Менеджменттің пайда болуы
Менеджмент дегеніміз
Менеджменттің мақсаты, міндеті, оның құрылымы
Менеджмент ұғымының мәні
Менеджмент ғылым ретінде
Менеджменттің даму қағидалары
Менеджменттің даму кезеңдері
100.21K
Категория: МенеджментМенеджмент

Менеджменттің пайда болуы

1. Менеджменттің пайда болуы

Менеджмент кейде Менеджмент ғылымы (Management Science) деп
те аталады, яғни ол адамзаттың басқару ісінің заңдылықтары мен
өнімді әдістерін зерттейтін пән саласы есептеледі. Ол белгілі бір
құралдар мен әдістанмалар арқылы басқаруды өнімді етеді, әсіресе
Операцияларды зерттеу (Operations Research) және Статистика
секілділер арқылы басқаруға сапалық және сандық анализ жасайды.
Ал, басқару дегеніміз басқарылушыға өнімді, пайдалы жұмыс істету
әрекеті. Қазіргі заман басқару істері кейбір басқару мәселелеріне
талдау жасаудай тар шеңберден шығып, жаратылыстану және
гуманитарлық пәндердегі пайдалы білімдер мен әмбебап әдістерді
пайдаланып, операцияны басқару, адам күші байлығын басқару,
қауіп-қатерді басқару, айқын емес жағдайда шешім қабылду, шұғыл
жағдайда таңдау жасауқұрделі құрылымның өзгерісін тізгіндеу,
қалыптасу (emergence), өзін көрсете алу, ортаға үйлескіштік, өздігінен
ұйымдасу, ұқсастықтардың біріктіруі секілді ауқымды мәселелерді
жаппай қамти бастады

2. Менеджмент дегеніміз

Менеджмент (ағылш. мanage – басқару,
меңгеру, ұйымдастыру, ) – ұйымда немесе
кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың
еңбегін басқара отырып, алға қойған
мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу,
әлеуметтік, оның ішінде білім беру
үрдістерін басқару принциптері, әдістері,
құралдары мен нысандарының жиынтығы

3. Менеджменттің мақсаты, міндеті, оның құрылымы

Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың
еңбек белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп,
олардыңң тиімді жұмысының негізінде жетуді
ұйғарады. Ғылымның бұл түрін білу барысында
басқарудың мақсаттарын қою мен дәлелдеу үшін
нақты білім және тәжірибелік дағды алуға болады,
осы мақсаттарға жету жолында персоналдың күшқуатын жинастыруға, ғылыми дәлелденген шешімдерді
қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге,
кәсіпорындарды біртұтас жүйе түрінде басқаруға
мүмкіндік береді.
Әртүрлі ғылымдар секілді менеджменттің де теориясы
болады, онда осы пәнге тән қасиеттер, міндеттер,
категориялар, заңдылықтар, принциптер, әдістер,
функциялар және өзінің ізденіс жолы қамты

4. Менеджмент ұғымының мәні

Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны
“басқару” түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар
менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру,
үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты
қызметтерді де атқарады.

5. Менеджмент ғылым ретінде

Менеджмент ғылым ретінде XIX
ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың
басында пайда болып, өзінің даму
барысында бірнеше кезеңді басынан
кешірді. Экономикалық әдебиеттерде
басқару ғылымының алғашқы белгісі
«тейлоризм» деген ағыммен
байланысты екені айтылады

6. Менеджменттің даму қағидалары

Өндірістің экономикалық тиімділігін
арттыру, прогресшіл техника мен
технологияны енгізу, түрлі
ресурстарды ұтымды пайдалану
есебінен түсімді арттыру және
көздеген мақсаттарға жету жолында
«Менеджмент» курсы зор ықпал етеді.

7. Менеджменттің даму кезеңдері

І кезең – ежелгі кезең. Алғашқы қауымдық құрылыста ру басшысының
қауымдық жетекшінің көмегімен, басшылығымен бірігіп тіршілік еткен. Б.э.
дейінгі басқару принципінің жан-жақтылығын зерттеп сипаттама берген адам
Сократ (470-439 жж.) болды
ІІ кезең – индустрияның даму кезеңі (1776-1890 жж.). Бұл кезеңде мемлекеттік
басқарудағы еңбек бөлінісінің әртүрлі формаларын анықтап, мемлекет пен
мемлекет басшысының міндеттеріне сипаттама берген ғалым – Адам Смит.
ІІІ кезең – басқаруды бір жүйеге (систематизация) келтіру кезеңі (1856-1960
жж.) Басқару ғылымы үнемі даму үстінде. Сондықтан басқару бағыттары,
мектептері өзгеріп, жетіліп отырады. Қазіргі менеджмент ХІХ ғасырдағы
өнеркәсіп революциясы кезінде туындаған. Өндірістің алғашқы түрлерінде,
фабрикаларда адамдарды жұмыспен қамту және оларды біріктіріп, жұмысқа
бағыттау қажеттілігі туындаған. Міне сондай жағдайда қабілетті жұмысшыны
үйретіп, оқытып, кәсіпорын иесінің мақсатын орындау үшін пайдаланған.
Олар – алғашқы менеджерлер болатын.
English     Русский Правила