Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Жоспары:
Кіріспе
Гитлерлік фашизмнің соғыс жоспары
Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру
Қазақстандықтар Москва үшін шайқаста
Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста
Қазақстан - майдан арсеналы
Қазақстан – Сталинград майданының ең жақын тылы
Азат етушілер батысқа бет алды
Шығыстың қос шынары
Майдан даласы
Ғылым мен мәдениет майданға
ІІІ. Қорытынды
Ұмытылмас оқиға
Пайдаланылған әдебиеттер:
216.00K
Категория: ИсторияИстория

1941-45 жж Ұлы Отан соғысы: шығуы, қорытындылары, сабақтары

1. Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Тақырыбы: 1941-45 жж Ұлы Отан соғысы: шығуы,
қорытындылары, сабақтары
Орындаған: ЕркінбекқызыА.
Тексерген: Әбдірахманова К. Ж.
Қарағанды 2010

2. Жоспары:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
1) Гитлерлік фашизмнің соғыс жоспары
2) Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру
3) Қазақстандықтар Москва үшін шайқаста
4) Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста
5) Қазақстан - майдан арсеналы
6) Қазақстан – Сталинград майданының ең жақын тылы
7) Азат етушілер батысқа бет алды
8) Ғылым мен мәдениет майданға
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

3. Кіріспе

1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысы КЕңес Одағы үшін бұрынсоңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры
болды. Соғыс елді біртұтас жауынгерлік лагерге айналдыруды,
бүкіл эконгомика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан
мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жұмылдыруды талап етті.
Қазақстан еңбекшілері бұл мінедетті толығымен қолдады.
Сөйтіп, азттық соғысына бір кісідей көтерілді. Осы тұста өткен
жиындарда олар Отан алдындағы парызын орындауға әзір
екендіктерін білдірді. Қызыл Армияның қатарына өз
ьеріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық
әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас
жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып,
майданға аттануға тілек білдірді.

4. Гитлерлік фашизмнің соғыс жоспары

“Барбаросса” жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның
басшылары КСРО-ны “сансыз көп ұлттың жасанды және тұрақсыз
бірлігі”, өзінше бір “ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат”
деп қарастырды. “Ресейдің кең-байтақ жерін мекендеген халықтар
жөніндегі біздің саясатымыз,- деді Гитлер өз сыбайластарына,алауыздық пен жікке бөлінудің кез-келген түріне қолдау көрсету
болуға тиіс”.
Кеңес елін отарға айналдыру, ал оның халықтарын құлдыққа
түсіру – гитлершілдіктің дүние жүзіне үстемдік орнату жолындағы
жоспары міне осындай болатын. Фашистік идеологтар кеңес
адамдарын саяси және нәсілдік тұрғыдан аяусыз қырып-жоюдың
кең көлемді бағдарламасын әзірледі.

5. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру

Соғыс-шаруашылық жоспарына сәйкес республика
экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге
асырылды. Жаңа кәсіпшіліктердің, Қарағнды
шахталарының, Жезді, Шығыс Қоңырат,
Мырғалымсай, Найзатас кеніштерінің, бірқатар
байыту фабрикаларының, Ақтөбе ферроқорытпа
заводының, Текелі және Өскемен қорғасын мырыш
комбинаттарының құрылысы жедел қарқынмен
жүргізілді.
Майданға жақын өңірлерден өнеркәсіп орындарын
елдің шығыс аудандарына, оның ішінде 220 завод пен
фабриканы, цехтар мен артельдерді Қазақстанға да
көшіріп орналастырылды.

6. Қазақстандықтар Москва үшін шайқаста

Қазақстанда сонау азамат соғысы жылдарында құрылған 219-атқыштар
полкінің солдаттары, сержанттары мен офицерлері 1941 ж 24маусымда Литваның Шауляй қаласының оңтүстігінде алғаш рет ұрысқа
кірісті. Олар Литваның, Латвия мен Эстонияның жерлерінде, Оренбаум
алғы шебінде жау шабуылына тойтарыс берді.
Кеңес Қарулы Күштері орасан зор қиыншылықпен жауды Москва түбінде
алғаш рет ірі жеңліке ұшыратты. Мұнда генерал-майор И. В. Панфилов
ж/е полк комиссары А.С.Егоров қолбасшылық еткен даңқты 316атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. 1941ж 16-қарашада
Дубасекова разьезі түбінде жаудың 18 жауынгерлік машинасын жойып,
оны шығысқа жібермеген 1075-атқыштар полкі.
Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс
офицерінің көзін жойған Төлеген тоқтароытың ерлігі жауынгерлердің
есінде мәңгі сақталады.
Ротаның саяси жетекшісі М Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы, жау
танкісін жойып, өз бөлімшелерін қоршаудан алып шықты.

7.

Москва үшін болған
шайқастарды еске ала отырып,
Ұлы Отан соғысының аты
аңызға айналған қахарманы,
Кеңес Одағының батыры,
белгілі жазушы Б. Момышұлы
былай деп жазды: “Біз- кеңес
адамдарымыз, біздің жүрегіміз
темір емес. Бірақ кек отымыз
қандай темірді болса да ерітіп,
күйдіріп жібере алады... Біздің
үрейді ең күшті қаруымыз бар,
ол – Отанға деген
сүйіспеншілік”.

8. Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста

Қазастанда құрылған 310-атқыштар дивизиясы 1941ж 9-қыркүйектен
бастап, сәл кейінірек 314- дивизия Ленинградты қорғауға ж/е оны
қоршап алған неміс әскерлерінің құрсауын бұзуға белсене қатысты.
Олар Ленинград облысының 22 елдімекенін азат етуге, қоршаудағы
қаланың “үлкен жолмен” тұрақты байланыс орнатып, “өмір жолын”
салуына қатысты. Ленинград үшін шайқаста С. Баймағамбетов А.
Матросовтың өшпес ерлігін қайталады.
Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі соғысты. Ораниенбаум
алғы шебінде 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Д.
Шыныбеков шайқасты. Солтүстік Қазақстан облысындағы Степан
Разин атындағы ауылшаруашылық артелінің бұрынғы
колхозшысықатардағы жауынгер Г. П. Зубков бастады. Ленин үшін
шайқаста артиллерриялық бақылау аэросттарының дивизион
командирі С. Жылқышев та ерекше көзге түсті.

9. Қазақстан - майдан арсеналы

Соғыстың алғашқы кезеңінде ел өнеркәсібін
орналастыруда елеулі өзгерістер болды. Орасан
көп өнеркәсіп орындарының көшірілуі мен
күрделі құрылыс бағдарламасының кеңейтілуі,
жұмысшы табын жұмылдыру шығыстағы
аудандардың экономикалық қуатын кеңейтті.
Алайда Кривой Рог өңірі, Донецк көмір бассейні,
Майкоп пен грозный кеніштерін, Украинадағы
металлургия заводтары мен электр
станцияларынқолдан шығарып алу салдарынан
көмір, мұнай, металл өндірудің азаюы бүкіл
әскери экономиканың одан әрі дамытылуына
қатер төндірді.

10. Қазақстан – Сталинград майданының ең жақын тылы

1942 ж/ң жазында Сталинград түбінде кескілескен ұрыстар өріс алды. 1942
ж/ң күзінде ауқымы жағынан адамзат тарихында болған барлық
шайқастардан асып-түсетін Сталинград шайқасының от-жалыны Батыс
Қазақстан даласын да шарпыды. Қазақстан Сталинград оьлысымен
Каспий теңізінің Александр Гайга дейінгі 500 км бойында шектесіп
жатқан еді, сондықтан да Сталинград майданында жүріп жатқан соғыс
қимылдарына Батыс қазақстан станцияларымен елдімекендерінің кең
көлемді аумағы тартылды.
Қазақстан сталинград майданына зор көмек көрсетті. Қорғасын заводтары,
түсті металлургия, көмір мен мұнай өнеркәсібі кәсіпорындары толық
қуатымен жұмыс істеді. 1942ж бронетанк базалары майданға қираған 300
ұрыс машинасы, 500 маторды күрделі жөндеуден өткізіп қатарға қосты.
Ақтөбе авияция шеберханалары ай сайын 30 ұшақ пен 160 авияматор
шығарып отырды.
116-атқыштар дивизиясының 565-атқыштар полкі 7-ротасы жауынгерлік
құрамының көпшілігі қазақтар болған көшелерде ерлікпен шайқасты.
ОЛардың құрметіне Сталинград қаласының бір көшесі “Қазақ” көшесі деп
аталады.

11. Азат етушілер батысқа бет алды

137-атқыштар дивизиясының жауынгері Б. Есімбаев, Т. Рүстемов, С.
Баймағамбетов, Г. Постольников, А. Васильев, С. Есқалиев, А.
Суханбаев, Ж. Қарақұлов және т.б. Жау дзоттарын өз кеудесін тосып
тұншықтарды. Қазақстанның мыңдаған өкілдері Украинаны,
Беларусияны, Балтық жағалауы республикаларын, Кеңестік
Молдовияны азат ету жолындағы ұрыстарға қатысты.
Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші Ленин орденімен және алтын
Жұлдыз медалімен наградталғандар-қазақ қыздары: 100-қазақ ұлттық
атқыштар бригадасының пулиметшісі М. Мәметова мен 54-атқыштар
бригадасының мергені Ә. Молдағұлова болды.Олардың екуі де 100-ден
астам оккупанттарды жойып, шайқас үстінде қаза тапты.
Халық кегін қайтарушылар қозғалысына тән белгілердің бірі оның
көпұлтты құрамы болды. Қазақстандық партизандар саны жалпы 3,5
мың адамнан асып түсті. Олардың қатарында: Қ: Қайсенов, Ж:
Ағәділов, У. Оразбаев, Ә. Шәріпов, П. Ахмедияров, Т: Жұмабаев, Ж.
Саин, Ж. Нәметов болды.

12. Шығыстың қос шынары

13. Майдан даласы

14. Ғылым мен мәдениет майданға

Соғыс жылдарында республикада елдің аса ірі ғылыми
күштері шоғырландырылды. Бурабайда акадеаиктер:
В.М: Алексеев, А. Н. Бах, Н. Д. Зелинский т. Б. Ғылыми
зерттеу жүргізді. Қ.И. Сәтпаев бастаған қазақстан
ғалымдары қара, түсті ж/е сирек кездесетін металдарды,
жанатын пайдалы қазбаларды, су ресурстары мен
гидроэнергетикалық ресурстарды майдан қажетіне жұм
ылдыру жөнінде зор жұмыс жүргізді.
Әдебиет пен өнер соғысып жатқан халықтың қуатты
идеялық қаруы болды. Қазақтың 90-ға жуық жазушысы
мен ақындары соғыс майдандарында шайқасты.

15.

М. Әуезовтың көп томдық “Абай жолы” романэпопеясының бірінші, С. Мұқановтың “Өмір мектебі”
повесі, Ғ. Мүсіреповтың “Қазақ солдаты”, Ғ.
Мұстафиннің “Шығанақ”, Ә. Әбішевтің “Жас түлектер”
повестері бүкілодақтық оқырмандарға қазақ кеңестік
прозасының идеялық және көркемдік жағынан кемеліне
келгенін көрсетті.”Қазақ кеңестік өнерінің көптеген
үздік шеберлері С.Қожамқұлов, Қ. Қуанышбаев, Е.
Өмірзақов, Ш. Айманов таңғажайып тұлғалар еді,- деп,
еске алды кейіннен еңбек сіңірген өнер қайраткері Г.
Рошаль. М. Әуезовтың, Ғ. Мүсіреповтың, Ә.
Тәжібаевтың қатысуымен орталық киностудиялар
шеберлерімен бірлесе отырып, “Абай әндері”,
“Жауынгер ұлы”, “Саған, майдан” картиналары
түсірілді.

16. ІІІ. Қорытынды

Соғыс қазақстан халқына үлкен сын болды: онда социалистік
жасампаздық тәжірибесі де, социалистік құрылыстың бұрмалануы
да, соғыстың сұрапыл сынақтары да, жанға батар шығындар мен
жеңіс қуанышы да, кескілескен шайқастардағы ерліктер де, еңбекпен
өткен күнделікті өмірдің қарапайым ұлылығы да болды.
Біздің тарихымызда, оның ішінде соғыс жылнамасында сан қилы
қаралы парақтар болғаны анық, бірақ шығындарды көрсете отырып
халықтар достығын, патриоттық, отанға деген сүйіспеншілік, аға
ұрпақтың батырлығы мен ержүректілігі сияқты әлеуметтік
көріністерді атап айтуға болады.
Қандай ауыр болғанымен, біз осы қырғын соғыстың бар сәттерін,
тауқыметтерін, барлық жеңістері мен жеңілістерін зердемізде
ұстауымыз керек. Тарихты бөлшектеп, кейбіреулерін керек емес етіп
лақтырып тастау жалпы көріністі бұзады. Халқымыз басынан
өткерген осынау сұрапыл соғыстың әрбір кезеңі есімізде сақталу
қажет. Қаншама қасіреттен кейін қолымыз әрең жеткен жеңіске қазақ
халқының қосқан үлесі өте зор.

17. Ұмытылмас оқиға

18. Пайдаланылған әдебиеттер:

1. “Қазақстан тарихы”
М. М. Мұхамедов, Б.Сырымбетұлы.
“Қарасай” баспасы 2009
2. “Қазақстан тарихы”
Ә.Әбдәкімұлы Алматы 1997
3. “Қазақстан тарихы және көне заманнан бүгінге дейін” очерк
“Дәуір” баспасы 1994
4. “Қазақстан тарихы”
Ч. Мусин Алматы 2003
English     Русский Правила