Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері
87.99K
Категория: БиологияБиология

Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері

1. Қазіргі мектеп биология курсын құрудың негізгі принциптері

2.

Жоспар
1
“Оқу пәні” ұғымы
2 Жалпы дидактикалық принциптер
3 Ерекше биологиялық принциптер

3.

“Оқу пәні” ұғымы
Ұғым дегеніміз- адамның ойлау қабілетінің жоғары тұлғасы болып
саналады.
Оқу пәні – ғылымның көшірмесі боғандықтан оқушыларға ғылымның
жүйесін көрсетіп, пәнаралық байланыстарды пайдалану.

4.

Дидактика терминінің пайда болу тарихы
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің
негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның
дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне
байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты.
Бұл ұғымды ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс педагогы
Вольфганг Ратке. «Дидактика» терминін XVII
ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» (1657) деген
зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Оның ойы бойынша, дидактика «нені
оқыту» және «қалай оқыту керек» деген сұрақтарға жауап береді.Ол білім
берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті
және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды
ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді.
Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII–XIX
ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің,
неміс ғалымы Ф.А.Дистервегтің,
Ресейде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.

5.

Дидактика дегеніміз не?
Дидактика - бұл оқу және білімдену, олардың мақсаттары,
мазмұны, әдістері, құрал жабдықтары, ұйымдастырылуы мен
нәтижелері жөніндегі ғылым.
Дидактикада оқытудың мазмұнына, ұйымдастыру
формасына және әдістеріне қойылатын талаптар көрсетіледі.
Оның зерттеу пәні– оқытудың мақсаты, мазмұны,
заңдылықтары мен принциптері.

6.

Дидактикалық принциптер дегеніміз не?
Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі
бір дидактикалық принциптерге негізделеді.
Дидактикалық принцип - оқу-тәрбие ісінде басшылыққа
алынатын педагогикалық қағида ,оқу-тәрбие жұмыстарының
заңды жүйесі, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты
болып табылады.
Дидактикалық принциптерде оқу бағдарламмасы мен
жоспарына, оқулыққа, сабақ пен оқыту әдістеріне қойылатын
талаптар белгіленеді. Ол талаптар барлық пәнді оқыту ісінде
бірдей басшылыққа алынады. Олар бір-бірімен тығыз
байланысты құрылған.

7.

Педагогтар қауымы мойындаған
дидактикалық принциптер жүйесі:
1. ғылымилық,
2. саналық пен белсенділік,
3. көрнекілікпен оқыту,
4. жүйелік пен бірізділік,
5. беріктілік,
6. түсініктілік,
7. теория мен тәжірібенің байланысы.

8.

Ғылымилық принципі
Оқытудың ғылымилық принципіне орай оқушыларға ғылыми
білімдер мен ғылыми әдістерді меңгерту керек.
Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшін қызмет
ететінін түсіндіре отырып, оқушыларды дүниеге
диалектикалық, ғылыми материалистік көзқарас
қалыптастырады.

9.

Аталмыш принципті іске асыру үшін педагог орындайтын
негізгі талаптар:
-Оқушылардың ғылыми диалектикалық ойлау қабілетін дамыту.
-Шәкірттерге жаңа ғылыми ұғымдарды түсіндіру, жүйелі түрде қайталау,
пайдалану, қолдану, іске асыру.
-Оқыту әдістері арқылы оқушыларды ғылыми әдістерімен таныстыру, оларды
ізденушілікке, шығармашылыққа баулу, зерттеу тәсілдерін пайдалану үшін
кітаппен, анықтамалармен жұмыс істеуге ынталандыру .
-Әрбір ғылымның ашқан жаңалықтарын оқушылар санасына жүйелі түрде
қапайым ұғымдармен берік түрде жеткізу , жаңа сөздерді қолдану мұғалімнің
негізгі міндеті.
- Белгілі ғалымдардың өмір баянымен, олардың қосқан үлесімен оқушыларды
таныстыру.

10.

Саналылық пен белсенділік принципі
Оқушының өз ақыл-ой белсенділігі арқасында игерілген
терең де әрі өз бетінше ұғынылған білімдерден құралады.
Бұл принципке негіз болатын заңдылықтар: тек өз
ақылымен қабылдаған сапалы да, саналы білім адам білімінің
шынайы өзегі болады;
оқуға ынталануы;
белсенділік танытқан оқушылар ғана оны терең және ойларына
берік тоқулары сөзсіз.

11.

Негізгі талаптары:
-Оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, олардың мән –
мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету.
-Әр бір сөздің, сөйлемнің, ұғымның мәнін түсіндіру үшін оқушылардың
білімі мен тәжірибесін негізге алу.
-Оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттыратындай
тиімді әдістерді үнемі қолдану, бүгінгі белсенді шәкірт ертеңгі белсенді
қоғам мүшесі екенін ұмытпау.
-Өз бетімен оқытуды үйрету.
-Бас және қосалқы материалын ажыратуды үйрету, назарларына негізгі
ойларды алу.
-Оқушыларды ойлауға үйретіп, «неге» сұрағын жиі қоюға дағдыландыру.
-Оқушы білімдерін тәжірибеде қолдануына көмектесу.

12.

Көрнекілік принципі
Көрнекілік – көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды
дамыту құралы ретінде пайдаланылады.
Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы
жүзеге асырылады: олат заттардың өзін немесе бейнесін,
көлемін тікелей көріп, байқап таниды.
Бұл принципті соңғы ғылыми жетістіктерде дәлелдеді. Көз
арқылы алған мәліметтерді адам жеңіл, тез, берік есте
сақтайды.

13.

Негізгі талаптары:
-Оқушылар заттарды қолымен ұстап, көлемін, түр – түсін байқап, көзімен
көруге және әртүрлі дыбысын естуге жағдай туғызу.
-Көрнекілік заттар мен құбылыстардың өзін тікілей көрсетуге мүмкіндік
болмаған жағдайда да қолданылады.
-Көрнекілікті оқытудың белгілі мақсатына сай қолдану.
-Көрнекілікті оқушылармен бірігіп жасау.
-Көрнекі құралдарын оқу пәндерінде нақтылыөз орнында оқушылардың жас,
таным ерекшеліктерін ескере отыра пайдалану.
-Көрнекіліктерді қолдануда сан емес сапасына көңіл аудару.

14.

Жүйелілік пен бірізділік принциптері
Оқылатын оқу материалын белгілі реттілікпен оқушыларға
жеткізгенде, олардың санасында ғылыми білімдер жүйесі
қамтамасыз етіледі;
Ғылыми білімдер жүйесі оқу материалының ішкі логикасына
және әрбір оқушының таным мүмкіндіктеріне бағынышты;
оқушыларды логикалық ойлауға үйрету, дағдыларын жүйелі
түрде шынықтыру, олардың тұлғасын үзіліссіз, кедергісіз
дамыту.
Бұл принцип оқытудың ғылымилығы принципімен тығыс
байланыста болғандықтан, ғылыми білімдер негізін
оқушылардың жүйелі түрде және реттілікпен ұғынуы
сабақтардың мазмұнының негізгі өзегі болуы тиіс.

15.

Негізгі талаптары:
-Оқу міндеттерін оқушылар түсініп, оқу материалын логикалық тұрғыда
жүйелі қабылдауы мақсатында кесте, сызба, жоспарларды қолдану.
-Бұрын ұғындарған білімді жүйелі қайталау және жетілдіру; қысқа
қорытындылауды сабақтың басында, сабақ барысында және аяғында
өткізу.
-Әрбір бөлім, тарау аяқталғанда қорытындылау және жүйелеу сабақтарын
өткізу.
- Оқушылардан бүкіл бағдарлама бойынша білім, дағды, білім жүйесін
меңгеруін талап ету.

16.

Беріктік принципі
Білімнің беріктігі оқушының мұғалімге , оқу пәніне жалпы
оқуға деген қатынасына тәуелді;
оқушылардың білімінің беріктігі оқытудың
ұйымдастырылуы, түрі, әдістері арқылы қамтамасыз етіледі;
мысалы ;оқушылар жады таңдамалы сипатқа ие: қандай да
материал оларды маңыздылығымен қызықтырса, сол
материал берік орнығады және ұзақ сақталады.

17.

Негізгі талаптары:
Басты, негізгі идеялар мен ұғымдарды есте сақтауды қамтамасыз ету үшін
оқушыларды анықтамалармен, энциклопедиялармен жұмыс істеуге
машықтандыру.
Оқыту жүйесінде түрлі (ауызша, жазбаша, лабараториялық – практикалық
жұмыстары ,заманауи көрнекіліктерін, техникалық құралдар, оқу
ойындары, пікір таластар) жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру.
Білімнің біріктілігіне кедергі жасайтын сабаққа кешігу, келмеу сабақ
кезінде бос не басқа нәрселер мен шұғылданып отыру, жалқаулыққа жол
бермеу.
Жаңа оқу материалын ескі, таныс ақпаратпен байланыстыру.
Оқушыларды өз білімін алу мен тексеруге бейімдеу.

18.

Түсініктілік принципі
Түсініктілік принципін іске асыруда қажет, өз уақытында
Я.А.Коменский өрнектеген классикалық ережелер:
жеңілден-қиынға,
белгіліден-белгісізге,
қарапайымнан-күрделіге өту.
Бала өзінің ойлау деңгейіне, жинақтаған білімі, ептілігі, ойлау
тәсілдеріне сәйкес келген дүниені ғана түсіне алады.

19.

Негізгі талаптары:
-өтілуге тиіс материалдардың бәрі әр жас қабылдауына сәйкес
реттестіріліп, ұсынылуы тиіс;
-оқу мазмұны және тәсілдері балалар дамуынан бір шама алда
жүретіндей болсын;
-оқушылардың әртүрлі топтарындағы оқу ерекшеліктерін назарға
алу. Бір текті мүмкіндіктері бар балаларды жіктеулі топтауға
біріктіру;
- жаңа ұғымды енгізу бір сабақтың танымдық міндеттерімен ғана
байланыстырылмай, бүкіл өтілген оқу жүйесіне негізделуі тиіс.

20.

Теория мен тәжірибенің байланыстылығы
принципі
Оқудың өмірмен, теорияның практикамен тығыз байланысты
болуы оқу мазмұнына,
оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуына,
оқудың тиімді формалары мен әдістерін пайдалануға,
еңбек пен политехникалық дайындыққа бөлінген уақытқа,
сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне тәуелді
келеді.

21.

Негізгі талаптары:
-Оқытуда оқушылар жалаң теориялық білім алып қана қоймай, сол алған
білімдерін өмірде қолдана білуін қамтамасыз ету.
Шәкірттерге өз білімдерін тәжірибеде қолдануды үйрету.
-Оқушыға проблемалық, ізденіс, зерттеу тапсырмаларын орындату.
- Тәжірибелік сабақтардың көмегімен оқушылар теория-лық
қағидаларды, заңдар мен ережелерді іс жүзінде тексеріп, ғылыми
білімдерді меңгеруге мүмкіншіліктерін жасау.
-Оқушылардың тәжірибелік әрекеттері тек мектеп, сынып шеңберінде
қалып қоймай, мектептен тыс өмірмен, еңбек-пен ұштасып отыруы шарт.
English     Русский Правила