8 Наурыз мерекесі – көктем мерекесі
2.81M

8 Наурыз мерекесі - көктем мерекесі

1. 8 Наурыз мерекесі – көктем мерекесі

Барлығы уақытта
бахыт, шаттық, күлкі
жүздеріңнен кетпесін!

2.

8-наурыз Халықаралық әйелдер күні
8 наурыз - әйелдердің экономика, әлеуметтік
және саяси теңдік үшін күресін, халықтар,
ынтымақтастығын білдіретін күн. Халықаралық
әйелдер күні – 8 наурызды жыл сайын өткізу 1910
жылы Копенгагенде, социалист әйелдердің 2халықаралық конференциясында К.Цеткиннің
ұсынысы бойынша қабылданды. Халықаралық
әйелдер күні – 8 наурыз тұңғыш рет 1911 жылы
Германияда, Австрияда, Швецарияда, Данияда, ал
1913 жылы Россияда (Петербургте) өткізілді.
Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызды мейрамдау
дәстүрі 1914 жылдан кейін барлық елдерде нақ осы
күні өткізілетін болды. Халықаралық әйелдер күні –
8 наурыз әйелдердің теңдік алу және әлеуметтік
прогресс үшін күресу ұранымен атап өтіледі. СССР
Жоғарғы Советі Президиумының 1965 жылы 8
майдағы Указы бойынша Халықаралық әйелдер күні
– 8 наурыз мейрам күні болып жарияланды.

3.

Құттықтаймын,
анашым.
Құшағыңа кіргенде
Жылынамын бір
демде.
Не жетеді көзіне
Мейірімді куннен де.
Үн қатасың бал
тілмен,
Еркелеймін әр күн
мен.
Құттықтаймын,
анашым,
Сегізінші
Наурызбен!
Н.Айтов.

4.

Қайда жүрсем бір жүрді,
Құттықтаймын сіңлімді.
Жыласам бірге жылады,
Күлсем бірге бір күлді.

5.

Құлпырып қызыл-жасылды,
Гүл болып үйге ашылды.
Ұсынамын гүлге гүл
Құттықтап қарындасымды.

6.

Айтатын көп әңгімем,
Тыңдасаңыз бар енді:
Бұл күні мен алдымен
Құттықтаймын әжемді.
Құттықтаймын гүл беріп,
Өзімнің туған анамды.
Адамдар қыз, ұл болып,
Аналардан жаралды.
Тақпақ айтып жатқа енді
Құттықтаймын әпкемді.
Ол мен үшін қолдағы
Бір алмасын қақ бөлді.

7.

8.

9.

Өткізбес менсіз бір күнді,
Құттықтаймын
құрбымды.
Аялап сақтап сырымды
Адалдық әркез білдірді.

10.

11.

12.

Бақытты бәрі болама?
Сонда да ару құлама!
Біз сендерді сүйеміз
Аруларым жылама!

13.

14.

Әйел біткен қуанып,
Ерлер жүрер гүл алып.
Бұл күнді ерек тойлаймыз
Бәріміз де құп алып.
Ойыншықты шашпаймын,
Мен жұмыстан
қашпаймын!
Шаршасаң, анам демалшы
Жиыстырып тастаймын!

15.

16.

17.

18.

Сегізінші наурыз
Әйелдер күні әлемдік.
Бұл күнді бірге тойлаймыз
Әр бойлық пен әр ендік.

19.

Бізде дәрігер, мұғалім
Әйелдер көп деп ұғамын.
Бәрін де жырмен құттықтап,
Сәлем жолдап шығамын.

20.

Әжеміздің мейрамы,
Анамыздың мейрамы.
Әлемдегі ақ, сары,
Қара қыздың мейрамы.
English     Русский Правила