Похожие презентации:
Тараз қаласында. Орналасқан ескерткіштер
1.
, (тарих., өнер.),ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА
ОРНАЛАСҚАН ЕСКЕРТКІШТЕР
2.
, (тарих., өнер.),(тарих., өнер.),
Сүлейманов көшесі. Қала орталығында орналасқан, Жеңіс бульварының
бойындағы композициясы тамамдайды. Сәулетшілер — Б. Мұсаев, С.
Дембай, Н. Баекеев. 1998 жылы кеңес әскерлерін Ауғанстаннан алып
кетудің 10 жылдығына және Вьетнам, Сирия, Египет соғысына
қатысушыларға
арнап
қойылған.
Сәулет
кешені
биік
параллелепипедтен (7 м) және бульвардың ортасына қойылған аса биік
емес үш тумбалардан тұрады. Қара-сұр граниттен қаптал ған
параллелепипед аласа, көп қырлы іргетасқа орнатылған. Бір қанаты
алынып тасталған, содан пайда болған қуыс ақ мрамормен қапталған.
Қуыстың жоғарғы жағына сталактит жапсырылған. Ескерткіштің беткі
жағына: «Олар бейбіт жарақаттан қаза тапты. Бөгде соғыс тағдырларын
тас талқан етті. Жастардың кінәсі неде? Айтыңдаршы, олардың кінәсі
бар ма?» деп жазылған. Үш ескерткіш тумбаға қаза тапқан батырлар
есімдері жазылған.
ЖАУЫНГЕР
-
ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТЕР
ЕСКЕРТКІШІ
3.
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ЕСКЕРТКІШІ (тарих., өнер.), 1941—1945жылы Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза тапқандарға (тарих.,
өнер), Сүлейманов көшесі. Қала орталығында, Сүлейманов көшесі
бойында Жеңіс бульварында орналасқан 1970 жылы Кеңес
Армиясының фашизмді жеңуінің 25 жылдығына салынған. Мүсінші С.
Момышев, суретші Т.Көшербаев; сәулетшілер Э. Жалмұхамедов, С.
Дембай 1970—1980 жылдардағы кеңестік ескерткіш өнері дәстүрінде,
сәулет пен мүсіннің жиынтығын пайдалана отырып орындалған.
Стеланың биіктігі — 15 м, тікбұрышты тас тұғырға қойылған,
бетоннан жасалған және қызыл қордай гранитімен қапталған.
Стеланың алдыңғы жағында соғыс жылдарын паш ететін 5 гранитті
тумб бар. Стела бетінде ойылып жасалған өрнектер, үстіңгі жағында
бедерлі «1941—1945» жазулары бар. Барельефте (0,4х0,6 м; 2х2 м)
солдатты соғысқа шығарып салу бейнесі бейнеленген, композициясы
бергі және арғы тұрған бейнелердің масштабтық контрасы арқылы
шешілген. Ескерткіш элементтері мысқа ойып із салу техникасымен
орындалған.
4.
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ ЕСКЕРТКІШІ (тарих., өнер.), Жамбыл атындағы алаң.Сауда алаңы орталығына көне қалашық аумағына жақын орналасқан.
1961 жылы туғанына 115 жыл толуына орай қойылған. Мүсінші
X.Наурызбаев, сәулетші В. Сошенко. Қазақтың халық ақыны, халықтық
ауыз әдебиетінің шебері Жамбыл облысында туған (1846—1945). Қазан
төңкерісіне дейін әшкерелеу сипатындағы әндер айтты, жақсы көретін
шығармашылық үлгісі — айтыс. Асқан ерлік жайлы өлеңдердің және өз
халқының ойлары мен мұңын білдіретін батырлар — халық күйін
көксеушілер жөніндегі бірқатар батылдық поэмасының авторы.
Жамбылдың қоршауда қалған Ленинградты қорғаушылар жайындағы
«Ленинградтық өрендерім менің» өлеңі соғыс жолдарындағы көп ұлтты
кеңес әдебиетіндегі тамаша шығармалардың бірі болды. Гранит
тұғырдағы бойымен тұрған қола мүсін сәтті жасалған. Мүсін биіктігі — 4
м, тұғыры — 4,5 м. Жамбыл кең, мол қазақ шапанымен, аң терісінен
жасалған тымақпен, сол қолына домбыра ұстатылып бейнеленген.
Тұғырдың беткі жағында: «Джамбул Джабаев 1846—1945» деген сөздер,
төменгі бөлігінде тау шоқысынан асып көтеріліп келе жатқан күннің
5.
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ЕСКЕРТКІШІ (тарих., өнер.),Сүлейманов көшесі. Қала ортасында, М.Х. Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті ғимараты алдына қойылған. Беткі жағы
Жеңіс бауына қаратылған, сәулеттік кеңістік ортада басымды. 1998
жылы М.Х. Дулатидің 500 жылдығына (1498—1551) арналып
қойылған. Жетекшісі В.К. Бишимбаев, мүсіншілер Д. Әлдеков, Н.
Рүстемов, сәулетші О. Әуезов. М.Х. Дулати — мемлекет қайраткері,
ғалым және дипломат, белгілі тарихи еңбек Орталық Азия және
Қазақстан бойынша негізгі түпнұсқа «Тарих және Рашидидің» авторы.
Ескерткіш Жеңіс бауынан жақсы көрінеді, әрқилы бедерлі қоршаған
ортаға жақсы сіңіскен. Ескерткіш композициясы классикалық дәстүр
үлгісімен берілген, биік тұғырға бойымен қойылған бейне қозғалыс
үстінде берілген, университет ғимараты алдында асқақ көрінеді
6.
САЯСИҚУҒЫН-СҮРГІН
МЕН
АШАРШЫЛЫҚ
ҚҰРБАНДАР
ЕСКЕРТКІШІ
(тарих., өнер.), Сүлейменов көшесі. Бас көшелердің бірінің қырлы
жағында орналасқан, Желтоқсан көшесімен қиылысқан жерінен жақсы
көрінеді. 2000 жылғы 31 мамырда 1937—1952 жылдардағы саяси қуғынсүргін және 1931—1932 жылдардағы жаппай ашаршылық құрбандарына
қайғылану және еске алу күнінің 4 жылдығына қойылған. Авторлық топ
жетекшісі — сәулетші С. Дембай, мүсіншілер Д. Әлдеков, Н. Рүстемов,
сәулетшілер Н. Баекеев, Д. Медеттегі. 1930—1952 жылдары Жамбыл
облысы бойынша 5 мыңнан астам қуғынға ұшырап, 845 адам атылды.
Олардың ішінде көрнекті қайраткерлер Т. Рысқұлов, К. Сарымолдаев, С.
Абыланов, М. Жылыбаев, Ж. Дүрімбетов және басқалар бар. 1986 жылғы
Алматыдағы желтоқсан оқиғасына қатысушылар да осылардың
қатарында. Мүсін элементтері мыстан жасалған. Беткі жағында қазақша
«Саяси қуғын- сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған» деген
сөздер жазылған.
7.
ҚОЙГЕЛДІ БАТЫР ЕСКЕРТКІШІ (тарих., өнер.), Төле би көшесі. Қалаорталығында, Қойгелді көшесі қиылысында орналасқан. 1998 жылы
орнатылған, мүсінші Ж. Молдабаев, сәулетші Б. Тортаев. Қойгелді
Сартұлы (1702—1795) — Қазақ халқының жоңғар жаулаушыларына
қарсы күресінің батыры, Ұлы жүз ішіндегі атақты Шахан бидің ұрпағы,
Сарттың үлкен баласы, Төле бидің сенімді серігі, жақын көмекшісі.
Қойгелді өмірі жөнінде сақталған деректі мәліметтер көп. Қойгелдінің
қолбасшы және ер жүрек батырлығы қазақтардың жоңғарлармен
Аңырақай (1729) ұрысындағы жеңісімен байланысты. Мүсінді
ескерткіш қолбасшыны басындағы дулығасымен ат үстінде, қолына
найза, қылыш пен қалқан ұстаған күйде бейнелейді. Ат тұяғы жыланды
— шабуыл жасаушыларды, қазақ жеріне басып кірушілерді таптап тұр.
Ескерткіш мысты құю техникасымен орындалған, биіктігі — 2,5 м. Биік,
тікбұрышты, тегістелмеген қызыл граниттен жасалған тұғырға
(биіктігі — 3,0 м) қойылған, Едені сатылы.
8.
ҚОШМАМБЕТОВ КӘРІМБАЙ ЕСКЕРТКІШІ (тарих., өнер.), Абай көшесі.Қалалық орталық паркте, «Химик» стадионы жанында орналасқан
1959 жылы қойылған. Мүсінші — М. Куров. К. Қошмамбетов —
Әулиеата уезінде кеңес өкметін орнатуға белсенді қатысушылардың
бірі. Көрнекті партия және кеңес қызметкері. 1922 жылдан Әулиеата
уездік атқару комитетінің төрағасы, 1924 жылдан Түркістан ОАК-нің
мүшесі, 1928 жылдан ҚазКСР ОАК-нің мүшесі және сауда халық
комиссарының орынбасары. Өмірінің соңғы жылдары Алматы
облысы Іле ауданында (Қаскелең) аудандық партия комитетінің
хатшысы болып істеді, Алматыда жерленген. Мүсін гранитті тұғырға
қойылған, портреттік кескіні айқын берілген, кеудесінде — КСРО ОАК
значогі. Бетоннан құйылған, жалпы биіктігі — 3 м.
9.
(тарих., өнер.), Төле би көшесі.Қала орталығында, Н.К. Крупская атындағы орта мектеп алдындағы шағын
бауда орналасқан. 1957 жылы қазан төңкерісінің 40 жылдығына орай
Әулиеата социалистік Қызыл ротаның қаза тапқан жауынгерлеріне
ескерткіш ретінде орнатылған. Автор — К. Рахмати. 1919 жылы сәуірде
Дмитриевка селосына (Талас қ., Қырғызстан) жақын Бешташ аңғарында
барлауда болған бес жауынгер ақ офицерлер әрекет еткен жерде қоршауда
қалып, атып түсірілді. Оларға құрмет көрсетіп, қазіргі кезде мектеп үйі
орналасқан Төңкеріс үйі алдындағы отандастар бейітіне жерледі. Биіктігі —
7 м, бес қырлы обелиск бес қырлы пирамида тәрізді тұғырға қойылған. Шеті
бетон қоршаумен қоршалған. Ескерткіш жиектеріне ұсақ пирамидалар
қойылып бір- бірімен ленталы лавр бұтақтары арқылы жалғастырылған.
Обелиск жақтауы лавр бұтақшаларымен көмкерілген бес сүйірлі жұлдызбен
бітеді. Қырларына мрамор жақтау тасы бекітіліп, оған «Вечная слава» деген
сөздер жазылған. Тұғыр қырларына лаврдың бауланған бұтақтарына
көмкеріліп, қызыл гвардияшылар — Беспалов Иванның, Галунчик
Николайдың, Коломейцев Федордың, Перепелкин Сергейдің, Тютюнников
Федордың аттары жазылған. Бетон, лавр бұтақтары және обелиск үшін —
шойын (құйма), тұғырдағы веноктар-гипс.
ҚЫЗЫЛ ГВАРДИЯШЫЛАР ЕСКЕРТКІШІ
10.
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ЕСКЕРТКІШІ (тарих., өнер.), Абай көшесі. Қалаорталығында, облыстық драма театры ғимаратының алдына
қойылған. 2000 жылы қазанда, Кеңес Одағының Батыры, даңқты
жауынгер және жазушы Б. Момышұлының туғанына 90 жыл толуына
қойылған.
Сәулеттік-кеңістік орта басым көрінеді, төңірегіне жақсы қабысады.
Мүсіншілер — Д. Әлдеков, Н. Рүстемов, сәулетшілер С. Дембай, Н.
Баекеев. Гранитті тұғырдағы ескерткіш композициясы — мүсін тұтас
бойымен тұр, айқын және қанықты, Мүсіннің биіктігі — 4,6 м, тұғыры
— 3,3 м. Б.Момышұлы қозғалыс үстінде, қолына офицерлік қылыш
ұстағаны бейнеленген. Ескерткіш мысты қашап, қырлау техникасымен
жасалған, тұғырмен және қызыл тегіс гранитті төменгі іргетасымен
сіңісе тұтасады. Тұғырдың беткі жағындағы гранитті жақтауға —
Батырдың Жұлдызы және «Бауыржан Момышұлы» деген сөздер
жазылған.
11.
АЗАМАТ ЖӘНЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА ҚАЗА ТАПҚАНДАРЕСКЕРТКІШІ (тарих., өнер.), Төле би көшесі, Қазанның 50 жылдығы
атындағы алаң. 1967 жылы Ұлы Қазан төңкерісіне арналып
қойылған. Сәулетші — К. Рахмати. Қаланың бас көшесі Төле биден
жақсы көрінеді. Негізгі композициялық мәні — биік, тікбұрышты
стела. Оған оның еңкейтіле қойылған ту мен жантайта қойылған
тікбұрышты жақтаутас сүйетілген. Композиция толығынан аласа,
гранитті стилобатқа орнатылған, алдында сатылы алаңқай,
ортасында бесжұлдыз және Мәңгі алау. Ескерткіш бетоннан және
гранитті блоктардан жасалған. Жалпы биіктігі — 11м. Жоғарғы
жағында күннің контурлық бейнесі жағында «Совет үкіметі үшін
Отан үшін қаза болған жерлестерімізге» деген сөздер бар.
12.
ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВ ЕСКЕРТКІШІ (тарих.өнер.), Төле би көшесі.Саябаққа кіреберісте орналасқан. 1996 жылы Алматыдағы 1986 жылы
желтоқсанда өткен оқиғаның 10 жылдығына орай қойылған. Мүсінші
З. Тастеков, сәулетшілері Б. Мұсаев, С. Дембай, Н. Баекеев. 1986 жылы
желтоқсанда Алматының еркіндік сүйгіш жастары мен командалықәкімшілік жүйенің коммунистік режимі алпауыт аппаратының
қарсыласу орнына айналды. Бейбіт шеру бағындыру үшін, айдап
салынған әскери техника мен қарулы күштердің қанды соққысына
айналды. Қ. Рысқұлбеков алғашқы қуғын-сүргіннің құрбаны. Алматы
сәулет академиясының студенті. Атуға бұйырылған. Қаза болғаннан
кейін «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Тараз қаласындағы
мәдениет және демалыс саябағы, Алматы, Тараз қалаларында
көшелер соның атымен аталады. Үш сатылы тұғырға қойылған
мүсіндік сәулет композициясы әртүрлі биіктіктегі үш қырлы призма
түрінде жасалған. Орталық призманың тегістелген беткі жағынан
батырдың бейнесі көрінеді. Материалы — ақ мрамор, мүсін мысты
шыңдау әдісімен жасалған, Ескерткіштің жалпы биіктігі — 10 м.
13.
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ ЕСКЕРТКІШІ (тарих., өнер.), Абай көшесі. Өзі аттасмәдени және демалыс саябағының кіреберіс алдына қойылған. 1994
жылы туғанына 100 жыл толуына орай қойылған. Мүсінші Ю.
Баймұхашев, сәулетші Асқар Рыспаев. Т. Рысқұлов (1894—1938) —
кеңес мемлекеттік, партия қайраткері. 1917 жылдан КПСС мүшесі.
1916 жылғы Орта Азия көтерілісіне қатысушы. Түркістан АКСР ОАК
Төрағасы (1920), РСФСР ұлттық істері жөніндегі халық комиссарының
орынбасары (1921—1922), РСФСР Халық комиссарлары кеңесі
төрағасының орынбасары (1926—1937), Бүкілодақтық Орталық
атқару комитетінің мүшесі. Ескерткіш композициясы — гранитті
тұғырдағы көсем сөзі ретіндегі қола мүсін. Тұғыр көлемді стилобатқа
қойылған, қызыл жылтыр гранитпен қапталған. Тұғырдың беткі
жағында қазақша бедерлеп жазған «Тұрар Рысқұлов» деген сөздер
және өрнек бар. Ескерткіштің жалпы биіктігі — 1,7 м. Мүсін
14.
ТӨЛЕ БИ ЕСКЕРТКІШІ (тарих., өнер.), Ескерткіш Төле би Әлібекұлының350 жылдық мерей тойына байланысты тұрғызылған. Ескерткіш
жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш санатына жатады,
оның жалпы биіктігі 11 метр. Астыңғы тұғыры 5,5х 2,0х2,0 метр
өлшемде граниттен соғылған. Ескерткіш мүсіні қоладан жасалған.
Тұғырдың қасбетінде Төле би деген жазумен қатар туған жылы мен
өмірден өткен жылы жазылған. Ескерткіш бидің сол қолына аса таяқ
ұстап тік тұрған бейнеде берілген. Қолына ұстатылған аса таяқ
даналықтың және бидің мәртебесін айқындап тұр. Ескерткіш
айналасы абаттандырылып су бұрқақтар және электрлі шамдар
орналастырылған.Ескерткіштің
жалпы
аумағы
0,4382
га.,
ескерткіштің өзінің аумағы 103,89 м² абаттандыру аумағы 43,94 м².
Ескерткіш авторлары: Суретші Аманат Назарқұлов, мүсінші Тоқтар
Ермеков.
15.
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖАУЫНГЕРЛЕР ЕСКЕРТКІШІ, (тарих., сәулет), әл-Фараби көшесі, 5-шағын аудан. Ескі бейітте, Жамбыл қаласы көшпелі
госпиталында жарақаттан қаза тапқан туыс жауынгерлер моласына
орналасқан 1985 жылы Жеңістің 40 жылдығына қойылған. Сәулетші
С. Дембай. Отандастар моласы қойылған жауын герлердің 11-інің
есімдері анықталды. Сәулет кешені бетоннан салынып, сырты
граниттелген және мраморланған, екі композициядан — ірі көлемді
тақта тастан және күлі салынған сауыт үстіндегі он бір ескерткіш
тақталардан тұрады. Композициялық нүктесі — трапеция
формасындағы қисайтылған ту түріндегі тақтатас қоңыр-қызыл
гранитпен қапталған. Оңтүстік жағына ұзын тікбұрышты (1x14 м)
тақтатас қойылып, оған 11 ескерткіш тақта сұр мрамордан жасалып
бекітілген. Тақтатастың батыс бүйіріне «Ұлы Отан соғысы
жылдарында Жамбыл қаласындағы госпитальдарда жарақаттан
қаза болған Совет армиясы жауынгерлеріне. Воинам Советской
Армии умершим от ран в госпиталях г. Джамбула в годы Великой
Отечественной войны». Екі мрамор тақтада: «Сіздерді мәңгі
ұмытпаймыз» және «Память о вас вечна» деп жазылған. Тақтатас
биіктігі 2,1 м, стилобат көлемі 3x4 м. Ескерткіш маңы көркейтілген.
16.
САҢЫРАҚ БАТЫР ЕСКЕРТКІШІ, (тарих., өнер.), Тараз қаласының Таукехан мен Саңырық батыр көшелерінің қиылысынан қазақ жоңғар
шайқасы кезеңіндегі, тарихи тұлға, қолбасшы «Саңырық батырға»
арналған ескерткіш-мемориал 2015 жылы бой көтерді. 1723-1727
жылдар аралығында «Ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама» ел
басына күн туған ауыр кезеңдегң қазақ батырларының естен кетпес
ерлігі ел жадында мәңгі сақталған. Тарих тұңғиығынан сыр шеккен
осы заман кезеңіндегі тарихи тұлға, даңқты қолбасшы Саңырық
батырдың ерен тұлғасымен айшықтала түседі. Мемориалдық
ескерткіш белгіде Аңырақай соғысы бейнеленген. Мүсін авторы –
Қырғызстанның белгілі сәулетшісі Әбдісапар Қалматов.
17.
БАЛУАН ШОЛАҚ ЕСКЕРТКІШІ, (тарих., өнер.), Баймырзаұлы БалуанШолақ (1864-1916жж) – қазақтың халық композиторы, ат
ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін
көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуан. Оның
есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас
күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп
атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты –
Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының
Сәумбет руы. Ескерткіштің эскизін Қырғыз елінің белгілі
мүсіншісі Ильмир Ешмұхамедов орындаған. Мүсіннің биіктігі 5140
мм., тұғыр биіктігі 4200мм., плинт көлемі 2300-1480мм.
18.
ЫБЫРАЙЫМ СҮЛЕЙМЕНОВ ЕСКЕРТКІШІ, (тарих., өнер.), Жеңістің 70жылдық мерекесі қарсаңында мерген, даңқты батыр, Қазақ елінің
мақтанышы Ыбырайым Сүлейменовтің мүсіні Тараз қаласындағы
батыр атымен аталатын көше бойына орнатылды. Ыбырайым
Сүлейменов 1911 жылы Жамбыл облысының Сарысу ауданында
дүниеге келген. 1942 жылдың басында әскер қатарына
шақырылып, 100-дербес атқыштар бригадасының құрамында
майданға аттанды. Сол жылы Калинин майданының шебінде
сұрапыл соғысқа қатысып, алғашқы күннен бастап өзінің
ержүректілігімен танылған. Ескерткіш орналасқан жер аумағы 800
шаршы метрді құрайды. Мүсіннің жалпы бейнесі тастан қашалып
жасалған. Батырдың ескерткіші қызыл Қордай гранитінен
қашалған, биіктігі 2 метр, тұғыры 2 метрді құрайды. Постаменті
темір бетоннан құйылып граниттен қапталған. Авторы СССР
суретшілер және Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі- Момыш
Сейіткерім Серкеұлы.
19.
(тарих., өнер.),А.С.Пушкин ескерткіші Жамбыл облысы,Тараз қаласы, Пушкин
көшесі, Абай даңғылының бұрышында орналасқан. Ескерткіш
орыстың ұлы ақыны А.Пушкиннің 205 жылдығы мен Россияның
Қазақстандағы жылына орай ашылған. Ескерткіш жобасына 13
жұмыс қатысып, мүсінші С.Момышевтің жобасы таңдалып
алынды.Ескерткіштің биіктігі 2,80 м, тұғыры 1,50 м. Онда
«Пушкин Александр Сергеевич (1799-1837 ж.ж.) деген сөз
жазылған. А. С. Пушкин ескерткіші гранитті тұғырда белгіленген.
Ақын Александр Сергеевич Пушкин алысқа көз тігіп, сол қолын
кеудесіне ұстап және осы бір сәтті тамашалаудан шабыт алғандай
етіп бейнеленген.
АЛЕКСАНДР СЕРГЕЕВИЧ ПУШКИН
ЕСКЕРТКІШІ,
20.
ДІНМҰХМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ ЕСКЕРТКІШІ, (тарих., өнер.),Тәуелсіздіктің тағы бір тұғыры – осы 2002 жылы Тараз қаласы,
Қонаев көшесі бойына Д.А.Қонаев ескерткіші болды. 12
қаңтарда Д.Қонаевтың 90 жылдық мерейтойына орай
орнатылған. Д.Қонаев мемлекет қайраткері, 1964-1986
жылдары Қазақстан Компартиясының І хатшысы қызметін
атқарған. Тұғыры Қордай қызыл гранитінен жасалған. Бюсттің
биіктігі - 1,40 метр, жалпы биіктігі - 3,80метр болады.
21.
АҒАДІЛ СУХАМБАЕВ ЕСКЕРТКІШІ, (тарих., өнер.), Бертін қиылысы,қалалық әскери комиссарият алдына «Ағаділ Сухамбаев»
ескерткіші тұрғызылды. Ескерткішті Елбасы Н.Назарбаевтың өзі
келіп ашқан. А.Сухамбаев екі қолдан жарақат алып жау оғына қарсы
тұрған кейіпте бедерленген. Тұғырдың ені 2,5 м. Ұзындығы - 8,4 м.
Биіктігі - 2,75 м. Мүсіннің биіктігі - 3,3 м. Тұғыры темір-бетоннан,
мүсіні тапталған мыс техникасымен орындалған. А.Сухамбаев 1920
жылы. (бұрынғы Свердлов) қазіргі Байзақ ауданына қарасты,
Қарасу ауылында туған. Ол өзін соғыс барысында көрсете білген.
Оның айқын дәлелі-соғыстың шешуші миниуттары қалғанда
кеудесімен пулеметтің аузын жауып, үлкен әскери тапсырманы
орындағаны. Осы ерлігіне орай, А.Сухамбаевқа 1945 жылғы 24
наурызда Кеңестер Одағының батыры атағы берілген.
22.
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ, (тарих., өнер.), Қазақхандығының тұңғыш (1465-1466 жж.) шаңырағын көтерген Керей
мен Жәнібек хандарға арнап 2015 жылы Қазақ хандығының
құрылғанына 550 жыл толуына орай «Қазақ хандығына 550 жыл»
монументі орнатылды. Мүсіндік композицияға ақ мәрмәрдан
жасалған 30 метрлік стела және Керей мен Жәнібек хандардың 5
метрлік мүсіндері кіреді. Ескерткіш тұтас өз тұлғаларымен жаңа
хандықтың ірге көтеруі, еркіндіктің орнауын бейнелейтін екі
мүсіннен тұрады. Мүсіндік бейне өзіндік ерекшелікке ие: Керей мен
Жәнібек хандардың Хан тағында мығым отыруы және ерлік пен
өрліктің, дала көшпенділеріне тән тас-түйін тұлғалы толық
бейнелерінде сол кездегі олар құрған қазақ хандығы оқиғасының
мазмұнын ашып тұр. Керей мен Жәнібек сұлтанның тақта отырған
бейнесі таза қоладан құйылып орнатылған. Монумент маңында 3,5
гектар аумақ абаттандырылып, гүлзар жасалған және автотұрақ
салынған. Архитектураның ерекшелігі Керей мен Жәнібек ханның
тақта отырған сәтінің бейнеленуі. Архитектор-Рустамбеков Серик
Исаевич, Скульптор-Мансуров Мурат Амангельдиевич, Ринат
Абеков.
23.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мемориалдықкешені Тараз қаласы, Төле би даңғылы мен Әл-Фараби
кошелерінің қиылысында 2016 жылы бой көтерген. Қазақ
халқының тарихындағы ежелгі сақ, түрік дәуірінен бастау алып
келе жатқан ашық түс арканың ең басты бейнелеу белгісі болып
табылады.Авторлар
өздерінің
шығармаларында
қазақ
мемлекетінің құрылғандығын кезеңдерімен ашып көрсетеді.
Ежелгі Ұлы Жібек жолы мен түрік дәуірінен бастап қазіргі Тәуелсіз
Қазақстан мемлекетінің құрылған кезеңіне дейін ашып көрсетеді.
Авторлары: АС.Назаркул, А.М.Рысбаев, И.Т.Бекежанов, Жүсіп
Суанбек.
24.
БӘЙДІБЕК БАБА ЕСКЕРТКІШІ, (тарих., өнер.), Бәйдібекбаба 26
қыркүйек 2002 жыл. Жамбыл облысы,Тараз қаласы, «Достық»
алаңы Ескерткіш қала орталығындағы «Достық» алаңына
орнатылған.Ескерткіштің ашылуы Тараздың 2000 жылдық
мерейтойы қарсаңында 2002 жылы 26 қыркүйекте Елбасы
Н.Назарбаевтың өзі арнайы келіп ашқан. Авторлар тобы:
мүсіншілер: Ю.Әлдеков, Н.Рустамов сәулетшілері: С.Дембай.
Ескерткіш
қала
орталығындағы
«Достық»
алаңына
орнатылған.Тұғырдың биіктігі 14,0 м. Ат үстідеі Байдібек баба
отырғызылған. Биіктігі – 6,6м
25.
БОЛАТ КӘРЕНТАЕВ пен АЙНҰР СҮЛЕЙМЕНОВА ЕСКЕРТКІШІ. , (тарих.,өнер.), «Махаббат аллеясы» 24 сәуір 2007 жыл. Жамбыл
облысы,Тараз қаласы, Сүлейменов және Желтоқсан көшелерінің
қиылысындағы Болат Кәрентаев пен Айнұр Сүлейменова
атындағы махаббат аллеясына орналасқан және осы қос ғашықтың
есімдерін мәңгілік есте қалдыру мақсатында Қазақстан
Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер
жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 2007 жылғы 6 сәуірдегі
шешімімен тұрғызылған. Қазақстан Республикасы президентінің
«Болашақ»
Бағдарламасымен
Ұлыбританияның
КАРДИФ
университетінің магистратурасында оқыған, некелесіп, отау құру
мақсатында елге келе жатқан жолда Каспий теңізі үстінде ұшақ
апатынан қаза болған қос ғашық Болат Амангелді ұлымен Айнұр
Елемес қызына ескерткіш орнату жөніндегі қалың көпшіліктің,
әсіресе жастардың ұсыныстары жүзеге асты.
26.
КОНСТАНТИН ИВАНОВИЧ СКРЯБИН ЕСКЕРТКІШІ (тарих., өнер.),Жамбыл облысы,Тараз қаласы, Абай даңғылы –А. Асқаров
көшесінің қиылысында орналасқан. Ғалымның туғанына 100 жыл
толуына 1978 жылы
қойылды. Скульпторы В.О. Рахманов, сәулетші Э.Ж. Жалмұхамедов.
Мүсін тұтас граниттік блоктан жасалып, бетон тұғырға қойылған,
сырты қызыл Қордай гранитімен қапталған. Қалыпты мәнер,
портреттік пішін ғалым-ойшылдық образын сәтті берген.
Тұғырдың алдыңғы жағына: «Академик К.И. Скрябин» деген
сөздер ойып жазылған. Мүсіннің биіктгі — 1 м, тұғырдың биіктігі
— 2 м. Ескерткіш төңірегіне жүру үшін жолдар жасалған.
27.
КӨШЕК БАТЫР ЕСКЕРТКІШІ (тарих., өнер.), Жамбыл облысы,Таразқаласы, Төле би даңғылы, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы
саябаққа 2007ж орнатылған. Көшек батыр Қарасайұлы 1621-1653
ж.ж. Есім хан мен Жәңгір ханның сенімді серігі болған. Елін
бодандықтан бостау жолында қайтыс болған.
Сәулетшісі: А.Үсенов. Батырдың мүсіні толықтай корсетілген. Сол
қолында қалқан ұстап тұр, алақаны ашық.Оң қолында бидаймен
өрілген найзасы бар. Батыр бұл бейнесімен шайқасқа емес,
бейбітшілікке шақырып тұрғанан айқындайды. Ескерткіштің
тұғыры керамогранитпен және көркемделген гранитпен
қапталған. Ескерткіштің жалпы биікткгі 12 м.
28.
СЕРГЕЙ АЛЕКСАНДРОВИЧ ЕСЕНИН ЕСКЕРТКІШІ (тарих.,өнер.),Сүлейменов көшесі бойында орналасқан. С.Есенин
(1895-1925 ж.ж.) туылған. Орыс ақыны.орыс әдебиет
зерттеуші.
Ескерткіш 2005 жылы 3 қазанда Ресей елшілігінің қолдауымен,
ақынның 110 жылдығына орай ашылған.
Скульпторлары: Сергей Копылов және Айдархан Сихаев.
Архитекторы Ильяс Бекежанов. Ақынның мүсіні биік тұғырдың
үстінде орналасқан. Тғырдың биіктігі 2-м. Тұғыр гранитпен
қапталған. Ақынның мүсіні және гарельері бетоннан құйылған.
Гарельердің биіктігі 1,54 м.
29.
ВЛАДИМИР ИЛЬИЧ ЛЕНИН ЕСКЕРТКІШІ (тарих., өнер.), Ұлы октябрьсоциалистік революция 40 жылдығы қарсаңында, 1957 жылы
Жамбыл қаласы орталық алаңына ұлы Лениннің ескерткіші
қойылды. 1959 жылы ашылды.
Сәулетшісі: К.Р. Рахмати
Көсемнің мүсінінің тұла бойы қоламен қапталған. Атақты мүсінші
профессор, КСРО халық суретшісі Н. Томский орындаған.
Ескерткіш тұғырының сырты әкпен ақталған. Мүсіннің биіктігі 4
м.