Похожие презентации:
Жедел іздестіру қызметкерлерінің басқа органдармен байланысы
1. Жедел іздестіру қызметкерлерінің басқа органдармен байланысы
Мұсабек АМүсіров А
2.
Жедел-iздестiру қызметi - азаматтардың өмiрiн,денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен
заңды мүдделерiн, меншiктi қорғау, шет
мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың
арнаулы қызметтерiнiң қылмысты қол сұғуынан,
сондай-ақ барлау-бүлдiру әрекетiнен қоғам мен
мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
мақсатында арнайы уәкiлдiк берiлген
мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде
Қазақстан Республикасының Конституциясына,
осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа
да заңдары мен қалыптық құжаттарына сәйкес
жүзеге асыратын жария және жасырын
жеделiздестiру, ұйымдық және басқару
шараларының ғылыми негiзделген жүйесi.
3.
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратыноргандар
1. Қазақстан Республикасы аумағында
жедел-iздестiру қызметiн:
1) ішкi iстер органдары;
2) ұлттық қауiпсiздiк органдары;
3) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті
орган;
4) Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау
органдары;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет;
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
күзет қызметі;
7) экономикалық тергеу қызметі жүзеге
асырады.
4. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың мiндеттерi:
а) жеке және заңды тұлғалардыңзаңмен қорғалатын құқықтарын,
бостандықтары мен мүдделерiн,
меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң
қауiпсiздiгiн қорғау, оның
экономикалық және қорғаныс әлуетiн
нығайту үшiн өз құзыретiне сәйкес
қажеттi шараларды қолдануға;
5. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың мiндеттерi:
жедел-іздестіру іс-шаралары менжасырын тергеу әрекеттерін жүзеге
асыру арқылы қылмыстарды анықтауды,
олардың алдын алуды және жолын
кесуді, олардың нәтижелерін қылмыстық
процесте пайдалану үшін тіркеуді
қамтамасыз етуге, тергеушінің өзі
тергейтін қылмыстық iстер бойынша
жедел-iздестiру іс-шараларын жүргізу
туралы жазбаша тапсырмаларын
орындауға;
6. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың мiндеттерi:
прокурордың жедел-іздестіру қызметініңзаңдылығын қадағалауды жүзеге асыру
барысында берген жазбаша
нұсқауларын орындауға;
қылмыстық іс бойынша жасырынған
сотталушыны және азаматтық іс
бойынша жауапкерді, атқарушылық іс
жүргізу бойынша борышкерді, сондай-ақ
жазасын өтеуден немесе пробациялық
бақылаудан жалтарып жүрген адамды
іздестіру туралы сот актілерін
орындауға;
7. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың мiндеттерi:
қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiнеқатер төнгенiн дәлелдейтiн өздерiне
белгiлi болған жәйттер мен деректердi
Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк өкiмет пен басқару
органдарына дер кезiнде хабарлауға;
8. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың мiндеттерi:
құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер)негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау
ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау
органдарының тiлектерiн орындауға;
жедел-iздестiру іс-шаралары мен жасырын
тергеу әрекеттерін жүргiзу кезінде, сондай-ақ
жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары мен
жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін
көрсететін материалдарды қылмыстық процесте
пайдалану үшін беру кезінде құпиялылықты
қамтамасыз ету және ақпарат көздерiнің құпиясын
ашуға жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды
қолдануға мiндеттi.
9. қызметін жүзеге асыратын органдардың құқықтары:
Жедел-іздестіру қызметін жүзегеасыратын органдардың құқықтары
Жедел-iздестiру қызметi туралы
Қазақстан Республикасының 1994
жылғы 15 қыркүйектегі № 154-XIII
Заңының 8-бабында көрсетілген.
10. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi:
1. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзукезiнде құқыққа қарсы әрекеттерге
жол берген қызметкерлер Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес
жауапты болады.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге
асырушы органдар iс-әрекеттерiмен
келтiрген залалды өздерi Қазақстан
Республикасының заңдарында
белгiленген тәртiппен өтейдi.
11. Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдары:
Қазақстан Республикасының жедел-iздестiруқызметiн жүзеге асырушы органдары:
- өздерiнiң алдарында тұрған
мiндеттердi дербес, бiр-бiрiмен өзара iсқимыл жасап, мемлекеттiк, қоғамдық
және өзге ұйымдардың мүмкiндiгiн,
сондай-ақ азаматтардың жәрдемiн
пайдалана отырып шешедi;
- осы органдардың құзыретiне
қатысты қылмыстық әрекеттердiң мәлiм
болған деректерi туралы бiрiн-бiрi
хабардар етiп отыруды қамтамасыз етедi
және өзара қажеттi көмектi көрсетедi.
12. Құпия көмекшілер
құпия көмекшілер - жедел-іздестіруқызметін жүзеге асырушы органмен
құпия негізде (оның ішінде
келісімшарт бойынша) қызмет істеуге
келісімін берген, сол сияқты осы
органмен бұрын өзінің келісімі
бойынша ынтымақтастықта болған, он
сегіз жасқа толған, іс-әрекетке
қабілетті жеке тұлғалар;
13.
14.
15.
16.
17. Штаттағы жасырын қызметкер:
штаттағы жасырын қызметкер –лауазымдық міндеттеріне жеделіздестіру іс-шаралары мен жасырын
тергеу әрекеттерін астыртын түрде
жүргізу кіретін жедел-іздестіру
қызметін жүзеге асыратын органның
жұмыскері;