Косово — кімнің көсеуі?
Жақтастар мен қарсыластар
Назарларыңызға рахмет!!!
3.41M
Категория: ГеографияГеография

Косово Республикасы

1.

Косово
Республикасы

2.

Рәміздері
Елтаңба
Ту

3.

Косово Республикасы — Югославия ыдырауының соңғы
оқиғасында Сербиядан бөлініп шыққан ел.
• Жер аумағы: 10 887 шаршы шақырым
• Халық саны: 2 миллион, соның ішінде албандар
90 пайыздан астам
• Астанасы: Приштина
• Ақша бірлігі: Евро
• Тілі: Албанша, Сербше
• ЖІӨ: 1,77 миллиард фунт

4.

Косово бірнеше өте ірі таулар арасында орнласқан;
Солтүстік бөлігін Копаоник тауы(2000 м жоғары);
Оңтүстік батыс бөлігінде, Македониямен шекарада, Шар-Планина
тауы (2500м жоғары);
Косово Республикасы 30 муниципалитеттен тұратын, 7 округқа
бөлінеді;

5.

Год
Албанцы
Сербы
Остальные
1871
32
64
4
1899
48
44
8
1921
66
26
8
1931
69
??
?
1939
60
34
5
1948
68
27
5
1953
67
27
6
1961
67
27
6
1971
74
21
5
1981
77
15
8
1991
82
11
7
2000
88
7
5
2007
92
5
3
Ірі қалалары: Приштина 500 мың халы
Призрен 110 мың халық
Албандар – албан халқы Косовода 90%-дан астам
халықты құрайды;
Сербтер – 2 милион халық ішінен серб халқы 100
мың (6%) құрайды;
Цыгандар – цыгандар халқы бойынша Кососвода
2-ші орын алады. Халқы бар-жоғы 30 мың;

6. Косово — кімнің көсеуі?

Косово — кімнің көсеуі?
Косово 20 жыл бойғы азаттық жолындағы күресте мұратына жетті. Әрине, АҚШ және
Еуроодақтың қолдап-қолпаштауымен. Осы кезге дейін жүргізілген халықаралық
келісімдерде Сербия еркін автономия, ал Косово тәуелсіздіктің кез келген формасы
үшін жан алысып, жан берісіп бақты. Алайда тәуелсіздік 20 жыл бойы төгілген қанның
өтеуі ме, әлде дүние бөліске мүдделі алпауыттардың «тартуы ма?» Ол жағын нақты
бағамдау қиын. Сарапшыларға сенсек, тәуелсіздіктің сценарийі алдын ала
жоспарланған. Мәселен, Косовоның қызыл туын Түркияның «Сабах» баспасы
дайындапты. Косово жетекшілерінің түркиялық компанияға 30 мың ту дайындауға
тапсырыс бергені мәлім болды. Тәуелсіздік декларациясы да шынайы демократиялық
құндылықтармен «тұздалғанға» ұқсайды. Ресей Думасының депутаты Виктор
Заварзин: «Косовоның тәуелсіздік декларациясы қандай заңнамалық негіздерге сүйеніп
жасалғаны мүлде түсініксіз. Бұл АҚШ мемлекеттік департаментінің қолымен
әзірленген декларация», — деген күмәнді ойын білдірді. Түркияның
мұсылманшылықпен қол созғаны түсінікті, ал ислам әлемінің ортақ жауы саналатын
АҚШ-тың жаңа мұсылман мемлекетіне бүйрегі бұра қалғаны қалай? Аз-маз ауыл
шаруашылығынан басқа байлықтан жұрдай Косоводан АҚШ-қа келіп-кетер пайда да
шамалы. Бәлкім, бұл АҚШ-тың сепаратизм «сырқатына шалдыққан» алып елдерге
көрсеткен қыры шығар. Қалай дегенмен Косово тәуелсіздігі — НАТО мен АҚШ-тың
Ахтисаари жоспарының жемісі. Әзірше Еуроодақ пен НАТО Косоводағы қауіпсіздікті
сақтау жауапкершілігін өз мойнына алып отыр. Тәуелсіз Косово халықаралық құқық
және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1244 қарарына сай, Еуроодақтың протектораты болып
қала береді.

7. Жақтастар мен қарсыластар

АҚШ президенті Джордж Буш енді Косовоны тәуелсіз деп ресми түрде танитынын мәлімдеді. АҚШ президенттігіне
үміткер Барак Обама да Косово мемлекетін қолдайтынын білдірді. АҚШ түшкірсе, жәрекімалласын ұмытпайтын
елдердің қарасы мол. Жапония, Бельгия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Хорватия, Аустралия, Түркия, Алмания
тәрізді елдер Косово тәуелсіздігін мойындады. Аустрия, Польша, Финляндия, Дания, Швеция Косовоның тәуелсіздігін
танитынын мәлімдеді. Чехия, Эстония, тіпті Қырым үшін қырқысып жүрген Украина да Косово тәуелсіздігіне қарсы
еместігін байқатты. Ал Еуроодақ ішінде Испания, Румыния, Словакия, Кипр, Грекия, Болгария Косовоның
тәуелсіздігіне қарсылық білдірді. Косовоға әу бастан қарсы Қытай мен Ресейдің қатарына Вьетнам, Ливия және
Индонезия қосылды. Сербия премьер-министрі Воислав Коштуница «Өлкенің тәуелсіздігін ешқашан танымайды,
құрамына қайта қосып алу үшін жалған мемлекетпен күрес жүргізе береміз», — деген мәлімдеме жасады. Сөйткен
Сербия Косовоның тәуелсіздігін таныған мемлекеттерден өз елшілерін кері шақырып алды. Сербия президенті Борис
Тадич халықаралық ұйымдарды халықаралық құқық принциптеріне қайшы келетін актінің күшін тез арада жоюға
шақырды. Сербия Косово мемлекеті басшыларын «жалған мемлекет» құрды деп айыптап, қылмыстық іс қозғағанымен,
одан ештеңе шықпады. Епископ Артемий: «Косово — Сербияның ажырамас бөлігі. Косовосыз Сербия қол-аяғы
мүгедек секілді халге түседі», — деп мәлімдеді. Ресей сыртқы істер министрлігі Косовоның уақытша өзін-өзі басқару
органдарының тәуелсіздігін жариялап жіберуін құптамайды. Өйткені Сербияның егемендік құқы бұзылып, БҰҰ
жарғысы, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1244 қарары, Хельсинки қорытынды актісі аяқасты етілді деп айыптап отыр.
Сондықтан Ресей Сербияның территориялық тұтастығын сақтау жөніндегі әділетті талаптарын барынша қолдайды.
Мәскеу БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысын шақырып, 1244 қарарға сәйкес реттеуді ұсынғанымен, болар
іс болып, бояуы сіңген-ді. Ресей Думасының спикері Борис Грызлов: «Косово төңірегіндегі ахуал бүкіләлемдік
қауымдастықты дүрлігіске алып келері сөзсіз. Косово сепаратизмінің Еуропа мен әлемдегі „отты нүктелерге“ май
құятынын елемеу - саяси көрсоқырлық. Косово сепаратизмін қоздырушылар келеңсіздіктерде барлық жауапкершілікті
өз мойнына алуы тиіс», — деп мәлімдеді. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Косовоға байланысты сұрақтарға «Ұлттар
ұйымының тәуелсіздікті тану немесе танымау туралы өкілеттілігі жоқ. Тәуелсіздік БҰҰ хатшылығы тарапынан емес,
мемлекеттер жағынан танылады», — деп жалтарма жауап берді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Косово мәселесінде ортақ
келісімге келе алмады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ашық жиынында Косово премьер-министрі Хашим Тачи Сербия мен
Ресейді тәуелсіздікті тануға шақырды. Оның айтуынша, жалпы Балқан аймағындағы елдер арасында терең мүдделестік
пен тамырластық бар. «Косовоның барлық азаматтарының құқы бірдей, ешқандай кемсітушілікке жол берілмейді. Біз
барлық ұлттардың құқын қорғаймыз», — деді Хашим Тачи. Жігерлі Хашим Тачи соғыс жылдарында аса қатаң дала
командирлерінің бірі болыпты. Сол үшін сарбаздар оған «Жылан» деген айдар таққан екен. Кеше ғана Косово
парламенті өзінің сыртқы істер министрлігін, азаматтық және паспорт жүйесі, полиция, мәдени ескерткіштерді қорғау,
әкімшілік бөліністі межелеу туралы 10 заңнамалық актілерді қабылдап үлгерді.
Халықаралық ұйымдардың ішінен Ислам конференциясы ұйымы суырылып шығып Косово тәуелсіздігіне тілектестігін
білдірді. Сөзсіз, бұл ұйымның 57 мүшесінің атынан болмаса да, солардың басым бөлігінің ұстанымын көрсетіп береді.
Қазақстан әрқандай бір мемлекеттің аумақтық тұтастығының бұзылуын және біржақты тәртіпте тәуелсіздік
жариялауды құптамайтынын жариялады. ТМД елдерінен Тәжікстан мен Қырғызстан да Косово тәуелсіздігін
мойындамады.
Албания
Россия
США

8.

Косово әлем көзімен
Косово
Мойындаған мемлекеттер
Мойындағалы жатырған
мемлекеттер
Нейтралды мемлекеттер
Тәуелсіздіктің біржақты
декларациясына
алаңдаушылық білдірген
мемлекеттер
Мойындамаған
мемлекеттер

9.

Косово синдром салдары
Ұлттар құқығы мемлекеттерден маңызды деген желеумен «үй ішінен үй тігетін» Косово синдромы әлемдегі сепаратизм
сырқаты бар елдерге «жұғуы» әбден мүмкін. Ертең «бұғаудағы» көптеген халықтар «біз кімнен кембіз?» деп желігіп
шыға келмек. Саясаттанушы Александр Князев: «Егер БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Приштина парламентінің тәуелсіздік туралы
декларациясының күшін жоймайтын болса, әлемдегі 200-ден астам танылмаған мемлекеттердің тәуелсіздігін тануға тура
келеді», — деген пікір білдірді. Косово тәуелсіздігі біреуге қуаныш, біреуге қайғы. Шыңжаң мен Тайвань мәселесімен
әуреленіп жүрген алып Қытайға да жайсыз тиетіні жасырын емес. Жалпы, Косово мәселесі ТМД елдері ішінде
Әзірбайжан, Армения, Грузия, Молдавия, Украина және Ресей үшін қолайлы емес. Қазірдің өзінде Кавказ аймағындағы
тәуелсіздігі танылмаған елдердің көсемдеріне жел біте бастапты. Абхазия президенті Сергей Багапш «Косовоға
қарағанда біздің тәуелсіздік алуға құқымыз зор», — деп желкесін күжірейтіп шыға келді. Косовоның артында Тайвань,
Солтүстік Кипр түрік республикасы, Сомалиленд, Приднестровье, Абхазия мен Оңтүстік Осетия, Таулы Қарабах, Вазиристан, Тамил-Илам сияқты жүздеген тәуелсіздігі мойындалмаған елдердің қалың көші келе жатыр. Енді әлемде тәуелсіздігі
танылмаған мемлекеттер «ояна» бастаса, онда Косово синдромы жұқты дей беріңіз. Өйткені Косово синдромы біреуге
бүлік, біреуге бақыт.

10. Назарларыңызға рахмет!!!

English     Русский Правила