1.87M
Категория: ПравоПраво

Құқық қорғау органдарыаапа. Адвокатура және нотариат түсінігі мен түрлері

1.

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА
УНИВЕРСИТЕТІ
Мамандық: жалпы медицина
Дисциплина: құқық негіздері
Кафедра: қоғамдық ізгілендіру пәндері, педогогика және психология
Курс: 1
Тақырыбы: Адвокатура және нотариат түсінігі мен түрлері
Орындау формасы: презентация
Орындаған: Тұрмаханбет Сымбат
Тобы: 105 Б
Тексерген: Сағидуллина Мәншүк Болатқызы
Күні: 25.09.2012Ж
Ақтөбе -2012

2.

Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
А) Адвокатураның міндеті мен мақсаттары
Ә) ҚР Нотариаты
ІІІ. Қорытынды

3.

Адвокатура – сотқа өз тарапынан көмек ретінде құрылған мекеме. Сотта іс
жүзінде адвокат әділдікті орнатуға көмек береді. Адвокатура тұрғындарға
заңды көмек беретін қоғамдық ұйым. Әрбір адвокат көмек сұрап келген тұлғаның
құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін шақырылған тарап болып есептеледі.

4.

Адвокатураның атқаратын функциялары:
- адвокаттар қылмыс процессінде қорғаушы өкіл болып қатыса алады.
- адвокаттар коллегиясының қызметкерлері халыққа заңи кеңес береді.
- адвокаттар арыз, сенімхат, мирасқорлық бланкасын т. б. құқықтық құжаттарды толтырып береді.
Адвокатураның мақсаттары:
- мекемелерге, қарттар үйіне, қарапайым халыққа жоғарғы дәрежелі жәрдем
беру;
- Азаматтық құқықтарының сақталуына жәрдем беріу;
- Халықты құқықтық нормативтерге тәрбиелеуге жәрдем беру болып табылады.
Адвокаттық қызметінің ұйымдық нысаны:
– заң консультациясы (кеңестері);
– адвокаттық кеңселер (конторы);
– заңды тұлғаны тіркемей-ақ жеке-дара адвокаттық кеңес құру.

5.

Адвокатураның ұйым ретінде өзіндік міндеттері:
- Азаматтар мен заңды ұйымға қылмыстық істер бойынша заң тұрғысынан көмек
көрсету;
- Азаматтар мен заңды ұйымдарға азаматтық, әкімшілік және т.б істер бойынша
өкілеттілік арқылы заңи көмек көрсету;
- Азаматтар мен заңды ұйымдардың мемлекеттік билік пен басқару органдарында және басқа да тұлғалар алдындағы құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғау мен білдіруге көмек көрсету.

6.

ҚР нотариаты – құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ, заңда
көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған
нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды
тұлғалардың құқықтары мензаңда мүдделерін қорғаудың заң
жүзінде бекітілген жүйесі.

7.

Нотариустың құқықтары:
1) өзіне жүгінген жеке заңды тұлғалардың мүдделеліне сәйкес нотариат туралы заңда және ҚР басқа
да заңды актілерінде көзделген нотариаттық іс-әрекеттер жасауға;
2)
мәмілелердің, өтініштер мен басқа да құжаттардың жобаларын жасауға;
3)
құжаттардың көшірмелерін және олардың үзінділерін әзірлеуге;
4)
нотариаттық іс-әрекеттер жасау мәселелері бойынша консультациялар беруге;
5) ҚР заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны
құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды
тұлғалардан нотариаттық іс-әрекеттер жасауға қажетті құжаттар мен мәліметтер талап етуге;
6) ғылыми, педагогикалық және шығармашылық қызметпен айналысуға соның ішінде жалдау шарты
бойынша айналысуға;
7)
Техникалық сипаттағы өзге де ақылы қызметтер көрсетуге құқылы.

8.

9.

Нотарустың міндеттері:
1) нотариат туралы заңның және ҚР нотариат қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық
актілерінің талаптарына сайкес нотариаттық іс әрекеттер жасауға;
2) азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтар мен міндеттерді түсіндіруге, олардың заңды
білмегендігі өздеріне зиян келтіруге пайдаланылуы мүмкін болмауы үшін, жасалған нотариаттық
іс әрекеттерінің салдарлары жөнінде ескертуге;
3)
кәсіптік қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді құпия ұстауға;
4)
ҚР заңдарына сәйкес келмейтін жағдайда нотариаттық іс әрекеттер жасаудан бас тартуға;
5)
кәсіптік әдепті сақтауға;
6) әділет органына және нотариаттық палатаға өз іс-әрекеттеріне түскен шағымдар бойынша өз
жасаған нотариаттық іс әрекеттер туралы мәліметтер, өзге құжаттар, ал қажет болған жағдайларда жеке түсініктемелер, оның ішінде кәсіптік әдеп талаптарын сақтамау мәселелер жөнінде
түсініктемелер беруге міндетті.

10.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен
құқығының негіздері. Алматы 2009
Е.Баянов
2. Құқық негіздері. Алматы 2007
Қ.И.Оспанов
English     Русский Правила