Қорытынды
2.04M
Категория: ХимияХимия

Қатты әсер ететін уландырғыш заттар

1.

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Жеміс-көкөніс,химия және өсімдік қорғау кафедрасы
Тақырып:
Қатты әсер ететін уландырғыш заттар
Орындағандар: Пашенов Асылхан
Қабылдаған: Дауқабақ Улан
Факультет: Агробиология және фитосанитария
Топ: ЗР-208к
Алматы 2014 жыл

2.

Жоспар
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
Жалпы улы улағыш заттар;
Әсері күшті улы заттар;
Тітіркендіргіш улы заттар;
Улағыш заттар концентрациясы;
Кең таралған улар;
Уланған кезде көрсетілетін алғашқы көмек.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

3.

Жалпы улы улағыш заттар — қанды, нерв
жүйесін закымдандыратын, зақымданған
адамды бірнеше минут ішінде өлтіріп
жіберетін, тез әсер ететін улағыш заттар.
Жалпы улағыш заттарға табун, зарин, зоман,
көгерткіш кышкылдар, хлорциан және т.б.
жатады.

4.

Улағыш заттар — ұрыс жағдайында қолданган кезде
адамдар мен жануарларға зақым келтіретін улы
(уытты) қоспалар. Улағыш заттар химиялық қарудың
негізі болып келеді. Улағыш заттар жүйкеге әсер ететін
улағыш заттар, теріге әсер ететін улағыш заттар, кезден
жас ағызатын улағыш заттар, түншықтыратын улағыш
заттар және жалпы әсерлі улағыш заттар болып
бөлінеді. Жүйкеге әсер ететін улағыш заттар қазіргі
улағыш заттардың аяғы өлімге әкеліп соқтыратын
негізгі тобын құрайды. Оларга құрамында фосфоры
бар және кез келген аппликацияда зақым келтіретін
улағыш заттар жатады.

5.

Олар — табун, зарин, зоман және т.б. Жалпы
әсерлі улағыш заттарға көгерткіш кышқыл,
хлорциан, арсин, фосфин және т.б., ал
түншықтыратын улағыш заттарға фосген,
дифосген, хлорпикрин т.б. жатады. Теріге әсер
ететін улағыш заттар аяғы өлімге әкеліп
соқтыратын улағыш заттарға жатады, олардың
қатарына иприт, азоттық иприт, люизит т.б.
кіреді. Улы заттарды ішіп қойып, уланып өлу
жағдайлары балалардың арасында көп кездеседі.
Балаларыңызды мұндай қасіреттен алдын-ала
сақтандыру
үшін
мынандай
қауіпсіздік
шараларын жасаңыздар: Керосин, бензин және
басқа да у атаулының барлығын және улы сұйық
заттарды ешуақытта кока- коладан, алкоголсіз
ішімдіктерден босаған шишаларға құйып
сақтаушы болмаңыз. Себебі оны балалар сусын
шығар деп ішіп қоюы мүмкін.

6.

Әсері күшті улы заттар— булануы немесе ағуы
кезінде ауада белгілі мөлшерден артық шоғырлана
алатын және адамдарға зиянды әсер етіп, түрлі
дәрежеде зақымдайтын құралдар. Неғұрлым типтік
әсері күшті улы заттарға аммиак, хлор, күкіртті
ангидрид, көміртек тотығы, күкіртті көміртек, үш
хлорлы фосфор, сутек концентрацияланған
кышқылдар және т.б. жатады. Ауа мен топырақтың
температурасы неғұрлым жоғары, желдіц
жылдамдығы неғұрлым шапшаң болған сайын
төгілген әсері күшті улы заттар соғұрлым тез
буланады. Әсері күшті улы заттар әсеріне ұшыраған,
осының салдарынан адамдардың зақымдану каупі
туған аумақты зақым ошағы деп атайды. Оны кейде
химиялық зақымданудың екінші ошағы деп те
атайды.

7.

Тітіркендіргіш улы заттар— жұтқыншақ пен көзге әсер
ететін (тітіркендіретін) улы заттар ұрыста әскерді
қалжырату мақсатында қолданылуы мүмкін.
Тітіркендіргіш улы заттарға хлорацетофоненон
(жасаурататын улы заттар) және адамсит (түшкіртетін
улы заттар) жатады.

8.

Улағыш заттар концентрациясы— ауаның
бірлік өлшемі көлеміндеп улағыш заттар
мөлшері. Ол бір текше метр ауадағы улы заттар
миллиграмымен немесе грамымен өлшенеді.
Мысалы, фосген концентрациясы 0,5 мг/л
болуы, 1 литр зақымданған ауада 0,5 мг фосген
бар екенін білдіреді. Зақымдаушы әсері бар
улағыш заттар қауіпті концентрация деп
аталады.

9.

Кең таралған улар:
Егеуқұйрыққа қарсы қолданылатын у;
ДДТ уы, линдан, қойды тоғытуда қолданылатын
ерітінділер және басқа да инсектицидтер мен
өсімдік улары;
Дәрілердің көп дозасын қабылдау да қауіпті, әсіресе
құрамында темір қосындысы бар дәрілер;
Йод езіндісі;
Хлорлы әк;
Темекілер;
Каучуктен немесе агаштан алынатын спирт;
Улы жапырақтар, тұқымдар, жидектер мен
саңырауқұлақтар;
Үпілмәлік (касторка) дәнектері;
Сіріңке;
Керосин;
Бояуларды ерітетін сұйықтар;
Бензин, газолин, тұтатқыш қоспалар;
Сілтілі немесе каустикапық сода;
Көп мөлшердегі тұз да жас балалар мен нәрестелер
өмірі үшін қауіпті;
Бұзылған тағам.

10.

11.

Күшті уландырғыш түрлері
Зарин – көз қарашығының тарылуына әкеліп
соқтыратын, жүйкелік-салдандырғыш әсері
бар уландырғыш түссіз сұйық зат.

12.

Зоман — жалпы улы, жүйкені
жансыздаңдыратын улағыш зат.
Ол жазда жергілікті жерде бір
сағаттан бір тәулікке дейін
және одан да көп уақыт тұрып
қалатын, камфораның әлсіз иісі
бар түссіз немесе сарғыш түсті
сұйықтық түрінде болады.
Улылығы жөнінен зариннен
кушті және булану кезінде тері
арқылы адам ағзасына өту
деңгейі жоғары. 3оманмен
зақымдану белгілері мен одан
қорғану амалдары заринмен
бірдей.

13.

Уланған кезде көрсетілетін алғашқы көмек:
Егер уланды деп күдіктенсеңіз, дереу
мыналарды жасаңыз:
егер жас сәби ұйықтамай, тынышы кетсе, оны
құстырып тастаңыз. тамағына сұқ саусағыңызды
салыңыз немесе бір ас қасық ипекак сиропын,
артынан бір стакан су ішкізіңіз, әйтпесе оған иіс
сабын мен ас тұзы қосылған су ішкізіңіз (бір кесе
суға 6 шай қасық тұз қосыңыз).
егер қол астыңызда активтенген көмір езілген бір
кесе су болса, соны беріңіз, ересек адамға бұл
микстурадан 2 стақан ішкізіңіз.

14. Қорытынды

Әсері күшті улы заттар (ӘКУЗ) – шаруашылық мақсатта қолданатын зат, олардың
қалай болса солай сақтаулы немесе төгілуі адамдарды жаппай улануына алып келеді.
ӘКУЗ – жабық ыдыста қысыммен сақталады. ӘКУЗ қайнауға бейім, олардың қайнау
температурасы +200С, ал атмосфераға газ немесе бу ретінде бөлінеді, олар үлкен
қашықтыққа тарайды. Химиялық зақымдау ошағының көлемі, оның адам терісіне
тамшы сұйық түсуі және бумен дем алу нәтижесінде болуы мүмкін.
ӘКУЗ төгілген кезде көрсетілген немесе істелінетін іс-әрекеттер:
хлор – төгілген кезде (ол ауадан ауыр) ең биік орындарға көтерілу керек;
аммиак төгілген кезде (ол ауадан жеңіл) тез буланып жоғары көтеріледі, яғни төмен
жерлерді таңдау қажет.
Аммиактан, метилхлоридтен, винилхлоридтен және басқа улы заттардан тыныс
органдарын қорғау үшін 30-100 минут бойы қорғайтын противогаз кию керек. Аммиак
суға жақсы жайылады. Осыған орай суланған мақта-дәке таңғышы көмектеседі. Тыныс
органдарын хлордан қорғау үшін өзінің немес балаңыздың дәретімен шайылған мата
таңғышпен пайдаланамыз. Бұл уланғыш заттардың бәрінен тиімді жеке және ұжымдық
қорғау құралдары қорғайды.

15.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
2.
3.
4.
5.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме
сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001.
Р.Жұмаділова «Химия 11-сынып».
Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына
арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007.
Н.С. Ахметов. Общая и неорганическая химия. М.:
Высшая школа . 2003. С. 107-113.
Ж.Шоқыбаев. «Бейорганикалық және аналитикалық
химия» .

16.

Назарларыңызға
рахмет!
English     Русский Правила