Пайдаланылған әдебиеттер
1.93M
Категории: ФизикаФизика БЖДБЖД

Қазақстанда ядролық сынақ жүргізу

1.

М.Тынышбаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясы
Орындаған: Жеңісқызы Ләззат

2.

Қазақстан даласы - ядролық сынақ аймағына айналуы;
Семей ядролық полигоны;
Невада-Семей қозғалысы;
Семей ядролық полигоны сынақтарының адамға,
қоршаған ортаға әсері, зардаптары
Семей полигонының жабылуы

3.

Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге
әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды.
Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған
сынақ аймақтарынан жұрт беймелім болды. Шын мәнінде, қазақ
даласының 19 млн.га. жері 40жыл бойы ядролық сынақтың
полигоны болды.
•Тойсойған сияқты полигондары алып жатқан табиғи әсем,
щұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлер де 1949 – 1989 жылдар
аралығында болған ядролық сынақтардың 27- сі атмосферада, 183 –
і жер бетінде, қалғаны жер астында жасалды.
Қазақстанда ядролық сынақтар болған жерлер
• Семей
•Азғыр
•Нарын;

4.

Сынақ аймағында 1949-1989 жылдар
аралығында 456 әр түрлі ядролық
Жарылыстар жасалса, соның ішінде
әуе мен жер астында – 116 сынақ
жасалды. Осы жарылыстардың
әсерінен радиоактивті шөгінділер
жарылыс болған эпицентрден
бұлттар мен жел арқылы таралды.
Сынақ жүргізілген жерлерде радиацияның деңгейі 448 Бэр-ге
дейін жеткен. Семей ядролық полигонында ауада және жер
бетінде сыналған ядролық зарядтардың жалпы қуаты Хиросимаға
тасталған бомбадан 2,5 мың есе асып түсті. 1949 жылы 29
тамызда таңертеңгі сағат 6.30-да Абай және Абыралы
аудандарында халыққа алдын ала ескертілместен қуаттылығы 22
килотонна болатын бірінші жарылыс жасалды. Сол жарылыста
сынақтан өткізілген РДС-1 сутегі бомбасы.

5.

Ядролық сынақтарға шыдас
берген бетон қабырғалар.
Кей сынақтарда шыдас
бермеген бетондар балқып
кеткен екен. «Эпикіндіктен
әртүрлі қашыққа салынған
тұрғын үйлер мен өндірістік
ғимараттардың дені кәдімгі
топырақ үймесіне айналған.
Құрастырмалы қабырғалы
үйлер де солардың жолын
құшыпты. Жоғары кернеулі
электр бағандары да күшті
толқынға төзе алмай, жел
ығына қарай жантайған», –
деп жазады бұл жайлы
жазушы М. Сәрсеке.

6.

Семей ядролық полигонның алғашқы жүргізілуі
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны
456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады.
Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе
әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және
жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың
жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом
бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы
29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес
жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен
Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға
көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз
қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте
жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген.

7.

Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін
қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу
жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен
жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап,
үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп
қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім
алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың
кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл
тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2
оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды)
плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп
атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді.
Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий
Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты
ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан
идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан
бақылап тұрды.

8.

1953 жылы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегіндегі жарылыс
қуаты 480 килотонна болған. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған
радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке
көтерілген. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде
дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрған екен. М.
Сәрсеке: «Семей полигонында болған 470 жарылыстың 307-сі Дегелең мен
Балапан бұйратынан қазылған 131 штольняда және әртүрлі тереңдіктегі
ұңғымаларда жасалған. Кейбір сәтте, әрине, жарылыстың күш-қуатын арттыру
үшін ядролық зарядтар қат-қабат жарылған. Мысалы, 1978 жылғы 27 шілдеде
104-штольняда бір мезгілде бес жарылыс жасалыпты. Демек, 1961 жылдан
1991 жылға дейін айналасы небәрі 22 шақырым шағын тау күні-түні тоқтаусыз
жүрген жарылыс дүмпуіне тап болған», – дейді.

9.

Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды
стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом
бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер
бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға,
жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды.
Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары
сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын
500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Осынау полигонның кемел
инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін,
«Балапан», «Сары-Өзен», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік
алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік
алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік
алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом
қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа
түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.

10.

1. 1949–1963 жылдар – бұл Семей полигонында ядролық қаруды ашық жерде сынаған кезең.
2. 1961 жылы елімізде континентарлық баллистикалық ракеталар жасалды да, оларға қажет ядролық зарядтарды
сынақтан өткізу міндеті қойылды. Сондықтан 1961–1962 жылдары сынақтар жиірек өткізілді.
3. Қазақ ССР Ғылым академиясы Жоғары энергиялар институтының деректері бойынша, Семей полигонында
атмосферада және жер бетінде сыналған ядролық зарядтардың қосынды қуаты Хиросима бомбосының қуатынан
2,5 мың есе асып түседі.
4. 1949–1963 жылдар кезңінде 50 мыңнан астам адам кәдімгі ядролық жарылыстар жағдайында йондаушы
радиацияның күшті және созылмалы сәулесіне көп рет тап болды.
5. Ядролық сынақтардың басталғанына 1–2 жыл өткен соң-ақ зардап шеккен аудандарда балалар өлімі 4–5 есе
көбейіп, жаңа туған 100 нәрестенің 85–100-і ажал құшағына енді.
6. Статистика мынаны көрсетеді: әрбір жерасты сынағының ертеңінде және содан кейінгі 3–4 күн бойына
дәрігерлік мекемелерге әртүрлі шағыммен келген азаматтар саны әдеткі күндердегіден 3–4 есе көп болған.
7. Зерттеу мына бір жағдайдың бетін ашты: полигонға тікелей тақау жерде тұратындар арасында, одан едәуір
шалғай елді-мекендерде тұрушыларға қарағанда өзін-өзі ажалға қию 5 есе жиі кездеседі екен.

11.

Сынақ аймағын радияциялық тексеруден өткізгенде, ондағы радиоактивтік
заттардың (цезий-137, стронций-90, плутоний-239; 240, кобальт-60) мөлшері
қалыпты мөлшерден бірнеше есе жоғары екені анықталды. Зиянды
радиоактивтік заттар топырақты, суды, егістік жерлерді және мал
жайылымдарын ластады. Семей аймағының халқы сәулеге ұшырау мөлшеріне
қарай 3 категорияға бөлінеді: 1-категорияға – жарылыс эпицентрінен 100–
150 км қашықтықта орналасқан Абай, Бесқарағай және бұрынғы Абыралы,
Жаңасемей, Шұбартау ауданы мен Семей қаласы жатады; 2-категорияға – 150–
300 км жерде орналасқан Жарма, Аягөз, Бородулиха және бұрынғы Шар,
Жаңашүлбі аудандары кіреді; 3-категория эпицентрден 300 км-ден әрі
орналасқан Үржар, Көкпекті және бұрынғы Таскескен, Ақсуат, Мақаншы
аудандарының тұрғындарын қамтиды.

12.

•1989 жылдың ақпанында Семейдегі
сынақ полигонын жабу үшін басталған
ұлы күрестің алғашқы қадамы жасалды.
Белгілі ақын, мемлекет және қоғам
қайраткері, КСРО Жоғары Кеңесінің
депутаттығына кандидат
Олжас Сүлейменовтың жетекшілігімен
«Невада-Семей» антиядролық қозғалысы
құрылды. 1989 жылдың 25 ақпанында,
сағат 17-ден 45 минут өткенде Қазақстан орталық телевизиясы арқылы
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық қаруларды сынауды дереу
тоқтатуды талап еткен және жұртшылықты «Невада» антиядролық
қозғалысын құруға шақырған ашық мәлімдемесінен басталды. Дәл сол күні
Алматыдағы көп адам жиналған митингте ақын, қоғам қайраткері Олжас
Сүлейменов еліміздің барлық қоғамдық, шығармашылық, діни
ұйымдарына, советтік бейбітшілік қорғау Комитетіне, халықаралық «Жасыл
әлем» ұйымына, «Адамзатты аман алып қалу» халықаралық қорының
Комитетіне, Невада штатында (АҚШ) сынақтарға тыйым салу қозғалысын
жақтаушыларға Үндеуін оқып, Қазақстанда ядролық сынақтарды тоқтатуды
талап етті.

13.

Невада-Семей қозғалысы
1989 жылдың 28 ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін
күресті бастауға ұйғарған «Невада — Семей» қозғалысының
алғашқы митингісі өткізілді. Оны белгілі қоғам қайраткері, ақын
Олжас Сүлейменов басқарды.
Халықтың қолдауына ие болған Невада-Семей ядролық
жарылыстарға қарсы халықаралық қозғалысы Семей ядролық
полигонындағы сынақтарды тоқтатуға қол жеткізді. Қалың
бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая
бастады.
Осылайша қарсылық танытқан қазақ халқы өз дегеніне жетті. Ең
үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті
жасалды. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен
Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий
жарияланды. Сөйтіп 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық
полигоны жабылды.

14.

15.

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың
адамдарға, қоршаған ортаға әсері
Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық
елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып
жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың
тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ
туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953
жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды
радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды
қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру
көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған
жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген
үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің
қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген
адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда,
олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен
қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері
туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым
академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық
зерттеулердің нәтижесінде алынды

16.

•Сынақ зардаптары дәрі мен дәрігерлерді
дәрменсіз етіп, адамзат баласында
кездеспеген ауру-сырқаулардың «жаңа»
түрлерін туындата бастаған. Жалпы,
Семей өңіріндегі полигонға жақын
бұрынғы бес аудан халқының денсаулық
жағдайын сараласақ, жүйке ауруына
шалдыққандар саны (1995 жылғы
деректер) – 1650-ге таяу, ақыл-ойы
кемтарлар 4700-ге жетіпті. Ал 3700 адам
жүйке тамыры ауруына шалдыққан.
Әсіресе, екі әйелдің бірінде тамақ
бездерінің ауруы асқынып қабынуы,
ауруға шалдығушылардың иммунитеттері
нашарлығы байқала бастаған. Республика
бойынша орташа жас ұзақтығы ерлерде –
59, әйелдерде – 62 жас болса, полигон
аймағына жататын аудандарда ерлерде –
52-55, әйелдерде 58 жас күйінде қалып
келеді.

17.

Сынықтан адамдар
ғана
емес,жануарлар,қорш
аған орта және жер де
азап шегеді. Жылмажыл
радионуклидтердің
жинала беруі жердің
құнарлығын азайтады.
Жерде орасан зор
микроэлементтер:
темір, мыс, магний
және басқа металдар
әрттүрлі дәнді
дақылдар адам
организміне сіңеді.

18.

Жетпісінші жылдарға дейін зарядтар салынған
штольнялар мен сква-жиналардың түптері мен шығар
ауыздары дұрыстап бетон қақпақтармен жабылмапты
да. Соның салдарынан улы инертті газдар, ауыр
металдар, басқа да радиациялық заттар жер бетіне
жайылған. Мұны мамандардың өздері де жоққа
шығармайды. Сынақ кезінде бөлініп шығар зиянды
ауыр металл изотоптарының ең қауіптілері –
«Стронций-90», «Плутоний-238», «Цезий-137», тағы
басқалары. Мәселен, стронцийдің ұсақ микробөлшекке
айналып, қоршаған ортаға зиянсыз күйге енуі үшін 56
жыл керек екен. Ал цезийге – 30, плутонийге – 2100 жыл
қажет. Бір ғана жарылыс өткізуде осындай он мыңдаған
изотоптар мен қосындылардың пайда болатынын
ескерсек, барлық сынақтан кейінгі жеріміздің, елжұртымыздың денсаулығын ойлап көріңіз.

19.

• Семей ядролық полигонындағы жергілікті
тұрғындарды медициналық тексеруден
өткізгенде тұқым қуалайтын ауруға шалдығуына
байланысты адамдарды, әсіресе,
жасөспірімдердің арасында ерте қайтыс болу
жиі кездесетіні анықталған. Сондай-ақ қатерлі
ісік, сүйек тіндерінің аурулары, иммунды
жүйелер мен қан құрамының бұзылуына
байланысты ауруға шалдыққандар көп.
• 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан
Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев
Семей ядролық полигонын жабу туралы
Жарлыққа қол қойды.

20. Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстан тарихы
http://history-state.kz
baribar.kz
http://e-history.kz/kz
http://el.kz/m
English     Русский Правила