Тақырыбы Әлемдегі ең ұзын көпірлер
Ханджоу көпірі
«Сиду» көпірі.
«Мийо» көпірі
«Данянь-Куншань» көпірі
«Банпо» көпірі
«Босфор» көпірі
«Алтын қақпа» көпірі
«Васко да Гама» көпірі
1.51M
Категория: ГеографияГеография

Әлемдегі ең ұзын көпірлер

1. Тақырыбы Әлемдегі ең ұзын көпірлер

2. Ханджоу көпірі

Жер бетіндегі ең
ұзын көпір
Қытайдағы
Ханджоу көпірі.
Ұзындығы 36 км
құрайтын
нысанның
құрлысы 4жылға
созылыпты. 2008
жылы пайдалануға берілген автомобиль көпір
Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.

3. «Сиду» көпірі.

Бұл көпір 2009 жылы пайдалануға берілген, көпірді
көру үшін Қытайға сапар шегуіңіз керек. Жерден 495
метр биіктікте орналасқан ол әйгілі Эйфель мұнарасы
мен Биг Бен сағаттарының төбесінен қарайды. Бір
қызығы, ешқандай мүмкіндік болмағандықтан оның
құрылысына тікұшақ, кеме және кран қолданылмаған.
Инженерлер екі
таудың аралығын қосу
үшін шағын
зымырандар ұшыруды
ойлап тауып, сол
арқылы көпірді көкке
көтерген.

4. «Мийо» көпірі

Францияда орналасқан
ол жерден ең биік
орналасқан көпір болғаны
үшін Гиннестің Рекордтар
кітабына енген.
Іргетасынан бастап
төбесіне дейінгі биіктігі
343 метрге жетеді. 2004
жылы ашылған көпірдің
жалпы құрылысына 394
млн еуро жұмсалған. 3 жыл ішінде пайдалануға берілген
көпірдің жобасын Мишель Вирложо мен Норман Фостер
құрастырып шыққан.Ол Париждегі Эфрейл мұнарасынан 37м
биік. Бұл көпірге " ХХІ ғасырдың кереметі" деген мәртебе
берілген.

5. «Данянь-Куншань» көпірі

36 шақырымға дейін созылып жатқан ол әлемдегі
ең ұзын көпір болып табылады. Мұхиттың бір шетін
кесіп өтетін көпірдің құрылысына 450 000 тонна
темір қолданылып, он мыңға жуық жұмысшы еңбек
еткен. Жобаның
жалпы құны 8,5
млрд долларды
құрайды.

6. «Банпо» көпірі

Бұл Гиннестер кітабына
ең ұзын субұрқақ
орналасқан көпір ретінде
еніп отыр. Оңтүстік
Кореяның астанасы Сеул
қаласында орналасқан
«Айдағы кемпірқосақ»
атты осы көпірдегі
субұрқақтың жалпы
ұзындығы – 1140 метр.
2008 жылы пайдалануға берілген көпір Хан өзенінің қос
жағалауын жалғап жатыр. Әсіресе ол түндерде ерекше сипатқа
ие. Он мыңға жуық түрлі түсті жарықпен шағылыса атқылап
жататын субұрқақты тамашалау үшін әлемнің көптеген елінен
туристер арнайы келеді.Ол 1 минутта 190тонна су төгеді. Бұл
көпір экалогиялық таза суымен ерекше.

7. «Босфор» көпірі

Ол қос құрлықты жалғап
жатқандығы үшін
басқалардан дараланып
тұрады. Түркияның
Стамбул қаласында
орналасқан жалпы
ұзындығы 1560 метр
болатын көпір Азия мен
Еуропаны қосып жатыр. Қазіргі уақытта оның үстімен
күніне екі жүз мыңға жуық көлік өтеді. Көпірмен жаяу
жүруге тыйым салынған. Себебі, алғашқыда оны өз-өзіне
қол жұмсау мақсатында пайдаланушылар көбейіп кеткен
екен.

8. «Алтын қақпа» көпірі

Бірнеше жылдан бері
әлемдегі теңдессіз
саналып келген көпір
АҚШ-та, нақтырақ айтсақ,
Сан Францискода орын
тепкен символы. Көлік,
шайтанарба және жаяу
жүргіншілерге
лайықталған ұзындығы
2740 метр көпір 1937
жылдың 27 мамырында
пайдалануға берілген. Бір өкініштісі, Алтын қақпа суицидке
барушылар үшін таптырмайтын мекен болды. Ай сайын кем
дегенде бір адам бұл көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсайды.
Ал 2004 жылы алғаш рет көпір үстіндегі қозғалыстың 20 минут
тоқтауына елік себепші болған екен.

9. «Васко да Гама» көпірі

Еуропаға тиесілі ең
ұзын көпір.
Португалияда
орналасқан оның
ұзындығы 17,2
шақырымды құрайды.
Көпірдің ашылуы
Еуропадан Үндістанға
дейінгі мұхит жолын
ашқан Васко Да Гаманың 500 жылдық мерейтойына сай
келіп, атауы да әйгілі саяхатшының құрметіне арналған.
Сондай-ақ бұл «ЕХРО-98» көрмесінің алдында пайдалануға
беріліп, 18 айда өз құрылысын аяқтаған.
English     Русский Правила