383.50K
Категория: ПедагогикаПедагогика
Похожие презентации:

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау

1.

Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық универститеті
Жаратылстану және география институты
ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ
п.ғ.к, доцент Карбаева Ш.Ш.
АЛМАТЫ, 2018

2.

Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: білім беру жүйесін жаңартудағы инновациялық
технологияларға сипаттама берілді; қазіргі оқытудың интерактивті құралдары
анықталып, географиялық білім сапасын арттырудағы интерактивті құралдардың
маңыздылығы айқындалды, географияны оқытуда интерактивті құралдарды
пайдаланудың әдістемелік үлгісі негізінде Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі
мысалында интерактивті құралдарды пайдалану әдістемесі дайындалды.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы: зерттеу нәтижелері бойынша географияны
оқытуда интерактивті құралдарды пайдаланудың әдістемелік үлгісі негізінде
Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі мысалында интерактивті құралдарды пайдалану
әдістемесі дайындалып, оқу үдерісіне енгізілді.
Зерттеу жұмысының нәтижелерін жоғары оқу орындарында, орта кәсіптік білім
беру мекемелерінде, жалпы білім беретін орта мектептерде,педагог кадрларды
кәсіби бағытта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесінде кеңінен
пайдалануға болады.

3.

Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты
Зерттеу нәтижелері:
білім
беру
жүйесін
жаңартудағы
инновациялық
технологияларға сипаттама берілді;
- қазіргі оқытудың интерактивті құралдары анықталып,
географияны оқытуда интерактивті құралдарды пайдаланудың
әдістемелік үлгісі жасалды;
- Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі мысалында интерактивті
құралдарды пайдалану әдістемесі дайындалып, тәжірибелікэксперименттен өткізілді нәтижелер оқу үдерісіне енгізілді.

4.

Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты
Диссертациялық жұмыстың құрылымы: диссертациялық жұмыс нормативтік
сілтемелер, анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулардан, кіріспе, екі бөлімнен,
зерттеудің қорытындысынан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан
тұрады.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, нысаны мен пәні, қорғауға
ұсынылатын қағидалар және күтілетін нәтижелер берілген.
«Оқытудың интерактивті құралдарын пайдаланудың теориялық негіздері» атты
бірінші бөлімде білім беру жүйесін жаңартудағы инновациялық технологиялардың
тұжырымдық негіздері, қазіргі оқытудың интерактивті құралдары анықталып,
географиялық білім сапасын арттырудағы интерактивті құралдар қарастырылады.
«География сабағында оқытудың интерактивті құралдарын пайдалану әдістемесі»
атты екінші бөлім географияны оқытуда интерактивті құралдарды пайдаланудың
әдістемелік үлгісі негізінде Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі мысалында интерактивті
құралдарды пайдалану әдістемесін дайындауға және оны тәжірибелік-эксперименттен
өткізуге арналған.
Қорытынды диссертациялық зерттеу нәтижелері бойынша қысқа қорытындыдан,
қойылған міндеттердің шешімін табу және алынған нәтижелерді нақтылы пайдалану
бойынша ұсыныстардан тұрады.

5.

Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: философияның таным
теориясы бойынша «адам-қоғам-табиғат» жүйесінің бірлігі, олардың тарихи өзара
байланысы туралы іргелі қағидалар; іс-әрекеттік теория, жеке тұлға теориясы,
білім беру мазмұны теориясы; компетенттілік, әрекеттік, тұлғалық, мәдениет,
танымдық, жүйелілік, экологиялық, тұтастық, аксиологиялық, әдіснамалық
тұғырлар мен ұстанымдар.
Зерттеу әдiстерi:
– зерттеу мәселелерi бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық
және әдiстемелiк әдебиеттерге, сонымен қатар жаратылыстану пәндерi бойынша
тұжырымдамаларға, білім стандарттарына, оқу бағдарламаларына, оқулықтарға
және әдістемелік құралдарға теориялық талдау жасау;
– бақылау, сауалнама жүргізу, сұхбаттасу, сабақтарға талдау жасау;
– айқындау және оқыту эксперименттерін жүргізу.

6.

Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты
Зерттеу нәтижелерiн сынақтан өткiзу және iс-тәжiрибеге ендiру. Зерттеу жұмысының негiзгi
қағидалары мен нәтижелерi «ХХІ ғасырдағы білім және ғылым, болашаққа көзқарас» (Алматы,
2001), «ХХІ ғасырда орта білім беру: жайы және даму болашағы» (Астана, 2002), «Үздіксіз білім
беру жүйесіндегі оқулықтарды жетілдірудің қазіргі тенденциялары» (Алматы, 2004),
«Оқушыларды бейінді оқыту: тәжірибе, мәселелер, келешегі» (Тараз, 2006), «Қазақстан
Республикасы білім беру жүйесін көп мәдениетті принциптерді жүзеге асыру тұрғысынан
модернизациялаудың теориялық-әдіснамалық негіздері» (Семей, 2006), «Қазақстан географиясы:
мазмұны, мәселелері, келешегі» (Алматы, 2006), «Бейінді оқыту: тәжірибе, өзекті мәселелері
және оны шешу жолдары» 12 жылдық білім беруге өту үрдісіндегі эксперименттік-зерттеу
жұмысын ұйымдастыру (Алматы, 2007), «Жаратылыстану ғылымдары пәндерін оқыту әдістерін
жетілдірудің қазіргі жағдайы мен болашағы» (Алматы, 2008) деп аталатын халықаралық және
республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда талқыланды.
Зерттеу базасы: Кеңестер Одағы Педагогика ғылымдары академиясы Оқытудың мазмұны және
әдістері ғылыми-зерттеу институтының Қазақ филиалы, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім
академиясы Орта жалпы білім беру ғылыми-зерттеу институты, Алматы қаласы Ы.Алтынсарин
атындағы № 159 жан-жақты профильді гимназия, Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы
М.Ғабдуллин атындағы №3 кәсіптік орта мектеп-кешені, Шығыс Қазақстан облысы Семей
қаласындағы №37 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы, Тарбағатай ауданының
К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы
Ә.Молдағұлова атындағы №38 және Қазталов ауданы А.Оразбаева атындағы орта мектебі.

7.

Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты
Зерттеу кезеңдері. Зерттеу жұмысы үш кезеңге сәйкес жүргізілді.
Бірінші кезеңде (1999-2001 жылдар) зерттеу тақырыбын негіздеу үшін педагогикалық,
психологиялық, философиялық әдебиеттерге талдау жасалып, зерттеудің жоспары құрылды; зерттеудiң
мақсаты мен ғылыми аппараты айқындалды; жаратылыстану пәндері бойынша берілетін экологиялық
білім мазмұны зерделеніп, оны жетілдіру жолдары анықталды.
Екінші кезеңде (2002-2004 жылдар) зерттеудің теориялық негіздері нақтыланды; жаратылыстану
пәндерінде берілетін
әлеуметтік-экологиялық ұғымдар іріктеліп, білім мазмұны анықталды;
оқушылардың әлеуметтік-экологиялық біліктеріне қойылатын талаптар нақтыланып, жүйеленді;
«Әлеуметтік экология» қолданбалы курсының бағдарламасы түзіліп, әдістемелік нұсқау дайындалды
және ол тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізілді.
Үшінші кезеңде (2005-2007 жылдар) жүргiзiлген тәжiрибелік-эксперименттік жұмыстар нәтижелерi
қорытындыланып, жүйелендi. Соның нәтижесiнде сәйкес әдістемелік ұсыныстар дайындалды. Бұл
кезең диссертацияны талапқа сай рәсімдеумен аяқталды.
Зерттеу нәтижелерiнiң дәлелдiлiгi мен негiздiлiгi автордың философиялық, писихологиялық және
педагогикалық еңбектердегi қағидаларды басшылыққа алуымен; зерттеу пәнiне сәйкес өзара
байланыстағы әдiстердi кешендi пайдалануымен; зерттеу әдiстерiнiң зерттеу мiндеттерiне
сәйкестiлiгiмен; тәжiрибелiк-эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсат пен мiндетке сәйкес
негiзделгендігiмен, алынған нәтижелердiң қорытындылануымен; зерттеу нәтижелерiнiң жалпы бiлiм
беретiн мектептiң бағдарлы сыныптарының оқыту үрдісiнде сынақтан өткiзiлiп, тиiмдiлiгi
дәлелденуімен қамтамасыз етiлген.

8.

Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы:
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешендерінің даму тенденцияларына
жалпы
сипаттама беру агроөнеркәсіп кешендерінің дамуына ықпал етуші факторларды
анықтауға мүмкіндік берді. Алматы облысының агроөнеркәсіп кешендерінің
құрылымдаудың теориялық негіздері облыстың агроөнеркәсіптік кешендерін
дамытуды болжау және жоспарлау саясатына әсер етті. Зерттеу жұмысының
практикалық маңыздылығы сонда, зерттеу қорытындысында берілген
ұсыныстарды облыстың агроөнеркәсіптік кешендерін дамытуды жоспарлауда,
сонымен қатар магистранттар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарында
пайдалануға болады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: ғылыми-теориялық және
философиялық әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар, агроөнеркәсіп кешендерін
дамытудың теориялық негіздері, агроөнеркәсіп кешендерін дамытуды мемлекеттік
ренттеудің бағыттары, статистикалық негіздемелер, практикалық ұстанымдар.

9.

Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы:
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешендерінің даму тенденцияларына
жалпы
сипаттама беру агроөнеркәсіп кешендерінің дамуына ықпал етуші факторларды
анықтауға мүмкіндік берді. Алматы облысының агроөнеркәсіп кешендерінің
құрылымдаудың теориялық негіздері облыстың агроөнеркәсіптік кешендерін
дамытуды болжау және жоспарлау саясатына әсер етті. Зерттеу жұмысының
практикалық маңыздылығы сонда, зерттеу қорытындысында берілген
ұсыныстарды облыстың агроөнеркәсіптік кешендерін дамытуды жоспарлауда,
сонымен қатар магистранттар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарында
пайдалануға болады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: ғылыми-теориялық және
философиялық әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар, агроөнеркәсіп кешендерін
дамытудың теориялық негіздері, агроөнеркәсіп кешендерін дамытуды мемлекеттік
ренттеудің бағыттары, статистикалық негіздемелер, практикалық ұстанымдар.
English     Русский Правила