С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Жоспары
Тіршілік етуге бейімделген микроорганизмдердің жетілуіне қарай жұқпалы аурулардың таралу жолдары да әр түрлі болады.
Пайдаланған әдебиеттер
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
949.19K
Категория: ЭкологияЭкология

Қоршаған ортаның биологиялық ластануы және оның адам денсаулығына әсері

1. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Тақырыбы:Қоршаған ортаның
биологиялық ластануы және оның адам
денсаулығына әсері.
Орындаған:Сатыбалды Ш
Курс: 5
Топ: 13-004-02

2. Жоспары

• І. Кіріспе
• ІІ. Негізгі бөлім
1) Қоршаған ортаның ластануы.
2) Тіршілік етуге бейімделген
микроорганизмдердің жетілуіне қарай
жұқпалы аурулардың таралу жолдары.
• ІІІ. Қорытынды.
• ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

3.

• Қоршаған ортаның ластануы– адамға және
табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін
физикалық-химиялық және биологиялық
заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі.
Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына
қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына
нұқсан келтіретін сандық, сапалық және
құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған
ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған
ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары
әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда
болады.

4.

5.

Қоршаған ортаның ластануы табиғи
және антропогендік болып бөлінеді.
1) Табиғи ластану күшті табиғи процестер
салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан
су басу, өрт, т.б.)
2) Антропогендік ластану адамның шаруашылық ісәрекетінің салдарынан қалыптасады.
Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық
қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған
ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи
нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей
сынақ алаңында болған ядролық
жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық
жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б.

6.

• Антропогенді ластаушыларды мынадай түрге
бөледі:
1. Биологиялық - кездейсоқ, не адамзатіс-әрекеті
нәтижесінде ластануы;
2. Механикалық - қоршаған ортаның, тек
механикалық әсерлердің
нәтижесінде ластануы:
3. Химиялық - қоршаған ортанын химиялық
құрамының өзгеріп, ұзақ
жылдар бойы қалыптаеқан әр түрлі зат мөлшерінің,
қалыпты жағдайдан артып кетуі;
4. Физикалық ластану - Шу, дабыл
нәтижесінде;Электромагнитгі толқындардың
шектен тыс артуы;Радиоактивті ластану.

7.

Биологиялық ластануға:
ауру туғызатын
микроорганизмдер,
вирустар, құрттар, т.б.
жатады. Олар ауада,
суда, топырақта,
жануарлар мен
адамның организмінде
кездеседі.

8.

Жер бетіндегі шамамен 1 500 000 жануардың 50 000ға жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде
500-дей түрі адам организмінің паразиттері болып
саналады. Адам паразиттерінің көбісі – ауру
қоздыратын жәндіктер. Тіршілік етуіне қарай
паразиттер – уақытша және тұрақты болып бөлінеді.
Уақытша паразиттер организм денесінде қорек керек
болғанда ғана пайда болады. Оларға: сүліктер,
кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал тұрақты
паразиттер үшін организмдер қоректену объектісі
ғана емес, олардың өсіп-көбейетін тұрақты ортасы
болып саналады. Оларға: безгек плазмодиі,
аскаридалар, қышыма қоздырғыштары жатады.

9.

Микробтардың ауру қоздыруына қажетті
бірден-бір шарт - адам организмінің әлсіреуі,
оның оған қарсы тұратын қауқарының
болмауы. Организмге түскен микробтар өсіпөну үшін айрықша жағдай керек.
Эволюциялық өзгерістер арқасында
микробтар адам организмінде де белгілі бір
жерде өсіп-өнуге бейімделеді.
Мысалы, безгек қоздырғышы тек қанның
эритроцитінде өсе алады.

10. Тіршілік етуге бейімделген микроорганизмдердің жетілуіне қарай жұқпалы аурулардың таралу жолдары да әр түрлі болады.

• I-ден, сырқат адам түкіргенде, жөтелгенде,
сөйлегенде ауру қоздырғыш микробтар
шашырап ауамен бірге өзі бейімделген
тыныс жолдарының сілемейлі қабығына
таралады. Мұндай жолмен тарайтын
ауруларды ауа арқылы таралатындар деп
атайды. Оларға: тұмау, қызылша,шешек т.б.

11.

• II-ден, микробтардың ауыз арқылы таралып, ішек қарын
жолдарына түсуі . Қоздырғыш микробтар қоршаған ортаға
үлкен және кіші дәрет арқылы шығады. Оларға тырысқақ,
іш өту, полиомиелит, т.б. Негізінен, жұқпалы аурулар
адамдардың гигиенаны, тазалықты сақтамауынан, қолды
сабындап жумай, жуылмаған жеміс-жидектерді жеуден
болады. Әсіресе жаз айларында шыбын-шіркейлер, әртүрлі жәндіктер ауру микробын таратады. Олардан
сақтанудың жолы - тазалық.
III-ден, қан арқылы таралу, яғни микробтардың маса,
бүрге, кандала, бит сияқты паразиттер арқылы қанға түсуі.
Бұл аурулар тобына: безгек, бөртпе, сүзек т.б.
IV-ден, жұқпалы аурулар жыныс жолдары арқылы да
таралады. Бұған жыныстық жолмен жұғатын мерез, соз,
СПИД аурулары жатады.

12.

Биологиялық ластауыштарды жұқтырудың
негізгі көзі топырақ болып саналады.
Сіреспе, ботулизм және басқа да кейбір
жұқпалы аурулардың қоздырғыштары үнемі
топырақта тіршілік етеді. Мысалы, жауын
құрттары, балдырлар, бактериялар,
саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, т.б.

13.

Қорытынды
Расында адам бақылауынан шығып кеткен техникалық
прогресс адамның өзіне қауіп төндіріп отыр. Ғылыми –
техникалық революцияның өрістеуі әсерінен қоршаған ортада
күрделі өзгерістер болуда. Осының салдарынан ластану
түрлері көбейіп, жер бетіндегі тіршілікке зиянын тигізуде.
Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ
болғаны жөн.
Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз
керек. Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз.
Халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби
тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға
және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің
жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана
қоршаған ортаны сақтай отырып, салауатты өмір салттарын
тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.

14.

15. Пайдаланған әдебиеттер

• Қазақ энциклопедиясы, VI-том
• Асқарова У. Б. Экология және қоршаған
ортаны қорғау А. 2004
• Молдахметов З.М., Газалиев А.М., Фазылов
С.Д. «Экология негіздері». Қарағанды, 2002
• Дарибаева А.О., Оразбаева Р.С. «Экология
негіздері». Астана, 2001
• Ә. Бейсенова , А. Самақова «Экология және
табиғатты тиімді пайдалану»Алматы, 2004
• Оспанова Г.С. Экология А. 2002 ж

16. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

English     Русский Правила