«Шығыс қазақстан гуманитарлық колледжі»
Өсімдік
Өсімдік өмір сәні, табиғат көркі, дәрі-дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп көрік бере қоймай, бөлменің, үйдің ауасын
ДРАЦЕНА «Dracaena»
БЕГОНИЯ(BEGONIA)
Азалия Azalea
САНСЕВИЕРИЯ (SANSEAVIERIA)
Кливия  Clivia
ҮЙ ШЕГІРГҮЛІ (FIALKA)
ТЕҢБІЛГҮЛ (CYCIAMEN)
ҚАЗТАМАҚ — (AZTAMA)
Бөлме өсімдіктерінің көбейту тәсілдері
Бөлме өсімдіктерінің әдемі көрінісі
Бөлмеде өсірілетін гүлдердің агротехникасы 
Өсімдіктерді суару
 Бөлме гүлдеріне арналған тыңайтқыштар
Мазмұны
10.28M
Категория: БиологияБиология

Бөлме өсімдіктері

1. «Шығыс қазақстан гуманитарлық колледжі»

Бөлме өсімдіктері
Жинақтаған: Сағидолдинова.А
Тексерген: Мұратова.А.М
Өскемен 2018 жыл

2. Өсімдік

• Өсімдік – табиғат қазынасы, халық
байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде
тіршілік жоқ.Өсімдік - өмір өзегі деп
бекер айтылмаған, олардың саялы да
аялы жапырақтары көмірқышқыл
газын өздеріне сіңіріп, сыртқа оттекті
бөліп шығарады.Өсімдіктер
айналадағы ауаны жақсартады: ауа
райын салқандатып, қатты желге
тосқауыл болады.Өсімдік адамның
денсаулығын нығайтып, бойына күш
береді. Тыным бақтардағы әсем де
әдемі өсімдіктер адамзатты жарқын
көңіл күйге бөлейді. Жасыл
өсімдіктер суды буландыру арқылы
ауаны ылғалдандырады.

3. Өсімдік өмір сәні, табиғат көркі, дәрі-дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп көрік бере қоймай, бөлменің, үйдің ауасын

тазартады. Бізге қуаныш
сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болады екен. Олардың
көптеген түрлері болады.Бөлме гүлдері кеңсенің,
үйдің сәні болып табылады.

4. ДРАЦЕНА «Dracaena»

Шағын пальмаға өте ұқсайды,
сондықтан адамдарға жағымды
атмосфера сыйлайды. Драцена гүлі
туралы жалпы мағлұмат Драцена
Африкадан шыққан тропикалық
өсімдік.
Ол «Агавовые» тұқымдастығына жатады. «Dracaena»
атауы «ұрғашы айдаһар» деп аударылады. Оның мәңгі
жасыл бұтасы тік сабақ жапырақтарының гүлөрнектерімен
сипатталады. Өсу кезінде оның тармағы қатаяды және
діңгекке айналады. Драценаның вегетативтік ағзалары
жасыл түске боялған және ұзын пішінге ие. Өсімдіктің
ұзындығы да кіші емес. Оның жасына қарай 10
сантиметрден 3 метрге дейін өзгереді. Бұл өсімдік
гүлдемейді, алайда иесін әдемі жасыл жапырақтарымен
қуантады. Драценаға дұрыс күтім жасағанда оның өмір
сүру уақыты кем дегенде 5 жылға жетеді, ал оның шегі 15
жылға дейін барады. Бұл жерде оның қай түрге
жататынына да байланысты. Драценаны бұрыннан үйде
өсіре бастаған. Себебі, ол иесінен аса ерекше күтімді
қажет етпейді. Драценаның будандастыру әдісімен
алынған көптеген түрлері бар. Олардың кең таралған
түрлеріне мыналар жатады: – Голдена драценасы Батыс
Африкадан шыққан.

5. БЕГОНИЯ(BEGONIA)

Отаны Мексика
900-ге жуық түрі бар
Биіктігі 30см дейін
жетеді.
Ең көп тараған түрлері:
бұталы, жарталай бұталы және өрмелегіш.
Гүлдері ірі және ұсақ түрлі болады.
Хош иісті. Жазғы күндері бақшада өсіруге
болады.Көбейтілуі: Сабағын қалемшелеу
арқылы, жапырағы арқылы, түйнек және
бөлу арқылы.

6. Азалия Azalea

Аза́лия (лат. Azalea) – ерекше
күтімді талап ететін бөлме
өсімдігі. Ол рододендрон
тұқымдасына жатады. Отаны
– Қытай елі. Жалпы екі
мыңнан астам түрлері бар.
Биіктігі түріне байланысты 40 см-ден 3 метрге дейін
болады. Жапырақтары жұмыртқа пішіндес, жылтыр
жасыл түсті. Гүлдерінің диаметрі 3,5-5 см, түсі негізінен
күлгін, қызыл, ақ. Шар тәрізді гүл жарады. Соңғы уақытта
азалияның шөмеле және пирамида пішіндес түрлері
шығарылды. Азалия қыс бойы, ерте көктемге дейін
гүлдеп тұрады. Бірақ ерекше күтімді қажет ететіндіктен,
оған үлкен еңбек жұмсау керек. Азалия гүлін сатып
аларда екі-үш гүлі ашылғанын таңдаған жөн. Ал, одан
арғы жағдайы өзіңіздің қолыңызда, жасаған күтіміңізге
байланысты. Сондықтан, жаңадан гүл өсіріп жүрген
азаматтарға азалияны өсіруге кеңес бермейміз. Біраз
тәжірибе мен білім жинағаннан кейін ғана азалияны
өсіруге болады. Азалияның ұзақ гүлдеуі мен дұрыс өсуі
үшін оны молынан суғарып, жарық жерге орналастырып
және жиі ылғалдандырып тұру керек. Сонымен қатар,
гүлдеп біткен гүлсабақтарын өз уақытында кесіп
тастаған дұрыс.

7. САНСЕВИЕРИЯ (SANSEAVIERIA)

Өте баяу өсетін ғажайып
өсімдік. Ол
құрғақшылыққа,
көлеңкеге төзімді. Оны
өсіру өте жеңіл. Биіктігі 23м өсе алады.
Көбейтуі:
1.Топырақты даярлаймыз
2.Зақымдалған жапырақтарын кесеміз
3.Жапырағын әйнектің үстіне қойып 2,5-3см қылып
кесеміз
4.Кесілген жапырақтарды 2-3см аралықта көлденең
отырғызамыз
5.Өсімдікті суарып жылы
жерге қоямыз
6.Топырағы кепкеннен кейін
өсімдікті суға қоямыз

8. Кливия  Clivia

Кливия Clivia
Кливия (лат. Clivia) –
амариллистер тұқымда
сына жататын пияз
тектес өсімдік. Отаны
— Оңтүстік Африка.
Шылбыр тәрізді қошқыл жасыл қалың
жапырағы бар, аласа, сабағы жуан 6—12 гүлі
болады. Бөлме де өсетін кливияның
жапырағы сарғыш жолақты болып келеді. Ақ
гүлді кливия да кездеседі. Қайта отырғызу
кезінде бөлектел кесіп алатын қалемшелерден
өсіріледі. Құм қосылған сазды шым және
шіріген жапырақ аралас топырақта жақсы
өседі. Бұрыннан келе жатқан кливияны 2—3
жылда, ал жаңа өскенін жыл сайын қайта
отырғызады. Өніп келе жатқанда және
гүлдегенде қандыра суарыл әрі қоректендіру
отыру қажет

9. ҮЙ ШЕГІРГҮЛІ (FIALKA)

Шегіргүлдер жақсы
күтімді қажет етеді.
Оның тамыры қысқа
болғандақтан кейбір
кезде жапырағы
молайып гүлдемейді.
Сондықан оның тамырға жақын астыңғы
жапырақтарын мейлінше сарғайғанын кесіп
алып тастау керек.
Көбейтілуі:қалемшелеу арқылы

10. ТЕҢБІЛГҮЛ (CYCIAMEN)

Отаны Сауд Аравиясы
Қысы-жазы гүлдейтін
бірден бір үй гүлі.
Қыста үй жағдайында
және жазда бақшада
өсіріледі.
Тіршілік ұзақтылығы 6 жыл. Жылына 3-рет
гүлдейді:қыста, көктемде, күз мезгілдерінде. Бір
түбегі 50-ге жуық гүл жарады.Теңбілгүлге өсімдік
биті өш келеді. Олар жапырақ астында, сабағында
өмір сүреді. Гүлді күнделікті және мол суармайды.
Тиімді жолы күнделікті өсімдікті айналдыра ауаға
су бүркіп қою. Ол отбасылық тыныштықты
қалыптастырып, адамзатты қарғыс пен тіл –көзден
сақтайтын қасиеті бар.
Көбейтілуі:
Тек тұқым арқылы ғана көбейтіледі

11. ҚАЗТАМАҚ — (AZTAMA)

Қазтамақты жатын бөлмеге
орналастырған жөн. Одан
бөлініп
шығатын пайдалы қоспалар ма
засыздықты жеңуге
көмектеседі. Ауаны
стафилококк, стрептококк
бактерияларынан
залалсыздандырады.
Оны тексеру үшін ғалымдар стафилококк бактериясының 12 тамшысын қазтмақтың жапырағына тамызғанда, үш
сағатта бактериялар өліп қалған. Сонымен қатар шыбыншіркейлер қазтамақ бар жерден қашады. Бөлмені
жаман иістерден тазартады. Сондықтан ас бөлмеге де
қазтамақтың пайдасы зор. Күтімі жеңіл.
Жарықсүйгіш. Жазда молынан, қыста суғаруды
азайтады. Күшті бактерицидтік қасиетінің. Ал қазтамақ
(герань) бірінші суғармаса, кәдімгідей «ренжитін» көрінеді.
Өзінің ренішін ол көпке дейін гүл ашпай тұру арқылы
білдіреді. арқасында, аурулар мен зиянкестерге
ұшырамайды.

12. Бөлме өсімдіктерінің көбейту тәсілдері

Жақсы қалемше кесіп алу.
Шынының үстіне
қойып сабағын
қысқартып, топыраққа
отырғызу көбейтудің ең
жеңіл тәсіл.
Тамырланған гүл
қалемшесін құнарлы
топыраққа отырғызу
арқылы көбейту
Отырғызылған гүл
қалемшесін жақсылап
суару қажет

13. Бөлме өсімдіктерінің әдемі көрінісі

14. Бөлмеде өсірілетін гүлдердің агротехникасы 

Бөлмеде өсірілетін
гүлдердің агротехникасы

15. Өсімдіктерді суару

Әдетте үй өсімдіктерін
өсірушілер өсімдікке суды
көп құнды, соның
салдарынан өсімдіктің
тамыры шіриді. Өсімдікке
құятын судың
температурасы бөлме
температурасына шамалас
немесе одан 5—70 жоғары
болуы керек.
Ол үшін өзен, жаңбыр, қар, тоған немесе құбыр суын
пайдалануға болады.Өсімдікке су құйғанда топырақтың
түйіршіктері жібіп, су ыдыстың түбінен ағуы тиіс. Тығыз
топыраққа отырғызылған өсімдіктің аңқай суын сол
бойда, ал жеңіл топырақтық артық суын 30 минуттай
немесе 1 сағаттап кейін төгіп тастайды. Кейбір ылғал
сүйетін өсімдіктердің (циперус) табандығында үнемі су
жатқаны жөн. Егер топырақ өте қурап, кеуіп кетсе, онда
өсімдіктің топырағы жібіп, судың бетіне шыққан көбік
басылғанша ыдысымен суға салып қояды. Өсімдікке су
құйғанда су
құйғыштың шүмегі гүл тостағанының
ернеуіне тиіп, тұруы қажет.

16.  Бөлме гүлдеріне арналған тыңайтқыштар

Бөлме гүлдеріне
арналған
тыңайтқыштар
• Қант — бөлме гүлдерін құнарландыру үшін
қолданылатын табиғи тыңайтқыштардың бірі.
Қантты топыраққа себеді немесе сумен
араластырады. Егер сумен араластыратын болсаңыз,
10 гр қантты 200 мл суда ерітіңіз. Бұл ерітіндімен
гүлді аптасына екі рет суару қажет. Сонымен қатар,
дәріханадан глюкоза сатып алып, 1 таблетка
глюкозаны 1 л суда ерітіп, бөлме гүлдерін суаруға
болады. Мұндай ерітінділерді гүлдердің
жапырақтарына шашуға да болады. Бұл ерітінділер
әлсіз және ауырып тұрған гүлдерге жақсы
көмектеседі. Ал мықты бөлме өсімдіктері мұндай
тыңайтқышты қажет етпейді.
• Кофе ішкен соң қалдығын төкпеңіз, оны
топырақпен араластырыңыз. Бұл тыңайтқыштан соң
топырақ борпылдақ бола түседі. Сонымен қатар,
топырақтың қышқылдығы артып, гүлде де қышқыл
болады. Тыңайтқыш ретінде тек кофе емес, шай
қайнатымын да пайдаланады. Алайда абай болу
қажет. Себебі, топырақтағы шайды шіркейлер
жақсы көреді

17.

• Цитрус тұқымдас және басқа да жемістер
Бөлме гүлдерін өсіруде апельсин, мандарин және
бананның қабығы жақсы тыңайтқыш болады.
Мұндай тыңайтқышты дайындау үшін апельсиннің
немесе мандариннің қабығын ұсақтап турап, 1
литрлік құтыға салып, туралған қабықтар
бататындай етіп қайнаған су құясыз. Бір күн тұрған
соң құтының ішіндегі қабықтарды алып тастап,
оның шырынына 1 л құты толғанша таза су құясыз.
Содан соң гүлдерді суара беруге болады.
Күл
Күл — магний, темір, фосфор, кальций және күкірт
секілді пайдалы химиялық элементтерден тұрады.
Гүлдерді құнарландыру үшін күлді топырақпен
араластыру керек. Сонымен қатар, күлден сұйық
тыңайтқыш дайындауға болады. Ол үшін 20 гр
күлді 1000 мл суда ерітіңіз.
• Пияз қабығы
Пияздың қабығы көптеген микроэлементтерге бай
болғандықтан, одан тыңайтқыш дайындауға
болады. Ол үшін 50 гр пияз қабығына 2 л су құйып,
қайнатыңыз. Қайнаған соң, отты сөндіріп,
суытыңыз. Суыған соң, сұйығын сүзіп алып,
залалсыздандыру мақсатында сол сұйықтықпен
өсімдіктерге және топырақтың бетіне шашыңыз.

18.


Жарма жуылған су
Жарма (күріш, қарақұмық және т.б.) жуылған суды
тыңайтқыш ретінде қолдануға болады. Мұндай
судың құрамында күкірт, темір, магний, фосфор
болады.
Бөлме гүлдеріне тыңайтқыш қолдану үшін
төмендегі ережелерді сақтаңыз:
- Өсімдікті жаңа топыраққа көшіріп отырғызу
кезінде 2 ай уақыт өтпей, құнарландырмаңыз.
Себебі, жаңа құнарлы топырақта өзінің
тыңайтқышы болады. Ал топырақта
тыңайтқыштың мөлшерден тыс көп болуы да
өсімдіктің өлуіне алып келеді;
- Өсімдікті құнарландырар алдында оны қарапайым
сумен суарып алыңыз. Себебі, тыңайтқыштың
концентрациясы жоғары болып кетсе, өсімдіктің
өлуінен сақтайды;
- Барлық әлсіз және ауру өсімдіктерді мұқият
тыңайту керек. Ол кезде тыңайтқыштың
концентрациясы аз болуын бақылаңыз;
- Тыңайтқышты жыл бойы қолданудың қажеті жоқ.
Бөлме гүлдері тыңайтқышты көктем-жаз мезгілінде
ғана қажет етеді.

19. Мазмұны

• 1. ДРАЦЕНА «DRACAENA»
• 2. БЕГОНИЯ(BEGONIA)
• 3. АЗАЛИЯ AZALEA
• 4. САНСЕВИЕРИЯ
(SANSEAVIERIA)
• 5. КЛИВИЯ CLIVIA
• 6. ҮЙ ШЕГІРГҮЛІ (FIALKA)
• 7. ТЕҢБІЛГҮЛ (CYCIAMEN)
• 8. ҚАЗТАМАҚ — (AZTAMA)
• 9. БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ
КӨБЕЙТУ ТӘСІЛДЕРІ
• 10. ӨСІМДІКТЕРДІ СУАРУ
• 11. БӨЛМЕ ГҮЛДЕРІНЕ
АРНАЛҒАН ТЫҢАЙТҚЫШТАР
English     Русский Правила