443.35K
Категория: ЭкономикаЭкономика

Меншік және экономикалық жүйелер

1.

Костанайский государственный педагогический институт
Факультет истории и искусств
Кафедра всемирной истории и общественных дисциплин
Дәріс 3
Тема: Меншік және экономикалық жүйелер
1.Меншік экономикалық категория
2.Меншік және иемдену заңдары
3.Меншіктің түрлері және шаруашылық жүргізудің формалары
4.Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілері
5.Экономиканы реформалауда меншіктің орны
Пән: Экономика негіздері
Лектор: Тобылов К.Т.

2.

1.Меншік экономикалық категория
Меншік экономикалық категория ретінде өндіріс құрал - жабдықтарын және
өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын
қоғамдық қатынастар.
Меншік ол зат емес, меншік - заттарға байланысты адамдар арасындағы
қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.
1-сызба. Меншіктің субъективтік және объективтік жағы

3.

Меншіктің экономикалық мазмұны заттың бүкіл шаруашылық процесін
қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну
қатынастары білдіреді.
Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:
1. Иемдену - затты өз игілігіне пайдалану.
2. Жатсындыру - меншік объектісін иеліктен шығару.
3. Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар
өндірісіне жекеленеді.
4. Қоғамдастыру - еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.
5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.
6. Табысты бөлу әдістері.
Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму
алады. (Оноре тізімі бойынша):
1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге
міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.
2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану
құқығы.
3. Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануда кім және қалай қамтамасыз
етуді шешу құқығы.
4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу
құқығы.

4.

5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе
жойып жіберу құқығы.
6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан
қорғау құқығы.
7. Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы.
8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.
9. Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салу құқығы.
10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп
алу құқығы.
11. Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді
қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.
Экономикалық категориялар - қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық
тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, ұсыныс, қаржы,
несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т.б.
Экономикалық заңдардың жиынтығы, қоғамның даму заңдылықтарын
белгілейтін экономикалық заңдар жүйесін құрайды.
Ерекше экономикалық заңдар - бұл шаруашылықтың нақты тарихи
формасының даму заңдары.
Жалпы экономикалық заңдар - бұл барлық тарихи дәуірге тән заңдар, олар
барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесіп процесс етіп байланыстырады. Бұған
қоғамдық еңбек бөлу заңы, т.б. заңдар жатады.

5.

2.Меншік және иемдену заңдары
Иемдену - бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. Иемдену әрдайым белгілі
бір тұлғаның мүддесіне қарай жүзеге асады. Егер, өндіріс жеке тұлғалардың
мүддесіне орай жүзеге асырылса, жеке меншік айқын көрінеді. Егер, өндіріс топ
мүддесіне қарай жүргізілсе, онда мәселе иеленуде. Егер, өндіріс қоғам мүддесін
көздесе, онда қоғамдық иелену орын алады.
Иемдену заңдары:
1. Еңбек бастапқы иемдену әдісі;
2. Басқаның еңбегін иемдену заңы.
Екі типті шаруашылық қалыптасады - иемденуші (табиғаттың дайын
сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар.
Иемденудің нақты формалары арқылы, орындалады:
- аңшылық;
- балық аулау;
- өндіріс;
- айырбас;
- бөлу арқылы.

6.

3.Меншіктің түрлері және шаруашылық жүргізудің формалары
Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің әр түрлі типтері белгілі.
Олардың ең бастылары: жалпы және жеке меншік болып саналады. Осы
белгілер бойынша, яғни еңбек бөлінісінің даму деңгейіне байланысты меншік әр
түрлі иемдену формаларына бөлінеді:
1. Жеке иемдену формасы.
2. Ұжымдық иемдену формасы.
3. Қоғамдық иемдену формасы.

7.

8.

Мемлекетсіздендіру - мемлекеттік кәсіпорындарды тікелей шаруашылық
жүргізуші субъектілерге шаруашылық жүргізу және сәйкес өкілеттіктерді беру
арқылы түрлендіру.
Жекешелендіру - заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттен мемлекеттік
меншік нысандарын, сондай-ак мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың
түрленуі арқылы құрылған акционерлік коғамдардың акциялар үлесін алуы.
3-сызба.Меншікті жекешелендіру мақсаты

9.

4-сызба. Меншікті жекешелендіру тәсілдері
5-сызба. Меншікті жекешелендіру түрлері

10.

4.Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілері
Меншік қатынастарымен ұйымдастырылу түрлеріне сәйкес болатын барлық
экономикалық іс-әрекеттердін жиынтығы сол қоғамның экономикалық жүйесін
құрайды.
Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады.
Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау
болады.
Жабық экономика - барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде
жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шетелдермен қатынас болмайды.
Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне
экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта
қолданылады.
Меншік қатынастарының формалары бойынша:
Дәстүрлі жүйе - ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт
бойынша қатынастар қалыптасады.
Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық
ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік
меншіктің үстемділігі жүргізіледі.
Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.
Аралас экономика- мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы
экономиканы реттеу жүзеге асады.

11.

Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:
Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе - бұл жүйеде ауыл шаруашылығы
натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.
Индустриалдық жүйе - бұл жүйе ірі машиналық өндіріске дамыған тауар ақша қатынастарына негізделеді.
Постиндустриалдық жүйе - бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат
саналады, экономиканың бастаушы саласы материалдық емес сала.
Дәстүрлі экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.
- Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.
- Техникалық прогресс шектеулі.
- Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде
артып отырады.
- Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.
- Мемлекет пен қарулы күштердің ролі өте жоғары.
Әкімшілік – әміршілік экономиканың жүйелі сипаттамасы:
Әкімшілдік - әміршілдік жүйеге бұрынғы кеңестер одағы шығыс Европа
елдерімен бір қатар мемлекеттер жатады. Бұл жүйенің ерекшелігі барлық
экономикалық ресурстарға және өндірілген қоғамдық өнімдерге, шын мәнінде
мемлекеттік меншіктің болуы.
English     Русский Правила