Нелли Блай
1.02M
Категория: ЛитератураЛитература

Нелли Блай

1.

2. Нелли Блай

3.

АҚШ-тағы «New York World» газетінің
тілшісі Нелли Блай (шын есімі Элизабет
Кокрейн, 1864–1922) Жюль Верннің
«Әлемді 80 күнде шарлап» романының
кейіпкері сынды рекорд орнатуға бел
буады. Расында, мұндай саяхатты 80 күнде
жүзеге асыру XIX ғасырда мүмкін емес деп
саналған. Дегенмен, небәрі 22 жастағы
Нелли Жерді 72 күн 6 сағат 10 минут 11
секундта
айналып
өтіп,
романның
рекордын жаңартады.

4.

5.

Америкалық арманшыл азаматтың
саяхаты кітаптың желісімен жүреді. Ол
1889 жылдың 14 қарашасында саяхатын
Нью-Йорк қаласынан бастап, Филеас
Фогг сынды қарапайым транспорт
түрлерін пайдаланады. Әлемді өзіне
қаратқан рекордтың жол тізбегі былай
болған: Нью-Йорк – Лондон – Париж –
Бриндизи – Суэц – Цейлон – Сингапур –
Гонконг – Иокогама – Сан-Франциско –
Нью-Йорк.

6.

Жас тілшіге қаржы жағынан «New York World» газеті
басылымының редакторы Джозеф Пулитцер қолдау
көрсетеді. Бұл әрекеті арқылы Джозеф журналистиканың
жаңа саласының пайда болуына септігін тигізеді. Расында,
осы бір оқиғадан кейін үлкен басылым алқалары шет
елдерде өзінің тілшісін қалыптастыруды ойластыра
бастаған.
Нелли Блай жоспарлаған әлемді шарлау саяхаты
шытырман оқиғаға толы болады деп жарнамаланады. Ал
тілші болса француздың фантаст жазушысы Жюль
Вернмен саяхат барысында кездесіп, талаптануды
ойластырады. Әлемнің ағылшын тілді қоғамы оның
саяхатын толығымен бақылауға тырысады. Сондай-ақ,
айтылатын әңгіменің барлығы «Нелли Блай Филеас Фогг
рекордын жаңарта ала ма?» деген тақырып аясында
болады.

7.

8.

Бастапқыда Жюль Верн америкалық қыздың идеясына аса мән
бермеген. Нелли рекордты жаңартуға бел буғанын білдіру үшін
Жюльге «Блай» деген қысқа телеграмма жібереді. Әйткенмен
де, Жюль Верннің адамның шексіз мүмкіндігіне сенетіні оның
шығармаларынан белгілі еді.
Айта кетсек, француз жазушысы Жюль Верннің «Әлемді 80
күнде шарлап» романы алғаш рет 1872 жылы басылған
болатын. Одан кейін оқырмандар талабы бойынша бірнеше рет
қайта басылады. Арада 17 жыл өтіп, Нелли Блайдың
арқасында «New York World» газетінің тиражы бірден өсіп
кетеді. Себебі газеттің бас редакторы саяхаттың барысы
туралы ақпаратқа біріншілер қатарынан ие болу мақсатында
Блайдың соңынан арнайы тілшілер тобын жөнелтеді. Нелли
Блай өз саяхатын 1890 жылдың 25 қаңтарында аяқтайды. Бұл
оның жұлдызды сәті болатын. Әлемнің түкпір-түкпірінен
құттықтау телеграммалары келіп жатты. Солардың бірінде
былай жазылған еді: «Мен Нелли Блайдың жетістікке
жетуіне күдікпен қараған емеспін. Ол өзінің батыл мінезін
көрсетті. Тек қана алға! Жюль Верн».

9.

10.

Нелли Блай саяхаттан кейін айтарлықтай
танымалдылыққа ие болып, тілші
қызметінде тұрақты жұмыс істей
алмайды. Кейіннен Роберт Симон есімді
америкалық миллионерге тұрмысқа
шығып, "Iron Clad manufacturing Co."
компаниясының президенті қызметін
атқарады. Ал 1922 жылы 27 қаңтарда
өмірден озған соң, әлемнің беделді
басылымдары оған "Ғасыр әйелі" атағын
береді.
English     Русский Правила