы
аталды. Шежірешілердің айтуына қарағанда Бақтыбай деген бабамыз
сонау Жиделі- Байсын- Сыр бойынан 1560 жылдары Атығай мен Қарауыл
балаларын Қызылжар, Көкше өңіріне әкеліп қоныстандырса керек
(Көкшетау газеті, 31.10.91 ж ). Бақтыбай бабамыз 90 жасқа келген, одан 10
ұл туған. 1929 жылы большевиктік колективизация кезінде Қарауылдың
Қараүңгірді мекендеген Ыдықбай, Ақсайды мекендеген Малай рулары
бірігіп Обалыға қоныс аударды.
4.
Сонымен Обалы ауылының түпкілікті тұрғындары негізінен ружағынан Қарауыл-Қараша-Ыдықбай руынан тарайды. Ыдықбайдан –
Сырлыбай, Сәдібек, Сәмбет, Рыстымбет, Дәулі, Алатан, Құланшы болып, жеті
ата тараса, обалылықтар Сәмбет ұрпағына жатады. Сәмбет бабамыз 107
жасқа келсе керек.
Ал көрші ауыл Түлкіліктер-Рыстымбет, Дәуілден тарайды. Қалған
төрт ата Ыдықбайлар қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Совет ауданы
бозарал маңын мекендейді .
5.
1.Табиғат және табиғи ресурстары.2. Кен байлықтары
3. Климаты
4. Көлдері
5. Топырағы
6. Өсімдіктер әлемі
7. Жануарлар әлемі
6.
1. Табиғат және табиғи ресурстарыАуылымыздың жері жайсаң, суы мол, жан-жағын жасыл желекті орман
қоршаған құтты жер. Табиғатымыз ырыс пен мол қазынаның өайнар көзі, ауасы
таза адам денсаулығының сенімді сақшысы. Ауылымыздың табиғи ресурстарына
– топырақ, су, ауа, ормандар жатады.
«Орман ел дәулеті, жер сәулеті» деп бекер айтпаған, орман күрделі тірі
организм, саялы орын. Өсіп тұрған ағаштар орманның негізін құрайды,
ауылымыздың ормандарында қылқанды, жалпақ жапырақты және т.б. түрлері
кездеседі.
Өзен, көлдер суының молдығы ормандар алып жатқан ауданғға
байланысты, ылғалды өз бойына көп жинақтай отырып, орман табиғатымыздағы
су көздерін сақтау рөлін атқарады.
2. Кен байлықтары
Ауылымыздың табиғи байлықтарына қалпына келетін –өсімдіктер,
топырақ құнарлығы, су байлықтары бар және қалпына келтірмейтін жер
қойнауының байлығы – ұран да бар
BACK
7.
3. КлиматыАуылымыздың климаты қоңыржай континентті болып келеді. Қыста
қар көп жауады, сондықтан көктемде жер өте ылғалды болып келеді. Қыс аязды
және боранды күндер жиі болады. Аязды күндердің температурасы -39, -42С дейін
көтеріледі.
Көктемде қар еріп, жағбыр жиі жауады, пйналамыздағы табиғат оянады.
Осы ауылымыздың кішкентайлығына қарамастан, жері жайсанғ суы
мол болып, жан-жағын жасыл желекті орман қоршаған құтты жер. Топырағы
қарашірікке бай, сондықтан болар орманды дала, дала өсімдіктері түрі басым.
Жердің көп бөлігін егістік алып жатыр, бірақ сонымен қатар керемет сұлу
«Қараүңгір» атты мол керемет бейнесімен көз тартады.
4. Көлдері
Аулымыздың солтүстік-батысында Қараүңгір көлі орналасқан. Көл шипалық
қасиеттерге бай, түрлі ауруларғаем. Айналасында жасыл өсімдіктерге кең
таралған, жануарлардың да кейбір түрлері кездеседі. Көл ағысыз, тұзды. Пайда
болу жағынан тектонткалық көлге жатады. Көлде қоға, қамыс, жасыл балдырлар
өсімдік бірлестіктері кездеседі. Көлдің саз-балшығын емдік қасиетке қолдануға
болады. Қараүңгір көлінің батысы далалы болып келеді. Даланың өізне тән
айрықша белгіллері-орманы жоқ, жері жазық, топрағы қарашірікке бай,
топырақты болады.
BACK
8.
5.ТопырағыПервомай ауылының топрағы құнарлы және
борпылдақ болып келеді. Топырақ қарашірігі
негізінен
өсімдіктердің
және
топырақты
мекендейтін микроорганизмдер мен жәндіктердің
қоспасынан тұрады. Топырақта бактериялар,
саңырауқұлақтар,
балдырлар,
құрттар,
паразиттер, жәндіктер, кемірушілер, бауырмен
жорғалаушылар, қосмекенділер тіршілік жасайды,
сондықтанқарашігі мол болып келеді.
BACK
9.
6. Өсімдіктер әлеміАулымыздың флорасы алуан түрлі болып келеді.
Өсімдіктер-табиғат
қазнасы,
аулымыздың
байлығы.
Аулымызда
көпжылдық
ағаштар-қайың,терек,қарағай,
шыршалар кездеседі. Шөптесін, бұта өсімдіктердің түрлері
кездеседі, олар итмұрын, долана, шетен, шие, қарақат. Гүлді
өсімдіктер түймедақ, бәйшешек, мыңжапырақ, жусан, бақ-бақ
кездеседі. Халықтың өміріне тірішілік қажетіне бірден- бір
жақын астық дақылдар-бидай, сұлы, картоп , егіліп, бақша
дақылдары-қырыққабат, қызанақ, қияр, пияз, өсірідеді,
олардың
барлығы азық-түліктің қайнар көзі, халықтың
байлығы болып табылады. Ауыл тұрғындары көптеген
өсімдіктерді- бәйшешек, тұймедақ, бақ-бақ, мыңжапырақ
түрлерін емдік қасиеттерін да қолданылады.
BACK
10.
7. Жануарлар әлеміАулымыздың
фаунасы
да
алуан
түрі
болып
келеді.
Ормандарымызда сүтқоректі жануарлар түлкі, , борсықтар, қояндар,
қасқырлар, еліктер, кездеседі. Құстардың да көшпелі және қыстайтын да
түрлері кездеседі. Олар қарлығаштар, көгершіндер, бозторғайлар, құрлар,
аққулар, тырналар, бөденелер, үккілер. Аулымыздың фаунамыз
жануарлардың мекн ету, тіршілік ортасына байланысты бірнеше
бірлестіктерге бөлінеді дала жануарлар бірлестігі, орманды мекндейтін
жануарлар бірлестігі, көлде және ауада мекендейтің жануарлар топтары
болып бөлінеді. Қосмекенділердің де түрлері кездеседі жыландар,
кесірткелер.
BACK
11.
Сұлу Бурабай мен Зерендінің нақ ортасындаорналасқан етегінен ұшар басына дейін, сыңсыған қарағай
мен қайың өскен «Қараүңгір тауы», бір шетінен екінші
шетіне көз жетпейтін айдын шалқар Қараүңгір көлі бар.
Көлдің күншығыс жағалауы 50-60 м. Тік жарқабақ шың
болып біткен ерте кезде ойнап жүрген бала құлап
өлгендіктен, «Бала құлаған құз» деп аталған екен.
Екінші бір аңыз бойынша жер ұйығы, түгін тартса, май
шыққан сұлу Қараүңгірді Қара-Қыпшақ Қобыланды батыр
қоныстаған екен.
Ал, көлдің адамзатты таң қалдыратын тамаша қасиеті бар. Бір
шалқардың шарасына сиып жатқан көлдің батыс жағының суы тұщы
да, шыңыс жағының суы тұзды ащы. Бірақ екеуі бір-ақ көл . Көлдің
тұщы жағында бар балық, ащы жағынан кездеспейді, өйткені ащы
жағында теңіз балығы репус, пелят өседі.
12.
ҚАРАҮҢГІР13.
Қараүңгір көліне жаз бойы адамдар келіп, суғашомылып дем алып, ем қабылдайды. Бұл көлде
экологиялық дағдарыстар жоқ. Маңайдағы
көлдердің көбіне елдердің күл-қоқыс, малқораларының лай сулары құйылса Қараүңгір
көліне Тасбұлақ Шолақ-бұлақ Атаң ауылының
бұлағы тағы көптеген таудан аққан бұлақтардың
таза сулары құйылды. Сондықтан да көл
жаратылысынан юергі көркемдік көрінісін
жоғалтқан жоқ.
Тау беткейіндегі қалың өскен қарағай-қайың
жыныстың арасында кеңдігі он екі қанат кигіз
үйдей, табиғатың өзі жаратқан, тауға үңгірлей кірг
қазіргі кезде кірер жерін шөп-шалам, тамыр басып,
юітеліп қалған үңгірді ертеде Қобланды үңгірі
дейді екен, ал кейіннен Қараүңгірді атанып деседі.
14.
Қараүңгір - туып өскен жерім менің,Обалы- мекен еткен елім едің.
Ежелден ата-бабам қоныс қылған,
Сансыз мал жайылым болған балым едің.