Похожие презентации:
Бастауыш сынып оқушыларының бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру жолдары
1. Бастауыш сынып оқушыларының бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру жолдары
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық УниверситетіФилософия және саясаттану факультеті
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы
Дайындағандар: Әжмәмбет Ә., Архабаева А., Қабиева М., Құттыбек А., Зунун Г.
Қабылдаған: Абишева Л.Ү.
2.
3.
Бастауыш мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыружұмыстарына балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, олардың қабылдау
мүмкіндіктеріне сәйкес лайықтыларын ғана пайдаланып, оларды тиімді қолдана білген
жөн.
Қазіргі таңда бұл талаптарды жүзеге асырудың мынадай мүмкіндіктері бар:
тұлғалық қасиеттерді
қалыптастыру
бойынша
адамгершілік
құндылықтарды кез
келген пәнді
оқытудың мазмұнына
кіріктіру;
сыныптан тыс
сабақтарды баланың
тұлғалық
қасиеттерінің
қалыптасуына ықпал
ететіндей бағытта
ұйымдастыру;
жеке пән ретінде
жүргізілетін
сабақтардың
бағдарламасына еңгізу.
4.
Бастауыш сынып оқушысы тұлғасынқалыптастыруда
халық
педагогикасы
материалдарымен
таныстыру,
оларды
тыңдағанын қайта әңгімелеп беруге, мақалмәтелдерді, жаңылтпаштарды мәнерлеп айтуға
үйрету мен сөздік қорларын байыту, сөздік
шығармашылықтың бастапқы формаларын
дамыту мен адами ізгілік қасиеттерді,
психикалық процестерді жетілдіру жөніндегі
жұмыс төмендегі жеке тұлғанының қалыптасу
мүмкіндіктерін шешуге көмектеседі. Оған:
5.
ұлттықойындарды
түсініп, қызыға
ойлануға баулу;
халық
педагогикасының
асыл мұрасы – халық
ауыз әдебиеті
үлгілерін тыңдай
білу;
әдет-ғұрып, салтдәстүрлерді түсіну;
бейнелеу құралдарын
(сахналау, кейіптендіру,
диалог, кестелімодельдер, т.б.) ойында
қолдана отырып,
шығарманы мәнерлеп,
белгілі бір жанрмен
орындауға үйрету, сөздік
қорларын дамыту;
алған білімдері мен
іскерлік-дағдыларын
оқушының өзі
атқаратын ісәрекетте, өмірде
қолдануға үйрету.
ұлттық сәндікқолданбалы өнер
бұйымдарын
ажырата білуге;
6.
Бастауыш мектеп оқушыларын еңбекке баулуІ. Өзіне - өзі қызмет ету
1. Киімді күту, жөндеу (жамау)
2. Бөлмені, сыныпты тазалау.
ІІ. Ауылшаруашылық еңбек.
1. Сыныпта атқарылатын жұмыстар.
2. Тәжірибе үлесімінде атқарылатын жұмыстар.
3. Тірі табиғат бұрышында атқарылатын жұмыстар.
4. Мектеп фермасында өткізілетін жұмыстар
“Еңбекке баулу” пәнінің мақсаты – білім беру мәнінің жаңа бағытына сәйкес еңбек іс-әрекеті негізінде
оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру деп айқындалды. Осыған орай “Еңбекке баулу” пәнінің
міндеттерінің желісі түзілді:
- оқушының жеке тұлғасын мотивтік саналарын дамыту.
- оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
- оқушының қарапайым құралдармен және әртүрлі материал-дармен жұмыс жасау біліктілігін
қалыптастыру.
- пәндік практиканың дағдыларын қалыптастыру.
Стандартта “Еңбекке баулу” пәні оқушының технологиялық даярлығын жүзеге асыратын оқу пәні
ретінде жаңа сипаттамаға ие болды:
- еңбек мәдениеті туралы алғашқы түсініктер.
- өмірдің әртүрлі саласында қолданылатын жалпы еңбек дағдылары.
7.
Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті.«Адамгершілік» адамның санасындағы,оның ішкі
дүниесіндегі асыл қасиеттердің жиынтығы немесе
биік шыңы. Адам баласында адамгершілік қасиеті
қараптан-қарап туындамайтын қасиет. Ол қасиет
отбасында, ортада, мектепте, айналадағы
адамдармен қарым-қатынасында қоғамдық
тәрбиелермен қалыптасады. Халықта «Ұяда не
көрсең, ұшқанда соны ілесің»деген мақал бар.
Тәрбие болмаған жерде адамгершілік болуы мүмкін
емес. Адамның адамгершілік қасиеттері ең алдымен
дұрыс амандаса білу,айналасындағылармен жақсы
қарым-қатынаста болу,өзара сыйласу,
қарапайымдылық, кішіпейілділік,салмақты да
сабырлы болу,үлкенге ізетті, кішіге қамқор болу
жатады. Сондай-ақ өз қолыңнан келгенше көмегіңді
аямау,біреудің жақсылығын бағалау,оны қанағат
тұту.
8.
Мектептің есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірдеадамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын
үйренеді. Адам бойындағы жақсы қасиеттер рухтан
туындайды, ал барлық жаман қасиеттер амалдың көрінісі.
Адам денесі біреу болғанымен оның ішінде қарама-қарсы,яғни
жақсы мен жаман екі күш болады.Ол екеуі үнемі күресте
болады.Адамның жақсы не жаман болуының осыған
байланысты екенін Ш.Құдайбердиевтің мына бір өлеңі
айқындай түседі.
«Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр, Сол нұрды тән қамы
үшін жан жұмсап тұр. Тағдырдың бір қиын,сырлы сиқырымен
Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.»
Қазір адамдардың компьютер дәуірінде өмір сүріп жатқанын
бәріміз білеміз. Бірақ рухани адамгершілік адамның бойынан
толық көріне бермейді.Сондықтан да,білім берудің барлық
кезеңдерінде рухани адамгершілік тағылымдарын негізге
алған жөн. Сонда мінез-құлқы жетілген, саналы адам
қалыптасады. Жетілген мінез-құлық үш нәрсенің:
жүректің,ақылдың,қолдың келісімі. Бала өзінің жүрегін
тыңдауға үйренсе, жүрегінің ғана айтқанын орындаса өмірден
өз орнын таба алады деп сенемін.
9. «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта. тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті. мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды.» М.
ШоқайЕлбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан 2030» бағдарламасында «Біздің
жас мемлекетіміз өсіп – жетіліп кемелденеді. Біздің балаларымыз бен
немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз заманының жауапты
да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болмақ. Олар
бабаларымыздың игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы
жағдайда жұмыс істеуге даяр болады» - деген болатын.
10.
Дамыған елдер ішінде Жапонияда білім беру жүйесі ерекше. Жапон елінің білімжүйесі батыстық үлгіде болғанмен , нақты бір елдің жүйесін емес, керісінше
батыстық педагогикамен үйлестіріп, өзіндік білім жүйесін жасауға қол жеткізді.
Жапондықтар ең бірінші өздерінің ұлттық құндылықтарын жоғары бағалайды.
Олар білімге деген құштарлығымен танылған ұлт, ондағы білім жүйесі оқушы
бойында да тиісті адамгершілік ережесін қалыптастырып, ұлттық сипаттағы
қасиеттерді дамытады. Жапон елінде имандылық пен өнегелікке , патриоттыққа
тәрбиелеу
ең
маңызды
мәселе
болып
табылады.
Жер бетіндегі әр ұлттың мақсаты –өз ұрпағының бойында адамдық қасиет, ұлттық
рұх пен мәдениеттің күш - қуатын қалыптастыру, ұлттың болмысын, оның өмір
сүру тәсілі мен тәжірибесін, тәрбие ықпалының жолы мен бағытын ұғындыру. Тек
ұлттық құндылықтарымызды сақтау арқылы еліміздің білім мен саясатының
ұлттық-рухани дамуына, білім жүйесінің жетілуіне қоғамда өзіне лайықты орын
алатын білімді болашақ тәрбиелеуге ,озық қоғам құруға қол жеткізуге болады.
11.
Жеке тұлғаны ұлттық тәрбиеарқылы дамыта отырып,
нақты әрекет арқылы оқытуда
мына құндылықтардың болуы
қажет:
12.
Ғылыми теорияға,зерттеу еңбектергесүйіне отырып,бастауыш сыныптағы оқушылардың ұлттық
құндылық бағдарын қалыптастыру моделін екі бағытта
құруға болады:
1 моделі – Оқушының идеалы, 2 моделі – оқушыға ақпарат беру,
сенімі
өзін
өзі
тану қызығушылығын туғызу.Бағалау –
құндылық ұғымын түсінуі.
салыстыру, мәнін ашу, ұлттық
құндылық ұғымын меңгеруі болды.
13.
Мектеп табалдырығын бүлдіршін аттағаннан бастап білім беруде ел тарихынтерең қозғап,тәрбие сағаттарында, оқыту үрдісінде қазақ зиялы қауымның
еңбектерінің, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы
олардың бойына адами құндылықтарды қалыптастыра аламыз.Сондай – ақ
ұлттың салт сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер,
рәміздер, ырым – тыйымдар, жөн – жорағылар, діни ұғымдар, сенімдер,
перзеттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтың міндеті арқылы ұрпақтық
міндет арқылы іске асырылып,ұлттық қасиеттерге айналады.
14.
1.Оқыту үрдісі3.Тәрбие
шаралары
(пікірталас,
кездесулер)
2.Сыныптағы
тәрбие
сағаттары.
5.Кітап оқу.
4.Саяхат
жасау.
15.
Бастауыш сыныпта ұлттық құндылықты қалыптастыру ана тілі,математика,бейнелеу өнерісабақтарында жүзеге асырылады. Рухани – адамгершілік құндылықтардың маңызын айқындау
көбінесе ана тілі сабағында жүзеге асырылып жатады.
Мысалы: С.Мәуленовтің «Мен елімді сүйемін» шығармасын талдап көрейік. Сабақты бастамас
бұрын туған жер туралы түсіндіріледі. Өздерінің туған жерін сұрай отырып,туған жерге деген
сағынышын қалай жеткізетінін тыңдау керек.Бұл жерде мұғалімнің асқан шеберлігі, жауапкершілігі
қажет.
Біріншіден,мұғалімнің өзі туған жерді сағынып тұрған күй кешпей,оқушыға туған жердің қадір
қасиетін жеткізе алмайды. Сөйтіп,олардың туған жерлері туралы жан – жақты ойлануына
мүмкіндік бере алмайды.
Екіншіден,бастауыш сынып оқушыларының әлі туған жерден алысқа шығып көрмеген, оның
сағынатындай күй кешпеген жағдайларыда бар екенін ескеру қажет.Ол үшін мұғалім сол жердің
оқушы көңілін аудармай жүрген сұлу табиғаты,жері,суы,жан – жануарлар туралы тамсандыра
әңғімелеп берсе тіптен жақсы.
Оқушылармен шығарманы таңдағанда мынадай сұрақтар беріледі:
1.Туған жер адамды несімен тартады?
2.Туған жерге деген сағыныш қалай пайда болады?
3.Туған жерсіз адамның күні жоқ дегенді қалай түсінуге болады?
16. Қазақстан Республикасының ата заңының Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы бапта «Адамзаттыққа және
Отансүйгіштікке, өз Отаны –Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын
құрметтеуді қалыптастыру, сондай- ақ олардың мәні мен
маңызын түсіндіру мақсатында оларды оқыту, білім беру
ұйымдарының негізгі жалпы білім беру бағдарламаларына
енгізеді»
деп
атап
көрсеткен.
Мектепте мемлекеттік рәміздерді оқып үйрену бастауыш
сыныпта, сабақтан тыс тәрбиелік – танымдық жұмыстарды
жүргізгенде алғашқы түсініктер беріліп, өз елінің туы,
елтаңбасы,
әнұранына
деген
құрмет
сезімдерінің
қалыптасуына негіз жасалады. Мемлекеттік рәміздерді
құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдеп – ғұрыпты, салт –
дәстүрді құрметтеу болып табылатынын түсінеді.
17. Қорытындылай келгенде, М.Дулатов «... жалғыз құрғақ білім үйрену емес, біліммен бірге ұлттық тәрбиені қоса беру, балқыған жас
баланың ойына,қанына, сүйегіне ұлт рухын сіңіріп, ана тілін үйретіп
шығару. Мұндай балалар мектепті бітіргеннен кейін
қай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт
рухы жасымайды, қайда болсады, тіршілігінде қандай
ауырлық өзгерістер көрсе де, ұлт ұлы болып қалады»
деген.
Қазіргі тәрбие жұмысына қойылатын басты талап дені
сау, ұлттық сана- сезімі оянған, рухани ойлау
дәрежесі биік, іскер т.б. игі нәтижелері қалыптасқан
адамды тәрбиелеу.