Тақырып : Темір және йод жеткіліксіздігі туралы ҚР-ның стратегиялары
Жоспары:
АХЖ-10 код(тары):
ТТА кезіндегі емдеу бағдарламасы келесілерді құрайды:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтер сапасы бойынша біріккен комиссияның 2017 жылғы «5»
ФОРТИФИКАЦИЯ
ЙОД жеткіліксіздігі
Профилактикалық шаралар
Емдеу тактикасы
5.45M
Категория: БиологияБиология

Темір және йод жеткіліксіздігі туралы ҚР-ның стратегиялары

1. Тақырып : Темір және йод жеткіліксіздігі туралы ҚР-ның стратегиялары

ТАҚЫРЫП : ТЕМІР ЖӘНЕ ЙОД ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ
ТУРАЛЫ ҚР-НЫҢ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
Қабылдаған: Хасенова Г.
Орындаған: Сәдуақас А.
Тобы:601-01
Факультет:стоматология

2. Жоспары:

ЖОСПАРЫ:
ТТА туралы түсінік
Фортификация
Йод жеткіліксіздігі туралы мәліметтер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

3.

Темір тапшылықты анемия– анемия
(гемоглобин деңгейінің ерлерде 130 г/л және
әйелдерде 120 г/л көрсеткіштен кем төмендеуі)
және темір тапшылығымен (TSat[1]<16% және
ферритин концентрациясының 30 мкг/л немесе
нг/мл кем төмендеуі) сипатталатын
клиникалық-гематологиялық синдром. Себебі,
TSat –сарысу темірінің деңгейіне тәуелді
есептік көрсеткіш, ТТА-ның тағы ір
өлшемшарты – сарысу темірінің төмен деңгейі
болып табылады.

4. АХЖ-10 код(тары):

АХЖ-10 КОД(ТАРЫ):
Код Атауы
D50 Темір тапшылықты анемия
D50.0
Постгеморрагиялық (созылмалы)
анемия
D50.8
Өзге темір тапшылықты анемиялар
D50.9
Анықталмаған темір тапшылықты
анемия

5. ТТА кезіндегі емдеу бағдарламасы келесілерді құрайды:

ТТА КЕЗІНДЕГІ ЕМДЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ
КЕЛЕСІЛЕРДІ ҚҰРАЙДЫ:
этиологиялық факторларды жою (негізгі сырқатты емдеу);
емдеу тағамы (диета № 11);
темірқұраушы препараттармен емдеу;
темір қорының орнын толтыру (қанықтыру терапиясы).
Рецидивке қарсы терапия. 3.1 Дәрі-дәрмексіз емдеу:
Диета. Темір тапшылықты анемия кезінде науқасқа темірге бай диета ұсынылады. Жануар
текті өнімдердегі темір өсімдік текті өнімдердегі темірге қарағанда едәуір көп көлемде ішекке
алынады.
3.2 Дәрі-дәрмектік емдеу:
Себебі жойылмаған жағдайда, ТТА толық емделмейді. ТТА-ның патогенетикалық
терапиясының
негізі темір препараттары болып табылады. Трансфузиялар ферротерапияны алмастырмайды.
Ферротерапия темір препараттарын ішке қабылдау және парентеральды препараттарды
қабылдаумен жүргізіледі.
Парентеральды препараттар ішінде вена ішілік препараттарды қабылдау дұрыс, себебі,
бұлшықетке енгізулер ауырлық тудырады, түрленгіш абсорбцияға ие және инфильтраттардың
түзілуіне алып келуі мүмкін.
Темір препараттарымен терапия жүргізудің қорытынды нәтижелері енгізу жолдарына
байланысты емес бірдей болып табылады – гемоглобин деңгейінің артуы. Әр түрлі енгізу
жолдарымен, әр түрлі препараттар арасындағы айырмашылықтар емдеуді төзу қабілеттілігі
мен
гемоглобин деңгейінің өсу темпі болып табылады.
Ішке қабылдауға арналған темір препараттары.

6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтер сапасы бойынша біріккен комиссияның 2017 жылғы «5»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫ
БОЙЫНША
БІРІККЕН КОМИССИЯНЫҢ
2017 ЖЫЛҒЫ «5» ҚАЗАНДАҒЫ
№ 29 ХАТТАМАСЫМЕН
МАҚҰЛДАНҒАН

7. ФОРТИФИКАЦИЯ

Ұнды фортификациялау – теміртапшылығы анемиясының алдын
алу бойынша әрекетті және қолжетімді шара
Қандағы оттегіні тасымалдайтын жалғыз ғана зат гемоглобин
болып табылады.Замануи денсаулық сақтаудың аса маңызды
проблемаларының ішінде теміртапшылығы анемиясы алдынғы
қатарда тұр.
Әр түрлі деректер бойынша әлемде 3 миллиардтан астам адам
анемияға шалдыққан.
Гемоглобин толыққұнды қалыптасу үшін ағзаға тағаммен бірге
енетін темір қажет. Темір жетіспеген жағдайда гемоглобин
деңгейі төмендейді, ендеше ағза жасушаларына оттегі аз түседі,
содан теміртапшылығы анемиясы туындайды (ТТА).
Темірдің жетіспеушілігімен бала мен ана өлімі (анемия мен
ауыратын әйелдер көбінесе әлсіз, салмағы төмен және туа біткен
ақаулары мен балаларды босанады) ғана емес, сондай-ақ
балалардың дене және менталді дамуының төмендігі,
инфекциялық сырқаттанушылыққа және зиянды факторларға
тұрақтылығының төмендігі байланысты.

8.

Темір тапшылығы анемиясының белгілері - жалпы әлсіздік, болмашы шаршағандық
кезінде физикалық жүктеме, бас ауыруы, терінің, еріннің, сілемей қабығының бозаруы,
тәбеттің жоғалуы, дәм сезгіштіктің бұзылуы.
Анемияның алдын алудың қарапайым, арзан және қолжетімді әдістерінің бірі үшінш
ітәсіл болып табылады.
Анемияның алдын алудың негізгі үш тәсілі бар: фармакологиялық, дұрыс тамақтану,
сондай-ақ темір және витамин кешені қосылған негізі тамақ өнімдері.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен тамақ өнімін фортификациялаудың тәртібі
реттелген. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау
жүйесі туралы» Кодексінің нормасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумақтарында
сатылатын жоғары және бірінші сортты бидай ұны құрамында темір витаминдермен,
минералдармен және басқа да заттармен фортификациялау міндетті белгілінген.
Фортификациялау үшін бидай ұны кездейсоқ таңдалған жоқ. Ұн ең қарапайым, арзан
және қолжетімді витаминдер мен темір көзі болып табылады. Байыту процесі ұнның
дәмін, түсін, иісін өзгертпейді, пісіру сапасы әдепті болып қалады.
Фортификацияланған ұнды тұтыну қауіпсіз болып табылады. Бидай бастыру кезінде
ұнды фортификациялау бағалы шығынды толтырады, сондықтан мұндай ұнды
пайдалануға қарсы көрсетілімдер жоқ.
Аумақтық қоғамдық денсаулық сақтау департаменттерімен фортификацияланған ұнды
шығаруға және сатуға мақсатты қадағалау жүргізіледі. Облыс әкімдігімен бірлесіп,
тұрғындар арасында байытылған нан және ұнды насихаттау бойынша іс-шаралар
кешені жүзеге асырылады.

9.

10.

11.

Емдік тамақтану:
Теміртапшылық анемия кезінде, науқасқа темірге бай диета
көрсетілген. Тамақтан асқазан-ішек жолдарына сіңірілетін
темірдің максималды саны — тəулігіне 2 г.
Науқасқа құрамында темір бар келесі өнімдер ұсынылады: сиыр
еті, балық, бауыр, бүйрек, өкпе, жұмыртқа, қарамұмық ұнтағы, ас
бұршақ, ақ саңырауқұлақ, какао, шоколад, көкөністер, бұршақ,
фасоль, алма, бидайық, шабдалы, жүзім, алқоры, сельдь,
гематоген. 0.75-1 л тəуліктік дозада, ал жақсы көтерген жағдайда
1.5 л дейін қымыз ішу . Алғашқы екі күнде науқасқа əр ішкенде 100
мл қымыздан артық бермейді, үшінші күннен бастап науқаса 250
мл күніне 3-4 рет қабылдайды. Дұрысы қымызды таңертеңгілік ас
алдында 1 сағат бұрын жəне 1 сағат кейін, түскі жəне кешкі ас
алдында 2 сағат бұрын жəне 1 сағат кейін қабылдау.
Қарсы көрсетімдер болмаған кезде (қант диабеті, семіздік,
аллергия, диарея) науқасқа бал тағайындау қажет. Бал құрамында
ішекте темірдің сіңірілуін арттыруға жағдай жасайтын 40% дейін
фруктоза бар. Мұнан басқа бал құрамында сіңірілу үшін аса
ыңғайлы формадағы микроэлементтер бар. Ақ балдан гөрі, қара
бал сұрыптарына көңіл бөлінеді, олардың құрамында темір 4 есе,
мыс 2 есе, марганец 14 есе көп. Балдың тəуліктік дозасы 100 г
құрайды (3-4 қабылдауға). Асқазанның секреторлық
функциясының төмендеу жағдайында, бал тамақ алдында, ал
жоғары қышқылдық кезінде тамаққа дейін 1.5-2 сағат алдын
қабылданады.

12.

13.

14.

15.

16.

17. ЙОД жеткіліксіздігі

ЙОД ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ
Анықтамасы
БДҰ анықтамасы бойынша йодтапшылық
аурулар (ЙТА) йод тұтынудың қалыпты
жағдайында қайтымды, популяцияда йод
тапшылығы нəтижесінде дамитын, барлық
патологиялық жағдайлар деп анықталады.
Йодты жеткілікті көлемде тұтыну кезінде,
қалқанша без, негізгі мақсаты негізгі
алмасуларды ұстап тұру мен тіндік тыныс
алуды реттеу болып табылатын 100 мкг Т4, 10
мкг Т3 өндіреді.

18. Профилактикалық шаралар

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР
Профилактикалық зобқа қарсы шаралар кешені келесі негізгі
компоненттерден жинақталады (И. И. Дедов, 1992 ж.):
1. Тұрғындарға йодталған тұзды сату жолымен, жаппай популяциялық йодтық
профилактика (25 г калий йодиді 1 таб. ас тұзына), жеке сату ошақтарында
йодпен бай немесе полирленген тағам өнімдерін (нан, кондитерлік өнімдер).
2. Йод препараттарымен топтық немесе жеке профилактика. Топтық
профилактика ұйымдасқан балалар ұжымында (бала бақшалар, мектеп,
интернаттар) жүргізіледі, жүкті жəне емізетін əйелдерге, өсуші организмнің
тиреоидты гормаондарға жоғары қажеттілігі ескеріліп (аптасына 1-2 таблетка)
йодтың зəрмен бірге тəуліктік экскрециясын ескеріп жүргізеді.
Жеке профилактика эндемиялық зоб себебі бойынша операция жүргізілген
тұлғаларға, бірақ эутиреоз жағдайындағы, сонымен қатар эндемиялық зоб
ауданында уақытша тұрып жатқандарға жүргізіледі.

19.

10-бап. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөнiндегi iсшаралар
1. Қазақстан Республикасында йод тапшылығы ауруларының алдын алу
жөнiндегi iс-шаралар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтiк-құқықтық актiлерiнде белгiленген негізде және тәртiппен
жүргiзiледi.
2. Йод тапшылығы ауруларының алдын алу жөнiндегi iс-шаралар:
1) мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан
Республикасында йодталған ас тұзы мен жемдiк тұз өндiрiсiне, оларды әкелуге,
әкетуге, өткiзуге қойылатын талаптарды қамтамасыз ету мен сақтау жолындағы
жауапкершілік;
2) йод тапшылығынан зардап шегетiн адамдардың денсаулық сақтау
ұйымдарында медициналық көмек алуға қол жеткiзуi;
3) йодталған ас тұзының және йод қосындыларымен байытылған басқа да
тамақ өнiмдерiнiң зиянды әсерiнiң салдарынан денсаулығы жоғалған жағдайда
азаматтардың құқықтарын Қазақстан Pecпубликасының заңдарында белгiленген
тәртiппен қорғау принциптерiнде жүзеге асырылады.

20.

11-бап. Тұздың өндiрiлуiне, айналымына және
қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
1. Мыналарды:
1) йодталған тұзды қолдануға болмайтын көрсетiмдерi бар
адамдарға арналған тұзды;
2) өндiрiсiнде йодталмаған тұз пайдаланылатын тамақ өнiмдерiнiң
жекелеген түрлерiн өндiруге арналған тұзды қоспағанда, Қазақстан
Республикасының аумағына әкелiнетiн, онда өндiрiлетiн және (немесе)
өткiзiлетiн ас тұзы мен жемдiк тұз йодталуға тиiс.
Йодталмаған ас тұзын әкелу, өндiру және өткiзу тәртiбiн халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
уәкiлеттi орган айқындайды.
2. Тұзда йодтың болу нормалары, олардың сапасы, қауiпсiздiгi,
йодтау әдiстерi, йодтың болуы төмендеген кезде қайта йодтау процесi
санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға, сондай-ақ
өзге де нормативтiк талаптарға сәйкес келуге тиiс.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында
көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының
аумағында йодталмаған тұз өндiрiсiне, оларды әкелуге, сондай-ақ
өткiзуге тыйым салынады.
4. Жалған тұз өндiрiсiне, оларды әкелуге, әкетуге және (немесе)
өткiзуге тыйым салынады.

21.

Эндемиялық зобтың профилактикасы мақсатында, келесі
дозаларда қабылданады:
- Емшек жасындағы балалар үшін (0-2 жас) - 50 мкг;
- Кіші жастағы балалар үшін (2-6 жас) - 50-100 мкг;
- Мектеп жасындағы балалар үшін (7-12 жас) - 100 мкг;
- Үлкен жастағы балалар жəне ересектер үшін (12 жас жəне
жоғары) - 150 мкг;
- Жүкті жəне емізетін əйелдер үшін - 200 мкг йод.
Калий йодидті профилактикалық қабылдау бірнеше жылдарға
созылады, жиірек өмір бойы.
Соңғы уақытта зоб профилактикасы үшін, əсіресе қиын қол
жетімді аудандарда бұлшықетке егілетін йодталған май кең
қолданыс тапты. Бір бұлшықет ішіне инъекция (2-4 мл) 4-5
жыл бойы тиреоидты гормондардың тұрақты синтезін
қамсыздандырады. Сонымен қатар йодталған майды капсулада
қолдануға болады (йодлипол). ішке қабылданған 1 капсула,
организмді бір жыл бойы қажетті көлемдегі йодпен
қамсыздандырады.
Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері
Калий йодидін профилактикалық қабылдау бірнеше жылдарға,
жиірек өмір бойы созылуы қажет.

22. Емдеу тактикасы

ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
Ем мақсаты: йод жетіспеушілігінің орнын толтыру.
Дəрі-дəрмексіз ем: тамақтану мінезінің өзгеруі - рационда
иодталған тұзды пайдалану. Тұрғындарға берілетін барлық тұздар
йодталған болу қажет. Йодталған тұзды сонымен қатар жануарлар
жеміне қосу қажет. Йодталған тұздың артықшылығы оны барлық
адамдар тұтынады, ол арзан жəне барлығына қол жетімді,
йодталған тұзды дозасын арттыру мүмкін емес.
Дəрі-дəрмектік ем:
Эндемиялық зобтың емдеудің негізгі əдісі тиреоидты
препараттарды пайдалану болып табылады. Олар қалқанша
безінің көлемін кішірейтіп тиреотропиннің кері байланыс бойынша
шығарылуын тежейді. Бұл препараттар сонымен қатар қалқанша
бездегі аутоиммундық реакцияларды азайтады. Бұл препараттар
сонымен қатар қалқанша безіндегі аутоиммунды реакцияларды
азайтады, гипотиреоз бен науқастарда эутиреоидты зобтың қатерлі
ісікке айналуының профилактика заты жəне гипотиреоз дамыған
кезде алмастырушылық терапия заты болып табылады.
Эндемиялық зоб кезінде тиреоидты препараттарды тағайындауға
көрсетімдер: диффузды эутиреоидты зоб 16-2-3 ұлғаю ст. (кейбір
эндокринологтардың ойынша — 1a-2-З ст.); Эндемиялық зобтың емі
үшін натрий левотироксин, лиотиронин, тиреотом қолданылады.

23.

24.

25.

Қорытынды:
· Темір тапшылығын шақырған себептерді жою.
· Құрамында темір көп диета (ет, бауыр жəне басқалар.).
· Темір препараттарын ұзақ қабылдау (4-6 ай).
· Темірдің парентералды препараттары (көрсетімдер бойынша).
· Ауыр анемия кезінде эритроцитарлық масса құю.
· Қауіп-қатер тобындағыларға темір препараттарын профилактикалық
қабылдау
Науқастарға теміртапшылық анемиясын емдегеннен кейін, ұзақтылығы 6
апта профилактикалық курс ұсынылады (темірдің тəуліктік дозасы — 40 мг),
сонан соң жылына 6 апталық екі курс жүргізіледі немесе етеккірден соң 7-10
күн бойы күн сайын 30-40 мг темір қабылдау. Күнделікті 100 г. кем емес ет
пайдалану қажет.
Терапевтте тұрғылықты жері бойынша диспансерлік есеп. Жылына 2 рет
тексеру, жалпы қан анализін зерттеу, сарысулық темір мөлшерін анықтау.
Мұнымен қоса, теміртапшылық анемиясының этиологиясын ескеріп,
диспансерлік бақылауды жүзеге асыру, яғни науқас теміртапшылық
анемиясын шақырған ауру себебі бойынша диспансерлік есепте тұрады.
Қорыта келе айтарым, біріншіден, күнделікті ішіп жейтін тамағымыздың
құрамында йодқа бай тағамдар болса, йодталған тұзды дұрыс пайдалана
білсек. Күнделікті тұтынатын тағамдар арасында иодтың мол болуын қатаң
қадағалап отыру қажет деп ойлаймын

26.

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
1. Клиническое руководство по скринингу, профилактике и лечению
железодефицитной анемии. Ташкент 2009.
2. Iron deficiency anemia. EBM Guidelines. 17.04.2014.
3. Клинические рекомендации. Фармакологический справочник. “ГЭОТАР-МЕД”,
2004.
4. Клинические рекомендации для практикующих врачей. ГЭОТАР-МЕД, 2007.
5. Guidelines for the management of iron deficiency anaemia. Gut, 2000.v.46, p.1.
Goddard A.F., Mcintyre A.S., Scott B.B.
6. Основы клинической гематологии. Справочное пособие. Под редакцией проф.
В.Г.Градченко ,2005г.
https://kazmedic.org/archives/3967
https://diseases.medelement.com/upload/59f5a6161cc59736ec2234b3d80c1988.
pdf
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 2007, №165 - 2012)
Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Г.А.
Герасимов, В.В. Фадеев и др. Йоддефицитные заболевания в России.
Простое решение сложной проблемы. – Москва., 2002 г. 2. Эндокринология
под ред. Лавина. – М., Практика, 1999. 3. Эндокринология под ред. Дедова
И.И. – М., 2002 г. 4. Болезни щитовидной железы. Под ред. Браверманна
Л.И. – Москва, Медицина, 2000г. 5. Справочник Видаль «Лекарственные
препараты в Казахстане» 2006г. 6. Е.А. Биртанов, С.В. Новикова, Д.З.
Акшалова «Разработка клинических руководств и протоколов диагностики
и лечения с учетом современных требований» Методические рекомендации
Алматы 2006г.
English     Русский Правила