Похожие презентации:
Қиялдың жалпы сипаттамасы және оның психологиялық әрекеттегі рөлі
1. Қиялдың жалпы сипаттамасы және оның психологиялық әрекеттегі рөлі
ҚИЯЛДЫҢ ЖАЛПЫСИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ
ОНЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ӘРЕКЕТТЕГІ РӨЛІ
Орындаған: Кертай А.
Кертай Н.
Топ: ППк 16-2
Қабылдаған: Қолдас Г.
2. Жоспар
I.II.
III.
IV.
Қиял туралы жалпы ұғым
Қиял жайында ғалымдардың түсінігі
Қиял түрлерi
Қиял бейнелерiнiң жасалу жолдары
3. “Жанның өзiнде бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алуы қиял деп аталады” (М. Жұмабаев).
Қиял дегенiмiз сыртқы дүние заттары мен кұбылыстарыныңсубъективтiк образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде
көрiнетiн, тек адамға ғана тән психикалық процесс:
Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған
уақытша байланыстар түрлi комбинацияларға түседi де, жаңа
нәрселердiң бейнесi туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта
жасап, өңдеу процесiнде екiншi сигнал жүйесi шешушi рөль атқарады.
Қиялдың адам қажетiне асуы, оның шындықпен байланысты болып
келуi адамға ерекше қанат бiтiрiп, оның iлгерi өрлеуiне себепшi
болады. Халық “Қыран жетпеген жерге қиял жетедi” деп өте тауып
айтқан. Бiр кезде талантты орыс ғалымы Қ. Э. Циолковский (1857—
1935) космосқа ұшуды армандап едi. Космос кораблiмен аспан әлемiне
тұңғыш жол салған Ю. Гагарин мен қазақ ғарышкерi Тоқтар
Әубәкiровтiң және басқаларының ерлiктерi осындай шындықпен тығыз
байланысты қиялдың iске асуы болып табылады.
4. Адамдардың қиялына тән кейбiр ерекшелiктердi төмендегiше топтастыруға болады:
Әр адамның қиял ерекшелiктерi оның жеке қызығулары мен қасиеттерiне, алдынақойған мақсатына байланысты болып келедi.
қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшелiктерiне де, бiлiм
тәжiрибесiне де байланысты.
қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелiгiне, табиғат, жер-су қоршауына
байланысты да көрiнiп отырады. “Жаратылыстың құшағында,— деп жазады М.
Жұмабаев,-меруерт себiлген көк шатырдың астында, хош иiстi жасыл кiлем үстiнде,
күнмен бiрге күлiп, түнмен бiрге түнеп, желмен бiрге жүгiрiп, алдындағы малымен бiрге
өрiп, сары сайран далада тұрып өсетiн қазақ баласының қиялы жүйрiк, өткiр, терең
болуға тиiстi”.
қиял — адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс.
Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын iздестiру
қиялсыз мүмкiн емес.
адам қиялы еңбек процесiнде, iс-әрекет үстiнде жарыққа шығып, дамып отырады.
Мұндағы негiзгi шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, iстейтiн
еңбектiң нәтижесiн күнi бұрын көре бiлу, яғни оны өңдеп, өзгертiп, елестете алу — адам
қиялына тән негiзгi белгiлер.
5. Қиял жайында ғалымдардың түсінігі
Француздың әйгiлi ғалыми, әрi көрнектi жазушысы ДениДидро: “Қиял! Бұл сапасыз ақын да, философ та, ақылды адам
да, ойлайтын жан да, тiптi адам болу да мүмкiн емес” деп
тегiн айтпаса керек.
Орыстың белгiлi демократ, публицисi Д. И. Писарев (1840—
1868) шындық пен оптимизмге толы арман туралы көп
толғанған адам, оның “арманның iске талпындыратын
пайдасы” туралы пiкiрi жастар үшiн ерекше маңызды. Өйткенi
адам әрекет етудiң орнына бос қиялға сүңгiсе, бұл келешектiң
қиялы болмай, бос лағу, құр-ғақ қиял болар едi.
6.
Мақсатқа сай дұрыс армандай алу адамға зорқуат берiп, iске талпындырады. Сондықтан да
халық: “Арманы жоқ жiгiттiң дәрменi жоқ” деп
өтс тауып айтқан.
Туысқан қырғыз халқының ұлы жазушысы
Шыңғыс Айтматов: “Ақтық демi таусылғанша ой
ойлап, қиял қанатында ұшатындығымен де адам
биiк, адам ұлы” деп терең философиялық ой
қорындылайды. Қиялы әлсiздiң өзi де әлсiз.
7. Қиял түрлерi
Пассив (әлсіз) қиялдың айқын түрі түс көруден байқалады. Көргентүстің қисынсыз шым-шытырық болатыны да — осы ырықсыздықтан.
Мұндай қиялдардың пайда болуы адамның өз ойының тізгінін босатып
жіберуіне де байланысты. Мысалы, аспандағы бұлтқа қарап, оны әр
нәрсеге ұқсату, немесе біреу әңгіме айтып отырғанда, оның басынан
кешіргендері тыңдаушының көз алдынан ағылып өтіп жатуы. Осы екі
мысалдың бірінші жағдайында — қарапайым қиялдау затты қабылдаса, ал
екінші жағдайда сөзді қабылдаудан елес пайда болады. Елес— қиялдың
пассив түрі.
Қиялдың саналы әрі жемісті түрі — ырықты қиял. Бұл — адамның
алдына саналы түрде мақсат қоя отырып, әдейі образдар жасау мен
қажетті бейнелер тудыруы. Қиялдың бұл түрі балалардың ойын
әрекетінен де анық байқалады. Ұшқыш, дәрігер, ғарышкер, мұғалім т. б.
болып ойнауларына қарап, олардың ырықты қиялдарын аңғаруға болады.
Өйткені, ырықты қиял еңбектену процесінде дамып, әрбір адамның ісәрекеті мен жұмыс нәтижелерін алдын-ала көз алдарына елестетеді.
Оларды орындауға, қимыл-әрекеттерді жоспарлы түрде жасап отыруға
міндеттейді. Ырықты қиял түрлерін топтап қарастырудың жолдары бар.
Олар — қайта жасау, творчестволық қиял, арман болып үшке бөлiнедi.
8. Суреттеп жазғанға немесе сызғанга қарап адамның жаңадан бiр нәрсенi елестете алуын, қайта жасау қиялы деп атайды.
Творчестволық қиял деп өзiндiк жаңа образдар жасауарқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрiнетiн
киялды айтады. Жазушының, суретшiнiң, ғылымның,
композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялға
жатады.
Актив қиялдың ерекше бiр түрi — арман. Арман
дегенiмiз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мұның
творчестволық қиялдан ерекшелiгi мынада: арман
өзiмiздiң тiлеген келешекке бағытталған қиял процесi.
9. Қиял бейнелерiнiң жасалу жолдары
Қиял түрлi елестеулердiң өзгерiп, өңделуiнiң арқасындажасалып отырады. Қиялда анализ, синтез әдiстерi,
агглютинация, схематизация түрлi схемалар мен суреттсрдiц
акцентировка (образдың типтiк басты белгiлерiн жасау)
тәсiлдерi жиi қолданылады. Қиялдағы елестердi
топтастырудың қарапайым түрi агглютинация деп аталады.
Осы әдiс арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинкс,
жез тырнақ) мен түрлi ме-ханизмдердiң, машиналардың
конструкциялары (амфибия — танк, судан өте алатын жеңiл
танк, аэрошана - суға қонып, ұша алатын самолет)
құрастырылады.
Агглютинация әдiсi ежелгi Мысыр елiңде, сондай-ақ,
Солтүстiк Америка индеецтерiнiң өнер ескерткiштерiнен үлкен
орын алған.
10.
... бұрын фантазия, қиял деп журген ойларбүгiн дағдылы iс екенiн танып, құтыла
аламыз ба?
Ш.Құдайбердiұлы.
Арманмен ойнау қауiптi, күйреген арман
өмiрдi бақытсыздыққа душар ету де
мүмкiн
Д. И.Писарев
11.
РетiСұрақтар
Иә
Жоқ
1.
Сiздi живопись қызықтыра ма?
2
1
2.
Iшiңiз жиi пыса ма?
1
2
3.
Бiр тарихи жағдайды айтқанда мәнерлеп, 1
әсерлеп айтасыз ба, өзiңiзден қосарыңыз
болар ма?
0
4.
Жұмыстағы немесе оқудағы белсендiлiгiңiз 2
қандай?
1
5.
Жазғанда алшақ жазып, көп орын аласыз 1
ба?
0
6.
Киiнгенде мода сән заңдарын басшылыққа 2
аласыз ба немесе өз ұнатуыңызбен киiнесiз
бе?
1
7.
Сабақ не жиналыс үстiнде қағаз бетiне бiр 0
түрлi заттардың суретiн сала берудi
ұнатасыз ба?
1
8.
Музыканы
тандағанда
сол
әуенге 1
байланысты бейнелер көзiңiзге елестей ме?
0
9.
Ұзақ хат жазуды ұнатасыз ба?
2
1
10.
Кейде түрлi-түстi түс көресiз бе?
1
0
11.
Бұрын болмаған, тек әңгiмелерден естiген
жерлердi ойыңызда немесе барып көргiңiз
1
келе ме?
1
Кино көргенде жиi жылайсыз ба?
1
0
Барлығы
15
7
12.
Қиялды дамыту дегенiмiзде ең
алдымен әркiм өзi қиялының
аз немесе көп екенiн, қай
дәрежеде екенiн белгенi жөн.
Мұны көптен берi шетелдерде
жиi қолданылып келе жатқан
“Сiзде қиял бар ма?” деген
тиен арқылы анықтауға
болады.
Кестедегi сұрақтарға жауап
берген соң “иә”, “жоқ”
жауабы бойынша жиналған
ұпайларды қосады да,
эксперименттiң
қорытындысына жүгiнедi.
Сонда 14-17 ұпайға иеленгенде
ең бай қиял болады, егер оны
өмiрге қолдана бiлсе үлкен
қуаныш әкеледi. Ал 9-13 ұпай
орташа қиял. Ең соңында 5-8
ұпай нағыз реалист адамдарда
болады.