Похожие презентации:
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының жұмыс істеу негіздері
1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының жұмыс істеу негіздері
2. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мазмұны
Шаруашылық жүргізуші субъектілердіңқаржысы ұдайы өндірістік функцияны
атқарады
Шаруашылық жүргізуші субъектілер
қаржысы бақылау функциясын атқарады
3.
шаруашылық жүргізуші субъектілер мынандайқаржылық қатынастарды жүзеге асырады:
басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен;
өзінің еңбек ұжымымен;
Мемлекетпен;
Банктермен;
сақтық органдарымен,
жоғары ұйымдармен;
құрылтайшылармен
4.
ШЖС қаржысына тән мынадай негізгі белгілердіатауға болады:
1) қаржылық қатынастардың көп қырлылығы;
2) өндірістік құралдардың (капиталдардың)
міндетті болуы.;
3 ) жоғары белсенділік, кәсіпорынның
шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету
мүмкіндігі;
4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің бастапқы негізі
болып табылады.
5.
Сөйтіп, шаруашылық жүргізушісубъектілердің қаржысы деп өнім (жұмыс,
қызметтер көрсету) өндіріп, сату кезінде
ақшалай қорларды жасаумен, бөлумен
және пайдаланумен байланысты
экономикалық (қаржылық немесе ақшалай)
қатынастарды айтады
6.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердіқаржылық қызметінің сипатына
байланысты – коммерциялық және
коммерциялық емес болып бөлінеді
7. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардыңқаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға
негізделген, олардың қатарына мыналар жатады:
коммерциялық есеп (қаржылық қызмет саласындағы
дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру,
қаржылық-шаруашылық қызметтің қорытындысына
ынталылық, оның нәтижелері үшін жауапкершілік,
кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау);
жоспарлылық; меншіктің барлық нысандарының
теңдігі; қаржылық резервтердің болуы
8. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмысістеуі үшін неғұрлым елеулілері мен маңыздылары
мына қорлар болып табылады: жарғылық,
резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры,
еңбеккеақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу
қорлары. Дербестік жағдайларында шаруашылық
жүргізуші субъектілер басқа да мақсатты ақшалай
қорларды құруы мүмкін, мысалы, медициналық
сақтандыру қоры, жекешелендіру қоры, өндірістік
және
әлеуметтік
инфрақұрылым
дамуына
қатысудың үлестік қоры және басқалары.
9.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердіңқарамағында қалатын қаражаттардың
негізінде, яғни салықтар мен басқа
төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар
мен ұйымдар кешенді қорларды
– тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады.
10.
Негізгі өндірістік капиталдар менматериалдық емес активтер өндіріс
үдерісінде ұзақ уақыт бойы қатысады және
өзінің құнын біртіндеп, бөліп-бөліп
тозығына қарай жаңа өнімнің құнына көшіреді. Көшу үдерісін амортизация,
көшірілген құнның үлесін амортизациялық
норма, ал бұл үлестің ақшалай көрінісін
амортизациялық аударымдар деп атайды.
11.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердіңқаржылық көрсеткіштері
1.Жалпы айналым (компанияның, фирманың) немесе сату құны.
2. Өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін табыс = жалпы айналым –
(минус) қосылған құн салығы, акциздер, басқа салықтар мен міндеттемелер,
қайтарылған тауарлардың, сатылымдар мен баға шегерімдерінің құны.
3. Өнім құны, яғни компанияның, фирманың тура шығындарының:
амортизациялық аударымдардың, материалдар шығыстарының, энергияның,
өндіріс жұмысшылары жалақысының құны.
4. Жалпы табыс = өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін пайда –
(минус) өнімнің өзіндік құны.
5. Кезең шығыстары мыналарды кіріктіреді:
а) жалпы және әкімшілік шығыстары;
ә) өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша шығыстар;
б) сыйақы (мүдде) бойынша шығыстар, яғни алынған кредиттер, мүлікті жалға
беру үшін;
6. Негізгі қызметтен түсетін табыс (зиян) = жалпы пайда – (минус) кезең
шығыстары.
12.
7. Негізгі емес қызметтен түсетін табыс (зиян), яғни активтердіпайдалануға табыстаудан, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан алынған
қаржылық нәтиже.
8. Салық салынғанға дейінгі кәдуілгі қызметтен түсетін табыс (залал) =
негізгі қызметтен түсетін табыс (зиян) -(минус) негізгі емес қызметтен
түсетін табыс (зиян).
9. Корпоративтік табыс салығының сомасы.
10. Салық салынғаннан кейінгі кәдуілгі қызметтен түсетін табыс (зиян) =
салық салынғанға дейінгі кәдуілгі қызметтен түсетін табыс (зиян) (минус) корпоративтік табыс салығының сомасы.
11. Төтенше жағдайлардан түсетін табыс (зиян).
12. Таза табыс (зиян) = салық салынғанға дейінгі кәдуілгі қызметтен
түсетін табыс (зиян) - (минус) төтенше жағдаяттардан түсетін табыс
(зиян).
Өзгеріс қаржылық есептеменің халықаралық стандартына көшкен
шаруашылық жүрізуші субъектілерге қатысты.
13. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – әлеуметтік бағдарламаларды, жобаларды, сонымен бірге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзегеасыруға келісімшарт жасасу арқылы бюджеттік қаражаттар есебінен
қамтамасыз етілген республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердің
әлеуметтік мәселеле-рін шешуге бағытталған жекелеген шараларды іске
асыру нысаны.
Әлеуметтік бағдарлама, жоба: білім беру, ғылым, ақпарат, денсаулық
сақтау, спорт, қоршаған ортаны қорғау; жастар, демографиялық,
тендерлік саясат; әлеуметтік кө-мек; кұқық қорғау қызметі; мәдениет
саласында және өзге әлеуметтік маңызды сфераларда мақсаттарға жетуге
бағытталған ұйымдық, экономикалық және тех-никалық іс-шаралардың
жиынтығы болып табылады.
14.
Коммерциялық емес ұйымдардыңқызметінің мақсаты пайда немесе табыс
табу емес, керісінше жеке меншік сектор
жасағысы келмейтін немесе қамтамасыз ете
алмайтын қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру болып табылады
15.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мына бағыттар бойынша жүзегеасырылады:
1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласында
мақсаттарға жету;
2) азаматтардың денсаулығын корғау, салауатты тұрмыс салтын насихаттау;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) жастар саясаты мен балалар бастамасын қолдау;
5) демография проблемаларын шешу;
6) тендерлік проблемаларды шешу;
7) халықтың әлеуметтік осал жіктерін қолдау;
8) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасыларының балаларына
көмек;
9) азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
10) құқықтарды, азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін қорғау;
11) мәдениет пен өнерді дамыту;
12) тарихи-мәдени мұраларды қорғау;
13) қоғамдық келісімді нығайту;
16.
1.Бюджеттік қаржыландыру – меншіктітабыстары жоқ ұйымдар мен мекемелердің
шығыстарын жабу үшін мемлекеттік бюд-жеттен
ақшалай қаражаттар беру
2.Коммерциялық емес ұйымдарды
каржыландырудың екінші көзі көрсетілетін
қызметтерден, орындалатын жұмыстардан алатын
табыс (түсім-ақша) түріндегі меншікті
қаражаттар
3. Қаржыландырудың үшінші көзі –
банктердің кредиттері
17.
Экономикалық жіктеме бойыншақаржыландырудың дара жоспарларында
шығындар әдетте санатқа, сыныпқа, ішкі
сыныпқа, өзгешелікке топтастырылады.
«Агымдағы шыгыстар» санаты
«Күрделі шығыстар» санаты
«Кредит беру, үлестік қатысу» санаты
«Қаржыландыру» санаты