Похожие презентации:
Жұмыр құрттар
1. Жұмыр құрттар
Орындаған: Жунуспаева А.Е. БШ13Тексерген: Булекбаева Л.Т.
2.
Жұмыр құрттар, нематодтар(Nemathelmіnthes) – төменгі сатыдағы
құрттар типі. Жер шарында кең тараған
(теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда,
топырақта, биосферада), кездеспейтін жері
жоқ, сондықтан оларды космополиттік
жануарлар қатарына жатқызады.
3.
Жұмыр құрттардың 5 класы бар:Нағыз Жұмыр құрттар (Nematoda);
Құрсақ кірпікшелілер
(Gastrotrіcha);
Киноринхалар (Kіnorhyncha);
Түкті құрттар (Nematorpha);
Коловраткалар (Rotatorіa).
27 мыңдай түрі белгілі.
4.
Бұлардың жалпақ құрттардан айырмашылығы –ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының
(схизоцельдің) болуы. Сондықтан Жұмыр
құрттарды бірінші реттік дене қуысы бар
жануарларға жатқызады. Денесі жіп тәрізді
(грек. nematos – жіп) созылыңқы келеді.
Ұзындығы 1 мм-ден 8 м-ге (Рlacentonema
gіgantіssіma) жетеді. Бұлардың денесінің сырты
қалың кутикула қабатымен қапталған.
5.
Ас қорыту жүйесі ұзына бойына созылған тіктүтік тәрізді алдыңғы, ортаңғы және артқы
ішектен тұрады. Ауыз қуысы дененің алдыңғы
ұшында орналасқан, ол өңешке ұласады. Зәр
шығару жүйесі протонефридиялды (зәрді тері
бездері арқылы шығарады). Қан айналу және
тыныс алу жүйесі дамымаған. Жүйке жүйесінің
орталық бөлімін жұтқыншақ маңындағы жүйке
сақинасы мен бірнеше жүйке бағаналары (ұзына
бойына созылған) құрайды.
6.
Жұмыр құрттардың денесі сірқабықпен(кутикула) қапталады. Ауыз қуысы денесінің алдыңғы жағында, ал аналь
тесігі - артқы жағында орналасады.
Көптеген жұмыр құрттарда тері-бұлшықет
қапшығы болады. Көлденең жолақты
бұлшықеттері жоқ. Сондықтан жұмыр
құрттар денесін қысқарта да, соза да
алмайды. Олар денесін тек жан-жағына
ғана ие алады.
7.
Жұмыр құрттарда тынысалу жәнеқантарату жүйесі болмайды. Бұлар - дара
жынысты жәндіктер. Олардың
қосжыныстылары да кездеседі. Жұмыр
құрттардың аталығынан аналығы ұзын.
Көбінесе жұмыртқа арқылы көбейеді.
Өсімдік тамырында ауру тудыратын
паразит жіпшеқұрттар (қант
қызылшасының жіпшеқұрты свекловичная нематода) шаруашылыққа
орасан зор зиян келтіреді.
Жіпшеқұрттардың барлығы өсімдік
паразиті болып табылады, олардың
мөлшері 1 миллиметрден аспайды.
8.
Жұмыр құрттар адамға жәнежануарларға зиян келтіреді, тері
астында - суыртқы (ришта),
бұлшықеттерде — трихинелла,
ішекте ішексорғы, үшкірқұрт
паразиттік әрекет жасап, ауруға
ұшыратады. Ішексорғының ұзындығы
(жылқы ішексорғысы) 18
сантиметрге дейін, (кит
ішексорғысы) 8 метрге дейін жетелі.
9.
Көбінесе жасөспірімдер мен балалардыңтоқ ішегіне үшкірқұрт (острина) орнығады.
Ол — паразит құрт, аналығының тұрқы 1
миллиметрден аспайды. Үшкірқұрттың екі
ұшы да сүйірленген, құйрығы үшкір, тұрқы
1,5 см шамасында болады. Оның түсі
ақшыл немесе сарғыш болып келеді.
Үшкірқұрт екі сүйір үштарын қадап, соқыр
ішекте және тоқ ішекте тіршілік етеді.
Көлденең салалы бұлшықеттері жоқ.
Сондықтан үшкіркүрт денесін жиыра,
қысқарта алмайды. Оның денесі
созылмайды. Пішінін өзгертпей, тек жанжағына иіледі.
10.
Назарларыңызғарахмет!