қазақ жүздерінің пайда болуы, аумағы және тайпалық құрамы
Қазақ жүздері туралы
Жүздік құрылым туралы
Қазақ жүздерінің ішкі белгілері
Ұлы жүз
ОРТА жүз
КІШІ жүз
СІЛТЕМЕЛЕР
605.59K
Категория: ИсторияИстория

Қазақ жүздерінің пайда болуы, аумағы және тайпалық құрамы

1. қазақ жүздерінің пайда болуы, аумағы және тайпалық құрамы

ҚАЗАҚ
Ж Ү ЗД ЕР ІНІ Ң
ПАЙДА БОЛУЫ,
АУ М А Ғ Ы
ЖӘНЕ
ТАЙПАЛЫҚ
Қ Ұ РА М Ы
БАГДАТОВА ЖАНЕЛЬ
АЛЕНОВА АЛНУР
АМАНГЕЛДІ ЖІБЕК

2. Қазақ жүздері туралы

ҚАЗАҚ ЖҮЗДЕРІ ТУРАЛЫ
• Қазақ жүздері – ХХ – ХVІ ғасырлар аралығында Қазақстанның әр
өңірінде қалыптасқан тайпалар одағы. Жүздердің шығуы мен «Жүз»
атауының тарихи мәні туралы ғылыми тұрғыда дәлелденген ортақ
пікір әлі жоқ. Кейбір зерттеушілер бұл атауды әлде бір бүтін нәрсенің,
құбылыстың «бөлшегі», «саласы», «бір жағы» деп қарастырса, енді
біреулер оны «жүз», «жүздік» сандарымен байланыстырады.

3.

• Қайткен күнде де қазақ жүздерін «өзінің саяси, экономикалық, тілдік
және мәдени тұтастығымен сипатталатын дербес халықтың жеке
бөлшектері» ретінде қарастырған жөн болар.
• Қазақ жүздерінің қашан, қандай жағдайларға байланысты шығуы
туралы да дәлелденген ортақ пікір жоқ. Н. И. Гродеков, Г. Н. Потанин
және Н. А. Аристов сияқты зерттеушілер қазақ жүздерінің шығуы
туралы кейбір халық арасына кеңінен тараған аңыз — әңгімелерді
келтірумен ғана шектелген.

4. Жүздік құрылым туралы

ЖҮЗДІК ҚҰРЫЛЫМ ТУРАЛЫ
• Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз.
Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде
ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ.
В. Бартольд: "Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті,
табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің
мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды", — деп есептейді.
Михаил Порфирьевич Вяткин В.В.Бартольдпен келісе отырып: "Жүздердің
құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті,
жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында
қалыптасты", — дейді.
С. Аманжолов: "Қазақ елі, жері үш жүзге моңғолдарға дейінгі кезеңде — X—XII
ғасырларда бөлінді", — деп есептейді.

5. Қазақ жүздерінің ішкі белгілері

ҚАЗАҚ ЖҮЗДЕРІНІҢ ІШКІ БЕЛГІЛЕРІ
М. С. Мұқановтың пайымдауынша, қазақтың жүздері этноәлеуметтік ағзаның
жоғары санаттарының бірі. "Этноәлеуметтік организм" деп этностық,
әлеуметтік, шаруашылық, саяси бірлестіктерді түсінеміз.
Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар:
а) ішкі аумақтық тұтастық;
ә) этностық туыстық;
б) шаруашылық-мәдени бірлік;
в) саяси басқару ортақтастығы.

6.

• Әрбір қазақ жүзінің тарихи қалыптаскан
аумағы бар. Мысалы, Ұлы жүздің
таралған аймағы — Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстан; Орта жүздікі — Орталық,
Шығыс, Солтүстік Қазақстан; Кіші
жүздікі — Батыс Қазақстан. Қазақтың бір
жүзге кіретін тайпалары өзара туыстас,
тіпті бір атадан тарадық деп есептейді.
Белгілі бір географиялық ортада, аумақта
өмір сүргендіктен, жүздің құрамына
кіретін тайпалардың өз арасындағы
шаруашылық-экономикалық
байланыстар басқа жүздерге қарағанда
күштірек болады.

7. Ұлы жүз

ҰЛЫ ЖҮЗ
ТАЙПАЛАР
ҚОНЫСТАНҒАН
МЕКЕНДЕРІ
Жалайыр, Дулат, Қаңлы, Жетісу, Шу, Талас,
Ошақты, Сарыүйсін,
Қаратау, Сырдарияның
Шапырашты, Сіргелі,
орта ағысы.
Ысты, Албан, Суан,
Шанышқылы.
ХАЛЫҚ САНЫ
XIX ғ. соңында 700
сындай болды

8. ОРТА жүз

ОРТА ЖҮЗ
ТАЙПАЛАР
ҚОНЫСТАНҒАН
МЕКЕНДЕРІ
ХАЛЫҚ САНЫ
Алты атадан тұрады,
«Алты арыс» дейді;
Арғын, Найман,
Қыпшақ, Қоңырат,
Керей, Уақ
Орталық, Солтүстік,
Шығыс Қазақстан,
Оңтүстік Қазақстанда
Сырдарияның жоғарғы
және орта ағысы.
Жетісудың солтүстікшығысы, Шу мен Сыр
өзендерінің аралығы.
XX ғ. басында 1
млн.350 мың (1 млн.500
мың)

9. КІШІ жүз

КІШІ ЖҮЗ
ТАЙПАЛАР
ҚОНЫСТАНҒАН
МЕКЕНДЕРІ
ХАЛЫҚ САНЫ
Байұлы, Әлімұлы,
Жетіру
Батыс Қазақстан,
Шығыста Тобыл,
Торғай, Ырғыз өзендері,
Мұғалжар таулары.
Маңғыстау, Тобыл,
Жайық өзендеріне
дейін.
XIX - XX ғ. басында 1 млн.300
мыңдай.

10.

Қарым-қатынастар
Осы ішкі байланыстардың пәрменділігінің нәтижесінде
белгілі бір тілдік-диалектілік, тұрмыстық-ғұрыптық ішкі
тұтастық, өзара жақындық қалыптасады. Жүздер
сонымен қатар басқарылуы жағынан да ішкі
тұтастығымен ерекшеленеді. Әр жүздің өз төбе билерінің
болғанын білеміз. Хандық заманда әр жүз өз хандарын
сайлап отырғаны белгілі.
Қазақ жүздері күнделікті тіршілікте қазақ
халқының шаруашылық, саяси аумақтық
бөлшектері болды. Тыныштық замандарда
ішкі этностық байланыстардың,
қатынастардың көпшілігі жүздердің өз ішінде
жүріп жатты.
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын,
отырықшы не жартылай отырықшы рутайпалардың арасында өзара айырбас, сауда
қатынастары жиі болды. Жүздердің көршілес
жатқан руларының арасында құдандалық,
тамырлық қатынастар да өркендеді.
Сыртқы жаулардан қорғану мәселесінде қазақ
жүздері жұдырықтай жұмыла білді. Қазақ
жүздерінің ішкі бірлігінің, жалпықазақтық
патриотизмнің, елдіктің озық үлгісін біз Жоңғар
шапқыншылығы оқиғаларынан көреміз. Қазақ
жүздерінің қордаланып қалған ішкі, сыртқы
мәселелері жүздердің басы қосылған
құрылтайларында, жиындарында шешіліп отырды.

11.

• Жүздер жөніндегі нақты деректер XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап кездеседі. 1731
жылы қазақтардың бодандығы жөніндегі келіссөзге Кіші жүз арасына келген А.Тевкелев
былай деп хабарлайды: "... қырғыз-қайсақ ордасы үш бөліктен, атап айтканда: Ұлы жүз, Орта
жүз, Кіші жүзден (Үлкен орда, Орта орда, Кіші орда) тұрады".
• Кең-байтақ қазақ жерінде мұндай үлкен одақтар құру саяси, әскери-қорғаныс,
шаруашылық-ұйымдастырушылық, басқару қажеттіліктерінен туындаған.
Мұндай одақтар қазақ жерінде қыпшақтар заманын бастап құрылған болуы
керек. Ал мұндай жүздік одақтарға бөлінудің аякталуы қазақ халқының құрылуы
кезеңімен сәйкес келсе керек.

12. СІЛТЕМЕЛЕР

• http://old.prosveshenie.kz/index.php?newsid=533
• https://prezi.com/-2bzlepfz0eb/presentation/
• http://e-history.kz/kz/contents/view/1598
• https://yadi.sk/i/NXH-Nm6CnZeiy
English     Русский Правила