Терең қопсытқыш
Мазмұны:
Жердi жырту. Топырақты терең өңдеу тәсiлi ретiнде мәдени жыртудың теориялық негiзiн қалаған академик В.Р. Вильямс болатын. Оның
ЖЕЛ ЭРОЗИЯСЫНА ҰШЫРАҒАН ТОПЫРАҚТЫ ӨНДЕУГЕ АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР
Назарыңызға рахмет!
304.19K

Терең қопсытқыш

1. Терең қопсытқыш

Орындаған:Жанболатова Диана
Балтабаева Анель

2. Мазмұны:


Топырақты терең өңдеудiң тәсiлдерi мен құралдары
Топырақты өңдеудiң сапасын анықтау
ЖЕЛ ЭРОЗИЯСЫНА ҰШЫРАҒАН ТОПЫРАҚТЫ ӨНДЕУГЕ АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР

3.

Топырақты терең өңдеудiң тәсiлдерi мен құралдары
Топырақты терең өңдеу дегенiмiз – бүкiл жыртылатын қабаттың құнарлылығын
арттыру мақсатында топырақтың генетикалық құрылысын айтарлықтай
өзгертпестен топыраққа құралдар мен машиналар арқылы әсер ету. Солтүстiк
Қазақстан жағдайында топырақты терең өңдеу негiзiнен 20-22 және 25-27 см
тереңдiкте жүргiзiледi. Аймақтарына қарай, терең өңдеудiң басты тәсiлдерiне жердi
жырту және терең қопсыту жатады.
Жердi жырту терең қопсытуға қарағанда көп ерте қолданыла бастаған. Жердi
жыртудың сапасы 1863 жылы Рудольф Сакк шым аударғышы, пышағы және
қайырмасы бар соқаны ойлап тапқаннан кейiн күрт жақсарды. Оған 1871 жылы
Париждегi дүниежүзiлiк кқрмеде құрметтi диплом тапсФырылды. Рудольф Сакк
өзінiң құралын «мәдени соқа» деп атады. Содан берi жердi шым аударғышы бар
соқамен жыртуды «мәдени жырту» деп орынды айтады.Бұдан кейiн тракторға
тiркелетiн соқалар жасалды, олардың алымы кеңейдi, бiрақ оның жұмыс орындау
қағидасы негiзiнен сол күйiнде қалды.
Ұзақ уақыт бойы жердi соқамен жырту, топырақты терең өңдеудiң бiрден-бiр дерлiк
тәсiлi болып келдi. Тек елуiншi жылдардың басына ғана Т.С.Мальцев жердi
жыртудың бұл үстемдiгiн бұзды. Ол топырақты терең өңдеуге бiрiншi рет арнайы
дайындалған қайырмасыз соқаны қолданды. Өңдеудiң жаңа тәсiлiн жаңа төрт және
бес танапты ауыспалы егiстерде ұзақ уақыт жүргiзiлген сынау жақсы нәтиже бердi

4. Жердi жырту. Топырақты терең өңдеу тәсiлi ретiнде мәдени жыртудың теориялық негiзiн қалаған академик В.Р. Вильямс болатын. Оның

мәнi мынада: жыртылатын қабаттың беткi шаңданған бөлігі шым аударғышпен төменге түсiрiледi және бас
корпус оны жыртылатын қабаттың шаңданбаған, ұсақ түйiршiктерге ыдыраған төменгi бөлігімен жабады (25- сурет). Мәдени
жырту 20 см кем тереңдiкке жүргiзiлмейдi. Тереңдiгi 20 см артық жыртуды терең жырту деп атайды (15).
Жердi жырту үшiн көп корпусты түрлi маркалы соқаларды қолданады. Көбінесе жердi айыра және құлата жырту тәсiлдерi
қолданылады.
Құлата жыртуды загонның ортасынан бастайды және ол жерде үйiлген атжал пайда болады. Айыра жыртуды загонның
шетiнен бастайды. Бұл жағдайда загонның ортасында арық сияқты айырма атыз пайда болады (10). Жердi айналмалы
соқалармен де жыртуға болады. Загонның соңында соқа 1800 айналады да, жердi жыртуға жұмыс органдарының екiншi тобы
кiрiседi. Сондықтан топырақ тек бiр жаққа ғана аударылады да, жыртылған жердiң бетi тегiс болады.
Солтүстiк Қазақстан жағдайында жердi аудара жырту көкөніске, картопқа жер дайындағанда, сүрлемге арналған
танаптарды өңдегенде, көңді топыраққа сiңiру үшiн, көп жылдық шөптердiң қыртысын өңдегенде және өнімділігі нашар табиғи
мал жайылымдылық жерлердi түбегейлi жақсарту үшiн қолданылады.
Дәндi-сүрi танапты ауыспалы егiстерде жердi аударып жырту, негiзiнен, пайдаланылмайды. Канаданың астық қндiретiн
аймақтарында да жердi аударып жыртпайды (114).
Көптеген ғылыми зерттеулер мен өндірістiк сынау жұмыстары жердi соқамен жыртудан Украинада (67, 68, 121), Едiл
бойында (41), Ростов облысында (21) бас тартуға болатынын көрсетті. Батыс Еуропада да мұндай әрекеттер жасалуда (48).
Терең қопсыту кезiнде өңделетін қабат тiлгiленедi, қопсытылады бiрақ аударылмайды. Жердiң бетiнде аңыз паясының
80% дейiн сақталады. Терең қопсытудың негiзгi құралдары – ПГ-3-100; ПГ-3-5 (26- сурет).
Топырақтың ылғалдылығы ең аз су сыйымдылығы 55-65% болғанда, терең қопсытудың сапасы жақсы болады. ұңдегенде
сағатына 10 км дейiн жылдамдықпен жүруге болады. Терең қопсыту 30 см дейiн тереңдiкте жүргiзiледi (65, 79).
Терең қопсыту топырақтың қңделу қабатының су өткізгіштігін арттырып, оның көктемгі қар суын жақсы сiңiруiне әсер
етедi

5.

Жазықтiлгiш- терең қопсытқыш
ПГ-3-100

6.

Топырақты өңдеудiң сапасын анықтау
Топырақты өңдеудiң сапасын анықтаудың бiрнеше маңызды ерекшелiктерi бар: а) атқарылатын жұмыстың кең көлемдiлiгi; ә)
жұмыстың сапасына әсер ететiн жағдайлардың көптiгi (топырақтың қасиеттерi, ауа райы, механизаторлардың кәсiби
шеберлiгi, топырақ өндейтін құралдардың мүмкiндiктерiнiң төмендiгi, топырақтың ылғалдылығы т.б.); б) жұмыс сапасын
жоғары деңгейде анықтайтын аспаптардың болмауы; в) нақтылы топырақ-климат жағдайлары ескерiлiп жасалған ауысымдық
жұмыс жүктемелерiнiң болмауы; г) топырақты өңдеудiң сапасын тыңғылықты бақылайтын қызмет орнының болмауы; д)
орындаушының материалдық жағдайының жұмыс сапасымен байланысының жеткiлiксiздiктерi, тек жұмыс сапасы өте дқрекi
бұзылған жағдайда ғана материалдық жауапкершiлiктiң туындауы; ж) кебiр жағдайларда, сапасы төмен жұмыстарды қайталап
жүргізу арқылы түзетуге болмайтындығы.Бақылаудың және жұмыс сапасын анықтаудың маңызы. Егiншiлiкте топырақты
өңдеудi бақылау мен жұмыстың сапасын анықтаудың маңызы зор. Топырақты сапалы өңдеу – егiншiлiк мәдениетiнiң өсуi мен
ауылшаруашылығы дақылдарының түсiмiн арттырудың негiзi болып табылады. Жұмыстың сапалы орындалуы-кемшiлiктi
жою үшiн қосымша өңдеудiң қажеттiлiгiнен босатады, жұмыс күшiн, жанар-жағар майды үнемдейдi, машиналардың
мезгiлiнен бұрын тозуын болдырмайды, топырақты шаңданудан сақтайды. Топырақты оңдеудi бақылау мен жұмыстың
сапасын анықтауды дұрыс жолға қою-механизаторлардың атқарған жұмыстың сапасына деген жауапкершiлiгiн арттырып,
еңбектiң түпкiлiктi нәтижесiне ынталы болуына тәрбиелейдi.Топырақты жазықтiлгiш құралдармен өңдеудiң сапасын бағалау.
Трактордың күшiмен атқарылатын жұмыстардың сапасын анықтау арнайы әдебиетте толық жазылған (10,13,24,65,76,). Мұнда
бiз жазықтiлгiштермен өңдеудiң сапасын анықтау туралы ғана кысқаша сөз етпекпiз.Топырақты жазықтiлгiштермен өңдеудiң
сапасын, жазықтiлгiш құралдарға қойылатын агротехникалық талаптар негiзiнде анықтайды. Жазықтiлгiш құралдар
топырақты қопсытуды, арамшөптердi отауды, топырақты мейлiнше аз шаңдандыруды және құрғатуды қамтамасыз етiп, оның
беткi қабатының желдiң әсерiне төзімдiлiгiн сақтап, ылғал жинауға жағдай жасауы керек.
Топырақты жазықтiлгiш құралдармен өңдеуге қойылатын агротехникалық талаптар мен оның сапасын анықтайтын
көрсеткіштер 62-кестеде берiлген.Қопсытудың тереңдiгiн диаметрi 12 мм темiр шыбықпен анықтайды. Оның әр 10 мм сайын
айнала жонып салған жiңiшке белгiсi және 50 мм сайын жалпақтау белгiсi бар. ұңдеудiң тереңдiгiн тiректiң iзiнен 20-25 см
қашықтықта жүргiзедi. Загонның ұзына бойында 20-дан артық жерде қопсытудың тереңдiгiн анықтап, орташа көрсеткішін
табады да, оны 20 % (қопсытқанда топырақ қабаты қалыңдығының өзгеру мөлшері) кемiтедi.

7. ЖЕЛ ЭРОЗИЯСЫНА ҰШЫРАҒАН ТОПЫРАҚТЫ ӨНДЕУГЕ АРНАЛҒАН МАШИНАЛАР

Топырақ эрозиясы деп жел, су тасқынының және ауылшаруашылық машиналар органдарының механикалық әсерінен
топырақтың бұзылып және қозғалып кетуін айтады.
Ашық топырақ бетін ауа тасқынының әсер етуінен топырақтың бөлшектері қозғалысқа келіп ұша бастағанда жел
эрозиясы пайда болады. Қозғалған бөлшектер ауа тасқынына қосылып, алыс қашықтыққа ұшып кетеді.
Жыртылатын жерлерді жел эрозиясынан қорғау үшін эрозияға қарсы агротехникалық шаралар кешені қолданылады.
Бұл кешенге топырақ бетіне өсімдік сабақтарының қалдықтарын қалдырып, топырақ қыртысын аудармай жырту жүйесі
және топырақ қорғауға бағытталған егіс ауысымдары кіреді, сонымен қатар танап бетінен ауылшаруашылық
машиналардың өту санын азайту керек.
Аспалы КПГ-250А, ПГ-3-100, ПГ-3-5, КПГ-2,2, ГУН-4 жазық кескіш- терең қопсытқыш культиваторлар топырақты негізгі
аудармай өңдеуге және парды 25-30см-ге дейін қопсытуға арналған. Культиваторлар алымы 250 немесе 110см жебе
тәрізді жазық кескіш табандармен жабдықталған (45 сурет). Терең қопсытқыш табанның тірегінің 4 төменгі жағына
өкше пісіріліп бекітілген. Өкшеге қашаулы 6 башмақ 1 және өздігінен қайралатын түрендер 3 бекітілген. Тірекке пісіріліп
бекітілген бұрыштамаға реттегіш винт 5 бұралған, винттің қалпақшасы раманың брусына тіреледі. Винтті 5 бұрау
арқылы табанның көлбеулік бұрышын өзгертеді. Тіректегі 4 эллипстік тесік алдыңғы болт арқылы қозғап, табан
көлбеулігін өзгерту мүмкіндігін береді.
Табанның түренмен (45ә сурет) кесілген топырақ қыртысы түреннің көлбеу жүзімен қозғалғанда қопсытылып, жерге
аударылмай түседі. Өсімдіктердің кесілген сабақ қалдықтары аңыз бетінде қалып, эрозиялық процестерді
болдырмайды.
Жазық кескіш-терең қопсытқыш ПГ-3-100 (45б сурет) алым ені 110см үш жазық кескіш табандармен 7 жабдықталған.
Түрендердің кескіш жүздерінің арасындағы бұрыш 1000. Алым ені 3,1м, өңдеу тереңдігі 30см. Өңдеу тереңдігін тірек
доңғалақтың 8 винттік механизмі арқылы реттейді.
Жазық кескіш-терең қопсытқыш ПГ-3-5 орталық 1 және екі бүйірлік 2 рамадан, жұмыс органдарынан 3, тірек
доңғалақтардан 4 және гидрожүйеден тұрады (46 сурет). Бүйірлік рамалар транспорттық жағдайға гирожүйесінің
көмегі арқылы келтіріледі. Алым ені – 5,3м.

8.

9. Назарыңызға рахмет!

English     Русский Правила