Похожие презентации:
Жарнама – ақпараттың бір түрі. Грамматикалық тақырып. Мақал-мәтелдер. (7 сабақ)
1. Қазақстан Республика білім және ғылым министрлігі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. “Мемлекеттік тілді оқы
Қазақстан Республика білім және ғылым министрлігі М.Әуезов атындағы ОңтүстікҚазақстан мемлекеттік университеті.
“Мемлекеттік тілді оқыту” кафедрасы.
Тақырып: 7 сабақ.
Лексикалық тықырып : Жарнама – ақпараттың бір түрі.
Грамматикалық тақырып :Мақал-мәтелдер.
Орындады: Суздалева М.
Топ: ХТ-15-7р
Қабылдады: Базарбекова Н.Ш.
Шымкент 2016
2. Сөздік. Тақырып бойынша сөздер мен сөз тіркестері.
Жарнама – реклама.Сипат – характер.
Тауар – товар.
Мыс – медь.
Қызметтер – услуги.
Жаршы – вестник.
Сұраныс – спрос.
Негізгі – основной.
Мақсат – цель.
Бөлік – часть.
Тарату – распространять.
Бәсекелестік – конкуренция.
Өндіріс – производство.
Күрес – борьба.
Пайда болу – появляться.
Қалалық – городской.
Ежелегі – древний.
Даму – развиваться.
3. Жарнама – ақпараттың бір түрі.
Жарнама – бұл тауар мен қызметтер туралы ақпараттарды, оларға сұранысты көбейтумақсатымен тарату болып табылады.
Жарнама тауар өндірісі дамуының алғашқы кезеңінде-ақ пайда болған. Ежелгі Греция
мен Римде коммерциялық сипаттағы хабарлар ағаш, мыс және сүйек тақталарға
жазылып, қалалық жаршылармен қатты дауыстап оқылған.
Жарнама маркетингтің негізгі бөлігі ретінде қарастырылады. Бүгінде жарнама
бәсекелестік күрестің негізгі құралдарының бірі болып отыр.
4. Мақал-мәтелдер.
Мақал – мәтелдер – халық даналығының, көрегендігінің айнасы тіл байлығыныңалтын қазынасы. Олардың көпшілігі – өмір шындығының көрінісі. Халықтың
кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті , өмір сүру әрекетінің ережесі секілді қымбат
мұра.
Мақал-мәтелдер – айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған
жиынтығы.Олар ұстаздық,тәрбиелік роль атқарады. Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа ,
эрі тұжырымды болады. Сөздер бейнелі,орынды қолданылады. Мақал-мәтелдерден
халықтың тіл байлығы көрінеді. Бай сөздік қорымыздың ұрпақтан ұрпаққа
ұмытылмай берілуіне көмегі мол. Адамның жан дүниесінің тілдегі көрінісі мақалмәтелдерде жақсы бейнеленген.
Мақал-мәтелдерде оқу мен еңбек, ойын мен өнер, адамның жақсы-жаман қасиеттері,
елін сүю, ата-ананы құрметтеуу сияқты үлгі-өнегелер сөз болады. Өмірдің әр
саласына байланысты болғандықтан , оларды әр түрлі тақырыпқа бөлуге болады.
Қақақ ауыз әдебиеті үлгілерінің ішінде мақал-мәтелдер өте қызықты жанр саналады.
Мақал-мәтелдер адам іс-әрекетін бақылау арқылы тұжырымдар жасайды. Олар
белгілі бір шешім мен істің дұрыстығын немесе дұрыс еместігін анықтап,ойлауда
маңызды рөл атқарады.
5.
1-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз. Біліп алыңыз.Қазақстан Республикасының Жарнама туралы Заңы 2003 жылы 19 желтоқсанда
қабылданды. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату,
орналастыру және пайдалану процесінде туындайтын қатынастарды реттейді.
_______________________________________________________________________________

2-тапсырма. Сөз төркініне үңіліңіз.Сөйлем құрастырыңыз.
Жаршы – игі істі, жаңалықты бастаушы, таратушы, жар салушы.
Зият – (интеллект) тану, түсіну, талқы – адамның ойлауға, тануға деген рационалды
қабілеттілігі.
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
6.
3-тапсырма. Жарнаманың түрлерімен танысып, оларға не жататынынайтып беріңіз.
Түрлері
Тікелей
жарнама
Баспа
жарнамасы
Баспасөз
жарнамасы
Хабар
жарнамасы
Сыртқы
жарнама
Экран
жарнамасы
Транспорт
жарнамасы
Сату орындарындағы
жарнама
Жарнаманың
басқа түрлері
Жарнаманы тарату құралдары
а) пошта хаттары, баспа материалдары
б) пошта арқылы видеокассеталар, видео-дисктер
а) анықтамалар, каталогтар
б) пресс-релиз, баспасөз хабарламасы
в) буклет
г) анықтама
а) газеттер
б) журналдар
а) радиожарнама
б) тележарнама
а) үлкен габариттік плакат
б) жарық түсірілген құрылымдар
в) роллер
г) мультивизиялық плакаттар
д) электронды панно
а) кино және видеофильмдер
б) слайд-фильмдер
а) транспорт сыртындағы жарнама
б) транспорт салонындағы плакаттар және
хабарландырулар
а)сөрелер
б)тауар қорабы
в)зат таңбасы
г) назар аударуға арналған жазулар, таңбалар («айстоппер»)
а) көрме және жәрмеңке
б) компьютер жарнамасы
в) кәдесый
г) купон, лотерея
7.
4-тапсырма. Ақпарат пен жарнаманың айырмашылы-ғын ары қарай өзіңізжалғастырып, санамалап көрсетіңіз. Ақпараттың басқа қандай түрлерін білесіз? Мысалы, ресми
ақпарат, қызметтік ақпарат т.б.
_________________________________________________________________________________________

5-тапсырмам. Мәтінді аударыңыз.
Тіл ажалы.
Жойылу каупті бар тілдерді лингвист Майкл Краус 4 санатқа бәледі.
1.Қауіп төне бастаған тілдер.Олар әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан қажетсіз деп табылған,
үлкен тілдердің қыспағына түскен тілдер. Басты белгісі-алдымен бұл тілдере сөйлейтін жастар азая
бастайды.
2.Қауіп-қатер төнген тілдер. Бұл тілде жақсы сөйлейтіндер – жасы елуден асқандар.
3.Өле бастаған тілдер. Бұл тілде тек картайған адамдар сөйлейді.
4.Жойылған тілдер. Бұл- сол тілде сөйлейтін бірде-бір адам қалмаған тілдер.
______________________________________________________________________________________________

8.
6 – тапсырма.Мақал-мәтелдерден сын есімдерді тауып,ажыратыңыз.
Жеті жұртың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
Ұлы адамның ойында ұлы іс жүреді,
Ұлы зергер бойында алтын, күміс жүреді.
Еңбексіз ғалым-жылусыз жалын.
Жақсы адамға қай жерде де бір кісілік орын бар.
_________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
ОБСӨЖ. 1. Мәтінді оқып шығып,озіңіздің жарнама туралы білетініңізді әңгімелеңіз.
2. «Жарнама – жетістік негізі» тақырыбында эссе жазу.
СӨЖ.1. «Жарнама – ақпараттың бір түрі» тақырыбында реферат жазу.
2.Еңбек,білім тақырыбындағы мақал-мәтелдерді жаттау (кемінде 40 мақал-мәтел сөз).