КАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ
ДӘРІС ЖОСПАРЫ
Ежелгі Үндістан философиясының үш кезеңі бар. Ведалық кезеңде «ВЕДАЛАР» («білімдер») – діни-философиялық трактаттар пайда болды. Олар дін
1. ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ, МЕКТЕПТЕРІ, ҰҒЫМДАРЫ
1. ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ, МЕКТЕПТЕРІ, ҰҒЫМДАРЫ
2. ВЕДАЛАР МЕН УПАНИШАДАЛАР
2. ВЕДАЛАР МЕН УПАНИШАДАЛАР
2. ВЕДАЛАР МЕН УПАНИШАДАЛАР
3. ОРТОДОКСАЛДЫҚ ЕМЕС ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МЕКТЕПТЕР: ЧАРВАКА-ЛОКАЯТА
4. ЖАЙНИЗМ
4. ЖАЙНИЗМ
5. БУДДИЗМ
5. БУДДИЗМ
6. ОРТОДОКСАЛДЫҚ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МЕКТЕПТЕР. ЙОГА
7. СӨЖ бен СОӨЖ-ге тапсырма (түпнұсқалар)
7. СӨЖ бен СОӨЖ-ге тапсырма (түпнұсқалар)
7. СӨЖ бен СОӨЖ-ге тапсырма (түпнұсқалар)
7. СӨЖ бен СОӨЖ-ге тапсырма (түпнұсқалар)
9. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
9. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
1.52M
Категория: ФилософияФилософия

Шығыс философиясы – Ежелгі Үндістан философиясы

1. КАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ

ПӘН: ФИЛОСОФИЯ
№2 тақырып Шығыс философиясы –
Ежелгі Үндістан философиясы
Орындаған: ЖГДФ ассоц. профессоры
Ақбаева Л.Н.
Алматы 2015

2. ДӘРІС ЖОСПАРЫ

1. ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ
КЕЗЕҢДЕРІ, МЕКТЕПТЕРІ, ҰҒЫМДАРЫ.
2. ВЕДАЛАР МЕН УПАНИШАДАЛАР.
3.ОРТОДОКСАЛДЫҚ ЕМЕС ФИЛОСОФИЯЛЫҚ
МЕКТЕПТЕР. ЧАРВАКА-ЛОКАЯТА.
4. ЖАЙНИЗМ.
5. БУДДИЗМ.
6. ОРТОДОКСАЛДЫҚ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МЕКТЕПТЕР.
ЙОГА.
СӨЖ БЕН СОӨЖ-ГЕ ТАПСЫРМА (ТҮПНҰСҚАЛАР).
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ.

3.

4. Ежелгі Үндістан философиясының үш кезеңі бар. Ведалық кезеңде «ВЕДАЛАР» («білімдер») – діни-философиялық трактаттар пайда болды. Олар дін

1. ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ
КЕЗЕҢДЕРІ, МЕКТЕПТЕРІ, ҰҒЫМДАРЫ
1-кезең:
б.з.д. 5-6 ғғ. –
ВЕДАЛЫҚ КЕЗЕҢ
2-кезең:
б.з.д. 2-6 ғғ. –
ЭПИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ
3-кезең:
б.з.д. 2-7 ғғ. –
СУТРАЛАР КЕЗЕҢІ
Ежелгі
Үндістан
философиясының
үш
кезеңі
бар.
Ведалық кезеңде «ВЕДАЛАР» («білімдер») – діни-философиялық трактаттар пайда болды.
Олар діни ұрандардан («самхиттер»), салт-дәстүрлерден («брахмандар»), орман адамдарның
кітаптарынан («араньяктар») және Веда мәтіндеріне философиялық комментарийлерден –
«УПАНИШАДАЛАРДАН»
тұрады.
Эпикалық кезеңде ортодоксалдық емес, яғни Ведаларды мойындамайтын философиялық
мектептер пайда болады. Оларға: 1. БУДДИЗМ; 2. ДЖАЙНИЗМ; 3. ЧАРВАКА-ЛОКАЯТА
жатады.
Сонымен
қатар
ведалық
білімдерді
дамытатын
ортодоксалдық
философиялық
мктептер
(«даршандар»)
пайда
болады.
Олар:
1. ВЕДАНТА; 2. МИМАНСА; 3. ЙОГА; 4. ВАЙШЕШИКА; 5. САНКХЬЯ. 6. НЬЯЯ. Бұлай бөліну
философияның
материализм
және
идеализм
ағымдарымен
байланысты.
Сутралар кезеңі қысқа философиялық трактаттардың пайда болуымен ерекшеленеді (мысалы,
«Кама-сутра»).

5. 1. ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ, МЕКТЕПТЕРІ, ҰҒЫМДАРЫ

ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ БАСТЫ ҰҒЫМДАРЫ:
АТМАН ең басты мағынасы универсалдық космостық психикалық болмыс ретіндегі
“адам”. Осы мағынада атман бүкіл бар нәрсенің бастауы, негізі және соңы. Атман көбіне
ақыл-ойдан, сөз бен тыныстан тұратын рухани бастау ретінде, “брахман” ұғымымен бірдей
деңгейде түсініледі.
БРАХМАН бірнеше мағынаға ие ұғым 1) абыздар кастасының, брахмандардың
өкілі; 2) қасиетті мәтіндер; 4) құдай; 5) субстанция.
ДХАРМА (санскритше - dharma) бірнеше мағынаға ие ұғым. Будда ілімі, рухани
білімнің квинэссенциясы дегенді білдіреді, ар-ұждан, адамгершілік ілімі. Тағы бір
мағынасы болмыстың элементтері. Әлемдік процесс себептерден туындайтын
және өшуге бағыт алған нәзік, өткінші 72 дхарма-элементтердің өзара әсер етуі,
оның соңғы нәтижесі абсолюттік тыныш күйге, сөнуге жету.
КАРМА “іс-әрекет”. Кез келген іс-әрекеттің салдары. Жағымды істердің нәтижесінде
бақыт пайда болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Осы адамгершілік
заңдылығы карма деп аталады.

6. 1. ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАН ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ, МЕКТЕПТЕРІ, ҰҒЫМДАРЫ

НИРВАНА “жоғалу”, “сөну”. Күнделікті өмір бітпейтін күйбең тіршілікке,
азап-қасіретке толы бақытсыз болмыс, ал нирвана осы азап-қасірет шегуден,
карма заңының негізінде қайта туылудан құтылып, сананың өшуі, болмыстың
арамдықтан тазаруы.
САНСАРА азап-қасіретке толы қайта туылудың, өмір мен өлімнің үздіксіз процесі.
Сансараның тамыры білместікте, сондықтан одан құтылу жолы нирванаға ену.

7. 2. ВЕДАЛАР МЕН УПАНИШАДАЛАР

ВЕДАЛАР (ежелгі Үнді санскрит тілінде – басқару, білу) – алғашқы діни түсініктер,
тарихи, саяси, философиялық мәтіндер, жүріс-тұрыс ережелері жиынтығы.
Ведалардың басты мақсаты – адамды ғаламның бөлігі ретінде қарастыру.
Ведаларда Ежелгі Үндістан қоғамын касталық бөлінуіне негіз болған төрт түрлі варналық
қатынас өмірге енеді: абыздар (брахмандар) варнасы; әскер басы ақсүйектер (кшатрии)
варнасы; жер өңдеушілер, қолөнершілер, саудагерлер (вайшьи) варнасы; төменгі (шудра)
варна.
Ежелгі Үндістан мифологиясы да алғаш Ведаларда қаллыптасқан. Үнді
мифологиясының негізгі Құдайлары: Индра – найзағай, күн күркіреуі Құдайы; Митра – күн
Құдайы; Варуна – аспан Құдайы; Агни – от Құдайы; Яма – өлім Құдайы; Дхарма – заң,
әділет Құдайы. Көп қолданылатын ұғымдары: Тапас – құштарлық, жылылық; Рита –
ғарыш тәртібі; Пуруша – ғарыш адамы, рух, жан; Карма – адамның тағдырын құрайтын
жан-дүние; Сансара – ғарыштық жан-дүние әлемі; Мокша – бұл дүние азабынан құтылып,
ғаламдық рухқа қосылуға мүмкіндік алу т.б.
Үнді аңыздары туралы мәліметтер беретін кітаптар: Ригведа, Упанишада, Махабхарата,
Бхагавадгита т.б.

8. 2. ВЕДАЛАР МЕН УПАНИШАДАЛАР

•Ведалар кітабы төрт түрлі топқа немесе бөлімге бөлінеді. Ең ескісі –
Самхиттер. Ал басқа бөлімдердің мазмұны осы Самхиттерге жасалған
толықтырулар мен түсіндірмелерден тұрады. Самхиттер төрт түрлі
жинақты қамтиды. Олардың ең ертеде шыққаны – Ригведа, шамамен
б.з.д. 1500 ж. жазылған діни гимндер жинағы деп болжанады. Екінші
бөлігі – Брахмандар діни салт-жоралғылар жинағынан тұрады. Бұған
буддизм дініне дейін өмір сүрген брахман діні сүйенеді. Вед әдебиетінің
үшінші бөлігі – Араньяктар мазмұнын дуана, дәруіштердің мінез-құлық,
жүріс-тұрыс ережелерінің жиынтығы құрайды.
• Біздің дәуірімізге дейінгі 1000 жылдық шамасында пайда болған
Упанишадалар – Ведалар әдебиетінің соңы. Философиялық сананың
бастапқы
элементтері,
дүниетанымдық
көзқарастар
орнын
тапқандықтан, ол шын мәнінде философиялық шығарма ретінде
қарастырылады. Упанишадаларда дүниені жаратқан «Брахман – бәрін
сақтайтын ең бірінші Құдай. Ол – Дүниенің басы, себебі,
байланыстырушысы». Оны қалай танып-білуге болады? деген сұраққа,
«ол танылмайды, бұзылмайды, байланбайды, ауыспайды... » деп жауап
беріледі.

9. 2. ВЕДАЛАР МЕН УПАНИШАДАЛАР


Ведалар тарауындағы философиялық бөлім – Упанишадалар (б.з.д. 7 ғ.)
– жан мен адам арақатынасын қарастырады.
УПАНИШАДАЛАР философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты
басым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта
(“Ведалардың соңы”) деп аталады. Алғашқы упанишадалар б.з.д. VII-VI ғғ.
қалыптасты. Upani-sad (“қасында отыру”), яғни ұстаздың аяғының жанында
отырып, уағыз тыңдау, “жұмбақ білім” дегенді білдіреді.
Упанишадалар ұстаздың шәкіртпен диалог-әңгімесі, оның тақырыбы
болмыстың алғашқы бастауы, сол арқылы табиғат пен адамның бойындағы
құбылыстар түсіндіріледі.
Упанишадалардағы басты философиялық мәселелері: 1) барша заттардың
қайдан пайда болатындығы, 2) олардың пайда болғаннан кейін қайда өмір
сүретіндігі, 3) олардың жайылып болғаннан кейін қайда кететіндігі.
Бұл мәселелер мынадай ұғымдар төңірегінде шешіледі: 1) дүниенің рухани
бастауы – брахман, 2) адамның рухани мәні – атман, ол брахманмен үндесуі қажет,
3) жанның жай таппай жиһан кезуі, бір денеден екінші денеге ұдайы ауысуы
туралы ілімге жатады – сансара, 4) адамды мінез-құлқына сай жазалау немесе
құрметтеу – карма. Адам өмір сүру заңы Үнді философиясында карма, сансара
түсініктерінде білінеді.

10.

11. 3. ОРТОДОКСАЛДЫҚ ЕМЕС ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МЕКТЕПТЕР: ЧАРВАКА-ЛОКАЯТА


Чарвака-локаята философиялық әдебиетте Көне Үнді философиясындағы
материалистік деп қабылданған бағыт (локаятиктер).
“Чарвака-локаята” негізін салушы Брихаспати деп есептеленеді. Чарвакалокаятаның материалистік сипаты оның таным теориясында айқын көрінеді.
Таным-праманың негізі прамана ретінде локаятиктер қабылдауды ғана
мойындайды, оның негізі түйсіктер. Олардың пікірінше, адамдар көбіне ой
түйіндеулерге сенеді де, қателеседі, ал оларда ақиқат сирек кездеседі.
Чарвака-локаяталар о дүниеге сенбейді, бұ дүние ғана бар және бұ дүниедегі
болмыс пен онда өмір сүруші заттар мәңгі және өзгермейтін төрт элементтен:
жер, от, су және ауадан тұрады деп есептейді.
Сана, ақыл және сезім мүшелерінің негізі де осы элементтер, олар мақұлық
дүниеден өткенде ыдырайды. Локаятиктер жанның, Құдайдың бар екендігін
терістейді. Олар адам өмірінің мән-мақсаты осы нақты өмірде рахатқа бөлену,
азап-қасіреттен аулақ болуға ұмтылу деп түсінді, яғни чарвака-локаята гедонизм
принципін ұстанды.

12. 4. ЖАЙНИЗМ

• Жайнизм көне Үнді философиясының маңызды ортодоксалды емес мектебі.
Негізін салушы б.з.д. VI-V ғғ. өмір сүрген, Джина (Жын) немесе Жеңімпаз
деген атқа ие болған ойшыл Махавира болды.
• Жайндар мынадай төрт тиым салуды бұлжытпай сақтады: ахимса тірі
жандардың ешқайсынының өміріне зиян келтірмеу; астейя ұрлық жасамау;
сатья шыншылдық; апариграха үйірсектікке (М.Әуезов “жабыспау” деп
аударған) салу. Махавира бұл тиымдарға бесіншісін брахмачарья
некеден бас тартуды қосты. Жайн монахтары бұл ұстанулары екі мың жарым жыл
бойы қатаң сақталып отырған.
•Махавираның жолын қуушылар екі бағытқа бөлінді: дигамбаралар (“ауа
киіндіргендер”) және шветамбаралар (“ақ кигендер”).
•Жайндардың онтологиясы туралы айтсақ, олар заттарды санадан тыс және
одан тәуелсіз өмір сүреді деп түсінді және бес субстанцияны бөліп көрсетті:
•1) джива тірі, жан, рухани субстанция; дживалардың саны шексіз көп; 2)
зат; 3) кеңістік; 4) озғалыс пен тыныштықты бейнелейтін дхарма мен
адхарма; 5) уақыт.
•Жайндардың пікірінше, субстанциялар мәңгі және өзгермейді. “Тірі” болып
есептелетін дживадан басқа субстанциялар “тірі емеске” жатады. Олар
кеңістікте өмір сүреді. Кеңістік үздіксіз ол сансыз көп идеалдық бірліктерге
прадешаларға бөлінеді.

13. 4. ЖАЙНИЗМ

• Жайндар шексіз кеңістікті екіге бөледі: көрінетін әлем кеңістігі “дүние”
(лока) және “дүние-емес” (а-лока), соңғысына көрінетін кеңістік пен
прадешалардың шексіз саны кіреді.
Зат, жайндардың түсінігінде, ұсақ және бөлінбейтін бөліктер атомдардан
тұратын, бірігетін және ыдырайтын субстанция.
•Уақыт барлық субстанциялардың барлық көріністерінің әлемдік кеңістікте пайда
болуының, өмір сүруінің және жойылуының негізі ретінде қарастырылады.
•Адам және оның өмірі мәселесін шешуде жайнизм “өмір дегеніміз азап”
ұғымын ұстанады. Азап карма заңының нәтижесі немесе адамның жақсы
немесе жаман қылығының салдары. Бұл заңды жеңетін джина (жын).
Өткен өмірдегі жаман істерді жеңу үшін адам үш нәрсені орындау қажет
дұрыс сенім, дұрыс таным, дұрыс мінез-құлық арқылы.
•Бірақ адам азаптан толық құтылу үшін жан денеден тәуелсіз, жоғары тұруы керек.
Моральдық ластанудан, азап-қасірет шегуден азат болу жайнизм түсінігі
бойынша, адам өмірінің мақсаты. Оған жету үшін аталған үш шартты бұлжытпай
орындап, өз құмарлықтарын жеңген рухани ұстаздардың басшылығымен таным
процесін үнемі жүргізіп отыруға міндетті. Адал, шыдамды, өзіне талабы қатты,
қоршаған дүниеден тәуелсіз, кешірімді, тірі жандарға мейірімді аскет адам ғана
өмірдің мәніне жетеді деп тұжырымдады.

14.

15. 5. БУДДИЗМ

Буддизм көне Үнді философиясының басты ортодоксалды емес философиялық
мектебі, буддизм дінінің негізінде дүниеге келген. Негізін қалаушы
• б.з.д. 560-480 жж. өмір сүрген Сидхарта Гаутама Будда (“нұрланған”).
•Жас шағында бақытты, төрт құбыласы тең болып өмір сүрген бекзада Гаутама өмірдің
кәрілік, ауру, өлім секілді жағымсыз құбылыстарымен кездескен соң адамды азапқасіретке толы мұндай өмірден құтқару керек деп шешті.
• Сидхартханың бұл шешімі туралы белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің
“Будда” еңбегінде жақсы баяндады: “Адам біткен ауырады, қартаяды, өледі. Ендеше
несіне бұл адам өмір сүріп жүр? Бір сағатта ауырып қалатын болса, сағат сайын әлі
азайып, сиқы бұзылып, қартаятын болса, болжаусыз бір сағатта өліп қалатынын біліп
отырғанда не қуаныш, не жұбаныш бола алады. Бұны біле тұра қызық көріп қуануға
бола ма? Бұл жөн емес, бұдан құтылу керек” (“Абай” журналы. 1918 ж., №3).
• Будда экзистенциалдық жолды таңдап, тақуалық өмір кешуге, адамзаттың рухани
ұстазына айналуға бел байлайды. Әкесінің үйінен кетіп, Бодхи ағашының астындағы
оңаша жерге орналасып жеті күннен соң қасіретті өмірден тазару жолдарын тауып,
нұрланады.

16. 5. БУДДИЗМ

Азап шегу мен қасіретке толы өмірден құтылудың жолын Будда
төрт ақиқат арқылы белгілейді:
1. өмір тынымсыз күрес, азап, бейнет;
2. азап пен бейнет нәпсіден, құмарлық-құштарлықтан (өмір сүруге
құмарлық, рахатқа құмарлық, өлуге құмарлық) туады;
3. азаптың себебі бар. Оны танып-білуге болады;
4. азап пен бейнеттен құтылу жолы сегіз адамгершілік қағидадан тұрады:
1) дұрыс көре білу,2)дұрыс ой, 3) дұрыс сөз, 4) дұрыс іс-әрекет, 5) дұрыс
өмір салты, 6) дұрыс күш-жігер, 7) дұрыс назар, 8) дұрыс көңіл бөлу.
Осы қасиеттерді сақтай отырып өмір сүру арқылы нирванаға немесе
тыныштыққа жетуге болады.
Нирвана жәй ғана рахатқа бөлену емес, зұлымдық пен нәпсіні тыю
жолымен жансыз, сезімсіз абсолютке айналу, сананы өшіру, бір сөзбен
айтқанда, абсолюттік тыныш күйге жету.
Буддизм нирванаға жетуге көмектесетін белсенді әрекет жасау емес, көп
ойлап, пайымдауға негізделген медитация йога деп көрсетеді. Нирвана
теориясы адам рухының еркіндігінің, оның материалдық дүниеден, қоғамдағы
касталарға бөлінуден тәуелсіздігінің жақсы дәлелі. Осы себепті Будда
философиясы өзінен кейінгі көптеген философиялық ағымдарға, әсіресе Батыс
философиясына қатты әсер етті.

17.

18. 6. ОРТОДОКСАЛДЫҚ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МЕКТЕПТЕР. ЙОГА

• ЙОГА (санскритше қосылу) терең мәнді философиялық ортодоксалды
мектеп. Йога философиясы медитациялық тәжірибелерді белгілеу үшін
қолданылады. Ежелгі үнділіктер тұлғаны (pudgala) жеке элементтерден
тұратын рухани бөлік пен атомдардан тұратын физикалық құрылымның бірлігі
деп қараcтырды. Бұл элементтер бағалық сараптау жасай білу қабілеті және
ойларымызды бір нүктеге жинақтай білу қабілеті. Samadhi немесе yoga деген
осы.
• Йога мектебінің негізін Патанджали (б.з.д. 1 ғ.) қалады. Негізгі идеясы рухты тәннен азат етуге бағытталған теориялық және практикалық түрде
адамның тынысын, демін, тамақтануын реттейтін ережелер ретінде өмір сүру.
Бағытты психологиялық жаттығулар ережелерін баяндау – Йоганың негізі.
Оның жекелеген элементтерінің ішінде өзін ұстай білу (яма), дененің белгілі бір жағдайда
тыныс алуды меңгеруі (асана), сезімді сыртқы әсерлерден айыру, оқшаулау (пратьяхара),
ойды жинақтау (дхарана), медитациялар (дхьяна) және соңғысы, күшпен тартып алу күйі
(самдхи) – денелік сыртқы қабықтан босану бар.
•Бұл жаттығулардың техникалық аспектілерін жете зерттеген йога
философиясы өзінің соңғы даму деңгейінде абсолюттік жан иесінің өмір
сүретінін, яғни ишвараны мойындайды. Ол өз мәнінде жетілген және өз
мектебі жақтастарының жанының карма мен самсара ауыртпалығынан
құтылуына көмектеседі.

19.

20. 7. СӨЖ бен СОӨЖ-ге тапсырма (түпнұсқалар)

Ежелгі Үндістан философиясы туралы түпнұсқаларға жазбаша және ауызша
анализ жасаңыз.
ВЕДАЛАР
• 1.
Ақыл-ой екі түрлі дейді: таза және таза емес. Таза емес тілектерге
бағытталған, таза тілектерден азат.
•2. Шынында да, ақыл-ой адамның көгенделуі мен азат болуының себебі.
•Қабылданатын заттарға жақын болса, ол көгенделуге, қабылданатын заттардан
құтылса, азат болуға бастайды
•3. Қабылдау заттарынан құтылған ақыл-ойдан азаттық туындайтындықтан, Азаттыққа
ұмтылушы адам ақыл-ойын қабылдау заттарынан үнемі арылтып отыруы керек.
•4. Қабылдау заттарына тәуелділіктен құтылып, ақыл-ой жүректен орын тапқанда,
Адам ақыл-ойдан жоғары көтеріледі, бұл ең биік күй.
•5. Сондықтан да ақыл-ойды ол жүректе жойылып кеткенше шектеу керек; Білім де,
азат болу да осы, қалған нәрселердің бәрі ғылыми мылжың.
•6. Йогаға адам дыбысының көмегімен Ом кіріссін, жоғарғы үнсіздікке бөленсін.
Себебі үнсіздікке бөленгенде ғана болмыс емес, жоғарғы болмыс туындайды.
•7. Бұл
Брахман,
бөлінбейтін,
өзгермейтін,
кіршіксіз. «Мен осы
Брахманмын» дегенді білген адам Брахманға жетеді, ол күмәнсіз.

21. 7. СӨЖ бен СОӨЖ-ге тапсырма (түпнұсқалар)

• УПАНИШАДАЛАРДАН
• Брахман құдайлардың арасында бірінші болып дүниеге келді, ол бәрін жаратушы
және сақтаушы.
• Өткінші емес, ең жоғарғы, шексіз Брахманда білім мен мен білімсіздік
жасырылған. Білімсіздік әлсіз, білім мәңгілік. Білім мен білімсіздікті билеген адам
басқа.
• Брахман туралы пайымдаушылар айтады: Себеп неде? Брахманда ма? Біз қайдан
тудық? Немен өмір сүреміз? Және негізіміз қайда?
•Брахманды білетіндер, айтыңдар бақыт пен басқа жағдайлардың ауысуында біз
кімнің бастауымен өмір сүреміз?
• Пайымдау және йога жолына түскендер құдайы мәннің оның өз күштері жасырып
тұрған күштерін,
• Уақытпен және Атманмен байланысты осы себептердің бәрін жалғыз ол
билейтінін көрді.
Сезімдерін нық игеру бұл йога деп аталады. Жүректе ұялаған барлық тілектер
тоқталғанда адам өлімнен тәуелсіз, мәңгілік болады және Брахманға жетеді.
•Жалған емес, ақиқат қана жеңеді. Ақиқат құдайға жеткізетін жолға жетелейді.
•Құдайды танығанда түйіндердің бәрі шешіледі, азаптардың жойылуымен туылу мен
өлім де ғайып болады.

22. 7. СӨЖ бен СОӨЖ-ге тапсырма (түпнұсқалар)

•Пуруша үш түрлі болады: сыртқы Атман, ішкі Атман және жоғарғы Атман. Кімнің
сыртқы қабығы, терісі, тырнақтары, еті, шаштары, саусақтары, үлкен саусақтары,
қасы, көзі ...бар, кім дүниеге келеді және өледі сол сыртқы Атман деп аталады.
• Кім жерді, суды, ауаны, кеңістікті, тілекті, жеккөруді, бақытты... тану арқылы есте
сақтау қабілетіне ие,.. тыңдаушы, иіс сезуші, дәм сезуші, ойлаушы, әрекет етуші...
сол ішкі Атман деп аталады.
•Жоғарғы Атман ол туралы ойлаушыға пайымдау мен йога арқылы ашылады: ол
дүниеге келмейді, өлмейді, жанбайды, ыдырамайды, бөлінбейді, дыбыссыз, иіссіз,
күмәнданбайды, күтпейді, бәріне енеді, жалғыз, нәзік, іс-әрекетсіз, бұрынғы өмірімен
байланысы жоқ.
•Атман жақсы іс жасағаннан үлкеймейді және жақсы емес іс жасағаннан кішіреймейді.
•Веданы оқытқан ұстаз шәкіртіне: «Шындықты айт. Ізгілік жолымен жүр. Оқудан
қашпа. Ұстазыңа жағатын сый әкеле отырып, өз ұрпағыңның жібін үзбе. Шындықтан
қашпа. Ізгіліктен қашпа. Жақсы жағдайдан қашпа. Ұлылықтан қашпа. Зерттеу мен
оқудан қашпа. Құдай мен ата-бабаңның алдындағы міндеттеріңнен қашпа. Анаңды
құдайдай сыйла. Әкеңді құдайдай сыйла. Ұстазыңды құдайдай сыйла. Қoнағыңды
құдайдай сыйла. Кіршіксіз әрекеттерді ғана жаса және басқаларды емес. Бізде
қабылданған ізгі істерді ұстан және басқаларды емес», деп үйретеді.

23. 7. СӨЖ бен СОӨЖ-ге тапсырма (түпнұсқалар)


ДЖАЙНИЗМ ФИЛОСОФИЯСЫ
(кіріспе. таным теориясы)
• Мокшаға жол дұрыс көзқарас, дұрыс таным, дұрыс мінез-құлық
•(мокша өзін құдайы жанның бөлігі деп сезінуі арқылы адам жанының азаптан
құтылуының бір кезеңі).
•Дұрыс көзқарас – шындықтың категорияларына деген сенім (таттвартха). Ол туа бітеді
немесе біртіндеп игеріледі (адхигама).
•Категориялар – джива, аджива, асрава, бандха, самвара, нирджара,
•мокша.
•Олардың аспектілері есім, форма, субстанция және күй.
•Игеруге таным құралдары және қатынастар арқылы жетуге болады.
•Және сонымен бірге мынадай сипаттамаларын зерттеу арқылы: өмір
•сүруі, саны, орыны, таралуы, өмір сүру уақыты, өмір сүрмеу уақыты, көлемі.
•Таным сезімдік-логикалық, авторитарлық, көріпкелдік, телепатиялық, абсолюттік болып
бөлінеді.
•Сезімдік-логикалық танымның синонимдері: еске түсіру, қабылдау, пайымдау, дедукция.
•Ол сезім мүшелерінің және «сезім мүшелері-еместердің» сигналдарымен [нимитта]
мынадай реттілікте байланысты:
•қабылдау кеңістігіндегі объектіні бөліп қарастыру, танымдық ұстанымды қалыптастыру,
бейнені тани білу, нақтылау және ұстап қалу.
•(Философия Древнего мира. СПб, 1993.).

24. 9. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР

•Негізгі:
•1. Сәрсенова, Ж. Н. Әлеуметтану: ЖОО студ. арналған оқу құралы. Алматы: Нұр-Принт, 2013. - 201 б.
•2. Абдирайымова Г.С. Жастар социологиясы. 2-басылым.- Алматы:
Қазақ университеті, 2012.-224 б.
•3. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер.-Алматы: Эверо, 2011.284 б.
•4. Абдикерова Г.О. Әлеуметтану.-Алматы: Қазақ университеті, 2011.-192
б.
•5. Биекенов Б.У., Садырова М.С. Әлеуметтану. Ұғымдар мен
баламалар.- Алматы: Эверо, 2011.-400 б.
•6. Әженов М.С., Садырова М.С., Омарова А. Білім социологиясы.
Оқулық. - Алматы: Эверо, 2011.-124 б.
•7. Сәрсенова Ж.Н. Әлеуметтану. Кредиттік технология оқу процесінде
пайдалану үшін дайындалған оқу құралы.Алматы: Нұр-Принт, 2010.-238
б.
•8. Абсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: Оқу құралы.- Алматы:
Қарасай баспасы, 2010.-384 б.
•9. Жаназарова З.Ж. Отбасы социологиясы: оқу құралы.-Алматы: Қазақ
университеті, 2010.-240 б.

25. 9. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР


• Қосымша әдебиеттер:
1. Акбаева Л.Н. Социология: Учебное пособие.- Алматы: КазГАСА,
2015.-242 с.
2. Габдуллина К.Г. и другие. Социология. Учебник для студентов
высших технических учебных заведений. – Алматы: Санат, 2007.
3. Әлеуметтану. 2-кітап/ Жалпы ред. М.М.Тажин.-Алматы, 2005.-268 б.
4. Қарабаев Ш.Қ. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы.-Алматы:
Экономика, 2004.-640 б.
5. Дакенов Н. Абсаттаров Р.Б. Социология. – Алматы: Гылым, 2004.
• Электрондық басылымдар:
• 1. Ақбаева Л.Н. Әлеуметтану: Электрондық оқулық. – Алматы:
ҚазБСҚА, 2012-144 б.
• 2. Акбаева Л.Н. Социология: Электронный учебник, Алматы:
КазГАСА, 2010.-161 с.
• 3. Интернет ресурстары: www.sociology.ru
English     Русский Правила