АқШ-тың валюталық реттеуі
Кіріспе
АҚШ доллары туралы қызықты деректер
АҚШ доллары
Томас Джефферсонның портреті бейнеленген.
АҚШ банктік жүйесі
АҚШ-тың Федералды Резервтік жүйенің басқару жəне ұйымдастыру қағидаларына қарай басқа дамыған елдердің орталық банктерінен
ФРЖ-ның басқару кеңесінің басты қызметі – ақша-несие саясатын дайындау
ФРЖ-ның қызметтері: 
Федералды резервтік банктер төмендегідей қызметтерді атқарады:
Назарларыңызға көп рахмет!!!
407.35K
Категория: ФинансыФинансы

АқШ-тың валюталық реттеуі

1. АқШ-тың валюталық реттеуі

АҚШ-ТЫҢ ВАЛЮТАЛЫҚ
РЕТТЕУІ
Орындаған : Тоқтамысова Диляра
Топ: В15фин-3

2. Кіріспе

■ Америка Құрама Штаттарының ресми валютасы - бұл АҚШ доллары,
халықаралық бизнесте төлем жасаудың әмбебап құралдары.
■ АҚШ-тың банк жүйесі..
■ ФРЖ-ның ұйымдастырылуы

3. АҚШ доллары туралы қызықты деректер

"Доллар" сөзі американ
ұлтынан бұрын пайда
болған, бұл валютаның
жасы 500-де екен. АҚШта доллары 207 жыл
бұрын пайда болған.
АҚШ доллары — әлемдегі
ең көп сұранысқа ие
валюта.
АҚШ долларының, басқа
да бірқатар елдерде
(мысалы, Маршалл
аралдары, Сальвадор)
ұлттық валюта мәртебесі
бар
Әлемнің барлық дерлік
елінің нарығында АҚШ
доллары қолданылады
Әлемдік сауданың 80%
астам АҚШ долларымен
есептеледі деп саналады. .

4. АҚШ доллары

• Доллар номиналдары мақта мен
зығырдан жасалады Долларды басып
шығаруда қолданылатын қағаздың 25%ын зығыр, 75%-ын мақта құрайды. Бір
банкнотаның салмағы — 1 грамм.
• Күн сайын 35 миллион банкнота басылып
шығарылады Жаңа басылған АҚШ
долларының номиналдары күн сайын
шығарылады. Неге мұнша көп ақша
шығарылады деп ойларсыз? Себебі
күнделікті орташа есеппен сонша номинал
жарамсыз хәлге келеді. Басылатын 35
миллион дана номинал құны 635 миллион
АҚШ долларын құрайды. Әйткенмен де,
жарамсыз болып қалған номиналдардың
барлығы айналымнан алынып тасталмайды.
Сол себепті ақша айналымы үлкейіп,
құнсыздану үдерісі жылдамдайды.
Ең жиі қолданылатын банкнота — $1 Әлемдік
нарыққа шыққан барлық банкноталардың жартысы 1
долларлық номиналдардан тұрады. Ал 2 долларлық
банкноталар соңғы рет 2003 жылы басылып
шығарылды. 2 долларлық банкнотада АҚШ Тәуелсіздік
декларациясының авторы, үшінші президент Томас
Джефферсонның портреті бейнеленген
Әрбір ақшада «In God We Trust» лозунгы
жазылған «Біз құдайға сенеміз» жазуы америкалық
валюталарда алғаш рет 1864 жылы басылған. Тек 100
жылдан кейін ғана лозунг банкноталарда міндетті түрде
басылуы керек деген заң қабылданады.
Доллар жанасуға өте төзімді болып
дайындалады Қазіргі таңда шығарылатын доллар
номиналы 4 мың рет майысқанға дейін жыртылмайды.
Сонда да әрбір номиналдың жарамдылық мерзімі
белгіленген. Мысалы, 100 долларлық номинал 5 жылға
дейін қолданылады. Ал 20 долларлығы 25 ай айналымда
жүреді. Номинал құны төмендеген сайын қолданылу
мерзімі де азаяды. Себебі олар көбірек қолданылады.
Сәйкесінше жарамсыз хәлге тез жетеді.

5. Томас Джефферсонның портреті бейнеленген.

Томас Джефферсон
(13.04.1743 жыл, Шэдуэлл,
Виргиния, Британ империясы
- 04.07.1826 жыл,
Шарлотсвилль, Виргиния,
АҚШ) - американдық
ағартушы және мемлекеттік
қайраткер, АҚШ Тәуелсіздігі
Декларациясы жобасының
авторы[1] , АҚШ-тың 3президенті. Мамандығы адвокат

6.

Ағылшын банкі – дүние жүзіндегі көне және беделді
орталық банктерінің бірі
Федералдық резервтік банктер – «банктердің банкі»,
өйткені олар орталық банктің барлық қызметін орындайды.

7.

ХІХ ғасырдың соңына қарай барлық шетел
мемлекеттерде орталықтанған банк жүйесі қолданылды.Ал
АҚШ- ң банк жүйесі орталықтандырылмаған, көптеген жеке
ұсақ банктерден құралды.
1913 жылға қарай мұндай банктердің саны 20 мыңнан астам
болды,олардың 7 мыңға жуығы ұлттық эмиссиялық банктер
болды, ал қалған банктер болса өз штаттарының банкілік
заңына сай қызмет көрсетіп, ақша эмиссиясы құқығын
иеленбеді.
АҚШ-тың алғашқы акционерлік коммерциялық банкі
1782 жылы 7 қаңтарда ашылды.
Ал 1791 жылы 10 млн. доллар жарғылық капиталмен
АҚШ- тың алғашқы Орталық банкі ашылды. Ол вексельдер
эмиссясымен айналысып, Қазынашылыққа қызмет көрсетті.

8. АҚШ банктік жүйесі

■ АҚШ банктік жүйесі 1776 жылы өзінің тәуелсіздігін жариялаған күннен
бастап пайда болды.
■ АҚШ-та алғашқы банк 1791 жылы құрылған. Ол Конгрестен ақшаны
эмиссиялау құқығын ала отырып, коммерциялық банктердің бірқатар
қызметтерін қатар атқарған.
■ “Орталық банктің құрылуы туралы” 1913 жылы қабылданған заңға сәйкес,
осы уақытқа дейін жұмыс жасап отырған үш деңгейлі Басқарушылар
кеңесінен, Федералды резервтік жүйеге мүше банктерден тұратын Федералды
Резервтік жүйенің (ФРЖ) негізі қаланды.

9. АҚШ-тың Федералды Резервтік жүйенің басқару жəне ұйымдастыру қағидаларына қарай басқа дамыған елдердің орталық банктерінен

АҚШ-тың Федералды Резервтік жүйенің басқару және ұйымдастыру
қағидаларына қарай басқа дамыған елдердің орталық банктерінен
ерекшеленеді
ФРЖ федералдық
резервтік банктерден
ФРЖ-ға мүше жеке
коммерциялық банктерден
тұрады.
ФРЖ-ның құқықтық мәртебесі өзгеше, федералды резервтік банктер үкіметі және қаржы
министрімен тығыз байланыста болғанымен, ол заңды түрде мемлекеттік институт болып
табылмайды. ФРЖ-ның басқару кеңесінің басты қызметі – ақша-несие саясатын дайындау

10. ФРЖ-ның басқару кеңесінің басты қызметі – ақша-несие саясатын дайындау

Ашық нарықтағы операциялар бойынша федералды комитет ФРЖ-ның құрылғанына 20
жыл болғаннан кейін, 1933 жылы құрылды .Алғашқы жылдары комитеттің ашық нарықтағы
бағалы қағаздармен жасалатын операциялары əр резервтік банк орналасқан жерде
жекеше түрде жүргізіледі.
Комитеттің құрамына 12 адам кіреді:
7 – ФРЖ-ның
басқару кеңесінің
мүшелері,
5 – федералды
резервтік
банктерден
алынған
өкілдер.
Нью-Йорктің
федералды резервтік
банкісінің
Президентіне
Комитеттің төрағалық
қызметі жүктелген.
Бұл кеңестің мүшелері 1 жыл мерзімге федералды резервтік банктерден тағайындалады
Федералдық
кеңес беру
кеңесі де 12
адамнан тұрады

11. ФРЖ-ның қызметтері: 

ФРЖ-ның қызметтері:
ақша-несие саясатына,
алтынмен жасалатын
операцияларға,
банкноттарды
эмиссиялау жəне шетел
банктерінің
операцияларына
байланысты сұрақтар
жайлы қызмет көрсетеді
ФРЖ операцияларын 12
федералды резервтік
банктер жүзеге асырады.

12. Федералды резервтік банктер төмендегідей қызметтерді атқарады:


• чектер бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айрысуды (чектердің клирингін) жүзеге
асырады;

• айналысқа жаңа банкноттарды шығарады жəне айналыстан тозған ақша белгілерін алып
отырады;

• несиелік мекемелердің қосылу мүмкіндіктерін бағалайды;

• резервтік округтар төңірегінде банктерге есептік несиелер береді;

• ФРЖ мен бизнесмендер арасындағы байланысты жүзеге асырады;

• штаттағы банктерді тексереді, округтердегі шаруашылық қызметтерінің жағдайлары
туралы ақпараттар жинайды;

• ақша-несие саясаты туралы мəселелер бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді жəне
аналитикалық журналдар мен бюллетеньдер шығарады. Федералды резервтік банктер ақшанесие саясатын дайындауға қатынасады.

13. Назарларыңызға көп рахмет!!!

English     Русский Правила