Похожие презентации:
Әлеуметтік философия
1. Хаттама №_____ «_____»__________2011 ж. Кафедра меңгерушісі:Темиргалиев К.А
2. Ф КГМУ 4/3-04/02 ИП №06 УМС при КазГМА от 14июня 2007
Қарағанды Мемлекеттік Медицина УниверситетіҚазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы
ДӘРІС
Тақырыбы: «Әлеуметтік философия»
Мамандығы: «5В130100 – Жалпы медицина»
Пән: «Философия»
Курс: 2
Уақыт (ұзақтығы) : 1сағат (50 минут)
Қарағанды – 2011 ж.
Аға оқытушы:Нұрмаханова Н.Ж
3.
Тақырыбы: «Әлеуметтік философия»Мақсаты: Студеттерді әлеуметтік философия пәнімен,
қоғам феноментімен, қоғамның экономикалық
негізделуімен, қоғамның әлеуметтік құрылымымен,
қоғаммен таныстыру. Сондай-ақ типологиясына назар
аудару.
Дәріс жоспары:
Әлеуметтік философия пәні, оның негізгі категориялары
мен заңдары.
Қоғам феномені
Қоғам типологиясы және динамикасы.
Қазақстандық қоғам дамуының жолддары
перспиктивалары
4.
Әлеуметтік философияның пәні –қоғам өмірі және оның даму заңдары.
Қоғам ұғымы көлем жағынан тек қазіргі кезде
өмір сүріп жатқан адамдарды ғана емес,
сондай-ақ өткен және болашақ ұрпақтардың
бәрін, яғни адамзаттың өткені мен болашақ
тарихын қамтитын аса кең көлемді ұғым
болып табылады. Қоғам тарихының табиғат
тарихынан айырмашылығы міне осында
жатыр: біріншісін адамдар жасайды, ал
екіншісі өзі жүріп жатады.
5.
Қоғам өмірінің заңдарын әлеуметтікфилософия қарастырмайды,оны басқа
қоғамдық ғылымдар:саяси
экономика,тарих,эстетика,педагогика
т.б. қарастырады.Алайда бұл
ғылымдардың әрқайсысы қоғамдық
құбылыстармен қатынастардың белгілі
бір түрін,тобын қарастырады,қоғамды
қайсы бір жағынан ғана
қарастырып,біртұтас қоғамдық даму
жайында жалпы ұғым бермейді.
6.
Мысалға келтіретін болсақ:саяси экономия адамдар арасындағы
экономикалық,өндіріс қатынастарды зерттейді;
тарих қоғамды түрлі тарихи дәуірлерге,түрлі
халықтармен елдерге бөліп қарастырады;
эстетика-өнердің даму заңдары мен түрлерін
қарастырады;
педагогика адамды әлеуметтендірудің басты
бір формасы-оқытумен тәрбиелеу заңдарын т.б.
қарастырады.
7.
Ең жалпы деп алатын мұндайзаңдарға:
мәселен, өндіріс тәсілінің қоғам
дамуындағы шешуші рөлі, қоғамдық
сананың қоғамдық болмысқа тәуелділігі,
өндіріс қатынастардың өндіргіш
күштердің даму дәрежесіне сәйкес келу
заңы және т.б. жатады. Екінші бір заңдар
қоғам дамуының белгілі бір кезеңдерінде,
яғни кейбір қоғамдарда ғана әрекет етеді.
8.
Әлеуметтік философияныңкатегориялары:
қоғамдық болмыс
қоғамдық сана
өндіріс тәсілі
еркіндік пен қажеттілік
базис
қондырма
9.
К.Маркс пен Ф.Энгельс қоғамөмірінің,тарихтың әлеуметтік заңдарының
табиғат заңдарымен ұқсас жақтарын
көрсетумен қатар,түбірлі
айырмашылықтарын да ашып берді.Бұл
айырмашылық олардың қоғамдық дамуды
табиғи-тарихи процесс деп сипаттауынан
көрінеді.Табиғат процестері санадан тыс
және тәуелсіз қандай заңды,объективтік
процесс болса,табиғи-тарихи әлеуметтік
процестер деп дәл сондай
заңды,қажетті,объективті болып табылады.
10.
Қоғам өмірі-алуан түрлі қатынастардантұратын аса күрделі әлеуметтік шыңдық.
Олар белгілі бір салаларға бөлінеді:
экономикалық
сала
әлеуметтік
сала
саяси сала
рухани сала
11.
Қоғам өмірінің аса күрделі саласырухани өмір.Ол қоғамдық саланың түрлі
формалары мен деңгейлерін: саяси
және құқықтық сананы, моральдық
және эстетикалық сананы, дін мен
ғылымды, қоғамдық және жеке адам
психологиясын т.б. қамтиды.
12.
Қоғам мен табиғат өзара табиғибайланыста. Осының нәтижесінде
ноосфера (гр. «ақыл» және «сфера») деп
аталатын табиғатты «адамдандыру» яғни
адамның табиғатты игеру процесі пайда
болды. Ноосфера адамзаттың пайда
болуына байланысты туды. Қуатты,
дамыған техника мен технологияны
пайдалана отырып, адам жер табиғаты мен
жердің айналасындағы кеңістікке зор
әсерін тигізеді.
13.
«Биосфера - жаңа эволюциялықкүйге - ноосфераға айналды және
айналуда, ғылыми ой әлеуметтік
адамзатты өңдеуге» деп жазды
В.И.Вернадский . Қоғам өмірінің
екінші қажетті табиғи жағдайытұрғын халық. Адамсыз өндіріс
мүмкін емес, табиғатты игеріп, қоғам
мүддесіне қызмет ететін қуатты күш
адамның еңбегі.
14.
Иллюстрациялық материалдыпайдалану арқылы қоғамдық –
экономикалық фармация
ұғымына талдау жасау, оның
құрылымын түсіндіру және
қоғамның әлеуметтік
құрылымына тоқталу.
15.
Қоғамдық-экономикалық формацияұғымына өндіріспен, базиспен бірге басқа
да қоғамдық құбылыстар кіреді.
Олар:адамдардың белгілі бір тарихи
қауымдастықтары, отбасы және
неке,тіл,ғылыми және қоғамдық ұйымдар
т.б. Бұл құблыстар базиске де,қондырмаға да
тікелей қатысты болмағанымен,олар кез
келген фармацияның біртұтас организмінің
құрамдас бөліктері болып табылады.
Оларсыз қоғам өмірі және дамуы мүмкін
емес.
16.
Қоғамдық-экономикалықформацияның ашылуына
байланысты тарихи процесс қатаң
ғылыми тұрғыдан кезеңдерге
бөлінетін болды: қоғам тарихи
қоғамдық – экономикалық
формациялардың даму және заңды
түрде ауысу тарихы екені ашылды.
17.
Антропология, этнография жәнеархеология ғылымдарының
мәліметтеріне қарағанда, қауымдық
рулық құрылысы адамның жануарлар
тобыры түрінде өмір сүруінен кейін
адамның қазіргі заманғы типі
қалыптасқан жоғарғы полиялит пайда
болды деп жорамалдануда. Алғашқы
адамдық тобырдың шығуы қоғамдық
өмірдің бастамасын салды.
18.
Ру – бір анадан немесе атадан тараған қандастуысқан адамдардың кішігірім тобы. Рудың арғы
тегі алғашында әйел болды. Рудың өндірістік
негізі–еңбек құрал – жабдықтарын бірлесе
пайдалану. Ру мүшелері ынтымақтаса еңбек етіп
өндірілген өнімді ынтымақтаса пайдаланды.
Тайпалар одағының құрылуы әлеуметтік
қауымдастықтың тайпалық дамуының жоғарғы
формасы болып табылады. Тайпалар одағы
көбінесе елді , жерді басқа тайпалардың
басқыншылығынан қорғау үшін құрылды.
19.
Ұлттың қалыптасуы феодолизмніңқұлдырау дәуірімен капиталистік
қоғамның қалыптасу кезеңінде іске
асты. Ұлт дегеніміз тіл, территория,
экономикалық өмір бірлігі және
мәдениет бірлігінен көрінетің
психикалық өмір бірлігінің негізінде
тарихи қалыптасқан адамдардың үкен
тұрақты тобы.
20.
Отбасы – кіші әлеуметтік топ.Отбасы адамдары өз өмірінің негізгі
процестерін бастан кешіретін кіші
әлеуметтік топ болып табылады.
Отбасындағы әрбір адам өмірінің
онымен тығыз байланыстылығы
сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің
дамуына шешуші әсер етеді.
21.
Адам мен қоғам үшінотбасының маңызды атқаратын
қызметі алуан түрлі
болғандықтан оны зерттеуші
қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл
ғылымдардың әрқайсысы өз
анықтамасын беруге тырысады.
22.
Социология ғылымы оны былайанықтайды: отбасы дегеніміз тарихи
өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның
жалпы белгілері – бөтен адаммен
жыныстық байланыс орнату, туысқандық
қатынастар жүйесі. Адамның әлеуметтік
және жеке дара адамгершілік сапаларын
қалыптастырып дамыту белгілі бір
қызметті іске асыру болып табылады.
23.
Отбасы еркек пен әйелдіңтабиғи жыныстық және басқа
қажеттерін өтеп ұрпақ өсіру
арқылы қоғамды қалпына
келтіре дамытушы әлеуметтік
топ болып табылады.
24.
Қоғамдық - экономикалық формацияӨндіргіш
күштер
Өндіріс
тәсілі
Өндірістік
қатынастар
25.
ӘдебиеттерНегізгі:
Антология мировой философии В 4-х т.М:Мысль 1969-1972
Барулин В.С Социальная философия М: 2000
Шопенгауэр А. Афоризмы житейской мудрости.
Сенека Луций О счастливой жизни.Римские стойки. М:1970
Қосымша:
Әбішев Қ. «Философия» Алматы-2001
Бегалинова К.К.,Альжанова І.К. «Философия » Алматы-2003
Кішібеков Д.К. ,Сыдыков Ұ. «Философия » Алматы-1994
Кішібеков Д.К. «Философия » Алматы-1991
Мардашвили К.К. «Как я понимаю философию» М- 1990
Спиркин А.Г. «Философия»
Кохановский Л.В. учебник для Вузов Ростов н-Д:Феникс 1998
Нысанбаев Ә,ӘбжановТ «Философияның қысқаша тарихы» Алматы 1999
Ж.Алтай,А.Қасабек,Қ.Мұхамбетәлі «Философия тарихы» Алматы 1999
Проблемылық сұрақтар: (Пікір-таласқа арналған)
1Әлеуметтік философияның пәнің, категорияларын еске сақтадыңыз ба?
2Қоғам тенезисі туралы не айтасыз?
3Антропосоциогенез деген не?
4Қоғамның экономикалық формация ұғымына талдау жасаңыз және атаңыз.